Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру



бет19/31
Дата25.05.2023
өлшемі160,51 Kb.
#97003
түріАнықтамалық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
11 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет


Тақырып «Мен ғарышкер боламын»
Тәрбиешінің жоспары бойынша әңгіме құрастыру.
Мақсаты: тақырып бойынша жаңа сөздермен балалардың сөздік қорын кеңейту; антонимдерлі, етістіктің бұйрық райын таңдап алуды жаттықтыру; суретке сүйене отырып, жоспар бойынша байланысты әңгіме құрастыруға үйрету; [ғ] дыбысының айтылуын бекіту.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы:
Артикуляциялық жаттығу.
Таза сөйлеу: (дауыстың әртүрлі күшімен қайталанады)
Аспан, аспан, ақ аспан,
Аспанмен кім таласқан.
Ағайларым көп менің,
Аспаннан да әрі асқан.
Әңгімелесу.
«12-сәуір – Космонавтика күні» де жақындап қалды. Космос - ғарыш деген ұғымды білдіреді. Ал сендер білесіңдер ме, кім бірінші ғарышкер болды? (Ю.А. Гагарин). Оның портретін дәптерден табыңдар. Ол қайда орналасқан? (сол жақта). Ал білесіндер ме, ең алғаш қазақстандық ғарышкер кім? (Егер балалар қиындық көрсе, онда тәрбиеші өзі айтып жіберуі керек).
-Оң жақтағы портретке қараңдар. Бұл Тоқтар Әубәкіров, Казақстанның бірінші ғарышкері.
Мен сендерге Тоқтар Әубәкіровтың әңгіме-естелігін оқып беремін. Оқу, мәтін бойынша сұрақтар қою:
-Тоқтар Әубәкіровтың ғарышкер болуына не көмектесті?
-Сендер қалай ойлайсыңдар, "ұшқыш-сынақшы " қандай мамандық?
-Оның қандай қасиеттері болуы керек? (ол күшті, батыл, еңбекқор, адал, ... болуы керек).
-Сендердің ұшқыш-сынақшы болғыларың келе ме? Неліктен?
Лексикалық-грамматикалық жаттығу , . "Керісінше айт" (антонимдер).
Күшті - әлсіз, батыл - қорқақ, еңбекқор - жалқау, адал - өтірікші.
Ал күшті болу үшін спортпен айналысу қажет. Суретке қарандар.
Қандай спортшыларды сендер таныдындар? (теннисші, хоккейші, футболшы, велосипедші).
Ойын «Кімге не тиісті». (сызықтармен қосу) Етістіктің бұйрық райларын қолданып сөйлемдер құрау.
(Балалар, тұрыңдар. Балалар, секіріндер).
-Мен сендерге «Мен ғарышкер боламын» әңгімесін кұрастыруды ұсынамын.
-Ойланыңдар:
1.Сендер ғарышкер болғыларың келе ме?
2.Балалаық шақган бастап қандай қасиеттерді тәрбиелеу керек?
3.Ол үшін не істеу керек?
4.Қайда үшуды армандайсыңдар? (3-4 әңгіме тыңдалады).


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің қорытындысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет