Тіл дамыту, айналамен танысу және математика бойынша II жарты жылдықтағы материалдарды меңгерудегі бақылау ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттіц конспектілері
Тақырып: «Негеш деген баладан хат»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы: 1.Мақсаты: жыл мезгілдері туралы түсінігін қалыптастыру, пікірін қысқа да, түсінікті білдіру; сұраққа жауап беруге ынталандыру.
Материал: тірі және өлі табиғатты, адамдардың еңбегін, мерекені (әрбір жыл мезгілін) бейнелейтін мазмұнды суреттері бар үлкен әр түрлі түсті конверт. Тәрбиеші үлкен конвертті көрсетеді.
-Мен балабақшаға келе жатқанда, пошташы мына үлкен конвертті беріп жіберді. Бұл кімнен жэне кімге екен? Конвертте біздің балабақшаның және топтың мекен жайы көрсетілген. Конвертте не бар екен? Негештен хат. Негеш- бұл көңілді, мейірімді, білім құмар бала. «Кім? Не? Неліктен? Неге?» - деп жиі сұрайды. Сондықтан оны Негеш деп атайды. Мүмкін ол бізден де бір нәрсе сұрайды? (Ол бізден осы суреттерді реттеп, жыл мезгілдері бойынша ажыратып бөлуді және олар туралы бәрін де айтып беруді сұрайды).
-Осы суретте қандай жыл мезгілдері бейнеленгенін мұқият қарап, ойланыңдар және олар туралы не айтып бересіңдер. Қыстан бастайық. Кімде қысқы табиғат құбылыстары, осы уақыттағы адам еңбегін әңгімелейтін суреттері бар балалар тақтаға шығындар. (Осылай әр жыл мезгілдері туралы. Балалар жылдың әрбір мезгіліне байланысты өлеңдер, жұмбақтар естеріне түсіреді.). Негеш сендерге ойыншықпен (немесе суретпен) ойындар ойнауды ұсынады.
2.Мақсаты: еркін есте сақгауды дамыту дәрежесін айқындау: белгісі бойынша заттарды топтай білу.
Материал: 3 түрлі заттар жинағы: ыдыстар, ойыншықтар, геометриялық пішіндер.
"Не қосылды?" ойыны.
-Мен үстелге ойыншықтар қоямын. Сендер мұқият қарап, естеріңе сақтаңдар. Сосын сендер көздеріңді жұмасындар, осы кезде мен тағы бір ойыншық қосамын. Сосын көздеріңді ашып, қандай ойыншық қосылғанын айтасындар. Мұқият болыңдар!
3.Мақсаты: балалардың фонематикалық естуі мен тілдің дыбыстық мәдиниетінің даму дәрежесін анықтау.
Келесі ойын "Сөз ойла". Мен айтқан дыбысқа сендер сөз ойлаңдар. (Міндеттер нұсқасы: берілген дыбыстан басталатын сөз ойлау).
4.Мақсаты: сұраққа қысқа және толық жауап беру, грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлем құрастыру, күлкілі сөйлемдерді таба білу қабілетін анықтау.
"Қызықты оқиғалар" ойыны.
-Аңдардың ішіндегі ең күштісі құмырсқа дейді. Осы рас па?
-Тісті қасқыр екі қояннан қорықты дейді. Осы рас па?
-Тасбақа барлығынан озып шығады дейді. Осы рас па?
-Біздің Кір-қожалақ беті мен құлағын жуғанды жақсы көреді дейді. Осы рас па?
-Сұр мысық тышқандармен тату тұрады дейді. Осы рас па?