Жүрек-қан тамырлары жүйесі.
Жүрек- қан тамырлары ағзадағы зат алмасуды қан мен лимфаға
таратып отырады.Бұл процесс қанайналым процессі деп аталады.Оның
көмегімен ағзаға минералды заттармен, жасушалар мен ұлпалар оттегімен
қамданады, көмірқышқылы және т.б ағзаға зиян заттар бөлініп шығарылады.
Қан айналым жүйесі — денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген
омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан
тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады.
Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы
омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-
бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана
қозғалады. Қанайналым жүйесінің бұзылуы, ең алдымен, ағзадағы зат алмасу
процессінің және т.б мүшелер жұмысының бұзылуынаәкеп соқтырады.
Жүрек - Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы;
қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын
қамтамасыз етеді. Ол қанның айналуына байланысты лимфа және қан-
тамырлар жүйесі деп бөледі.
Қан-тамырлар жүйесі.
Қан тамырлары - жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне
жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер. Қан тамырларына
орталық мүше – жүрек жатады.
Қан тамырлары: қанды жүректен алып шығып, организмге
тасымалдайтын қызыл тамырларға — артерияларға, қанды организмнен
жүрекке алып келетін көк тамырларға — веналарға және оларды өзара
байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз
жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым
арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр -
капилляр, көк тамырша — венула) деп бөлінеді.
Жүрек- жоғарыда айтылғандай, қанды тамырларға айдап отыратын,
жүрек-қан тамырларының орталық мүшесі. Бұл кеуде қуысында, диафрагма
алдында орналасқан бұлшықетті мүше. Сүтқоректілердің жүрегі 4 камералы (
2 жүрекше, 2 қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет
арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-
бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена
қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия
34
қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады. Сүтқоректілердің
ұрығының дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша
тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге
келген соң ол бітеліп қалады. Егер бұл уақытылы болмаса, онда қан араласып
кетіп, жүрек-қан тамырларының жұмысы бұзылады.
Жүректің қызметі - жүрек циклінің үш фазасы: құлақшаның
жиырылуы, қарыншаның жиырылуы және жүректің жалпы босаңсуының
ырғақты түрде алмасуы.
Жүрек циклінің жалпы ұзақтығы шамамен 0,8 секунд. Жүректің жалпы
босаңсу фазасына 0,4 секундтай уақыт кетеді. Жиырылу аралығындағы
мұндай тынығу жүрек бұлшық еттерінің жұмысын толық қалпына келтіруге
жеткілікті болады.
Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы
қалың бұлшық етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа
қабаты – эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет
талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы
қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап
тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей
қоршап жатады. Қарыншалардағы бұлшық ет талшықтарының қабаттары
(сыртқы және ішкі) екі қарыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы қабаты
әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. Сол қарыншаның миокард қабаты
оң қарыншаның миокард қабатынан 2 – 3 есе қалың. Өйткені сол
қарыншадан бүкіл денеге тарайтын қолқа қан тамыры басталады.
Жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы тесікті жақтаулы қақпақшалар
(клапандар) жауып тұрады.
Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылады. Оң жүрекше
мен оң қарыншаның арасын үш жақтаулы, ал сол жүрекше мен сол
қарыншаның арасын қос жақтаулы (митральді) қақпақшалар жауып тұрады.
Жақтаулы қақпақшалардың жиегіне қарыншалардың ішінде орналасқан
емізік тәрізді бұлшық еттер бекіп, жақтаулы қақпақшаларды қарыншаларға
қарай ашады. Ж-тің қарыншалары мен олардан басталатын артериялық
қантамырлардың арасында үш жарты тәрізді қақпақшалар бар. Бұл
қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады. Ж-тің миокард қабаты
да көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады, оның қаңқа бұлшық ет
ұлпасынан айырмашылығы – Ж-тің бұлшық ет талшықтары торланып
орналасқан және бір-бірімен қосылып жатады. Ж-тің миокард қабатында
миофибриллалары аз, көбіне саркоплазмаға бай бұлшық ет талшықтары
шоғырланып орналасады. Олар Ж-тің ырғақты жұмысын реттеп отырады.
Оны жүректің өткізгіш жүйесі деп атайды. Ондағы бұлшық ет
талшықтарында оқтын-оқтын қозу импульстары пайда болып, өткізгіш
жүйедегі клеткалар өздігінен жиырылады.
Жануардың жүрек соғысының жиілігі, оның жағдайына, жасына,
атқаратын жұмысына және қоршаған ортаның температурасына байланысты
болып келеді. Жаңа туылған бұзау жүрегі минутын 120-160 рет , 3 айлық
бұзауларда – 99-108 рет, 1 жасқа дейінгі жас малда – 91-96 рет, сиырларда –
40-60 рет, бұқаларда – 45-72 рет соғады. Пульс жиілігі жануардың дене
35
температурасына, жүйкелік және физикалық жағдайына байланысты болып
келеді.
Қантамырлар: артериялар (салатамырлар)
және капиллярлар (қылтамырлар)
деп
2
топқа
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |