Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет62/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81
Инвазиялық аурулар 
Бұл топқа мал ағзасы қоздырушы болатын жұқпалы аурулар 
жатады(гельминттер,өрмекшітектестер,жәндіктер 
және 
қарапайымдар). 
Малдар бұл аурулармен алиментарлы жолмен (паразиттер ауызға қорек және 
су арқылы пассивті түседі), түйіспелі (контактно) (сау малдың аурумен 


88 
байланысуы және күтіп-бағу құралдары арқылы), құрсақішілік (ұрықтың 
аналықтың буаздық кезінде жұқтыруы), қан сорушы буынаяқтылар(клещ) 
арқылы ауырады.
Қоздырушыға байланысты барлық инвазионды аурулар бірнеше топқа 
бөлінеді: гельминтоздар, протозооздар, арахноздар и энтомоздар. 
Малдардың инвазионды ауруларын емдеу және профилактикасында 
қолданылатын этиотропты (спецификалық) әдістерге бірнеше дәрі-
дәрмектердің топтары жатады. 
Антигельминтті дәрілер немесе антигельментиктер – малдың ағзасын 
гельминттерден немесе паразитті құрттардан, босатуға қолданылатын 
препараттар. Оларды ішке қабылдайды.
Инсектицидтер – паразитті жәндіктерге кері әсер ететін және оларды 
жою үшін қолданылатын препараттар. Олар: акарицидтер - кенелерді 
жоятын заттар, репелленттер – зиянды буынаяқтыларды үркітетін заттар , 
аттрактанттар – жәндіктерді еліктіретін заттар, хемостерилянттар – 
жыныстық стерилизаторлар. Егер препараттар жәндіктерге және кенелерге 
әсер етсе, оларды инсектоакарицидтер деп атайды. Сыртқа қолданылады,тері 
жабынын өңдеу үшін 
Антипротозойлы, немесе протозойға қарсы дәрілер- қарапайымдылар 
тудыратын протозойлы ауруларға қолданылатын препараттар. Теріастына 
қолданылады. 
Гельминтоздар 
Бұл паразитті құрттар немесе ішек құрттар тудыратын инвазионды 
аурулар.Аурудың бұл тобы ең кең таралған(60 %) және барлық жерде 
кездеседі. Бұған терматодоздар, цестодоздар және нематодоздар жатады.
Трематодоздар 
Бұл қоздырушысы терматодтар классына жататын құрттар немесе 
сорғыштар болатын аурулар.
Трематодтың өмірлік циклі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет