Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет61/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
3.7 Колибактериоз 
Бұл ауыл шаруашылық жануарларының төлдері мен үлпек жүнді 
аңдарда кездесетін, іштің өтуімен, ауыр интоксикациямен және ағзаның 
сусыздануымен білінетін ауыр инфекциялы ауру.
Қоздырушы–дезинфекциялық заттарға төзімділігі төмен патогенді 
эшерихия ішек таяқшасы . 
Бұзаулар туғаннан кейінгі алғашқы 3-7 тәулікте инфекциялық заттар, 
уыз, сүт ыдысы, ауа, жұмысшылардың қолдары мен арнайы киімі арқылы, 
сондай-ақ туылғаннан кейін егеуқұйрықтар мен табиғи резистенттілігі төмен 
жаңа туған төл ағзасының үй тышқандарымен байланысы кезінде, күтіп-
бағудың, азықтандыру мен аналықтар және жаңа туған төлдерді анасынан 
айыру кезінде зоотехникалық және ветиринарлық-санитарлық ережелерді 
бұзу салдарынан ауруды жұқтырады.


87 
Ауруды жұқтырудың негізгі жолы-алиментарлы, кейде аэрогенді, 
құрсақішілік болуы мүмкін.Инфекция көзі- ауру және ауырып болған малдар, 
патогенді ішек таяқшасын тасушы аналықтар. Колибактериоз қыс-көктем 
кезінде жиі байқалады. Егер бұзаулар сүтті иммунититтендірген сиырлардан 
қабылдаса, оларда пассивті иммунитет болуы мүмкін (10-14күн)
Ауру кезінде дене қызуының көтеріліп, одан кейін төмендеуі, әлсіздік, 
борпылдақ нәжіс, ал әріқарай-сұйық ақ көпіршіктері бар іш өтумен көрінеді. 
Ауру ұзақтығы 90 % өліммен аяқталатын 2-3 күнді құрайды. (сур. 24) 
24 Сурет -Ірі қара мал колибактериозынан көрініс 
Диагнозды нәжісті эпизоотологиялық, клиникалық мәліметтер және 
бактериологиялық зерттеу нәтижесі негізінде анықтайды. Инфекциялық емес 
асқазан-ішек ауруларының сальмонеллезі мен вирустық диареядан 
дифференциялайды.
Емдеу кезінде гипериммунды ұйытқыш, гамма-глобулин, колифаг, 
бөлінген қоздырушының сезімталдығын анықтаумен сәйкестендіріп, 
антибиотиктерді, сульфаниламидті және нитрофуранды дәрілерді, сулы-
тұзды алмасу мен қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті қалыпқа келтіру үшін 
диетикалық және симптоматикалық заттарды, токсиндерді нейтрализациялау 
мен ақуыз, көмірсу және дәрумен жетіспеушілігін өтеу үшін белгілейді.
Ұйымдастырушылық-шаруашылық,зоотехникалық,ветеринарлық-
санитарлық және зоогигиеналық шаралар кешенін өткізу, аналықтардың 
және жас төлдердің резистенттілігін көтеру,сондай-ақ малдардың қоршаған 
орта объектілері арқылы ауруды жұқтыруын болдырмау колибактериоздың 
таралуымен күресу және алдын алу үшін жүргізіледі.Алдын алу мақсатында 
неспецификалық глобулиндерді,қанның сарысуын қолдану,буаз сиврларға 
вакицинация жасау және жаңа туған төлдерді спецификалық гипериммунды 
сарысумен және гамма-глобулиндермен пассивті иммунитеттендіру ауруды 
жоюға көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет