90
дейінгі жас төлдерді жайылымға шығарғаннан кейі 3-4 апта өткен соң
дегельминтизацияға
ұшыратады, араға 10 күн салып екі рет ұлуларды жою
шаралары жүргізіледі.
Дикроцелиоз
Бұл өт жолында, бауыр мен өт қабында
паразиттік тіршілік ететін
дикроцелла трематоды тудыратын ірі қара мал және басқа да күйіс
қайыратын малдардың ауруы. Ауру адам үшін қауіпті.
Қоздырушысы- ұсақ, жіңішке, ланцет тәріздес формалы қара түсті
терматод. Жұмыртқадан инвазионды уылдырыққа дейін аралық( құрлық
ұлулары) және қосымша(құмырсқалар) иелерінің қатысуымен 3,5-4 айда
дамиды. Жыныстық жетілген дикроцелийдің қалыптсуы дефенитивті иесінің
өт жолында 1,5-2 айдан кейін аяқталады. Паразиттену көп жылға созылады.
Малдар жайылымда шөппен бірге инвазирленген құмырсқаларды жұту
арқылы ауруды жұқтырады.
Ауру белгілері білінбейді, бірақ тез жүдеумен және өліммен байқалуы
мүмкін.
Тірі кезінде диагнозды фекалийларды зерттеу негізінде қояды.
Емдеу үшін антгельминтиктерді қолданады,
мысалы гексихол дене
массасының 0,3 г/кг 0,5–1 кг құрама жеммен бірге жекелеп беріледі, ал жас
төлге 0,4 г/кг массасында азықпен қосып 100-150 мал басына(таңертен)
беріледі.
Қараша-желтоқсандағы емдеу-профилактикалық дегельминтизация
дикроцелиоздың дамуын тежеуге қөмектеседі. Басқа трематоздардағы сияқты
жалпы іс-шаралар мәдени өрістерді ұйымдастыруда, оларды 5 %-дық
түйіршіктелген метальдегидпен(40-60 кг 1 га-ға)
көктемде,жаңбырдан кейін
өңдеуге негізделеді, ұлулар санын төмендету үшін.
Достарыңызбен бөлісу: