Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет69/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

4.5 Стронгилоидоз 
Бұл ірі қара мал мен басқа да жануарлардың аш ішектің шырышты 
қабатында паразиттік тіршілік ететін стронгила нематодтары тудыратын 
гельминтоз. Ауру жаппай таралады, әсіресе жас төлдер арасында. Ересек 
малдар ауруды субклиникалық түрде өткізеді. Қоздырушы сыртқы ортаға 
жұмыртқаларды бөледі де, олардан инфазионды түрді беретін дернәсілдер 
шығып, қоршаған ортаның жаппай инвазирленуіне әкеледі. Ылғалдылық 
инвазияның таралуына әсер етеді. 
Ауруды жұқтыру алиментарлы жолмен немесе дернәсілдерді 
теріастына қан тамырлары және олар арқылы барлық ағзалар мен ұлпаларға 
енгізу арқылы жүреді,ал 4-6 күннен соң олар өкпеге түседі. Жөтелгенде 
дернәсілдер сілекеймен бронхыдан ауыз қуысына,одан кейін жұту кезінде 
ішекке түседі. Ауру көбінесе туғаннан кейінгі алғашқы айларда білінеді. 
Негізгі берілу факторы- көң. Қоздырғыштың таралуына ылғалдық әсер етеді.
Жас төлдерде стронгилоидоз ауыр түрде өтеді, өлім де көп кездеседі. 
Мал дамымай, артта қалады. Дернәсілдер миграциясы кезінде тері қышынуы, 
жөтел, мазасыздық, пневмония, ,плеврит байқалады. Жыныстық жетілген 
гельминтті ошақтау кезінде асқазан-ішек қызметінің бұзылу белгілері пайда 
болады: перистальтикада өзгерістер, іш өту немесе іш қату, дене 
температурасының жоғарылауы, азықтан бас тарту, жалпы жабырқаңқылық.
Диагнозды 
клиникалық-эпизоотологиялық 
мәліметтерді 
ескеріп,копрологиялық зерттеулер негізінде қояды.
Ірі қара малдың дегельминтизациясы үшін антгельминтиктер мына 
тобын,мысалы тиабендазол 0,01 г/кг-нан азықпен қосып бір рет,жекелеп 
немесе топтық әдіс арқылы, панакур түріндегі фенбендазол – 0,01 г/кг-нан 
азықпен қосып бір рет, жекелеп немесе топтық әдіс арқылы қолданады.
Алдын-алу шараларына мыналар: көңді күнделікті жинау, бөлмелер 
мен малдарды баптау құралдарын дезинвазиялау, жас төлдерді туылғаннан 
кейінгі 2 айда дегельминто-копроскопиялық зерттеу, ал аналықтарды- 
буаздықтың 2-ші жартысында, алдын-алу дегельминтизациясын қорада ұстау 
алдында,зерттеу нәтижесінде бақылау.


96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет