Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет70/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
4.6 Ірі қара малдың телязиозы 
Бұл ірі қара малдың көз жасы безінде,конъюктивті қапта, және үшінші 
қабақтың астында паразиттік тіршілік ететін телязия нематодтары тудыратын 
инвазионды ауруы (сур. 26). 
Телязийдің даму циклінде аралық ие –сиыр масасы немесе дала масасы 
болады. Ауруды жұқтыру жайылымдық кезеңде жүреді.Масалар жас 
ағынымен қоректеніп, гельминт дернәсілдерін жұтады. Инвазионды кезеңнің 
дернәсілдері масаның басында шоғырланады, және жәндіктің тұмсығының 
соңғы иесінің конъюктивімен кезекті байланысы кезінде көзге түсіп, ол 
жерде жыныстық жетіліп,10-11 ай бойы паразиттік тіршілік етеді. 
26Сурет-Ірі қара малдың телязиозы даму механизмі 
Ауру негізінен шілде-қыркүйек айларында білінеді,бұл кезде малда жас 
ағу, жарықтан қорқу,конъюктивит,кератит, қасаң қабықтың бұлдырауы және 
көп жағдайда оның алынуы байқалады. Ауру 5-8 апта созылады және көру 
қабілетінің жоғалуымен аяқталады.
Диагнозды клиникалық белгілер мен конъюктивті қуыстағы шайып тастау 
кезінде жетілген телязий мен дернәсілдерді анықтау негізінде қояды.
Клиникалық белгілер пайда болған кезде емдеу дегельминтизациясын 
жүргізеді.Телязиоздың 
секундарлы 
инфекциямен 
асқынуы 
кезінде 
пенициллин және сульфаниламидті дәрілерді қолданады.. Ірі қара малды 
телязиоз кезінде дегельминтизация үшін 0,5 %-тік йод ерітіндісін (йодтың 
сулы ерітіндісі жазылуы бойынша:кристалданған йод– 1 г, йодты калий – 2 
г, тазартылған қайнатылған су – 200 мл, конъюктивті қуысты сепкіш 
көмегімен жылы ерітіндімен жуады), 2–3 %-тік бор қышқылы немесе балық 
майы негізінде 3 %-тік ихтиол немесе лизол эмульсиясын 2-3мл мөлшерінде 
ушінші қабақ астына және қабақты уқалау арқылы конъюктивті қапқа сепкіш 


97 
көмегімен енгізеді. Малдарды ерітінділер мен эмульсиялар арқылы араға 2-3 
күн салып 3 рет өңдейді. 
Масалар 
санын 
төмендету 
және 
ірі 
қара 
малдың
дегельминтизациясының алдын алу қорада ұстау кезінде немесе көктемде 
масалар жазының пайда болуына дейін жүргізіледі,бұл малдардың бұл 
инвазияны жұқтыру жағдайларын болдырмайды.
Протозооздар 
Протозооздар, немесе протозойлы аурулар , – малдардың инвазионды 
аурулары,қоздырушылары 
қарапайымдылар 
болып 
табылады 
(микроскопиялық көлемдегі бір жасушалылар). Олар қоздырушысына 
байланысты пироплазмидоздар, кокцидиоздар және мастигофороздар болып 
бөлінеді. 
Пироплазмидоздар 
Бұл эритроциттер мен мононуклеарлы фагоциттердің (тірі және өлі 
бөлшектерді ұстайтын және қорытатын бір ядросы бар торшалар) 
торшаларында ошақтанатын ,қарапайымдылар тудыратын инвазионды 
аурулардың 
үлкен 
тобы. 
Бұл 
инвазиялардың 
қоздырушыларын 
тасымалдаушылар 
кенелер 
болып 
табылады.Ауруға 
жоғары 
температура,бозару,шырышты қабықтың сарғыштығы,жүректің және тыныс 
алудың жиілігі,асқазан-ішек қызметінің бұзылуы тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет