Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет41/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81
Бронхопневмония 
Бронхтар мен өкпенің жекелеген бөліктерінің альвеолаларға экссудат 
бөлуі түріндегі қабынуы. 
Ауру 
тудырушы 
себептерге, 
оның 
ұзақтығына, 
организм 
резистенттілігіне, жасына, оларды ұстау, азықтандыру жағдайына 


60 
байланысты бір ауру жануардың өзінде патологиялық үдеріс дамуының 
әртүрлі сатылары айқындалуы ықтимал. 
Ауру басында тәбетінің жоғалуы, күйзеліс пен қаталап шөлдеу 
белгілері байқалады. Жануарлар көбіне жатады, тыныс алулары жиілейді, 
қиындайды, демікпе дамиды, дене температурасы 0,5-1,5 °С жоғарылайды 
(арық шошқалар мен торайларда реактивтілік төмендеуінен қызба 
байқалмауы да мүмкін). Мұнан соң қысқа, қатқыл, ауырсынатын жөтел пайда 
болады, ол мазасыздану кездерінде күшейе түседі (түрегелгенде, қозғалғанда, 
азықтандырғанда, үрмежелдерде т.с.с.), мұрын ағулары байқалады (кілегейлі 
сосын іріңді). 
Диагнозын клиникалық зерттеулер негізінде қояды: жөтел, қырылдар, 
ауыр тыныс алу, мұрын ағындылары, перкуторлық дыбыс, ал диффузды 
бронхитте және микробронхитте қорап тәрізді дыбыс пен аздаған қызба 
білінеді. Инфекциялық және инвазиялық сипаттағы бронхиттерден айыра 
білу керек. 
Ауру тудырушы себептерді жояды. Жануарларға толыққұнды қорек
бөлме температурасындағы таза су беріледі, ұстау жағдайларын жақсартады. 
Қыс және күз кезеңдерінде торайларды ультракүлгін сәулелеулері өткізіледі. 
Скипидар мен ментол қосылған су буларымен ингаляциялау тағайындалады. 
Қақырық түсіретін дәрілерден дене салмағына шаққанда 0,02 г/кг 
мөлшерінде аммоний хлоридін және т.б.береді. 
2.10 Несеп бөлу мүшелерінің аурулары 
Несеп бөлу органдарының ауруы туралы келесі симптомдар мен 
синдромдар куәландырады: 
› несеп бөлу орнагдардағы ауырсыну синдромы – суық жерде жатқысы 
келеді, белік майыстырады, жие несеп шығарады (поллакиурия), несеп 
шығарғанда ауырсыну (дизурия), саусақтармен бел мускулатурасын басқан 
кезде ауырсыну, аяқтардың өтетін парезы, ісінулер; 
› нефротикалық синдром – ісінулер, протеинурия (несеппен ақуыз 
бөлінуі), гипопротеинемия (толық құнды ақуыздық азықтандырған кезде қан 
құрамында ақуыздың төмендеуі); 
› уремиялық синдром – апатия, анорексия, құсу, рецидивирлейтін іш 
өтулер, несеп ісі ауыздан, қанда мочевина мен креатин концентрациясының 
жоғарлауы, анурия , анемия; 
› остеоренальды синдром – сүйектердің деформациясы және 
остеопороз, остеодистрофия, гипокальциемия; 
› бүйректік эклампсия синдромы – тоникалық –клоникалық 
тырыспалар, нефротикалық синдром. 
Ауруды алдын алу мақсатымен алғашқы ауруларды уақытында емдеу 
керек. 


61 
Нефрит 
Көбіне бүйрек түйнектерінің, аз дәрежеде каналшықтары мен 
интерстициалдық ұлпасын зақымдау түрінде өтетін иммундық қабыну 
сипатындағы ауру.
Ауру суыну, стресс, организмге токсиндер түсуі салдарынан дамиды. 
Жылдам жабығу, шаршау, бүйректер маңындағы ауырсынулар білінеді. 
Несеп құрамында эритроциттер болуына орай ол қызыл реңденеді - 
гематурия. Несепте ақуыз, кейде – қант пайда болады. 
Жылы құрғақ ғимарат қажет етіледі. Жедел нефритте 1...2 тәулік 
аралығында аштық диетасы қажет етіледі. Сосын рационға С, А және В тобы 
витаминдерімен байытылған диеталық азықтар енгізіледі, айқын домбығулар 
кезінде ондағы ас тұзы мен су мөлшері шектеледі. Көбіне жедел нефрит 
басталуы инфекцияға байланысты болуына орай бірінші 10.. 15 тәулікте 
антибиотиктер, сульфаниламидтер немесе қиылыстырылған препараттар, 
нитрофурандар беріледі, тек нефротикалық препараттарды қоспаған жөн 
(тетрациклин, неомицин).
Цистит 
Қуықтың кілегейлі қабатының қабынуы. Көбіне уретра қабынуымен 
қиылыса білінеді (цистоуретрит). Уретра мен қуыққа жыныс органдарынан 
немесе бүйректерден инфекцияның енуі. Аталықтарда цистит көбіне ұрық 
алу ережелері бұзылғанда жиі орын алады; инфекция катетер арқылы 
енгізілуі ықтимал. Трихомонадалық уретрит те себепші фактор бола алады. 
Вирустық, хламидиозды немесе кандидозды уретриттерді айырады. Сонымен 
қатар, суыну да оның дамуына ықпал ететін фактор бола алады.
Жедел циститте (уроциститте) тәбеттің төмендеуі, күйзеліс, дене 
температурасының жоғарылауы, негізгі ауру белгілері байқалады. Жоғары 
температура патологиялық үдеріске бүйректердің шалдыққандығының 
белгісі саналады. өзіндік белгі ретінде жиі әрі ауырсынып несеп бөлуді 
атауға болады. Жануарлар мазасызданады, ыңырсиды. Қуық ауырсынатын 
күйде болады, несеп лайлы консистенцияда болады ірің, кейде тіпті қан 
аралас болады, рН сілтілі. 
Жедел циститте (уроциститте) ем диурезді жоғарылатуға, микрофлора 
дамуын жаншуға, инфекция ошағын жоюға бағытталады. Диурездің 
күшейуіне көп мөлшерде су берілуі мен диуретикалық заттар ықпал етеді – 
аюқұлақ шөбі, дала қышасы, фуросемид т.б. Антимикробтық дәрілерден 
ішіне нитрофуран препараттары тағайындалады (фурадонин - 4 мг/кг
тәулігіне 2...3 рет; фуразолин - 3...5 мг/кг тәулігіне 2...3 рет), және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет