Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет39/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

Гепатит 
Көрінетін бауыр жетіспеушілігімен, гепатоциттердің және басқа 
құрылымдық элеметтердің некрозы мен лизиспен, гиперемиямен, торшалық 
инфильтрациямен, дистрофиямен бірге болатын диффузды түрінің бауыр 
қабынуы. Ауру жарамсыз азықтарды, люпинды, жоңышқаны, картоп 
өсінділерін жегеннен, минеральді улармен уланғаннан, инвазиялық 
аурулардан және .б.болады.
Жануар 
жабырқанқы, 
тәбеті 
төмен, 
шөлдеу, 
құсу, 
дене 
температурасының жоғарлануы, тыныс жиеленуі, мұрыннан қан аралас 
ағындардың болуы, кілегейлер сарғылт, терінің қышуы болады. Несебі 
қаралау түсті болады. Жіті түрі 3-4 апта болады, сауығумен немесе өлумен 
аяқталады, созылмалы түрі бауыр циррозына айналады (қызметінің 
бұзылуына әкелетін органның тығыздануы). Қанда билирубин көбееді.
Жануарға көмірсулы және ірі азықтармен көректенуді, тамыр ішіне 
глюкозаның 20 %-дық ерітіндісін, ішіне уротропин, карловарлық тұзды, 
магний сульфатын ұсынады.
Жас малдар диспепсиясы 
Бұл токсикозбен, іш өтуден суды, калий, натрий, кальций, магний және 
басқа элементтерді компенсацияламай жоғалтумен сипатталатын өмір 
сүрудің алғашқы 10 күндеріндегі асқорытудың жіті бұзылуы. Осы патология 
аналықтарды жеткіліксіз азықтандыру нәтижесінде болады (әсіресе каротин 
бойынша), уыздың толымсыздығына, жаңа туғандардың асқорыту 
органдарының толық дамымауына (туғанда гипотрофиктер (салмағы төмен 
бұзаулар), олардың дене салмағынан 1/10 уыздың тәуіліктік беруін қорыта 
алмайды) әкеледі. Тағы да диспепсия жаңа туғандарды күтудің 
ветеринариялық-санитариялық 
нормалары 
бұзылғаннан, 
маститпен, 
эндометритаен ауыратын сиырлардан туғаннан кейін 2 сағат өткен соң 
уыздың бірінші бөлімін ішкізуден, уызды ыстық ыдыстан беруден болады.
Аурудың 2 түрі бар – қараайым және токсикалық. Қарапайым 
диспепсияда – тәбеті төмен, жабырқанқылық. Ауру жануарлар кеудеге 
жатып, кезекті діріл етеді, қарнын иіскейді, тепкісі келеді. 1–2 күннен соң 
диарея пайда болады. Нәжісі сулы, сары түсті. Болжамы – жақсы.
Токсикалық диспепсия өмірдің бірінші 3 күндерінде белгіленеді, ол 
тәбеттің мүлдем болмаумен, ректальды температураның төмендеуімен, 
құлық, аяқтар, ауыз қуысының кілігейінің суып кетуімен, күш жоғалуымен 
сипатталады. Жануар аурудың аяғында бүйіріне жатады. Сасық иісті, кейде 
ағырынқы немесе сары түсті сулы і өтулер дамиды. Ауру болжамы - нашар. 
Бұл белгілер пайда болса, онда аналықтардың азықтануының, жаңа 
туғандардың ішімінің қателіктерін жою керек. Емдеудің негізгі бағыты – 
диарея салдарынан болған жоғалтуларды қалпына келтіру, тұз ерітінділерін 


58 
беру, ал токсикалық түрінде – 40 мл/кг-нан гидрокарбонат натрий және 
хлоридтың изотониялық ерітінділерін интравенозды тамшылы немесе құрсақ 
қуысына жіберу. Қарын-ішектрактының микрофлорасынан бөлінулерге 
сезгіштігінің есебімен антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуранды 
препараттар, және де витаминдер, микрофлораны қалпына келтіретін заттар 
және басқалар ұсынылады.
Диспепсияның алдын алуына буаз жануарларды күтіп азықтандыруын, 
жаңа туғанжарды уыздық азықтандыруын және жалпы гигиеналық 
шараларды жақсарту кіреді.
14 Сурет - Ірі қара мал қарынының жарақатталуында өзгерістер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет