Семір-1.Май басу,қоңдану.[ҚТТС, 755 бет]
Жүде-1.Арықтау,азу,еттен арылу.[ҚТТС, 321 бет]
13.Алғашқы келгенде: «бұл Арал баяғы ата-бабалар заманында талай тартылып,талай тасыпты».(236-бет)
Тартыл-1.ыр.етіс Тарт-ыл.2.Судың құрып қалуы,азаюы.[ҚТТС,786 бет]
Тасы ІІ-1.Ағын судың жағадан асып,арнасынан шығып басқа жерге жайылуы.[ҚТТС, 788 бет]
14.Әлде ояу, әлде ұйықтап жатқанын білмейді. (213 бет)
Ояу – ұйықтамаған қалып [ҚТТС, 645 бет]
Ұйықтау – ұйқыға кету, ұйқыға шому [ҚТТС, 856 бет]
15. Әзім ашулану орнына рахаттана қарқ-қарқ күлді. (223 бет)
Ашулану – адамның ыза мен реніштен пайда болатын күй-қалпы [ҚТТС, 76 бет]
Рахаттану – ләззаты мол, қуанышқа толы сәт [ҚТТС, 687 бет]
Үстеуге тән антонимдер: 1.Қолынан келген жақсылықты осылай кісіні әрі итеріп, бері жығып,
қылжақтап отырып та істейтін қойқаңдаған көңілді біреулер болатын сияқты еді.
(9 бет)
Әрі-1.Әрмен қарай,әрі таман.2.Әрі итеріп,бері жығып-бірде олай, бірде былай.
Бері-1.Әр сөзіне қарама-қарсы,бермен,жақын,жуық,таяу.
2.Сонда сен теңіздің анабеті емес, мына бетіндегі Әміржанның баласы
болдың-ау?(9 бет)
Ана ІІ.-Әне бір,сонау.[ҚТТС,46-бет]
Мына- Сілтеу есімдігі;осы,мынау.[ҚТТС,607-бет]
3.Үй ішінде бір жоғары көтеріліп, бір төмен түсіп айнала ызылдап жүріп алған шыбынның ізін аңдып, қолында желпуіш қып отырған газетті шоқпарша көтеріп апты.(10 бет)
Жоғары1-Үсті,бас жағы. [ҚТТС,304-бет]
Төмен-Жоғарыға,биікке қарама-қарсы жақ;еңіс.[ ҚТТС,816-бет]
4.Айтса да,бүгін жерге симай,жаны ширыққанда бұны алды артына қаратпай,аңыраған ашық теңізге қуып әкелген із емес еді ғой.(14-бет)
Алды-2.Белгілі бір нәрсенің қарсы жағы. [ ҚТТС,40-бет]
Арт І-1.бір заттың алдына қарама-қарсы жағы. [ ҚТТС,57-бет]
5.Өлеусіреген сәуле бірде оң,бірде сол жақта сығырыңдап,әлгінде ғана бас-көзіне қарамай салдыр-күлдірлеп келе жатқан машина кілт баяулап,соқыр кісіше жолын сипалап қалады.(20-бет)