Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті


Бас изеу. Аға лейтенант та күлімсіреп, басын изеді



бет70/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78
Байланысты:
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Бас изеу. Аға лейтенант та күлімсіреп, басын изеді («Ескерткіш»). Сәргел есіттім, «ризамын» дегендей жымиып басын изеді («Қарғын»). Адамның түрлі ниетін, ойын жеткізу барысында өнімді қолданылатын бас изеу кинемасы көп мағыналы қимыл болып табылады. Ол сәлемдесуде, ризашылық білдіруде, мақұлдау мен құптауда, келісім беруде, қоштасуда және басқа да жағдайларда сөйлеу әрекетіне қосымша рең беріп, кейде сол мағынадағы сөздерді алмастырады.

Бас шайқау.Мүмкін емес, деді аудармашы басын шайқап («Ескерткіш»). Бұл кинема да көп мағыналы ишараттардың қатарына жатады. Өйткені бұл қимыл арқылы адамның белгілі бір ақпаратты теріске шығаруы, таң қалып, таңырқауы, күмәндануы, рұқсат бермеуі білдіріледі.

Ауызекі сөйлеуде қарым-қатынас қатысушыларының тілінде мақсатты- мақсатсыз түрде көрініс тауып жататын бейвербалды амалдар көркем шығармаға енгенде олардың қолданылу сипаты өзгеше болады. Өйткені мұндай амалдар мәтін авторының мақсатына байланысты өзгеріп, түрленіп отыруы

мүмкін. Көркем мәтінде автор көбінесе оқырмандардың назарын кейіпкердің іс- әрекеттерді орындау тәртібіне, мінез-құлық формаларына аударады. Көркем шығармадағы кейіпкердің тілдік емес амал-әрекеттері сөйлеу жағдаятының сыртқы бөлшектері ғана емес, сонымен бірге белгілі бір тұтастық, жиынтық болып табылады. Кейіпкердің бейвербалды мінез-құлқы оның ішкі болмысын (көзқарасын, мәдениетін, дүниетанымын) айқындап, нақтылай түседі, оқырманға оны толық тануға мүмкіндік береді. Ал ұлттық ерекшеліктермен, салт-дәстүрлермен, халық танымымен байланысты ым-ишараттар көркем шығармада автордың аялық білімінің деңгейінде көрініс табады.

Қорытындылай келгенде, қазіргі қазақ тіл біліміндегі бейвербалды амалдарды ғылыми тұрғыдан қарастыру соңғы жылдардың үлесіне тигенімен, жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерінде бейвербалды амалдар мәселесіне әрқилы тұжырымдар жасалып, құнды пікірлер айтылған. Дегенмен, бейвербалды элементтердің зерттелуі туралы «Кең ауқымдағы танымдық тұрғыдан да дене тілі, ым мен ишаратты зерттеу – тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларының фактілерін салыстыра отырып, кешенді зерттеу арқылы іске асатынын, теориялық тұғыры әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа бағыт екенін» айтқан тілші ғалым Б. Момынованың [79, 12 б.] пікіріне толық қосыламыз.



Д. Исабеков шығармаларында сөйлем құрудың да ерекше әдіс-тәсілдері пайдаланылады. Автор кейіпкердің ішкі ойы, сезімі білдірілетін, оның жан- дүниесіндегі толғаныстар талқыға түсетін монологтарды сұраулы, лепті сөйлемдер арқылы әсерлендіре түседі. Кілең сұраулы сөйлемдерді бірінен соң бірін жалғастырып құрау арқылы кейіпкер жанының ішкі арпалысын сездіреді. Мысалы: Япыр-ай, – деген Жасын шығарманы оқып біткен соң шын күйініп, шынымен осыны көркем шығарма деп жазды ма, осыған өзі сенді ме екен? Және осыны творчество деп, сол творчество жолындағы жаңа қадам деп түсіне ме? Қазіргі әдебиетіміздің деңгейі осындай болу керек пе? Енді осыны оқушыға ұсынамыз ба? Бейшара әдебиеттің обалын қайтеміз, оны неге адам алғысыздай арзандатамыз? Егер мек бұл шығарманы мақтап берсем ше? Ол сене ме, шынымен сене ме?.. («Қарғын») Жасынның монологі осылайша жалғаса береді. Байқап отырғанымыздай, монологтік типтегі мәтіндер құрамындағы сұраулы сөйлемдер шығарманың стилистикалық әсерін арттыруда маңызды рөл атқарады. Ауызша сөйлеудегі сұраулы сөйлем – бұл бір жақты жауапты талап ететін құрылым. Ал монологтік сөйлеудегі сұраулы сөйлемнің қызметі де, мақсаты да түрліше болады. Мұнда сұраулы сөйлем негізгіден басқа, қосымша функцияға ие болады, өйткені онда сұрақ пен тергеу, келісім мен терістеу, таңдану мен қызығу және т.б. реңктер жымдасып жатады. Берілген мысалда автор сұраулы сөйлемдер арқылы кейіпкердің өзі оқыған шығармаға деген жағымсыз көзқарасын, сыни пікірін, сонымен бірге сол заманғы әдебиетке деген аяушылық сезімі мен күйінішін қоса білдіреді. Д. Исабеков шығармаларындағы сұраулы сөйлемдер көп жағдайда монологтік сөйлеудегі сұрақ-жауап қатынасын ұйымдастыру үшін жұмсалады. Яғни кейіпкер алдымен өзін толғандырған сұрақтарды қойып алады да, артынша соған жауап іздейді. Мысалы: «Сонда... Сонда мен бұдан былай не істемекпін?

Мұның бәрінің апарып тірейтін жері не болмақ? Көзді жұмып алып, қайда барары белгісіз кеменің соңынан ілесе беруге болмайды ғой. Ол кеме, әрине, өзгелерге мүлдем ұқсамайтын алып та сырлы кеме, баратын жері де мен көрмеген ғажайып бір ертегідей қала, бірақ, маған ол қаланың қажеті жоқ, маған басқа қала керек, мүлде басқа қала» («Қарғын»).

Көркем шығармада сұраулы сөйлемдер авторлық баяндауға әртүрлі эмоциялық реңктер беру үшін де жиі қолданылады. Олар айқын экспрессияға ие және риторикалық сұрақтарға ұқсас болып келеді. Мәселен: «Мені бүгін неге алып кетпейсің» деп тұрған баласына мұның бәрін қайтіп айтып жатсын, атқанменен ол түсінер ме? ...Осылай боларын күні бұрын сезіп те еді, келмей жүргені де сондықтан, бірақ, Доскей ауылы көшетін болған соң, ана жүрегі қойсын ба, шыбын жаны шырқырап жолға шыққанын өзі де білмей қалған жоқ па? Енді не істейді, қолдан келер шара қайсы? Ұлының шырқырап қалған үні құлағынан кетер ме, сол дауыс жатса-тұрса маза беріп, көмейінен ас өткізіп, кірпігін айқастырар ма? («Сүйекші»). Баяндауда сұраулы құрылымдарды қолданудағы негізгі мақсат, бір жағынан, оқырманның ішкі сезімдеріне әсер ету болса, екінші жағынан, автордың сол оқиғаға деген өз көзқарасын таныту. Берілген мысалда автор оқиғаны жай баяндап қана қоймай, ондағы баласынан тірідей айырылып бара жатқан анаға деген аяушылық сезімін қоса білдіріп отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет