Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет72/78
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#21277
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
«Желтоқсанның ызғарлы күндері де басталды міне. Суық түсіп, даланы қырау көмгелі Үндеместің сарыбы қайта қозып, сүйек-сүйегі сырқырап, кей күндері күн шыққанша жылы төсегінен тұрғысы келмей жатып алатын

болды» деп басталатын сөйлем бас кейіпкер Тұңғыштың ызғарлы, суық тағдырынан хабар беріп тұрғандай. Тұңғыштың бұл дүниеде жан баласынан жақсылық көрмеген жабырқаулы көңілі сияқты, күн де тұнжыраулы, мұңлы, қаралы. Оның көр қазудан басталған кәсібі өзінің де бір күні сол көрге кіретінін аңғартқандай: Өзгелерге ол тек мола қазумен ғана күн көріс жолына түскен бір бейбақ боп қана елестейді және осы бір кәсіпті тағдыр оның маңдайына өшпестей етіп жазғандай, анадан туғанда басқалар секілді би, болыс болуды емес, молашы болуды көксегендей көреді. Осылай көңілсіз басталған әңгіме көңілсіз өрбіп, қайғылы аяқталады. Бұл жолдар автордың туғалы дүниеден рақым көрмеген Тұңғыш шалға деген аяушылық сезімінің алғашқы көрінісі іспетті. Мәтін авторының өзі хабарлап отырған ойға деген көзқарасы мәтін модальділігін тудырады. Мәтін модальділігі субъективті модальділікпен тығыз байланысты. Мәтін модальділігі – бұл автордың мәтінде хабарланатын ойға қатынасы, тұжырымы, көзқарасы, ұстанымы, оны оқырманға жеткізу мақсатында тұжырымдалған құндылық бағдары. Жалпы модальділік автордың хабарланған ойға деген көзқарасының көрінісі ретінде оны мәтінді жеке бірліктердің жиынтығы ретінде емес, тұтас өнім ретінде қабылдауына негіз болады. В.В. Виноградовтың айтуынша, автордың жеке көзқарасы «сөйлеу құрылымының бүкіл жүйесін біріктіретін, шығарманың мәнінің жинақталған көрінісі» ретінде қабылданады.

Модальділікті мәтіндік категория ретінде мәтін лингвистикасында алғаш қарастырған ғалым И.Р. Гальперин болатын. Ол өзінің «Текст как объект лингвистического исследования» деп аталатын зерттеу еңбегінде модальділіктің екі түрін көрсетеді: грамматикалық және лексикалық құралдар арқылы көрініс табатын фразалық модальділік және мәтіндік модальділік. Соңғысы «арнайы қолданылған осы құралдарға қосымша, кейіпкерлерді сипаттауда, айтылымның предикативті және реляциялық сегменттерінің ерекше бөлінуінде, максимумдарда, қортындыларда, мәтіннің жекелеген бөліктерін актуализациялауда және басқа да бірқатар құралдарда жүзеге асырылады». Экстралингвистикалық факторлар (суреттеу обьектісі, автор тұлғасы, оның дүниетаным ерекшеліктері және т.б.) мәтін модальділігінің қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Әр түрлі мәтіндердің модальділік дәрежесіндегі айырмашылықтарды қарастыра отырып, автор көркем әдебиетті, прозаны талдауға сүйене отырып, модальдік модель категориясының сөйлемнің мәтіндік құрылымға енуін көрсетеді .

Н.П. Макарова И.Р. Гальперин атап өткен мәтіндік модальділікті жасайтын амалдардың қатарына стилистикалық инверсия, дистантты қайталау, параллель құрылымдар, модальды сөйлемдер, модаль сөздер, әртүрлі көзқарасты білдіретін лексикалық бірліктер, контекстік синонимдер, мәтін кіріспесі және осы сияқты т.б. таза мәтіндік деңгейде көрінетін құралдарды жатқызады. Сонымен бірге ғалым мәтінде сөйлем деңгейіндегі модальділікті білдіретін құралдар қатысып, өздерінің мағыналық әлеуетін іске асыра алса да, кей жағдайда өз функцияларынан айырылуы да мүмкін екендігін айтады.

Зерттеу барысы Д. Исабеков шығармаларының көбі драматургия жанрында жазылғанын көрсетеді. Ал драматургияның тілі қашан да диалогтар

жүйесінен тұрып, яғни шығарманың негізгі арқауы кейіпкерлер арасындағы коммуникациядан құралатыны белгілі. Адресанттың (ол қазақы танымда оқырман) қабылдауын, аялық білімін ескеріп, автор шығарманың осындай айшықты коммуникативті сипатын күшейту үшін пьесалары мен әңгімелерінде ауызекі сөйлеу стиліне тән тілдік бірліктерді кеңінен пайдаланады. Себебі

«ауызекі сөйлеу стилі – қарым-қатынас жасау нәтижесінде қалыптасатын, диалогқа құрылған, өте кең тараған функционалдық стильдердің бірі болып табылады. Ауызекі сөйлеу стилі күнделікті өмір салтындағы коммуникациялық байланыс барысында қолданылып, стильдің басқа түрлеріне қарағанда еркін қолданылады» [123, 22 б.]. Ауызекі сөйлеу стилі кезінде сөйлеушінің сөйлеу мәдениетінің деңгейіне байланысты диалекті, жаргон, арго сөздер мен варваризмдер қолданыла береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу стиліне жататын тілдік бірліктердің бірі – варваризмдер. «Варваризм (грек. barbarous – бөтен елдік) – сөйлеу не жазу кезінде орынсыз қолданылған, тілге етене болып сіңбеген, қолдану қажеттілігі аз, дәл аудармасы табылатын өзге тілден кірген сөз». Осы анықтамаға сәйкес, Д. Исабековтің туындыларында «экстрасенс, стюардесса, фантастика, депозит, самолет, мисс, паспорт, посылка, секретарь, зоотехник, теплоход, рапорт, делегация, конрад, самосвал, интернационалист антифашист» сынды варваризмдер кездеседі.



«Варваризмдер этимологиясы жағынан кірме сөздерге ұқсас болғанымен, құрылымы жағынан өзгеше болып келеді. Кірме сөздер бастапқы тілдегі қалпын өзгертіп, қабылдаушы тілдің ерекшеліктеріне сәйкес жаңа реңк, қосымша сипат алса, варваризмдер қабылдаушы тілге сәйкестендірілмей, бөтен тілдің сипатын сақтап қолданылады» [123, 34 б.]. Сол себепті Д. Исабеков қолданған бұл сөздерді варваризмдер қатарына жатқыздық. Жазушы сөйлеу тілімізде кездесетін бұндай сөздерді қолдану арқылы жалпыхалықтық тілді оқырманға жеткізуді көздейді. Себебі автор мен оқырман арасындағы байланысты, шынайылықты үзбеу үшін бұндай тілдік бірліктерді орынды қолдану мүмкіндіктері көркем шығарма тілінде кездесіп тұрады. Оған қоса, автор өзге тілдің тілдік бірліктерін қазақтың (кейіпкерлердің) акустикалық- артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай бейімдеп қолданған. Олар: текнікүм, бешірни, көңкүрс, мәшине, матасекіл және т.б. Шығармадан үзінді келтірер болсақ: «Ерғабыл ғой. Ол неге ұйықтамай жүр екен? Әй, ақымақ, осының бәріне сен ғой кінәлі. Келін байғұстан ештеңе де жоқ сияқты-ау. Араларыңа түсіп абырой таба ма бұл адам. Өзіміздікі жөн. Өзіміздікі дұрыс дейсіңдер де тұрасыңдар ғой, түге. Ұрыса беретін жас бала емессіңдер тағы да. Қайтерсің енді?» Қарекеңнің есіне өткен күндердің уақиғасы түсті. Онда Ерғабылдың әлі үйленбеген кезі. Ауылда он бір жылдықты бітірген соң, араға екі жыл салып Шымкенттегі мұғалімдік институтқа документ тапсырды да, пизика дей ме, қимия дей ме, әйтеуір бірдеңесінен құладым деп қайтып келген. Сонан соң бес-алты күн бос жүріп, қыз-келіншектермен бірге мақта теруге араласты» [99]. Көріп тұрғанымыздай, жазушы физиканы – пизика, химияны – қимия деп қолданған. Бұл қазақ халқының тілдік ерекшеліктеріне тән дыбыстық ауытқу болып табылады. «ХХ ғасырдың бірінші ширегінде орыс халқымен экономикалық, мәдени, саяси қарым-қатынастың негізінде қазақ халқының

күнделікті өміріне, ауызекі қолданысына көптеп сөздер, теpминдеp ене бастады, әліпбиіміз жаңа әріптермен толықты. Сол себепті де болса керек, I. Кеңесбаев в, ф, х дауыссыздаpын оpыс тiлiнен ауысқан фонемалар деп таниды. Алайда қазақтың айтуында в әрпі, көбіне, п-ға, х әрпі қ-ға, ф әрпі кейде п-ға айналады» [144, 70 б.]. Демек, бұндай ауытқулар қазақ халқы үшін жат емес.

Кейіпкер тілін бейнелейтін ауызекі сөйлеу стилінің тағы бір категориясы – дөрекі тіл. Дөрекі тіл – сөздің жағымсыз, кері әсерін әсірелеп қолдануға негізделген тіл. Ол дөкір, былапат және жаргон сөздерді қолданудың нәтижесінде пайда болады. «Дөрекі тіл көбіне ауызекі сөйлеу стилінде қолданылады. Мұндай бейәдеби сөздер әдеби тілге, әдеби тілдің лексикалық нормаларына, жалпы тіл мәдениетіне жат құбылыс болып табылады. Десек те, кей жазушылардың стильдік мақсатта пайдалануына сәйкес дөкір сөздер көркем әдебиетте көрініс алып жүр. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын дөкір сөздерді кейіпкердің бейнесін аша түсу үшін диалогта қолдануға болады, ал автордың баяндауында қолдану тіл мәдениетіне кір келтіреді» [123, 42 б.]. Жазушының шығармаларында осындай тілдік коммуникацияға эмоциялық реңк беру мақсатында жұмсалған дөрекі сөздерді көруге болады. Мысалы: жылпостар, малғұн, көксоққан, әумесер, маубас, кеңкелес, безгелдек, милау, алжыған, оңбаған заржақ, нақұрыс, иттің баласы және т.б. Осындай стильдік қолданыстарды көркем шығармада пайдалану арқылы автор кейіпкердің мінезін сомдап, замана бейнесін дөп беруге ұмтылады, эстетикалық, мәдени тәрбиелік ықпал етуді көздейді.

Көркем мәтіннің прагматикасына әсер ететін ауызекі сөйлеу стилінің тағы бір белгілерінің бірі – үнемдеу тәсілін қолдану арқылы тілдік қатынас жасау. Оның тілдің даму барысындағы морфонологиялық үдерістің нәтижесіндегі құбылыс екені белгілі. «Жалпы үнемдеу заңы – белгілі бір дыбыстың, буынның, сөздің, сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Буындардың, дыбыстардың бірте-бірте түсуі сөздің формасының өзгеруінен болады. Түркі тілдеріндегі сөздердің қысқару, ықшамдалу процесі әртүрлі болғандықтан, белгілі бір сөздердің морфологиялық, фонетикалық сипат алып түрленуі, құбылуы тіл тарихының жемісі болып саналады. Үнемдеу заңы тарихи жазба ескерткіштерде, қазіргі түркі әдеби тілдерінде және диалектілерінде көптеп кездеседі. Үнемдеу заңының әсерінен сөз басында, ортасында, аяғында кейбір дыбыстар бірте-бірте айтылмайды» [145, 136 б.]. Жазушының шығармаларында





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет