Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – Тәуелсіз



Pdf көрінісі
бет180/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – Тәуелсіз 
Қазақстанның рухани жаңғыруының негізі ретінде 
халықаралық ғылыми-тәжіриебелік конфренцияның 
өткізу бойынша ұсынымдар 
 
Сарапшылардың  пікірінше,  төртінші  өнеркәсіптік  революцияның 
трендтері алдыңғы ғылыми-техникалық революцияларға қарағанда анағұрлым 
терең  әлеуметтік-экономикалық  және  қоғамдық-саяси  трансформациялар 
әкеледі.  Бұл  жер  шары  халқының  қалыптасқан  өмір  сүру  тәртібін  түбегейлі 
өзгертеді.  
Осындай жағдайда индивидтер мен қоғамның алдында осы өзгерістерге 
бейімделіп,  дәуірдің  талаптарын  ескере  отырып  синхронды  түрде 
трансформациялану  міндеті  тұр.  Бұл  ретте  трансформациялық  процесс  екі 
кереғар процесті біріктіруді талап етеді; бір жағынан, уақыт ағымына сай келу 
және  өркениеттен  тыс  қалмау  үшін  жаңа  дәуірдің  үздік  жетістіктері  мен 
инновацияларын  қабылдау  керек,  екінші  жағынан,  мыңжылдықтар  бойы 
қалыптасқан және жеке тұлғаларды біртұтас қоғамға біріктіруге арқау болған 
ұлттық бірегейлікті жоғалтпау міндеті тұр.  
2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғырту» 
атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Бағдарламалық мақала жоғарыда 
аталған жаңа сын-қатерлерге сындарлы жауап болып табылады.  
Елбасы  қоғамдық  сананы  жаңғыртудың  негізгі  факторларын  белгілеп, 
жалпы қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудағы өзекті алты 
бағытты атап өтті: 
1.Бәсекеге қабілеттілік; 
2.Прагматизм; 
3.Ұлттық бірегейлікті сақтау; 
4.Білімнің салтанат құруы; 
5.Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 
6.Сананың ашықтығы. 


126 
 
Бағдарламалық  мақалада  құндылықтық  бағдарлар  мен  мінез-құлық 
модельдерінің  сипаттамасы  берілген.  Әрбір  азаматтың  оларды  иеленуі 
еліміздің  әлемнің  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттерінің  қатарына  енуіне  ықпал 
етеді.  Елбасының  бағдарламалық  мақаласының  мазмұны  ізгі  тұлға  мен 
кіршіксіз қоғам туралы ойлаған Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Абай Құнанбаев 
сияқты ұлы дала ойшылдарының философиялық трактаттарымен үндеседі. 
Мақаланы  тұлға  мен  қоғамның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  және 
ұлттық кодты ұзақ ғасырлар бойы сақтау мақсатында олардың мінез-құлқын 
қайта пайымдауға бағытталған іргелі трактат деп айтуға болады. Бұл тұрғыдан 
ол  Мәңгілік  ел  тұжырымдамасының  идеологиялық  тұғырнамасы  болып 
табылады.  
2018  жылдың  21  қарашасында  Елбасының  «Ұлы  даланың  жеті  қыры» 
атты  екінші  бағдарламалық  мақаласы  жарияланды.  Отандық  сарапшылар 
қазақстандық  қоғамды  Үшінші  жаңғыртуға  арналған  осы  екі  бағдарламалық 
мақаланы  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  (бұдан  әрі  –  Бағдарлама)  деген 
бірыңғай атпен атауды ұсынды.   
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
атты  мақаланың  жарияланғанына  үш  жыл  болады.  Осы  жылдар  ішінде 
бағдарлама аясында 93 мыңнан астам іс-шара өткізілді, олардың жартысынан 
астамы  ауылдық  жерлерде  іске  асырылды.  Халықты  жыл  сайынғы  қамту 
көрсеткіші шамамен 12 млн. адамды құрады. 
 
Осындай қысқа мерзімге қарамастан Бағдарламаның барлық бағыттары 
бойынша  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізілді.  Атап  айтқанда,  ұлттық 
бірегейлік пен патриотизмді нығайту, ұлттық тарихи білімді тереңдету,  өлке 
тарихын 
зерттеу 
бойынша 
ауқымды 
жұмыстар 
жүргізілді. 
 
Тарихи  ескерткіштер  мен  киелі  жерлерді  қалпына  келтіру,  қазақстандық 
мәдениетті дамыту және кеңінен насихаттау, туған өлкенің дамуына көптеген 
меценаттар  мен  демеушілерді  тарту,  сол  арқылы  әлеуметтік  мәселелерді 
шешу,  соның  ішінде  ұлттық  тарихты,  мәдениетті  Бағдаралама  арқылы 
ұғындыру  шаралары  қабылданды.  «Рухани  жаңғыру»  жобалық  офистері  
барлық өңірлерде ашылды, олар жергілікті тұрғындар арасында ақпараттық-
түсіндіру  жұмыстарын  жүргізеді  және  Бағдарлама  бойынша  арнайы 
жобаларды іске асыруды үйлестіреді. 
 
«100  жаңа  есім»  арнайы  жобасының  аясында  мемлекеттің  дамуына  өз 
үлесін  қосатын  және  жаңа  сапалы  өзгерістердің  өзегі  болатын  жаңа 
тұлғаларды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. 
2019  жылдан  бастап  барлық  мемлекеттік  органдар  мен  үкіметтік  емес 
ұйымдарды  Бағдарламаны  іске  асыруға  тарту  бойынша  белсенді  жұмыс 
жүргізіліп  жатыр.  Өйткені,  сананы  жаңғырту  мәселесі  кез-келген  саладағы 
қазақстандықтарға қатысты. 
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі Бағдарламаны одан әрі тиімді іске 
асыру  мақсатында  оның  іске  асырылу  барысын  қайта  қарау  қажеттілігін 
көрсетті. 


127 
 
 
Бағдарламаны  іске  асыруға  қатысатын  барлық  құрылымдар 
өкілдерінің:  орталық  мемлекеттік  және  жергілікті  атқарушы  органдардың, 
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офистерінің, «Ұлттық аударма бюросы» 
қоғамдық  қорының,  «Қасиетті  Қазақстан»  ғылыми-зерттеу  орталығы 
өкілдерінің, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі 
Ұлттық  комиссия  мүшелерінің,  Өңірлік  сараптамалық  кеңестер  мен 
сарапшылар  қауымдастығы  мен  университеттер  өкілдерінің  және 
халықаралық  сарапшылардың  қатысуымен  сәуір  айында  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасы  –  Тәуелсіз  Қазақстанның  жаңғыруының  негізі»  атты 
халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. 
 
 
Конференцияда  Бағдарламаны  3  жыл  бойы  іске  асырудың  аралық 
қорытындылары шығарылады. 
 
Конференцияның  бағдарламасына  келесі  бағыттар  бойынша 
баяндамалар енгізілген: 
– «Рухани  жаңғыру»  –  көшпелі  өркениеттің  құндылықтарына 
негізделген идеология; 
– Болашақтың  біртұтас  бейнесін  қалыптастыру:  Қазақстанның 
халықаралық  аренадағы  рөлі,  жетілген  азаматтық  қоғам,  заманауи 
қазақстандықтың портреті; 
–  Қоғамдық  сананы  жаңғырту  саласындағы  әлеуметтік  инновациялар. 
Басқарудың 
заманауи 
технологиялары, 
көшбасшылардың 
пулын 
қалыптастыру, қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру процестерін басқару; 
–  Қоғамдық 
сананы 
жаңғырту, 
жаңа 
әлем 
құндылықтарын 
қалыптастыру  саласындағы  қазіргі  заманғы  тенденциялар  бойынша 
халықаралық сарапшылардың пікірі; 
–  Өңірлік  жобалық  офистердің  бағдарлама  шеңберіндегі  озық 
тәжірибелерін таныстыру; 
Конференция  форматы:  пленарлық  және  панельдік  сессиялар, 
диалогтікалаңдар. 
Конференцияның өткізілетін орны Н.Назарбаев университеті. 
Конференция аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 3 жылдағы 
жетістіктерін көрсететін арнайы  көрме  ұйымдастыралады.  Көрмеде  «Рухани 
жаңғыру» 
бағдарламасының 
ең 
үздік 
жобалары 
экран 
арқылы 
таныстырылады.  
Залдың  фойесінде  ұлттық  бағыттағы  халықтық    қолөнер  көрмесі 
қойылып,  мемлекеттің  тарихын  танытып,  қазақ  халқының  салт-дәстүр  мен 
әдет-ғұрпынан  хабар  беретін  танымал  қазақстандық  суретшілердің 
картиналары  орналастырылады.  Көрмені  ұлттық  аспаптарда  ойналған 
музыкалық шығармалар сүйемелдейтін болады.  
Конференцияның  бірінші  бөлімі  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  атынан 
келген құттықтау сөзді оқумен ашылады. Шараның алғашқы күні марапаттау 
рәсімімен  аяқталады.  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  өңірлердегі 
жобалық  офистері  атқарған  жұмыстарының  оң  нәтижелері  мен  жетістіктері 
бойынша  номинациялық  алғыс  хаттармен  марапатталады.  Бағдарламаға 


128 
 
атсалысқан үздік меценаттар өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік 
марапаттармен марапатталады.  
 Конференцияның екінші бөлімі толықтай 4 диалогтік алаңға арналады: 
–  форсайттық зерттеу жұмыстарының алдын-ала қорытындылары; 
–  әлеуметтік жобалар акселераторының тұсаукесері; 
–  «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалар офистерінің менеджменті; 
–  ақпаратты  сапалық  талдау.  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының 
жүзеге асу тиімділігін бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет