«Ұлы дала есімдері» номинациясы бойынша Абайдың, Әл-
Фарабидің мұралары, шығармаларының негізгі мағынасын айшықтайтын
патриоттық әндер жазған авторларды анықтау;
«Ұлағатты ұрпақ» номинациясы бойынша балалар тақырыбына
арналған үздік туындылар;
«Сарбаз әні» номинациясы бойынша ең үздік, рухты әскери әндер
тізімін жаңарту;
Абай, Әл-Фарабидың шығармаларындағы философияны дәріптейтін
музыкалық шығармаларды анықтау (симфониялық, камералық, халық
аспаптары, хор, балет);
театрларға арналған отбасылық құндылықтарды, адамның тұлғалық
дамуын, салт-дәстүрден хабар беретін үздік пьесаны анықтау (музыкалы-
драмалық, дузыкалық-комедия);
қуыршақ театрларына арналған ең үздің балаларға арналған
шығармалар;
ұлттық нақыштағы ең үздік қолөнер туындыларын, зергерлік
бұйымдар авторларын анықтау;
байқау жеңімпаздары мен жұмыстары барлық БАҚ-көздері арқылы
халыққа таныстырылуы керек;
жеңімпаздар жайлы телеарналардан бейнесюжеттер өтуі тиіс;
байқаудың гала-концертін мемлекеттік арналардан көрсетуді
ұйымдастыру;
ең үздік әндерді барлық отандық арналардан насихаттау;
туған жер, салт-дәстүрді астастырып, үздік танылған әнге бейнебаян
түсіру;
байқау аясында жастар қатысушылар мен танымал композиторлар,
қолөнершілер, шығарма авторлары арасында кездесулер ұйымдастыру керек.
Сол арқылы жас авторларға шеберлік сағаттарын өткізіп, алдағы
жұмыстарына бағыт-бағдар беру;
театр сахнасына арналған үздік қойылымдар мен шығармаларды
республика көлемінде таныстырып, әр аймақта қойылымдар өткізу;
үздік сарбаз әндерін мектептерде алғашқы әскери дайындық
сабақтарында оқушыларға үйрету.