Конференцияның мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске
асырудың нәтижелерімен танысып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстардың
тиімділігі бойынша конструктивті дискуссия ұйымдастыру.
Конференцияның міндеттері: – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша өзекті
мәселелерді талқыға салу;
– Бағдарламаны тиімді алға жылжыту үшін үздік тәжірибелермен
бөлісу;
– Бағдарламаның нәтижелері енгізілетін жаңа салаларды анықтау;
– Бағдарламаның жүзеге асуына атсалысып жатқан институттар
арасында тиімді байланыстарды дамыту;
– қоғамдық сананың жаңғырту нәтижелерінің ортақ көріністерін
қалыптастыру;
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттарына жобалық
толықтыру енгізу бойынша ұсыныстар жасап, әлеуметтік инновацияларды
кіріктіру;
– әлемнің үздік тәжірибелерін зерделеу мақсатында бағдарламаның
жүзеге асу барысын талқылауға халықаралық сарапшыларды шақыру.