Киберқауіпсіздік индустриясы МСЭ-Т X.1205 (МСЭ - Международный Союз Электросвязи – Халықаралық электрбайланыс одағы) ұсынымына сәйкес: «киберқауіпсіздік – ұйым мен пайдаланушының ресурстарын, киберортаны қорғау үшін пайдалануға болатын құралдар, стратегиялар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері, қауіпсіздік кепілдіктері, басшылық принциптері, тәуекелдерді басқару тәсілдері, іс-әрекеттер, кәсіптік даярлық, практикалық тәжірибе, сақтандыру және технологиялар жиынтығы». Ұйым мен пайдаланушының ресурстарына қосылған компьютерлік құрылғылар, персонал, инфрақұрылым, қосымшалар, қызметтер, электрбайланыс жүйелері және киберортада берілген және/немесе сақталған ақпараттың барлық жиынтығы кіреді. Киберқауіпсіздік киберортадағы тиісті қауіпсіздік қатерлеріне қарсы бағытталған, ұйымның немесе пайдаланушының ресурстарындағы қауіпсіздік қасиеттеріне қол жеткізу және сақтау әрекетінен тұрады.
Киберқауіпсіздік және интернетті басқару
деректердің құпиялылығы – бұған тек өкілеттігі бар адамдар ғана қол жеткізе алады;
қолжетімділік – қол жеткізу құқығы бар нақты пайдаланушылар ғана ақпараттарды пайдалана алады;
түпнұсқалық – ақпараттың толықтығы және жалпы дәлдігі;
бас тартпаушылық – ақпараттың шығу көзін немесе авторлығын анықтау мүмкіндігі.
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің басты мақсаты – деректерді сыртқы және ішкі қатерлерден қорғауға кепілдік беру.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы міндеттеріне мыналар жатады:
WGIG (Working Group on Internet Governance – Интернетті басқару жөніндегі жұмыс тобы) жұмыс тобы жан-жақты талқылауды ескере отырып, «интернетті басқару» ұғымының анықтамасын әзірледі: интернетті басқару бұл үкіметтердің, жеке сектордың және азаматтық қоғамның өздерінің тиісті рөлдерін, жалпы принциптерін, нормаларын, ережелерін, шешім қабылдау процедураларын және интернет эволюциясы мен қолданылуын реттейтін бағдарламаларды орындаудағы әзірлеуі мен қолданылуын білдіреді.
WGIG жұмыс тобы халықаралық деңгейде бекітуді және шешуді қажет ететін маңызды мәселелерді тұжырымдады:
жаңа IPv6 желілік хаттамасына көшу жағдайында желілік IP-адрестерді тағайындау және адрестік кеңістікті бөлу тәртібі;
халықаралық деңгейде ақпараттық және телекоммуникациялық желілерді қосу тәртібін және олардың өзара әрекеттестігін нақтылау;
ғаламдық желінің және оның пайдаланушыларының тұрақтылығы мен қауіпсіздігі;
интернеттегі ақпараттың, соның ішінде спамның заңсыз таралуын болдырмау;
интернетті пайдалану кезінде адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде бірінші кезекте сөз бостандығы мен өз пікірін білдіру бостандығын қамтамасыз ету;
интернетті басқарудың мемлекеттік саясатын әзірлеуге әрбір тілек білдірушінің конструктивті қатысуын қамтамасыз ету;
ақпаратты және жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын қорғау;
желілік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын сақтау;
көптілділік тәжірибесін және көпмәдениеттілік саясатын кеңейту.