Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Пайдаланушы интерфейсін өңдеу кезеңдері. Интерфейстерді



Pdf көрінісі
бет20/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
4.3 Пайдаланушы интерфейсін өңдеу кезеңдері. Интерфейстерді 
тестілеу түрлері
Жүйенің 
жұмысына 
қанағаттанғандықтарын 
білу 
үшін, 
пайдаланушыларға біраз сұрақтарға жауап беріп, анкета толтыру 
ұсынылады. Жүйенің жұмысын визуалды түрде бақылап ары қарай 
сараптау жасау үшін бейнетаспаға жазып алуға болады. Бұл тәсілдерді 
қолдану барысында, шынымен дұрыс нәтиже шыққанына және де кандай 
да болмасын сіз байқаған ауытқушылықтар сыртқы факторлармен 
анықталмай, жүйеге тән болуына сенімді болу киын. Жиі қолданылатын 
статистикалық тәсілдер, сыналған объектінің және өлшеу жүргізу 
тәсілдерінің табиғатын түсіндіруде қатал әдіс — амалдарды талап етеді. 
Дәл және нақты жауап беруге болатын анкета сұрақтарын тандаудың 
қиындықтары белгілі. Адамдар өздерін қадағалап немесе "сынақтан 
өткізіп" жатқанын біліп қойса, мінез-құлықтарын түбкілікті өзгертуі 
мүмкін.
Адам-компьютер интерфейсі
, пайдаланушыға байланысы бар 
есептеу жүйесінің аспектілерді құрайды. Бұл есептеу жүйесінің табысты 
жұмысын камтамасыз ететін маңызды фактор, өйткені интерфейстің 
эргономикалық (физикалық және психологиялық) сипаттамалары 
пайдаланушылық өнімділігіне белгілі әсерін тигізеді.
Стресстік жағдайларды төмендету үшін, жүйе пайдаланушының 
физикалық жағдайына, және де максаттарын түсінуіне сәйкес болуы 
керек; бұл талап жүйелерде көптеген пайдаланушылар жұмыс 


53 
істегендіктен күрделіне түседі, және де жеке пайдаланушылық талаптары 
оның жүйемен танысу барысында өзгеріп отырады. Талаптардың 
кешенді түрде ескеру, пайдаланушыға ыңгайлы жүйелерді кұрауға 
әкелетін, интерфейсті жобалау стратегиясын құруға мүмкіншілік береді. 
Пайдалану интерфейстерінің талаптары (ПИ). 
ПИ-дің идентификациясының негізгі мүмкіндіктерінен белек ПИ-дің 
сыртқы пішіні мен іс-әрекеттерінің белгілі сипаттамасы талап етіледі. 
Төменде ПИ жасаушылары ескеретін сипаттамалары беріледі: 
ПИ стилін тандау.
Қосымша үшін ПИ-дің платформасы мен басқа стандарттары.
Берілген платформада жұмыс жұргізетін, ПҚ-ны қолдаушымен 
сәйкестігі (мысалы қосымша X немесе Ү пакеті).
Экранның мазмұны (мысалы, мақсаттардың орындауына қажетті 
деректер мен функциялары). Экранның іс-әрекеті (мысалы, экранда 
көрсетілген кездегі, баскарудың бірінші элементінің кіру фокусы).
Экранның сыртқы пішінінің сипаттамалары (мысалы, графиканы 
пайдалану, деректердің көрсетілуі, эстетикалық қасиеті). 
Пайдаланушылар мен жүйенің өзара қатынастарының әдістері 
(мысалы, командаларға кіру, пернелердің комбинацияларын кұрудың 
тәсілдері және т.б.).
Пернетақтамен жұмыс істеу мүмкіндіктері, оның ішінде табуляция 
кұралдарының іс-әрекеті, табуляция пернесінің циклды жұмысы.
Жүйенің жағдайы мен қайта шақыру уақытының жауабына, 
пайдаланушының кері байланысы. Пайдаланушының әр түрлі 
функцияларды бақылауы.
Терезенің орналасу және өзгеру операцияларының нәтижесін, сондай-
ақ деректерді, жағдай мен контексті есте сақтау.
Қосымша үшін навигацияның мүмкіндіктері.
Навигация кезінде пайдаланушылық деректерін сақтау.
Навигация кезінде пайдаланушының аралық деректерін есте ұстау.
Интерактивті оқыту, өнімділікті қолдау және аныктамалық жүйе.
Қателерді болдырмау және қателерден кейінгі жүйені қалпына 
келтіру.
Түр-түсті, индикаторларды, графикті және т.б. стандартты түрде 
қолдану.
Физикалық кемістіктері бар пайдаланушыларға қолайлы тәсілдермен 
қамтамасыз ету. 
Жоғарыда көрсетілген ПИ сұрактарының көпшілігі, көптеген 
жағдайда 
ПИ 
стилінің 
нұсқауларында, 
талаптарды 
суреттеу 
құжаттарында немесе өнімнің спецификациясында нақты көрсетілмеген.
Қолданушының интерфейсін құру. Қолданушы интерфейстерінің 
түрлері және оларды құру кезеңдері 
Бағдарламалау технологиясында, қолданушының компьютердің 
бағдарламалық және аппараттық жабдықтарымен жұмыс жасау үшін 


54 
пайдаланатын әдістері мен құралдарының жиынтығын «қолданушының 
интерфейсі» деп атау келісілген.
Қазіргі заманауи ақпараттық жүйелердің жұмыс жасау мүмкіндіктері 
қолданушының интерфейстерімен тығыз байланысты. Мысалы, қандай 
да болмасын объектінің (компьютер, бағдарламалық жабдық немесе 
подбағдарлама) интерфейсі өзгермейтіндей тұрақты болса, онда 
объектінің өзін өзгертуге к
ө
бірек мүмкіндік болар еді, яғни оның басқа 
объектілермен (мысалы, қолданушымен) қарым-қатынас қағидалары 
қарастырылмайды. Есептеу жүйелеріндегі интерфейстерді компьютерлік 
техникаға қатынас тұрғысынан келесі топтарға бөледі 8-суретте берілген:

аппараттық интерфейс;

бағдарламалық интерфейс;

қолданушының интерфейсі.
Қолданушының интерфейсі барынша қолданушыға жақын болуы 
қажет, себебі қолданушының назары бағдарламада емес, керісінше өзінің 
жасап жатқан құжатында болуы керек. Мысалы, жиі қолданылатын 
командалардың бірі 2-3 деңгейлерде яғни басқа бір ішкі мәзірлерде 
орналасса , оны іздеуге қолданушының біраз уақыты кетіп отыратын 
болса, онда интерфейсті қолданушыға жақын немесе ыңғайлы деп айтуға 
келмейді. Бағдарламалық жабдық үшін интерфейстің маңызы өте зор. 
Бағдарлама қанша жерден жақсы бола берсін, егер онымен жұмыс жасау 
ыңғайсыз болса, онда оны қолданушы қабылдай алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет