Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет18/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
4.2 Интерфейс түрлері 
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген 
қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) 
құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет. 
Пайдаланушылық және бағдарламалы-аппараттық интерфейстерді құру 
технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс. 
Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері
Интерфейсті құрушы өз білімдерін пайдаланушылар жұмысына 
жағдай жасауға қолдана білуі керек. Ол оның талаптарын қолданбалы 
міндеттеріне сай қанағаттандырып қана емес, пайдаланушының 
физикалық және психологиялық сұранысына сай интерфейс жасап 
шығуы қажет. Адамның психикасының бейімделу мүмкіндігін ескеру 
керек. Адамдар тез үйренеді, соған карай олардың психологиялық 
сұраныстары және жұмыс тәсілдері өзгеріп отырады. Компьютер 
ойындарын жасаушылар көп күштерін адам мен компьютер арасындағы 
интерфейсті жобалауға жұмсайды, мысалы компьютер ойынының өзі - 
интерфейс болып табылады. Түр-түс, дыбыс, графиканы пайдалану 
кездейсоқтық емес, саналы турде қабылдаған шешімі. Ойындар ішіне 
бейімделу элементтері кіреді, сол арқылы пайдаланушының ойынға 
қызығушылығын қолдайды; пайдаланушы ойынға үйренуіне карай, оның 
дәрежесі жоғарылап, ойын өзгереді, мысалы жылдамдығы өседі. Ойын 
жасаушылар 
ақпараттық 
және 
бағдарламалық 
құрылғылардың 
мүмкіндіктерін біліп, сондай-ақ ойлау мүмкіндіктері жақсы болып
шешім шығару кезінде тапқырлық көрсете білулері керек. Сонымен 
мұндай операциялардың негізінде жалпы принциптер жатқанын 
мақұлдауымыз керек. 
Адам-компьютер интерфейсі
жүйенің бөлек компоненті ретінде. 
Жүйедегі деректер құрылымын осы құрылғылардың өңдеу алгоритмінен 
бөліп алғандай, біз интерфейс адам - компьютерді қолданбалысынан 
белгілі дәрежеге дейін бөліп ала аламыз. Жүйені өңделетін файлдардың 
құрылымын бөлек жасаған сияқты, интерфейсті де белек жобалау керек. 
Кіріс және шығу деректерін берудін құрамы мен түрі интерфейсті 
жасаушылардың мұкиятты талдауында болуы керек. Аппараттың және 
бағдарламалық құрылғылардың мүмкіндіктерінің ескерілуі. Жүйені 
кұрушылар, баска да мамандар сияқты, жұмысында өздерінің ескі тәсіл-


50 
дағдыларын пайдаланады. Бұл ішкі консерватизм соңғы кездегі 
аппараттық және бағдарламалық тәсілдерінің өсуіне байланысты 
әлсіремей, 
керісінше 
күшейіп 
келеді. 
Бірақ, 
интерфейстің 
компоненттерін өзі құралатын негізгі элементтерінің мүмкіндіктері мен 
шектеулерін түсінбей кұру мүмкін емес. 
Жасап-шығарудың реті
Жасап шығару процесі жаңалықты қажет етеді, және де бұл жаңалық 
майда-шүйденің ішінде жоғалып кетпеуін, қолданылатын әдіс-
амалдарын 
дұрыстығын 
қадағалау 
керек. 
Қазіргі 
кезде 
пайдаланушылардың көпшілігі әртүрлі жүйелерге кіре алады, сондықтан 
олар жүйелер ауысқан кезде өз жұмыс тәсілдерін ауыстыра қоймайды. 
Ішінде біркелкі жұмыс істейтін бағдарламалық "жанұяларын" дамытқан 
дұрыс. Бұған, сондай-ақ әртүрлі жүйедегі бағдарламалық интерфейстерін 
жасап шығару үшін қолданылатын стандарттық модульдер библиотекасы 
мүмкіндік береді. 
Интерфейс құрудың қабылданған принциптерін пайдалану 
Пайдаланушының жұмыс бекеті мен физикалық байланысының, адам 
мен машинаның қарым-қатынасымен ортақ жағдайлары көп. Сондықтан, 
жұмыс бекетін жасауға және ұйымдастыруға оңай әкелетін, 
эргономикадағы жалпылама көптеген ұсыныстары болады. Сонымен 
қатар, ақпаратты экранда көрсету түрі әртүрлі компьютерлік жүйелерде 
бірдей емес: графикалық дизайні ақпаратты экранда көрсетілуіне
сөйлемдердің сөздік құрамына, негізгі кілттік элементтерді көрсету 
тәсілдеріне, деректерді ұсынылуына байланысты болады және т.с.с. 
Интерфейсті жасаушылар осы принциптерді білулері, және басқа 
саладан білімдерін өз проблемаларын шешудегі қиындықтарға қолдануға 
тырысулары қажет. Міндеттерді және пайдаланушыны түсіну.
Интерфейсті жасаушы міндеттерді орындауға қажетті есептеу 
процесін түсініп қана емес, пайдаланушының мақсаты мен міндеттерін 
шешуге бағытталған іс-әрекетін бағалай білуі керек. Ол жүйенің 
потенциалды пайдаланушыларының ерекшеліктерін білуі керек. Соңғы 
жылдары компьютер мен программист арасындағы интерфейсті 
бағдарламалау саласындағы қарқынды атап өту керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет