Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет19/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
Пайдаланушыларды тарту.
"Пайдаланушыны және оның мақсатын 
түсіну" нұсқауларын орындаудан, беру оңай. Жүйені жасаушы және 
аналитик өз жұмысын қолданудың барлық саласын жақсы біледі деп 
және потенциалды пайдаланушының психологиялық қажетін терең 
түсіне алады деп күтуге болмайды. Негізгі типтік принциптерінің бірі, 
аналитиктің болашақ пайдаланушыларға сұрак жүргізу арқылы дерек 
алуында болады. Керек сұрақтарды жинаудың пайдалы әдісі - өзін 
жүйемен жұмыс істейтін пайдаланушының орнына қою. Бірақ 
интерфейстің қолайлылығын бағалаудың бірден бір әдісі - ол іс жүзінде, 
пайдаланушы дұрыс жұмыс жағдайында, жүйемен қалай қарым-қатынас 
жасайтынын көріп білу. Интерфейсті жобалау процесі, бірнеше кезеңнен 


51 
тұратын: Сараптау - жасап шығару - компоновка - іске асыру - сызықтық 
процессінің өңдеу бағдарламасының дәстүрлі көзқарасына қайшы келеді. 
Іске асыруды үйлестіру. 
Интерфейстік тәжірибелі үлгілерін өңдеуге әкелетін, олармен 
пайдаланушылар жұмыс істейтін және де олардың реакциясына қарай 
керекті өнім пайда болғанша өзгеріп отыратын, интерактивті әдіс-амал 
керек. Бұл дегеніміз - интерфейстің элементтерін үйлестірудің икемді 
әдісті қолдану. Бейімделу әдістерін интерфейстің шеңберінде қарау 
керек. Негізгі принциптер интерфейсті жасау негізін құраса да, олар 
пайдаланушылардың 
бәрін 
қанағаттандыра 
алмайды. 
Орташа 
пайдаланушыға есептелген интерфейстің жасалын шығуы - бұл ең кіші 
ортақ бөлгішті іздеу сияқгы болады. Тура солай, пайдаланушыларды 
жасап шығаруға тарту, оның абсолютті қолданғыштығына кепілдік 
бермейді. Максаттарының жағдайы өзгермесе де, пайдаланушылардың 
сұранысы, өздері сияқты өзгеріп отырады. Дұрыс жобаланған интерфейс, 
мысалы, компьютер ойынындағыдай, әртүрлі пайдаланушылардың 
қажеттілігіне және де бір пайдаланушының жұмысының әртүрлі кезеңіне 
қарай бұрылып отыруы қажет. Адам-компьютер интерфейсінің 
бейімделу проблемасы - соңғы кездегі ізденістердің негізгі бағыты. 
Бағалау
Жоғарыда қаралған стратегияны ұстанатын шығарушы, қалай керекті 
нәтижеге жететінін біледі? Интерфейсті бағалауға мүмкіндік беретін 
бірнеше критерийлерді болжауға болады. Олардың бәрі үш негізгі 
аспектілерді қамтиды: операциялық жүйені игерудің және есте 
сақтаудың 
қарапайымдылығы; 
жүйенің 
көмегімен 
шешілетін 
мақсаттардың тез орындалуы; жүйенің эксплуатациясы кезінде 
субъективті қанағаттанушылық. Нақты пайдаланушыға, берілген білім 
денгейіне жетудің, бақылау уақытын белгілеуге болады. Критерий, 
сондай-ак қажетті нәтижеге жеткізетін жаттығулар түрін көрсете алады. 
Мұндай критерийге төмендегідей тұжырымдама беруге болады:
"Жүйемен бірінші рет екі күн өз бетімен жұмыс жасаған 
пайдаланушы, иерархиялық байланысты каталогтардағы дискіде 
сақтаған файлдармен жұмыс істеудің барлық командаларын игереді". 
Біраз уақыт өткеннен кейін барлық жұмыс әдістерін сақтау - бұл 
жұмыс үзілісінен кейін, іс-әрекетін қайта көтеруге жеткілікті білім 
деңгейін көрсететін басқа критерий. Тапсырманың тез шешілуін 
жылдамдықпен дәлдікпен бағалауға болады. Жылдамдықты бағалаған 
кезде жүйенің тез жұмыс істеуі емес, қойылған мақсатқа жетуге қажетті 
уақыт ескерілетінін байқайық. Сондықтан да деректер енгізу жүйесіне 
пернетақтамен жұмыс жылдамдығы емес, мысалы былай көрсетуге 
болатын: "банк қызметкері бір сағатта қатесі бір пайыздан аспайтын 
жиырма есеп қағазын дайындауы керек" тәрізді бақылау саны маңызды. 
Субъективті канағаттанушылық критериі пайдаланушылық жүйе және 
онымен жұмыс істеу ыңғайлығы жайында көзқарасын көрсетеді. Бұл 


52 
критерийді саны бойынша бағалау киын, бірақ оны, мысалы, 
пайдаланушылар қосымша орнатқыштарға қарайтын жиіліктер көмегі 
арқылы көрсетуге болады. Барлық үш критерийді де пайдаланудың кез 
келген саласына жатқызуға болса да, нақты пайдалану үшін олардың 
біреуі ғана маңызды.
Авиакөлік басқару жүйесі сияқты жүйелер үшін маңызды 
факторларға дәлдік пен жылдамдық жатады. Жанжақты пайдалануға 
арналған жүйелерінің негізгі талабына жұмыс алдындағы алдын-ала 
үйретудің 
болмауы 
жатады, 
өйткені 
мұндай 
сабақтарды 
ұйымдастырудың мүмкіндіктері жоқ. Электрондық пошта сияқты 
жүйемен жұмыс жүргізгенде, пайдаланушылар өздерін күрделі емес 
жүйелермен жүмыс істегендей қолайлы сезінуі керек, ондай болмаған 
жағдайда олар одан мүлдем бас тартады.
Әрбір критерийдің мәнін орнату - қиындықтардың тек бір бөлігі ғана; 
интерфейсті жасаушы алға қойылған мақсаттарға сай жүйенің нақгы 
өнімділігінің өлшемін білу керек. Бұл өлшемдерді жүргізу үшін бірнеше 
әдістер қолданылады. Жүйелер автоматты түрде нақты диалогты 
көшірмелерін құрып сақтай алады, тапсырмалардың әртүрлі кезеңдерін 
орындауға жұмсаған уақытын, қателерінің саны мен түрін жүйелік 
журналға енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет