115
бұрыштағы керекті диск белгісін шертеміз. Сыртқы бумаға шығу үшін
BackSpace немесе Ctrl+PgUp пернелерін қолданамыз. Дискінің түпкі
бумасына өту үшін Ctrl+X пернесін басу керек.
Қажет файлдар бар бумаға кірген соң, архивтейтін файлдар мен
бумаларды ерекшелеп белгілейміз. Бұны курсорды басқару- бағыттауыш
пернелері мен тышқанның сол жақ батырмасымен Shift пернесін бірге
басу арқылы жүзеге асырамыз. Win RAR терезесінде файлдарды
ерекшелеп белгілеу үшін “Бос орын” және Ins пернелер қолдануғада
болады. Бір немесе бірнеше файлдарды ерекшелеп, Қосу батырмасын
шертеміз. Пайда болған сұхбат терезесінде архивтің атын енгіземіз. Осы
жерден жаңа архивтің форматын, қысу тәсілін, том көлемін және басқа
да архивтеудің программаларын шығаруға болады. Архивті жасау үшін
ОК батырмасын шерту керек.
Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу
процесін кенеттен тоқтату қажет болса, ол терезеде Болдырмау
батырмасын басу керек. Win RAR терезесін жүйелік кішігірім нақауда
(tray) кішірейтіп ықшамдау үшін Фондық батырмасын басамыз.
Архивтеу аяқталған соң, жасалған архив ағымдағы белгіленген файл
күйінде қалады. Жасалған RAR архивіне тасымалдау арқылы файлдарды
қосуға болады.
Файлдарды архивтен шығару: Win RAR ортасында архивтен файлды
шығарып алу үшін, алдымен архивтіашу керек. Win RAR терезесінде
архивті ашқанда, оның мазмұны шығады. Бір немесе бірнеше файлдарды
белгілеп алған соң, Win RAR терезесіндегі Шығару батырмасн басамыз.
Егер де архивтен шығарылған файлды басқа бумаға сақтағыңыз келсе
Шығару Батырмасын шертіп, пайда болған терезеде қажет жолды
көрсетіп ОК - ды шертеміз. Архивтеу негізінде статистикалық терезені
пайдаланып, қысу процесін тоқтатуға болады. Архивтеу қатесіз аяқталса,
онда Win RAR өз ортасында орындалады, ал кері жағдайда
диагностикалық хабарламасы бар Терезе пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: