Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет10/22
Дата25.07.2023
өлшемі229 Kb.
#104757
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
ҚТОӘ ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 2021-2022

дәріс

6 дәріс Қазақ тілін оқытудың формалары, интерактивтік әдістері
Жоспар:
1.Әдіс, оның тілді меңгертуде алатын орны. Әдістің түрлері. Интерактивті әдістер, оны қолданудың жолдары.
2.Қазақ тілі бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары.
3.Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы.
4.Тапсырмалар және оның түрлері. Оқушылардың креативтік ойлау қабілетін дамыту және оны бағалау.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-илюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, багдарламалы (компютерлік).
1. Түсіндірмелі - иллюстрациялы оқыту дәстүрлі оқыту деп аталуы тарихта ұзақ уақыт бойы өміршең болғанына байланысты.Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне кіріктіріп отырады.
2. Бағдарламалы (компьютерлік) оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету машиналары қолданылады. Оқытудың бұл турі 1960 жылдан бастап Б.Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін, педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып падаланылады.
3. Проблемалық оқыту. Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізігі формасы. 
Оқу жұмысын ұйымдастырудың сынып – сабақ жүйесінің ең негізгі компоненті (құрамдас бөлігі) – сабақ болып табылады.
Белгілі педагог И.П.Подласыйдың анықтауынша, «Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі».
Ал И.Ф.Харламов «Сабақ- ол ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән деп анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет