№ 7 дәріс Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту әдістемесі
Жоспар: 1.Лексика мен фразеологияны меңгерту әдістемесі.
2.Ұстанымдары, әдістері, лексикалық жаттығулар және т.б.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы тіл білімі туралы ұғымды терең меңгертумен қатар тілдің ең кіші бөлшігі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын түсіне білуге, яғни, бүкіл тілдік жүйені меңгерумен орай оқушының ана тілі арқылы көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Лексиканы оқытудағы қойылатын талаптар оқушыларды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп, айта білуге тәрбиелейді.Тура және ауыспалы мағналы сөздерді, оның ішінде ауыспалы мағналы сөздерді айыра білуге содықтан лексика бөлімінің материалдарын жаңа білім беруге байланысты да, пысықтаумен байланысты да осы айтылғандарды ескеріп отыру қажет.
Осы саланы зерттеуде профессор Қ.Жұбановтың, академик І.Кеңесбаевтің, Ғ.Мұсабаевтың, Ә.Болғанбаевтың, Ғ.Қалиұлының көптеген зерттеу жұмыстары нәтижелі болды. Бұл қазақ тілі лексикасының біршама жетілген сала екендігін көрсетеді. Дегенмен лексика мен лексикология терминдерінің синонимдік қолданылуы лексикалық зерттеу объектілерін жүйелі қарастыруда біршама қиындық туғызады. Ғалымдардың пікірінше, лексика терминін лингвистиканың негізгі салаларының бірі деп танып, оның ғылыми объектілерін содан шығатын жүйе деп білу методикалық тұрғыдан тиімді болар еді. Ал лексиканы оқыту әдістемесі аз зерттелген сала. Алайда осы саланы зерттеуде орыс ғалымдары А.А.Текучевтің және М.Т.Барановтың зерттеулерінен методикалық бағыт алуға болады. Қазақ ғалымдарынан 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасына үлес қосқан Б.Кәтенбаеваның "Сөз құрамын” оқыту (1968), А.Айғабыловтың "Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері” сияқты еңбектерін атауға болады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар 1. Т Лексиканы оқыту әдістемесіндегі негізгі үш ұстаным: A + Оқушының сөз байлығын молайтып кеңейту
B Оқушының тыңдаушылық қабілетін арттыру
C + Үйренген сөздерін қатесіз, сауатты жазу
D + Сөзді үйрету арқылы баланы тіл нормасымен сөйлеуге үйрету
E Оқушының фонетикалық дағдысын қалыптастыру
F Басқа пәндермен байланыстырып өту
G Баланың жалпы ой өрісін дамыту
H Оқушының қандай сөз қоры бар екенін білу