Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Оқу бағдарламасы өзіне қамтиды



бет6/22
Дата25.07.2023
өлшемі229 Kb.
#104757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ҚТОӘ ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 2021-2022

Оқу бағдарламасы өзіне қамтиды:
- белгілі пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, іскерліктері мен дағдаларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;
- пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;
- негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;
- әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;
- пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;
- әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;
- ұсынылған әдебиет.
Оқулық  оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.
Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан, соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары шығуда. Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио-, видеокассеталар және компактдискілерге жазылған, сонымен бірге электрондық оқулықтар пайдаланып ж
Біртұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.ОМЖ жасаңыз (5 сынып бойынша).
2.ҚМЖ жасаңыз (жаңа білім бағдарламасы бойынша).



1

4
дәріс

№ 4 дәріс Қазақ тілін оқытудың педагогика, психологиямен байланысы


Жоспар:
1.Қазақ тілін оқытудың дидактикалық ұстанымдары.
2.Жалпы және жеке әдістемелік ұстанымдар.
3.Психологиялық үрдістер.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогика – тұлғаның дамуы мен қалыптасуына бағытталған жүйелі әрі арнайы ұйымдастырылған тәрбие, білім беру және оқытудың мазмұны, формасы және әдістері туралы ғылым. Педагогиканың салалары көп: дидактика, арнайы педагогика, әскери педагогика, пед. тарихы, тәрбие теориясы, әлеуметтік пед., кәсіби пед. т.т.
Педагогиканың дидактика саласы білім беру мен оқытудың теориясын, яғни заңдылықтарын, ұстанымдарын және оқыту құралдарын зерттейді. Білімді меңгерудің заңдылықтарын, білік пен дағдының қалыптасуын, білімнің мазмұны мен көлемін айқындайды. Яғни дидактика оқыту мен білім берудің мәселелерін зерттейді. Дәстүрлі білім беруде педагогика «нені оқыту?» (берілетін білім мазмұнын нормалау), «қалай оқыту?» (оқыту үдерісін ұйымдастыру) деген мәселелерді қарастырса, НБББ моделіне көшуге байланысты «не үшін оқыту?» (оқу нәтижелерін анықтау), «оқушыны оқуға қалай үйрету?» (оқу үдерісін ұйымдастыру) деген сұрақтарға жауап береді. ҚТОӘ жалпы дидактиканың тармақтарының бірі. Осыдан педагогика мен ҚТОӘ байланысы туады. Қазақ тілін оқытуда пәннің педагогикамен тығыз байланысы ешқашан да тыс қалдырылмайды. Педагогика – дидактика – ҚТОӘ. Оқу үдерісі – адамның ерекше әрекеті арқылы жүзеге асатын арнайы әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Ал кез келген жүйенің ұстанымдар деп аталатын жалпы ережелерге негізделетіні белгілі.
Психологияның, әсіресе, жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше. Оқушылардың грамматикалық ережелерді игеру процесінде, оны күнделікті практикада дұрыс қолдануда психология қазақ тілін оқыту әдістемесіне тікелей ықпал жасап отырады.
Оқу-тәрбие ісінде ең қажетті қағида – мұғалімнің өтілетін сабаққа психологиялық жағынан дайындығы. Оқу жоспарын жасағанда да, оны оқушыға жеткізуде де мұғалім баланың жас ерекшелігін, қабілетін үнемі ескеріп отыруы қажет.
Оқушылардың материалды меңгеруінің психологиялық негізі сабақтың әрі әсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты. Сабақтың теориялық жағынан талапқа сай өтуі, яғни тақырыптың теориялық жағы ғылыми фактілермен дәлелденуі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет