Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет5/22
Дата25.07.2023
өлшемі229 Kb.
#104757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ҚТОӘ ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 2021-2022

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Құзыреттілік түрлерін атаңдар.
2. Интеграциялық білім беру дегеніміз не, мысалдармен дәлелде.
3. Танымдық білім беру дегеніміз не, мысалдармен дәлелде.

1

3
дәріс

3 дәріс Қазақ тілін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар
Бағдарлама – мемлекеттік құжат. Бағдарламаның линиялық және концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылықтары. Сабақ барысындағы жоспардың түрлері және оның маңызы.
Жоспар:
1.Қазақ тілі бағдарламасы. Бағдарламаның түрлері, олардың өзара айырмашылықтары. 2.Жоспар, оның түрлері. Орта және қысқа мерзімді жоспарлар, олардың ерекшеліктері. 3.Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы. 4.Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың негізгі атқаратын қызметі: ақпараттық, трансформациялық, жүйелілік, тәрбиелік.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 1999 жылы 7 маусымда қабылданған. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік білім беру саясатын анықтайды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері:
- үздіксіз білім беру;
- барлық адамдардың білім алуға тең құқықтығы;
- жалпы орта білімнің тегіндігі;
- орта білім нің міндеттілігі.
Standart (ағылшын)– норма, үлгі, мөлшер дегенді білдіреді.
Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.
Мемлекеттік білім беру стандартының атқаратын функциялары:
- азаматтардың толық мәнді білім алу құқығын қамтамасыз ету;
- республика деңгейінде білім беру кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ету, яғни оқу мекемесінің типіне қарамастан барлық оқушылардың ортақ негізгі білім көлемін меңгеруін қамтамасыз ету.
Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат
Типтік оқу жоспары білім және ғылым министрлігінде жасалынып, барлық орта мектептерге ортақ болып бекітіледі. Оқу жоспары мектептердің түрлеріне орай да жасалынады. Шағын комплектілі, сегіз жылдық, ұлттық мектептерде жоспар өзінше құрылады.
Оқу бағдарламасы - оқу пәніне байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет