Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет4/22
Дата25.07.2023
өлшемі229 Kb.
#104757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ҚТОӘ ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 2021-2022

8 Т Ы.Алтынсарин еңбектері:
A Қазақ хрестоматиясы
B Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы
C Торғай облысындағы оқу жұмысының жайы
D Тіл-құрал
E Баяншы
F Қазақ тілі синтаксисі
G Қазақ тілінің грамматикасы
H Қазақ тілін оқыту әдістемесі
9 Т А.Байтұрсыновтың әдістемеге қатысты мақалалары:
A Қай әдіс жақсы
B Жалқылау-жалпылау әдіс
C Ана тілінің әдісі
D Тәрбиеге жетекші
E Ұлы дидактика
F Педагогика
G ҚТО дидатикалық негіздері
H Психология
10 Т Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістерімен байланысты пәндер:
A тіл ғылымы жаңалықтары
B педагогика
C психология
D география
E шет тілі
F математика
G анатомия
H физика

1

2
дәріс

2 дәріс Қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттары. «Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі нәтижелері – құзіреттіліктер.
Жоспар:
1.Пән бойынша меңгерілетін құзыреттіліктер, олардың өзіндік ерекшеліктері Құзіреттілік түрлері: тілдік құзіреттілік, кәсіби, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілік, қатысымдық құзіреттілік, танымдық құзіреттілік, әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік.
2.Антропоөзектік , Интеграциялық білім беру, Танымдық білім беру Аксиологиялық, Білім беруді ізгілендіру парадигмалары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ғылыми-әдістемелік еңбектерде болашақ маманның кәсіби шеберлігін қалыптастыру туралы мәселе құзіреттілік және құзірет ұғымдары арқылы айқындалып жүр.
Құзіреттілік терминіне сөздіктерде мынандай түсініктемелер берілген: competense (латынша) сәйкес, жарамды, competent (французша) құзіретті, құқықты, competere – сай болу, қабілетті болу деген мағынаны, орыс тілі сөздіктерінде құзіреттілік «белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді біреудің жетік білуі» деген мағынаны білдіреді. Қазақша сөздіктерде «біреуге тиесілі істер, сұрақтар шеңберінде белгілі бір адамның не мекеме өкілдігінің құқықты болуы» деген анықтама берілген.
«Құзірет» термині көбінесе «нәтижелік», «жетістікке жету», «түсіну», «меңгеру», «сапа», «мөлшерлілік» сөздерімен бірлікте қолданылатынын, ал «құзіреттілік» термині кәсіби қызметтегі білім мен тәжірибенің бірлігі мағынасында түсінілетіні байқалды.
И.Л.Зимняя «құзірет» терминінің мәні «құзіреттіліктен» әлдеқайда кең мағына беретінін айтады. Ғалымдардың ойынша, «құзірет» адамның жұмысының аспектісі ретінде танылса, «құзіреттілік» осы аспектіні орындай алу деңгейімен анықталады. Құзірет оқушының білуі қажет нәрсе болса, құзіреттілік осы нәрсені жақсы істеуі, өзін-өзі танытуы, білімі, білігі өзін-өзі бағалауы, т.б. мәселелерді қамтиды .
И.Л.Зимняя тілдік құзіреттіліктің өзін Еуропада стратегиялық, әлеуметтік, әлеуметтік-лингвистикалық, тілдік және оқу деп жіктеу кездесетінін айта келіп, шетелде бес түрлі құзіреттілікке айрықша мән берілетінін сөз етеді. Олар: саяси және әлеуметтік құзіреттілік (әртүрліжағдаяттарды бейбіт түрде шешуі, топтық шешім қабылдай алуы, жауапкершілікті сезінуі, демократиялық институттарды қолдауы және соған қатысуы); мәдениаралық құзіреттілігі ( көп мәдениетті қоғамда өмір сүре білу қабілеті, басқаларды сыйлауы, олардың мәдениеті, тілі, салт-дәстүрін сыйлай отырып, өмір сүре алуы); қатысымдық құзіреттілік (ауызша және жазбаша коммуникацияны игере білуі, жұмысы мен әлеуметтік өміріне қажетті қабілеттерді игеруі, бірнеше тілді меңгеруі); ақпараттық құзіреттілік (ақпараттың жағымды және жағымсыз жақтарын тани білуі, оған сыни көзқараспен қарауы, технологияларды меңгеруі мен қолдануы); танымдық құзіреттілік (өмірде өзінің білімін үздіксіз жетілдіруі, кәсіби тұлғасы мен әлеуметтік өмірін үнемі дамытып отыруы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет