Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм


ІІ. 2021-2022 оқу жылы жұмыс жоспарының орындалысына сараптамалық талдау



бет4/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
ІІ. 2021-2022 оқу жылы жұмыс жоспарының орындалысына сараптамалық талдау




Мақсаты: оқу жылы жоспарының орындалысын талдау, гимназияның оқу-тәрбие жұмыс сапасын көтеруге бағытталған мақсат, міндеттерді анықтау.
Міндеттері:

  • 2021-2022 оқу жылы жоспарының орындалысына сараптамалық талдау жасау;

  • Жоспар бағыттарына жан-жақты аналитикалық талдау жасау арқылы қажеттіліктер мен проблемаларды анықтау;

  • Келер оқу жылына сапалы, бәріне қолжетімді жоспар құру;

  • Гимназияның жылдық жоспарын білім сапасын көтеруге, кадр сапалық құрамын арттыруға, оқу мен тәрбиенің біртұтас жүйесін жақсартуға бағыттап құру;

  • Жас мамандарды кәсіби дамыту, тәлімгерлік жұмыс сапасын арттыру;

  • Меңгерілуі қиын пәндерден күзгі және қысқы оқулар, семинар,тренинг ұйымдастыру;

  • Кадрларға жеке даму жоспарын құрып жұмыстату;

  • Цифрлық сауаттылықты жетілдіру жұмыстарының сапасын арттыру

  • ҰБТ,ОЖСБ, пән олимпиадасы, ғылыми жобалардың нәтижесін облыстық, республикалық деңгейге көтеру;

  • Гимназияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын табу.


Гимназия жоспарына (SWOT)
Сараптама қорытындысына сәйкес көрсеткіштердің сипаттамасы - SWOT талдау нәтижесінде анықталғаны:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ - S (Strenght)
(ықтимал оң ішкі факторлар)

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ - W (weakness) (ықтимал теріс ішкі факторлар)

1.Оқу бағытын қоғамдық-гуманитарлық бағытта дамыту мүмкіндігі жоғары.
2.«Әлихан Бөкейхан –Ұлт қайраткері» ұлттық білім беру негізінде «Әлихан мектептері Альянсы», «Тұлғатану орталығымен бірлескен меморандум құрып ғылми-практикалық конференциялар өткізуді дәстүрге айналдыру.
3.«PBL» жобасы негізінде функционалдық сауаттылықты арттыра алады.
4.Әлихан ғылыми олимпиадасы бойынша үздіксіз жоғары нәтижеге дайындық жоспары.
5.Оқушылар, педколлектив және ата-аналар үшін қолайлы және қауіпсіз аймақ құру (бейнебақылаулар орнату, әр қабатты ұлт зиялылары тарихын QR коды арқылы ақпараттық мәлімет тарату, «Үздік жобалар» стендісі)
6.Ата-аналармен ашықтық.
7.ҚО ОӘО-мен бірлесіп авторлық бағдарламалар сайысына қатысу, тәжірибе тарату, кәсіби-әдістемелік кешен құру сынды бірлескен іс-әрекет.
8. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ-на курстарға жіберу, біліктілігін арттырып отырады.
9.Мектеп мұражайын жетілдіру, Әлихан кабинетін ашу.

1. Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін жетлдіру жұмыстарының тиімсіздігі;
2.Жеке пәндер бойынша білім сапасының төмендігі, (әсіресе жаратылыстану–математикалық бағыттағы пәндерден) олимпиада көрсеткішінің аздығы;
3. Кадрлардың жиі ауысуы, инновациялық мектептер арасындағы бәсекеге сай болу мүмкіндіктерін пайдалану тиімсіздігі;
4. Оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу нәтижесінің төмендігі;
5.Педагог-зерттеушілердің, педагог-сарапшылардың және педагог-модераторлардың әлсіз деңгейі;
6. «Цифрлық Қазақстан» жобасының талаптарын мұғалімдердің өз деігейінде меңгермеуі, орындай алмауы.
7.Авторлық , оқу–әдістемелік құралдардың аздығы.
8.Кітапхана жұмысының заман талабына сай жүргізілмеуі, оқушыларды кітап оқуға тарта алмауы.
9.Мұғалімдердің жиі ауысуы (декреттік демалысқа шығуы) басталған істі аяқтауға кері әсерін тигізуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет