Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм


Педагог кадрлардың сапалық құрамы білім деңгейі бойынша



бет8/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71
Педагог кадрлардың сапалық құрамы білім деңгейі бойынша: (педагогтарды білім беру деңгейлері бойынша бөлу)Барлығы 53 мұғалімнің 47-сі жоғары білімді, ол ұжымның 88,6%, орта білімнен кейін жоғары білімді аяқтап жұмыс істеп жатқаны-1 (1,8%), арнайы орта маманды -3 (5,6%) иемденіп отыр. МДБ –ның талаптары бойынша бес жыл уақыты ішінде барлығы педгогикалық жоғары білімді болады. Қазіргі таңда 1 мұғалім инженер-техник мамандығымен қоса мұғалім мамандығына қосымша курстан өткен, робототехникадан курстардан бойынша сабақ береді. Ол осы оқу жылы педагог мамандыққа құжат тапсырды.
Мұғалімдер толықтай курстардан өтіп білімін жетілдіріп отырады,мектепте оқытылатын пән мазмұнын жаңарту бойынша курстан өткен мұғалімдер саны-45 (84,9 %;
ШЕШУ жолдары:

  1. Жаңа формат бойынша (педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші) мұғалімдерді мектепішілік жұмыстар ұйымдастыру және біліктілік тестілеуден кезектен тыс өтуіне жағдай жасау арқылы санын арттыру:

  • Workshop;

  • Нетворкинг;

  • Желілік семинар-тренингілер;

  • коучинги, вебинары;

  • «Жылдың үздік мұғалімі»;

2.Кәсіби байқауларға қатысу:

  • Қалалық, облыстық конференция, педоқулар, түрлі деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысу;

  • Авторлық, әдістемелік әзірлеме сайыстарына қатысу.

3.Магистратура бітірген мұғалімдер арқылы гимназия имиджін көтеру, оларды жаңа жоба енгізуіне қолдау көрсету, ынталандыру.

  • Иклюзивті оқыту бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту;

  • Желілік қауымдастық және Телекөпір жұмыстарындамыту, жас мамандарды тағылымдамадан өткізу.

Гимназияның ғылыми-әдістемелік жұмысы кафедралық және әдістемелік бірлестік негізінде жүзеге асырылады:

  • «Қоғамдық –гуманитарлық пәндер кафедрасы», құрамында 15 мұғалім,

  • «Жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасы» құрамында -13 мұғалім,

  • «Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі» құрамында -13 мұғалім,

  • «Спорт және өнер» әдістемелік бірлестігі, құрамында 12 мұғалім жұмыс істейді.

ҚО ОӘО, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы, қалалық білім бөлімі, «Әлихан мектептері Альянсымен» бірлесіп «Әлихан Бөкейхан – Алаш қозғалысының көсемі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, жинағы шықты.
Гимназия тарапынан әдістемелік қолдауға қарамастан пәндік олимпиада педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдер өз кәсіби біліктілігін көрсете алмауы, оқушы нәтижесіне мақсатты түрде көңіл бөле алмағаны, мектепішілік бақылаудың өз деңгейінде жүргізілмегені байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет