Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм



бет9/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71
Проблемалар:

  • Мұғалімнің жеке басы жауапкершілігі төмен, өзін-өзі бақылауының жеткіліксіздігі;

  • Пәндік олимпиадаға дайындау уақыттарын дұрыс ұйымдастыра алмауы, үлгермеушімен жұмыс сапасының олқылығы;

  • Пәндердің өзара әдістемелік жұмыстарының тиімсіздігі;

  • Оқыту үрдісіне жобалар мен озық тәжірибелерді терең зерделеп қолдану бойынша педагогтердің белсенділігінің төмендігі;

  • Оқушылардың кәсіби дамуына назар аударуы жеткіліксіз;

  • Оқушы шығармашылығын дамытатын тиімді әдістер таңдап қолданбауы, басқа оқу орындары, тәжірибелі мамандармен бірлесіп жұмыстау,өзара тәжірибе алмасу нәтижелерінің жеткіліксіздігі.

ШЕШУ жолдары:
1.2022-2023 оқу жылына арналған олимпиадаға қатысушылар тізімін шығару, психологиялық сауалнама алу, пәндік бағытын анықтау, «Нәтижеге бағытталған олимпиадаға дайындық» жоспарын құру.
1.Мұғалімдердің кәсіби әлеуетін жетілдіру үшін ғылыми-әдістемелік жоспарды нақты нәтижеге бағыттап құру, мұғалім сұранысын қанағаттандыру.
2.Мұғалімдердің шығармашылық тобын қайта сұрыптап құру, олимпиадаға дайындық жұмысын жоғары оқу орындарымен кәсіби зертханалық отырыстар арқылы бірлесіп дайындау, тапсырмалар жинағын шығару.
3.Әр пәннен «Олимпиадалық резерв» деректер қорын құру.
4.Олимпиадаға қатысатын оқушыларға және дайындайтын мұғалімдерге жан-жақты кәсіби-тұлғалық қолдау көрсету;
5.Мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық дамуына қолдау көрсету, жағдай жасау:

  • Нетворкинг, тәлімгерлік, воркшоп жұмыстарын өз тәжірибесіне негіздеп ұйымдастыруын бақылау;

  • «Кәсіби әдістемелік ӨНІМ» отырыстарын өткізу;

  • Мұғалімдердің жұмысына, кәсіби қызметіне арналған критерийлер құрып оқу жылы соңында рейтинг құрып отыру.

І.4. БЕЙІНДІ ОҚЫТУДЫ ІСКЕ АСЫРУ
БАҒЫТЫ: қоғамдық – гуманитарлық бағыт.
МАҚСАТЫ: қоғамдық-гуманитарлық пәндерді терең меңгерте отырып, кәсіби даярлап оқыту, болашақ мамандығын дұрыс таңдауына қолдау көрсету.
МІНДЕТТЕРІ:

  • Кәсіби бағдарлы оқыту жұмысына арналған жоспар құру;

  • Әр оқу жылы оқушыларға кәсіби бағдар беру ісін ұймдастыру жөніндегі кеңес құрамын бекіту;

  • Айына бір реттен кем емес жұмыс жоспарының орындалысына есеп беруді ұйымдастыру;

  • Курстар мен үйірме жұмыстарының жүргізілуіне бақылау жүргізу;

  • Оқушыларды кәсіби бағдарлы бағытында жүргізілген іс-шараларға қатыстырып, мониторинг жасау;

  • НОБ және жалпы орта білім бітіруші түлектерді еңбекпен қамтылуына есеп беру;

  • Алда тұрған мақсаттарды анықтап, келер оқу жылына жоспар құру.

Гимназияның негізгі бағыты қоғамдық-гуманитарлық бағыт болғандықтан оқушылардың бейінін 75-80% гуманитарлық бағыттағы таңдау және қолданбалы курстар бағдарламаларын оқу жоспарына енгізу арқылы бейінді оқыту жұмысы жүзеге асырылады. Жалпы 10-11-сыныптар бейіндік сыныптар, бағыты тек қоғамдық-гуманитарлық бағыт.Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыс жоспары әр оқу жылы мектеп басшысымен бекітіліп, оқу жылы аяғы есеп беріліп қалыптасқан. Гимназияда оқушылардың кәсіби бағдарлы жұмысына арналған стендтер мен кәсіби-тренинг өткізуге арналған ақпараттық бұрыш бар, арнайы кабинет жоқ, үлкен жиындар, мамандықтармен семинар-кездесулер мектептің акт залында өтеді.
Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Мұның барлығы оқыту мақсатын оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне және қоғамның әлеуметтік, саяси-экономикалық сұранысын қанағаттандыруға сәйкестендіруден шығып отыр.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес орта білім беру деңгейінің жоғарғы сынып оқушыларына бейіндік оқыту қарастырылған. Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы ретінде қарастырылды.
Осы берілген құрылым оқушылардың жеке оқу траекториясын таңдауы мен жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, білім беруді ізгілендіру, саралау идеяларын және базистік оқу жоспарындағы өзгермелі бөлікті жүзеге асырылды. Осындай тұжырымдамалық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып, 10-11-сыныптарда бейіндік оқыту қоғамдық-гуманитарлық бағытты бойынша жүзеге асырылды,бағыты арқылы оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында кәсіби-бағдарланған тәсілді жүзеге асыру аясында бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту енгізіледі.
Бейінді оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі ретінде әр оқу жылы жеке жоспармен жүзеге асырылады.
Бейіндік сыныптардағы оқу жоспарлары 2018-2019 оқу жылынан 2021-2022 оқу жылдары арасында төмендегі негізгі заңнамалық құжаттарды оқыту негізіне алды. Олар:
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
4.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрықпен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
5.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
6.2020-2021 оқу жылына арналған Әдістемелек нұсқау хатта көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оқу процесі ұйымдастырылды және «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар басшылыққа алынды
7.2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылды:
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық)
8.«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрық);
Жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар соның ішінде бейіндік 10-11-сыныптар бойынша:білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және білім алушылардың вариативті компонентінен берілетін оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі оқу жоспары бойынша сақталды.
 2020-2021 оқу жылы:
«Алаштану», «Әлихантану»,«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Абайтану», «Параграфтан эссеге дейін», «Practical English», «Биологиядан негізгі білім», «Химиядан негізгі білім», «Физикалық практикум», «Язык в сферах общение», , «Ұлттық патриотизм», «Компьютерлік модельдеу», «Логикалық есептер» курстары апталық 1 сағаттық жүктемемен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет