6
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Алимгереева Г.Е.
Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, информатика пәнінің мұғалімі
Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпараттандырылған
жан – жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы.
Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек.
Оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық
технологияларды меңгеруі шарт.
Оқу
жоспарларында
мектепте
оқытылатын
ғылымдар
да
диалектикалық мазмұнды негізге сүйене отырып,
филология, математика,
жаратылыстану, қоғамтану, ӛнер, технология, дене шынықтыру
салаларына бӛлініп, жеке пәндерге тармақталып кетеді.
Оқу жоспарында
пәндер арасындағы кірігу анық кӛрсетілген және олар пәнаралық
байланыстың моделі әрі білім мазмұнын жаңа сапаға кӛтереді.[1]
Р.Декарттың «
Барлық ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың
бәрін бірден оқыту – олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай»
деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс білімберудің кіріктірілген
технологиясының құрамына енеді. Оның ұғымының ауқымы кең.
Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы – ғылыми-жаратылыстану
және қоғамдық гуманитарлық білімдерді
жеке білім аймағында шартты
түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы
ғылыми-синтездік білім беру болып табылады.
Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті
қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің
қалыптастыратын білім, білік, дағды мӛлшері жеке анықталса да, тұлғаның
ӛмір сүру аймағында олар ӛзара байланысты құзіреттілікке ие болады.
Ӛйткені оқушы ӛмірлік
мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған
білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы
әлуеті мен дағдысын пайдаланады.
Оқушы ақыл (таным) арқылы ғылымды игереді.
Ғылымды игеру
үшін ол тек қабылдаушы ғана емес, ӛзінің танымдық қызметін ретке
келтіруші, танымдық үрдістің ӛн бойында және оның нәтижесінде
рефлексия жасаушы дәрежесіне кӛтеріледі.[4]
Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Осы талапты орындауға шындап
кірістім. Ең маңыздысы оқушылар мамандықты
игеру барысында ынтасы
жоғары болуы керек. Тек арнаулы пәндерді ғана емес басқа да пәндерді
меңгеру қажеттігін оқушыға жеткізу, түсіндіру ұстаздарға байланысты.
Қазіргі сабақтарда ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту
технологиясын байланыстыра ӛту ӛте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық
технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт – бағдар кӛрсетуші деп
7
түсінеміз. Белгілі
бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б.
беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа
байланысты
мәлімет,
ақпараттың
барлығының
жан-жақты
пән
мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты
артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, ӛзі үшін білім
жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: