Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан
на 2016-2019 годы. Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 1
марта 2016 года № 205.
2. Дорожная карта развития трехъязычного образования на 2015-2020 годы.
Утвержден совместным приказом и.о. Министра образования и науки
12
Республики Казахстан от 5 ноября 2015 года № 622, Министра культуры и
спорта Республики Казахстан от 9 ноября 2015 года № 344 и Министра по
инвестициям и развитию Республики Казахстан от 13 ноября 2015 года № 1066.
3. Холодная М. А. Психология интеллекта: парадоксы исследования. - Томск: изд-
во Томского ун-та. М.: изд-во «Барс».1995.-250 с.
4. Типовая учебная программа по предмету «Физика» для 7-9 классов уровня
основного среднего образования. http://nao.kz/
5. Типовая учебная программа по предмету «Химия» для 7-9 классов уровня
основного среднего образования. http://nao.kz/
6.Типовая учебная программа по предмету «Биология» для 7-9 классов уровня
основного среднего образования. http://nao.kz/
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІН
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Байшугулова Б.К.
Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп,
информатика пәнінің мұғалімі
Білімді дамыту үшін жаңа ұғым,
жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет.
Ж.Аймаутов
Қазіргі
таңда
әлемнің
алпауыт
мемлекеттері
кӛп
тілді,
әсіресехалықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды.
Сондықтан біз де ӛз халқымыздың қарыштап дамып, ӛркениеттен қалмау
үшін кӛп тілді меңгеруіміз қажет.[1] Бұл заман талабынан туындап
отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сӛйлей де, жаза да білетін
маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сӛзсіз.
Елбасымыз үштілді білім беру жүйесін енгізе отырып қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде ал
әлемдік экономикаға үйлесімді тіл ретінде ағылшын тілін меңгерту
мақсатын кӛздеп отыр. Осы мақсатта тіл емес пәндерді ағылшын тілінде
оқыту арқылы ел болашағын дамытуды кӛздейтініміз сӛзсіз.Ағылшын
тілінде оқытуда тиімді әдістердің бірі «Content and Language Integrated
Learning» деп аталады.[2]
Аталған әдісті алғашқылардың бірі болып тәжірибеге енгізген Дэвид
Марш атты лингвист, еуропалық профессор.Бұл әдістің ерекшелігі CLIL -
информатика физика,биологияхимия сияқты пәндерге қолдану арқылы
тілді үйретуде ӛте тиімді болып келеді.
13
CLIL әдісін қолданудың барысында мақсаты пәнді басқа тіл арқылы
оқу. Ғалымдар әдістің ерекшелігі тілді жай екінші тіл ретінде мақсатсыз
оқудангӛрі белгілі материалды игеру мақсатында оқу айтарлықтай нәтиже
беретіндігін дәлелдеген. Бұл үйренушіге мақсаттылық және мотивация,
материалды игеруге қызығушылық береді.Сондай жағдайларда CLIL әдісі
оқушының ағылшын тілін меңгеруіне кӛмектесе алады. CLIL әдісін
пайдалану ұстаздан тіл және контентті игерту мақсатында алдын ала
дайындықты талап етеді. Осы орайда CLIL арқылы сабақ ӛткізетін ұстаз
қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Сабақ ӛткізу тілін игерген,яғни
ағылшын тілінде ӛткізетін болса, ағылшын тілін кем дегенде интермедиат
деңгейде білетін, сол тілде еркін сӛйлеп оқушылармен қарым-қатынас
жасай алатын кәсиби маман.
Ұстаз барлығын идеалды түрде білуге, басқа тілдің қыр- сырын ана
тілімен тең деңгейде білуге міндетті болып есептелмейді. Ӛз тәжірибемде
кӛргендей, оқушыға түсінікті қиын емес сӛйлемдер мен сӛз тіркестерін
ұтымды пайдаланып пәнді оқыту маңызды. CLIL әдісін сабақта пайдалануда
ұстаз үшін де, оқушылар үшін де бірқатар кедергілер кездеседі:
Ағылшын тілінде сӛйлеу кезінде қиындық тудыруы;
Ағылшын тілін тыңдаудағы қиындығы;
Оқушылардың ағылшын тілін білу деңгейлерінің әр түрлілігі;
Ойын жеткізуде толық сӛйлемдерді қолдана алмауы;
Жоғарыдағы кедергілерді жеңу үшін сыныпта қолайлы атмосфера жасай білу
қажет, конфликтті немес ӛте қатал жағдайда тілдік қиындықтар тереңдей береді.
Сондықтан ұстаздың оқушылармен бірге білім алушы ролі мен
бағыттаушы ролін қатар меңгеруі маңызды. Тыңдау және түсіну , жеңу
оқушылар мен ұстаздан ұзақ уақытты талап етеді. Кейбір оқушыларда түсіну
мен сӛйлеу процестері қатар жүрмейді, оқушы сӛйлей алуы мүмкін де
тыңдаған кезде ештеңе түсінбейді. Бұл кедергілерді жеңу үшін мұғалім
мәтінді аудиоларды тыңдатуына болады. Бұл үрдістер оқушылардың
индивидуалдық ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты болғанмен
ұстаздың кӛмегінсіз кедергілерді жою қиынға түседі.[3] Ойын толық жеткізе
алмайтын оқушылардың сӛздік қорын толықтыру мен аудитория алдында
сӛйлеу қорқыныш сезімдері болуы мүмкін, оқушылардың ағылшын тілінде
сӛйлеу еркіндігі біртіндеп байқалады. Тәжирибе жүзінде оқушылардың жас
ерекшелігі мен жеке қызығушылықтарына мән беру оқушының
мотивациясына әсер етеді. Мысалы, 9-сынып оқушылары бағдарлама құру
кезінде қиын сӛздері кӛп мәтіндерді кӛргенде тез шаршап оқуға
қызығушылығы жоғалады. CLIL- әдісін пайдалануда оң нәтижеге жету үшін
ағылшын тілін аз мӛлшерде пайдаланудан бастау оқушылардың
психологиялық дайындығын арттырады. Ұстаз бірден сабақ бойы ағылшын
тілінде сӛйлеп, барлық сабақ материалдарын ағылшын тілінде ұсынатын
болса оқушылардың қабылдау қабілетіне теріс әсерін тигізеді. Алғашында
индивидуалдық ерекшеліктеріне байланысты кӛру арқылы қабылдап есте
сақтап оқитын, жазу арқылы немесе дыбысты тыңдау арқылы есте сақтайтын
14
оқушылардың ерекшеліктері болады. Кӛбінесе есту арқылы есте сақтауға
бейім балалар ағылшын тілінде тез сӛйлейді де айтылымда қатесін аз
жібереді,мұндай оқушылар ән айтуға музыкалық қабілеттері бар балаларды
жатқызуға болады. Жазу арқылы және кӛру арқылы есте сақтайтын
визуалдарды словарь және дәптерді кеңінен пайдалануға бағыттау қажет.
Олар мұғалім сӛйлеу барысында тақтаға жазып экраннан кӛрсетіп отыруды
қажет етеді. Күнделікті сабақта қолданылатын сӛйлемдерді оқушы есту
арқылы есте сақтайды, оқушыға «бүгін қандай күн» т.б терминдерді
қолданып ағылшын тілінде айту олардың есту арқылы есте сақтауын
дамытады. Әдісті пайдалануда қатып қалған қағида жоқ, ӛйткені оқушылар
әр түрлі дамиды, мұғалім бір немесе үш ай аралығында сабақты толық
ағылшын тілінде ӛткізуге ауыса алады. Алғашқы сабақтарды бастамас бұрын
оқушыларды психологиялық дайындықтан ӛткізудің қажеттілігі бар, мінезі
байсалды емес оқушылар әр түрлі себептерді айтып мұғалімнің
тапсырмаларына селсоқ қарауы мүмкін, ол үшін алдымен сынып жетекші
және ата-анасына қажеттіліктерді түсіндіріп айтудың маңызы бар. Оқуда
дислексиясы бар, ерекше назарды қажет ететін оқушылары барсыныптарда
ата-анасына ескерту мен қосымша жұмыстар жасау қажет етіледі. Демек,
оқушылардың ерекше қабілеттерін пайдалана білудің маңызы бар.
CLIL-әдісін қолданып сабақ ӛткізу кезінде аударма сӛздік, «translator»,
сӛздіктер қолдануға рұқсат етіледі. Оқушының мәтінді аударуына
электронды нұсқадағы сӛздіктерді қолдануына болады. Мысалы, Алғашқы
сабақтарда 5-7 минут тақырыпқа сай ағылшын тіліндегі видео
материалдарды тыңдатудан бастаған тиімді, ӛйткені оқушы тыңдап және
кӛру арқылы ӛтетін сабақтардан кейін стреске түсу мүмкіндігі азаяды. Үй
тапсырмасына тақырыпқа сай жаңа сӛздер жазып келуге тапсырылса келесі
сабақта жаңа сӛздерді пайдалануға тапсырмалар беріледі.
CLIL әдісін қолдануда қарапайым диалог құрастыру, қысқа сӛздік
жазғызу, суретті әңгімелеу, ойындар ойнату, тиімді нәтиже береді.Күнделікті
сабақта айтылатын. Сабақтың құрылымы бастапқыда қайталанбалы болса
оқушы тәртіпке үйренеді, әдістерді де ӛте қарапайымнан күрделіге қарай
ауыстыруға болады.Ӛйткені белгілі бір қайталанбалы сабақты оқушы
меңгергенге дейін сол сабақта қолданылатын қарапайым сӛз тіркестері мен
сӛйлемдерге құлақтары үйренеді.Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, сабақта
белгілі дәрежеде қиындықтардың да болуы мүмкін. Сонымен қатар уақыттың
жетіспей қалуы, мұғалімнің жоспарының толыққанды жүзеге аспауы
мүмкіндіктері болуы. CLIL сабақтары барысында қалыпты деп есептеледі.
Оқушыларда барлық тіл үйренушілерге қатысты қателіктер кездеседі, жазу мен
сӛйлем мүшелерінің орындарының ауысуы, айту кезіндегі қателіктер,
орфографиялық,синтаксистик қателер кӛпжіберіледі. Бастапқыда сӛйлеу
кедергісі бар оқушылар сабақта белсенділік таныта бастаған кезде олардың
қателіктерін сӛзін бӛлмей сабақтың соңына қарай барып түсіндірген жӛн,
ӛйткені ең бастысы сӛйлеу кедергілерінжою мақсатында жұмыс жасау
деңгейінде бұл қателіктергі аса назар аудармаған жӛн.
15
Информатика пәнін ағылшын тілінде оқытуда тақырыпқа сай
терминдерді видеолар мен мультфильмдер, оңай кинолар арқылы есте
сақтауға үйретуге, мәтіндік тапсырмалар, түртіп алу әдістерін пайдалану
арқылы оқытуға болады.Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру -
жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу — біздің
жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.
Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік
ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сӛздер мен
ұғымдар арқылы батыл ену үстінде.Сондықтан тиімді әдіс тәсілдерді
қолдану арқылы оқыту нәтижеге жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |