Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін



Pdf көрінісі
бет6/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде окыту 30 11 2017 (1)

 
 



ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУҒА КӚШУ ЖОСПАРЫ 
 
Мырзалиева Ж.Б. 
Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның математика пәнінің мұғалімі 
Қазақстандық оқушылар тӛрт пәнді ағылшын тілінде оқиды. 
Мектептерді үштілді білім беруге кӛшіру 2023 жылға қарай жүзеге 
асырылады. 
Алтынсарин атындағы Білім беру ұлттық академиясының вице-
президенті Мариам Мұқатова ОКҚ брифингінде "2015-2020 жылдарға 
арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы" бағдарламасы 
әзірленіп, бекітілгенін хабарлады. Академия жанынан үштілді білім беру 
орталығын құру жоспарланды. Онда Қазақстанда білім беруді үштілді 
етуге ауысу және жоғары сыныптар, колледждер мен жоғары оқу 
орындарында сабақтарды ағылшын тілінде оқытуға дайындау үшін 
бірыңғай тіл стандарты әзірленеді. 
Спикердің айтуынша, білім беру ұйымдарын ағылшын тілін білетін 
мамандармен толықтыру үшін "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің 
мүмкіндігі пайдаланылады. Мұғалімдерді ынталандыратын жүйе ойлап 
табылады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің формасы мен мазмұны жүреді. 
"Жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілінде оқыту тӛрт пән 
бойынша жүргізіледі: информатика, физика, химия, биология. Үш тілде 
білім беруге ӛту кестесі мен жоғары сыныптарды ағылшын тілінде оқыту 
кестесі әзірленіп жатыр. 2017-2018 жылдары бесінші сыныпқа бірінші 
сыныптан бастап ағылшын тілін оқығандар келеді. Осы кезеңнен бастап 
жоғары сынып оқушыларын ағылшын тілінде оқыту жүзеге асырылады", − 
деді Мұқатова[6]. 
Ағылшын тілі сабағында тӛрт пәннің материалы қолданылады. 
Бесінші сыныптан бастап осы пәндердің терминологиясын ағылшын 
тілінде оқыту басталады. Тоғызыншы сыныптан кейін тіл бойынша оқып 
жатқандар сырттай бағаланады. Ағылшын тілінде сыныптан тыс жұмыстар 
ұйымдастырылады және мектепте ағылшын тілінде қосымша сабақтар 
ӛткізіледі", − деді спикер. 
Сонымен қатар Назарбаев интеллектуалдық мектебінде үш тілде 
жасалған оқу-әдістемелік оқулықтарды алуға мүмкінді беріледі. 
"2022-2023 жылдардан бастап ҚТЛ-дерде, халықаралық мектептерде, 
гимназиялар мен лицейлерде білім беруді ағылшын түрінде жүзеге асыру 
қарастырылып жатыр. Ал келесі жылы, 2023-2024 оқу жылдары, жалпы 
білім беретін барлық мектепті осы жүйеге ӛткізуді жоспарлап отырмыз", − 
деді спикер. 


10 
Оның айтуынша, мұндай жүйені енгізу педагогикалық кеңестің және 
ата-аналар комитетінің шешімімен жүзеге асырылады. 
"2020 жылға дейін 2450 мұғалім мен оқытушы тіл курсынан ӛтеді. 
Мектептің қай тілде оқытылатынына қарамастан Қазақстан тарихын қазақ 
тілінде оқыту, ал Дүниежүзі тарихын орыс тілінде оқыту мәселелері 
шешіліп жатыр", −деді ол. 
Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев үш тілді білім беру үшін жол 
картасын жетілдіруді тапсырған болатын. "Біз ағылшын тілін бірінші 
сыныптан бастап оқытатын қыламыз. Ал 11-12 сыныптарда барлық пән 
ағылшын тілінде ӛтеді", − деді Назарбаев. 
Оқу-әдістемелік құралының бұл бӛлімінде педагогикалық кіріктіру 
теориясының кейбір ғылыми ережелерін/әзірлемелерді қарастыруды жӛн 
кӛрдік, оқытудағы кіріктіру деген ең жалпылама түрінде келесі түсініктерді 
қарастырады: – ғылымдардың арасындағы байланысты жүзеге асыратын 
пәнаралық байланыстарды дамыту және тереңдету; – әртүрлі пәндерді келісе 
оқытудан оларды ӛзара терең байланыста оқытуға кӛшу. Алдымен кіріктіріп 
оқыту, кіріктірілген сабақ ұғымдарын қарастырайық. Кіріктіріп оқыту 
дегеніміз: – біріншіден, сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды және 
тереңдетуді, олардың ғылымаралық байланысының түпнұсқасы, яғни түрлі 
пәндерді оқытуды қиыстырудан, олардың ӛзара терең байланысуына ӛтуді 
қарастыру болып табылады [3]; – екіншідер, жекелеген пәндер бойынша 
білімді біріктіретін, ұштастыратын жүйе, осының негізінде балалардың 
әлемді тұтастықта қабылдау қалыптасады; – үшіншіден, оқушылардың ойлау 
қабілеттерін 
белсендендіруге, 
танымдық 
белсенділіктері 
мен 
қызығушылықтарын, ӛз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ықпал етеді, түрлі 
ғылым слаларына қатысты білімді қорытындылауға бағыттайды [4]. 
Пәнаралық байланысты жұмыстың мақсаты, мазмұны, әдістері және 
тәсілдері бойынша пайдаланы кіріктіріп оқытудың негізі болып табылады. 
Кіріктіріп оқыту барысында идеялар мен ұстанымдардың ұқсастығы айқын 
байқалады, сонымен бірге алынған білімді түрлі салаларда пайдалану 
мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, кіріктіріп оқыту барысында екі немесе 
одан да кӛп пәнді қарастыру және әлемдегі құбылыстар мен нысандардың 
ӛзара тығыз байланысын кӛрнекі кӛрсету мүмкіндігі болады. Кіріктіріп 
оқытуда жалпы білім беретін мектептерге арналған қолданыстағы оқу 
бағдарламалары және оқулықтардың аясын кеңейтетін, әртүрлі пәнаралық 
проблемалар қарастырылады. Бұндай тәсіл оқытудың түрлі әдістерімен 
(баяндама және әңгімелесу, түсіндіру, бақылаужәне тәжірибе, салыстыру, 
талдау және жинақтау, сонымен бірге компьютерде оқыту) үйлесімді 
байланыста болады. Пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының басты 
мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды жүзеге асыруға 
бағытталған. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу міндеттерін сапалы 
шешуге мүмкіндік беретін оқу процесін кіріктіруді құрастыру, келесі 
мүмкіндіктерге жағдай жасайды: 1) пәнішілік байланыстан кӛппәндік 


11 
байланыстарға ӛту білім алушылардың әрекет тәсілдерін бір нысаннан 
басқаларға кӛшірулеріне, оқу 6 процесін толығырақ түсінулеріне және 
әлемнің (қоршаған ортаның) толық бейнесін құрастыруларына мүмкіндік 
береді; 2) пәндерді кіріктіру құрылымындағы проблемалық жағдаяттардың 
кӛлемін ұлғайту, мектеп оқушысының ойлау әрекетін белсендендіреді және 
оны оқудың тұлғалық нәтижелеріне жетуге жетелейді және жақындатады; 3) 
кіріктіру білім алушыға мақсаттан нәтижеге дейінгі аралықта жүргізілген 
барлық әрекеттердің орындалу процесін бақылауына, әлемнің тұтас бейнесін 
қалыптастыруына және жұмыстың әр кезеңін саналы қабылдауына мүмкіндік 
береді; 4) кіріктіру метаппәндік ұстанымын жүзеге асыру арқылы, сабақтың 
ақпараттық кӛлемін ұлғайтады; 5) кіріктіру білім алушылардың түрлі 
пәндерді оқу барысында жасаған қорытындыларын қалыптастыра отырып 
және оқытудың тұлғалық тәсілін жүзеге асыра отырып, нақты бақылауларды 
дәлелдейтін немесе тереңдететін жаңа факторлар табуға мүмкіндік береді; 6) 
кіріктіру оқу-танымдық әрекетті белсендендіруге кӛмектеседі, оқушылардың 
білім алу үшін кӛп күш жұмсауларын жеңілдетеді және шаршағыштықты 
болдырмайды, ынталандыру құралы болып табылады.; 7) оқу материалдарын 
кіріктіру білім алушылардың шығармашылығын дамытуға, алған білімдерін 
ӛмірдің нақты жағдаяттарында қолдана білулеріне жағдай жасайды. 
Мәдениетке тәрбиелеудің, табиғатқа, адамдарға, ӛмірге мейірімді, тұлғалық 
қасиеттерді қалыптастырудың маңызды факторларының бірі болып 
табылады [5]. Кіріктіру жүйесі мектеп пәндерінің сабақтың әр кезеңінде бір-
біріне сәйкес келетін және бірін-бірі толықтырып отыратын тақырыптарын 
тең мӛлшерде біріктіруді қарастырады. Екінші негізгі ұғым – кіріктірілген 
сабақ – бұл арнайы ұйымдастырылған сабақ: – мақсатқа әртүрлі пәннен 
алынған білімді біріктіру барысындаға ғана оның жетуге болады; – 
зерттелетін мәселені оқушылардың қабылдауын жинақтайтын, толық жетуіне 
мүмкіндік беретін, қандайда бір аралық проблеманы қарастыруға және 
шешуге бағытталған; - әртүрлі ғылымдардың әдістерін ӛзiмен гармониялық 
үйлестірген және тәжірибеге бағытталған Кіріктірілген сабақта оқушылар 
әртүрлі пәндердің ақпаратын қолдана отырып, оқиғалар мен құбылыстарды 
мүлдем жаңаша түсіне отырып терең және жан-жақты білім алу мүмкіндігіне 
ие болады. Кіріктірілген сабақта білімді жинақтау, бір пәннен алынған 
білімді басқа пәнде қолдану білігін қалыптастыру мүмкіндігі бар. Осыған 
байланысты кіріктірілген сабақтар оқушыларға алынған білімдерді 
біріктіруге және оқушылардың пәнге қызығушылығын белсендендіруге 
кӛмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет