Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланылған әдібиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет35/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64
Байланысты:
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде окыту 30 11 2017 (1)

Пайдаланылған әдібиеттер тізімі. 
1. Дорожкина В.П Английский язык для студентов –математиков. – М.:Асрель, 
АСТ, 2006. – 491 б. 
2. Бурман С., Бобковский А. Англо –русский научно –технический словарь. – 
М., 1986. – 72 с. 
3. Прокошева И.И. Основные математические понятие в английском языке, – 
Оренбург, 2003 


78 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ МЕН АҒЫЛШЫН ПӘНІН 
КІРІКТІРІП ОҚЫТУДЫҢ ҦСТАНЫМДАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ 
 
аға оқытушы, магистр Алиева Г.С. 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
 
 
Кіріктірілген сабақта оқушылар әртүрлі пәндердің ақпаратын қолдана 
отырып, оқиғалар мен құбылыстарды мүлдем жаңаша түсіне отырып терең 
және жан-жақты білім алу мүмкіндігіне ие болады. Кіріктірілген сабақта 
білімді жинақтау, бір пәннен алынған білімді басқа пәнде қолдану білігін 
қалыптастыру мүмкіндігі бар. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы дәстүрлі 
сабақтардан келесі сипаттамалар арқылы ерекшеленеді: 
– оқу материалының нақтылығы, ықшамдылығы және қысқалығы; 
– ӛзара логикалық шарттастығы, кіріктірілетін пәндер материалының 
сабақтың әр кезеңіндегі ӛзара байланыстылығы; 
– сабақта қолданылатын оқу материалының кең ақпараттық 
сыйымдылығы. 
Жалпы алғанда кіріктіріп оқытудың негізінде ӛзіндік ерекшеліктері бар 
кіріктірілген сабақтар жүйесі жатыр: 
1) арнайы ұйымдастырылған сабақ, яғни, егер ол арнайы 
ұйымдастырылмаған болса ол мүлде болмау мүмкін немесе ол ортақ мақсаты 
жоқ жеке сабақтарға бӛлінуі мүмкін; 
2) мақсат қойылуы мүмкін, мысалы, а) оқылатын тақырыптың мәнін 
тереңірек қарастыру; б) оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру; в) 
тақырып бойынша оқылатын сұрақтарды тұтас, жинақтап қабылдау; г) оқу 
уақытын үнемдеу және т.б.); 
3) түрлі пәндерден алынған білімді кеңінен қолдану, яғни пән аралық 
байланысты мазмұндық деңгейде жүзеге асыру. Жалпы алғанда кіріктірілген 
сабақтар уақытты үнемдеуге, әлемнің тұтас бейнесін қалыптастырумен қатар, 
түрлі пәндерде бір материалды қайталамауға мүмкіндік береді. 
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ағылшын тілі және 
жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіріп оқытудың 
ұстанымдарының негізі болып: 
1) танымдылық кӛзқарас тұрғысынан түпнұсқалық оқу материалын 
кеңінен қолдану ұстанымы; 
2) оқыту процесінде мұғалімге белсенді демеу және кӛмек кӛрсету 
ұстанымы; 
3) екінші немесе шет тілді ӛнімді және қарқынды меңгеру ұстанымы; 
4) кӛпмәдениеттілік ұстанымы; 
5) жоғары дәрежеде ойлау дағдыларын дамыту ұстанымы; 
6) оқытудың тұрақтылығы ұстанымы [6]. 
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары: 


79 
1) кӛпжақтылығық қыры: 
– тілді оқыту пән және тілмен қолдау табады; 
– пән мазмұнын меңгеру тіл сабақтарында қолдау табады; 
– пәндерді кіріктіру жүзеге асырылады; 
– оқытуға рефлексия жасау жүргізіледі; 9 
2) қауіпсіздікті болдыратын (сапаландыру) оқу ортасы: 
– жаңалыққа қарсы шығатын іс-әрекеттер және тілдік орам қолданылады; 
– зерделенетін пәндік мазмұн және тілдік құрылымдар кӛрнекі 
бейнеленеді; 
– тілдік қателер түзетілмейді, бірақ мұғалім тілдік құрылымның дұрыс 
қолданылу моделін береді; 
– тілді саналы меңгертуге арналған оқу материалдардың түпнұсқасы 
қолданылады; – оқушының бойында тілді меңгеру туралы сана-сезім амиды; 
3) түпнұсқалық және дереккӛзге жақындық: 
– оқушылар сӛйлеу, жазу, сонымен қатар ӛздерінің ауызша және 
жазбаша тілдік дағдыларына рефлексия жасау мүмкіндіктерін қолданады; 
– оқушы ӛз қызығушылығын есепке ала алады; 
– оқу материалы оқушының күнделікті ӛмірімен байланыстырылады; – 
бұқаралық ақпараттық құралдарының және басқа да дереккӛздердің ӛзекті 
материалдары қолданылады; 
4) белсенді оқыту: 
– сабақта мұғалімге қарағанда оқушылар кӛп сӛйлейді; 
– пәндік мазмұнды меңгеру және тілдік, сонымен бірге оқу ағдыларын 
дамыту үшін оқушылар мақсаттар мен тапсырмаларды ӛздері ұжырымдайды; 
– оқушылар оқудың нәтижелерін және оларға қол жеткізу жолдарын 
сипаттайды; 
– сабақ барысында жұпта және топта жұмыс істеудің тиімді болуы 
үшін жағдай жасалады; 
– оқушылар мен мұғалім әңгімелесу және түрлі тапсырмаларды 
орындаудың кӛмегімен пәндік және тілдік материалдың мәнін түсінеді; 
– мұғалімнің рӛлі – сыныптағы үш процесті басқару мен мүмкіндік 
туғызуға жағдай жасау (оқу процесі, ынтымақтастыққа әкелетін топтағы 
қарым-қатынасты дамыту процесі, тұлғаның даму процесі); 
5) тірек құрылым: 
– білім беру процесінде мұғалім оқушының тәжірибесіне, біліміне, 
білігіне, пікіріне және қызығушылықтарына сүйенеді; 
– сабақты жоспарлау және ӛткізу барысында оқушыларды оқытудың 
түрлері есепке алынады; 
– шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамытуға кӛңіл 
аударылады; 
– оқушыға қиын жағдайларда болуына мүмкіндік беріледі және оған 
сол қиындықтарды жеңу үшін эмоционалдық тұрғыдан кӛмек кӛрсетіледі; 
6) ынтымақтастық: 


80 
– пән сабақтары, тіл бойынша сабақтар және тақырыптар 
– пәндік сабақтар, тіл бойынша сабақтар және тақырыптар 
мұғалімдердің жұмыс барысындағы қарым-қатынасы және ынтымақтастығы 
арқылы жоспарланады; 
– ата-аналар оқу процесіне оқушылардың ана тілін және мәдениетін 
меңгерулеріне кӛмектесу үшін, сонымен бірге мақсатты тілді пайдалану үшін 
де қатысады; 
–жергілікті жердің қоғамдастығы, лауазымдық ведомстволар, жұмыс 
берушілер және басқа да мақсатты топтар білім беру процесіне 
қатыстырылады. 
Оқу процесінде ағылшын тілі және жаратылыстану-ғылыми бағыты 
пәндерін кіріктіріп оқытудың ұстанымдарын сақтау, келесідей нәтижелер 
береді: 
– оқушылардың ғылыми ойлауына мүмкіндік жасайды; – ғылыми-
жаратылыстану танымдық әдісті кеңінен қолдану мүмкіндігін береді; 
– мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеушілік әрекетке баулиды; 
– қоршаған ортаның дәлелді байланыстарын кӛрсететін кез-келген 
мәселеге 
жаратылыстану 
ғылымдары 
кешеніне 
ортақ 
кӛзқарас 
қалыптастырады; 
- жаратылыстану ғылымдары бағытындағы пәндерге оқушылардың 
қызығушылығын арттырады және дамытады; 
– білім алушылардың информатика, физика, химия, биология 
пәндерінен жалпы түсініктерін қалыптастырады, есептеу, ӛлшеу, модельдеу, 
бақылау, эксперимент жүргізу, сызбалар құрастыру және т.б. білігі мен 
дағдыларын қалыптастырады; 
– оқушылардың сенімін қалыптастырады, оқулықта берілгеннен де 
қиын материалдарды түсініп, зерделеуіне мүмкіндігі болады; 
– оқу процесінде оқушылардың ӛздері құрастырған авторлық 
компьютерлік бағдарламаларын (кіріктіру арқылы жасалған) қолдануға 
мүмкіндік береді; 
– оқушылардың ой-ӛрісін кеңейтеді, шығармашылық мүмкіндіктерін 
дамытуға жағдай жасайды, жаратылыстану-математика бағытындағы оқу 
пәндерінің (информатика, физика, химия, биология) негізгі курсының 
ағдарламалық 
материалдарын 
неғұрлым 
тереңірек 
түсінулеріне 
жәнеқабылдауларына, сонымен қатар алған білімдерін, біліктерін және 
дағдыларын күнделікті ӛмірде кездесетін жағдаяттарда қолдана білуге 
кӛмектеседі. 
Оқу процесін кіріктіру арқылы ұйымдастырудың кейбір мүмкіндіктері 
білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін сапалы және 
ойдағыдай жүзеге асыруға кӛмектеседі. Сонымен бірге ғылыми-
жаратылыстану бағытындағы пәндерін және ағылшын тілін кіріктіріп 
оқытудың нәтижесінде алынған білімді күнделікті ӛмірде қолдану мүмкіндігі 
пайда болады. 


81 
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: пәнді және тілді 
кіріктіріп оқыту барысындағы басты нәтиже оқушылардың ғылыми-
жаратылыстану бағыты пәндерінен алған білімдері емес, мақсатты тілді 
меңгеруі (біздің жағдайымызда – ағылшын тілі) болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет