91
Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік
сапа
деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны.
Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады,
оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек,
оқытушы мен студенттің арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң
нәтижеге қол жеткізе аларымыз сӛзсіз. Олай болса, оқытушы
педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса
жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.
Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге
негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға
мүмкіндік береді. Студенттің терең білім беру үшін
оқытушы мына
тӛмендегі қағидаларды есте сақтағаны жӛн деп есептеймін.
1 Оқытушы пәнді жетік меңгеріп, оны студенттерге ғылыми
тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, ӛмірмен байланыстыра отырып бере
білуі қажет.
2 Студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының
психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр студенттің жүрегіне жол таба
білуі абзал.
3 Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі
пайдаланып отыруы тиіс.
4 Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды
топтап жеке блоктар
түрінде топтастырып ӛткізе білуі керек.
5 Студенттерге ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа
сабақты, тірек конспектілері бойынша берген жӛн
6 Студенттердің сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бӛлім, әр
тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: