Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін



Pdf көрінісі
бет42/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64
Қорытынды 
Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан ӛзгеше, ал ертеңгі сабақ 
бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс демекші. Әрбір тақырыпты түсіндіргенде 
білім алушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек 
конспектілерін пайдаланған жӛн. Негізгі заңдылықтарды тірек белгілері арқылы 
студенттерді жинақылыққа, кӛркемдікке баулып, есте сақтау, ойлау 
қабілеттерін арттыруға, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді. 
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға 
кӛмектеседі. Ӛйткені, ӛндірістік сабақ – білім алушылардың ойлау қабілетін 
қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол білім алушылардың 
интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, 
табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Елбасы «Қазіргі 
заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік 
стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» деп атап кӛрсеткендей, 
инновациялық оқыту технологиясын қолдану - жаңа білім берудің бірден – бір 
шарты деп есептеймін. 


92 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Бӛрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы 
2. Информационные технологии. – Москва 
3. Қазақстан мектебі. 2013 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі» 
4. Қазақстан мектебі. 2015 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық 
технологияларды қолдану тетіктері» 
 
 
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ 
 
аға оқытушы, магистр Алматова А.М. 
«Информатика» мамандығының 4-курс студенті Айсейт О.Б. 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
 
 
Елбасының тұжырымдамасы бойынша орта білім беру ұйымдарында 
ақпараттандыру үдерісінің ағымдағы жай-күйді талдауға баға береді, 
сонымен бірге электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін енгізу бойынша 
процестерді жеделдету үшін қажетті шараларды анықтайды. 
Электронды оқыту ұғымының анықтамасы кӛп. Алайда ЮНЕСКО 
қызметкерлері ұсынған және электронды оқытуға кӛшкен немесе кӛшіп 
жатқан елдердің бәрі мойындайтын әмбебап анықтама бойынша «Элек-
тронды оқыту дегеніміз — оқыту барысында интернет пен мультимедианы 
қолдану». 
Демек, электронды оқыту мұғалімді ауыстырмайды, оның мәртебесін 
тӛмендетпейді немесе басқа сӛзбен айтсақ, мұғалім мен оқушы арасындағы 
ӛзара «тірі» байланысты жоққа шығармайды. Қайта оқу, оқыту барысын 
нәтижелі, сапалы ету үшін жоғарыда келтірілген анықтамадан кӛрініп 
тұрғандай, интернет пен мультимедианы үйлесімді, тиімді пайдаланудың 
жолдарын іздестіреді. Ал бұл жағдай орындалу үшін оқушының, әсіресе, 
мұғалімнің интернет және мультимедиа жайлы терең білімі болуы керек. 
Осы жерде айта кететін бір мәселе, еліміздегі үштілділік саясат та 
осындай жағдайлардан туындап отыр. Кӛп тіл білген маман сәйкесінше 
кӛп ақпаратқа қол жеткізе алады. Біз қазақтар, мемлекеттік тілде ӛте 
сапалы мақалалар жазсақ, жаңалықтар ашсақ, онда әлем бүгін ағылшын 
тілін білуге ұмтылғандай ӛздері-ақ қазақ тілін үйренуге тырысатын еді. 
Демек, қазақ тілін білмейтіндерге оны үйретудің ең басты тетігін ӛзміздің 
білім деңгейімізден іздеуіміз керек. 
Сол сияқты, интернетте форум (веб-сайтқа енгендердің пікір 
алмасуы, ал логин оған кіру үшін алынған сӛз), блог (оқиға жайлы 
интернет-жорнал, интернет-күнделік-үнемі қосылып тұратын, талқыға 
түсетін мәтін, кӛрініс, мультимедианы қамтитын, веб сайт), чат (нақты 
уақытта, компьютерлік желіде хабар алмасу және оны ұйымдастыруды 


93 
бағдарламамен қамтамасыз ету. Іс-әрекеттің нақты уақытта ӛтуі чаттың 
форумнан басты айырмашылығы), интернет-дүкен, интернет аукцион, 
әлеуметтік желі, электронды почта, жаңалықтар, файл ауыстыру желісі, 
электронды тӛлем жүйесі, іздеу жүйесі, интернет-жарнама және т.б 
маңызды қызметтер бар. Бұл қызметтерді пайдалана алған адамның 
уақыты, қаржысы үнемделеді. Сол сияқты, ондай адам қоғамдық ӛмірдің 
кез келген саласына белсенді қатынаса алады. 
Демек, жоғарыда айтқанымыздай, электронды оқытудың келесі 
маңызды саласы — Мультимедиа (Мultum and Medіum) — әртүрлі 
формада (график, мәтін, дауыс, цифр, кӛрініс) ұсынылған ақпараттарды бір 
мезгілде пайдалану және оларды ӛңдеу. Ақпараттардың цифрлық (цифр, 
сан), мәтіндік (әріп, сӛз, сӛйлем, мәтін), графиктік (сурет, сызба, бейне), 
дыбыстық (саз, сӛз, дауыс), бейнелік (бейнефильм, мультфильм, 
кинофильм) деп аталатын бес түрі бар. Бұлардың бәрін бір сӛзбен 
«мультимедиа» дейді. Оларды пайдалану оқытудың кӛрнекілік, 
қолжетімділік және т.б қағидаларын іс жүзіне асыру емес пе?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет