Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


АЛГОРИТМДЕУ ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДА



Pdf көрінісі
бет45/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде окыту 30 11 2017 (1)

АЛГОРИТМДЕУ ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДА 
МУЛТЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ 
ЖОЛДАРЫ 
 
«Информатика» мамандығының 4-курс студенті Сарбозов А.Ж. 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 
институты 
 
 
Бiлiм беру жүйесiнiң жаңа талаптары мен жоғарыдағы ғалымдардың 
зерттеу еңбектерiнiң нәтижелерiн ескере отырып, мынадай тұжырымға 
келуге болады: үздiксiз бiлiм беру жүйесiн жетiлдiрудiң негізгі 
бағыттарының бiрi ретiнде мультимедиалық технологияларды қолдану 
бүгiнгi күннiң басты талабы. Сондықтан да, оның техникалық және 
дидактикалық мүмкiндiктерiн дамыту, онан әрi зерттеу маңызды болып 
табылады. 


97 
Енді ұлы дидактик Я.А.Коменский „Алтын ережеге‖ балаған 
кӛрнекілік ұстанымының талаптарына толық жауап бере алатын 
мультимедиалық технологиялар ұғымдарын қарастырайық. Алдымен 
мультимедиа ұғымына талдау жасап кӛрейік. 
Мультимедиаға зерттеушi ғалымдар түрлiше анықтама бередi: 
Мультимедиа – әртүрлi типтi ақпараттарды компьютердiң ұсыну 
мүмкiндiгiн дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына 
негiзделген технология (D.Little). 
Мультимедиа - екi не онан да кӛп типтi ақпараттарды интерактивтi 
формада бiрiктiру (D.H.Jonassen). 
Мультимедиа – әртүрлi формада ұсынылған ақпараттарды 
бiрiктiруге 
мүмкiндiк 
беретiн 
компьютердiң 
аппараттық 
және 
бағдарламалық құралдары кешенi (И.И.Косенко). 
Мультимедиа 
– 
графика, 
гипермәтiн, 
дыбыс, 
анимация, 
бейнемәлiметтердi 
пайдалануға 
мүмкiндiк 
туғызатын 
аппаратты-
бағдарламалық құрал (И.Вернер). 
Мультимедиа терминi латын тiлiнiң „multy‖ (кӛп) және „media‖ 
(орта) 
деген 
сӛздерiнiң 
бiрiгуiнен 
құралған. 
Сондықтан 
да, 
мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектердi 
саралай келе бұл терминге „ақпараттық орта‖ деген мағына беруге болады. 
Ал, ақпараттық орта түсiнiгiн белгiлi бiр ортада ақпараттық 
технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен ӛңдеуге 
бағытталған арнайы ұйымдастырылған процесс деп қабылдай аламыз. 
Осы орайда, мультимедиаға және оған қатысты ұғымдарға 
ӛздiгiмiзше анықтама бере кетейiк. 
Мультимедиа - компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейне 
ақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбыстармен 
жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе. 
Кез келген қарым-қатынас тілінде әртүрлі мағынада қолданылатын 
сӛздер бар. Сол секілді „мультимедиа‖ сӛзін де бірнеше мағынада қолдана 
аламыз. 
Яғни, мультимедиа – 
әртүрлі типті ақпараттарды ӛңдейтін құралдарды жасаудың, 
пайдаланудың тәртібін анықтайтын технология; 
әртүрлі типті ақпараттарды ӛңдеу мен ұсыну технологиясы 
негізінде құрылған ақпараттық ресурс; 
түрлі типті ақпараттарды ӛңдеу мен ұсынуға мүмкіндік беретін 
компьютерлік бағдарламалық жабдық; 
пайдаланушыға барынша тиімді әсер ету мақсатында түрлі 
бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық 
технологиялар спектрі. 


98 
Мультимедиалық технологиялар – әртүрлi типтi мәлiметтердi 
дайындау, ӛңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және 
бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын 
технологиялар (әдiстер мен тәсiлдер)жиынтығы. 
Бiлiм берудегi мультимедиа – бiрiншiден, таным процесiнiң 
жоғарылауына септiгiн тигiзетiн, екiншiден, бiлiм беру мазмұнын интерактивтi 
формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал. 
Мультимедианың бағдарламалық құралдары – кез келген типті 
ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн 
компьютердiң бағдарламалық жабдықтары. 
Мультимедиалық ресурстар - мультимедиалық құралдар және арнайы 
бағдарламалық жабдықтар кӛмегiмен дайындалған ақпараттық ӛнімдер. 
Мультимедианың 
дамуы 
бейнетехникалық 
және 
дербес 
компьютерлiк технологиялардың ӛркендеуi нәтижесiнде жүзеге асуда. 
Мультимедиа 
статикалық 
(мәтiндiк, 
кестелiк, 
графиктiк) 
және 
динамикалық (анимациялық, бейнелiк), дыбыстық ақпараттарды талапқа 
сай дәрежеде ұсынуды iске асырады. Оның жалпы сипатын 1-ші 
суреттегiдей бейнелей аламыз. 
Бiлiм 
беру 
жүйесiн 
дамытудың 
тенденциялары 
мен 
перспективаларын айқындау үшiн, осы салада белгiлi бiр жетiстiктерге қол 
жеткiзген дамыған шет елдердiң тәжiрибесiне сараптау жасап, оны меңгере 
бiлу қажет. Осы себептен де, мультимедиалық технологиялардың 
жоғарыда талдау жасалынған дидактикалық мүмкіндерін оқыту процесiне 
енгiзуге бағытталған бiрнеше шет елдiк жобаларға шолу жасап кӛрейік. 
Біздің 
елімізде 
мультимедиалық 
технологиялардың 
оқыту 
процесiндегi 
мүмкiндiктерi 
мүлде 
зерттелмеген. 
Бұл 
мәселе
1995 жылдардан бастап тек шет елдерде ғана қарастырыла бастады. 
Еуропадағы бiлiм беру саласы бойынша жүзеге асырылып келе 
жатқан 
ғылыми-зерттеу 
жобалары 
жоғары 
оқу 
орындарының 
оқытушылары мен студенттерiне кiтапханаларды, зертханаларды, оқу 
курстарын мультимедиалық технологиялар негiзiнде бiрлесе пайдалануға 
мүмкiндiк берiп келедi. 
Сонымен, Еуропада азаматтардың бiлiмiн жетiлдiру үшiн мынадай 
жобалар жұмыс iстеуде: 
1) Т3 жобасы (Telematics for Teacher Training) 
2) TRENDS жобасы (Training Educators through Networks and 
Distribution Systems) 
3) SAVІE жобасы (Support Action to Facilitate the Use of 
Videoconferencing in Edication) 
Т3 жобасының мақсаты оқытушыларды күнделiктi кәсiби iс-әрекет 
барысында мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалануға үйрету. 
Бұл жоба Еуропаның 4300 оқытушысына телематиканың бiлiм мен 
оқытудың сапасын арттыруға кӛмектесетiнiн дәлелдедi. Телематика – 
ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияның және олардың 
сервистiк құрылымының бiрiгуi. 


99 
Бұл жобаның нәтижесінде Wев-технология, электрондық пошта, 
виртуалды семинар, виртуалды зерттеу орталығы, конференс-байланыс 
секiлдi телематиканың инструменталды құралдары студенттерге ӛте тиімді
екендiгi практикалық тұрғыдан дәлелденді. Сонымен қатар, осы жоба 
барысында кiтапхана қызметкерлерiне арнайы курс ұйымдастырылып, 
оқытушылар үшiн телематика бойынша негiзгi еуропалық бағдарлама 
қабылданған. 
Желiлiк технологиялар мен мультимедианы қолдану сферасы жӛнiнде 
айтар болсақ, оқытуда қолданылатын бейнежүйелердi құруға кӛбiрек кӛңiл 
аудару керек. Кӛптеген мультимедиалық жүйелерге арналған зерттеулерде 
әсiресе, мультимедиалық оқыту жүйелерiне кӛп кӛңiл бӛлiнген. 
Оқытудағы жаңа технологиялар институтының ғалымдары (АҚШ) 
мультимедиалық технологияларды бiлiм беруде пайдалану мәселелерiн үш 
бағыт бойынша зерттеуде: орта мектептер үшiн базалық жобаларды 
(желiлiк және мультимедиалық технологиялар кӛмегiмен оқытудың 
модельдеушi құралдарын), ЖОО-дары мен ғылыми-зерттеу институттары 
үшiн академиялық жобаларды және ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
қаржыландыру мәселелерiне байланысты саяси жобаларды құру. 
Минесота штатының (АҚШ) „Тәуелсiз және қашықтан оқыту‖ 
бағдарламасында желiлiк мультимедиалық оқыту курстарының 340 тiзiмi 
келтiрiлген. Бұл курстар Минесота университетiнiң 80-нен астам әртүрлi 
академиялық бӛлiмдерi мен кафедраларында дайындалған. 
Бұл курстарға 24 сағат мерзiмдi уақытта толықтырулар мен 
ӛзгертулер жүргiзiлiп тұрады. Бұл, ӛз кезегiнде оқытушылардың 
педагогикалық тәжiрибелерiн жаңаша, алдыңғы қатарлы тәжiрибелермен, 
жаңаша оқу ақпараттарымен толықтыруға мүмкiндiк бередi. 
Қазіргі таңда Ресейдiң бiлiм беру жүйесiнде ақпараттық кеңiстiк 
құрудағы нақты қадамдардың бiрi ретінде – CD-ROM дискiлерiнде 
интерактивтi 
оқулықтардың 
Web-нұсқаларын 
құру 
тенденциясы 
байқалады. 1995 жылы Ресейде „Бiлiм берудегi мультимедиа‖ атты 
университеттер арасындағы ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша 
жұмыс iстейтiн 14 бӛлiмшеден тұратын арнайы ғылыми-эксперттiк кеңес 
құрылды. Мұның ӛзi оқытуда медиа-технологияларды қолдану 
мәселелерiнiң ӛзектiлiгiн кӛрсетедi. 
Бүгінгі күні Ресей-АҚШ университеттері (Ресей гуманитарлық 
университетi мен Колорадо университетi) ӛзара „Корона‖ жобасы 
бойынша бiрiгiп жұмыс iстеп келедi. Бұл жобаның негiзгi мақсаты жаңа 
оқыту құралдарын – телелекция, аудиолекция, мультимедиалық оқыту 
бағдарламаларын дайындау. 
Жалпы алғанда, шет елдiк оқу орындарында мультимедиалық 
технологиялар мен коммуникациялық құралдарды оқыту процесiнде тиiмдi 
қолданудың тенденциясы тұрақты қалыптасқан және үздiксiз дамып келедi 
деп айтуға болады. 


100 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет