Аралық бақылау сұрақтары №4 Онтогенез. Онтогенез типтері. Заманауи медицинадағы өзектілігі


Дамудың туа біткен ақаулықтары. Экзогенді



бет5/20
Дата07.12.2022
өлшемі1,53 Mb.
#55703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Аралы ба ылау с ра тары №4 Онтогенез. Онтогенез типтері. Замана

Дамудың туа біткен ақаулықтары. Экзогенді.

«Туа біткен даму ақаулары» термині деп мүшенің, мүше бөлігінің немесе дененің үлкен аймағының мүшелер қызметінің бұзылысына әкелетін морфологиялық ақауын айтамыз. Туа біткен даму ақаулары — бұзылған органогенез нәтижесі. Морфогенез – бұл генетикалық ақпараттың ортаның көптеген факторларының әсерінен нақты қатаң кезеңде жүзеге асатын үшөлшемді кеңістікте және уақытта таралуы. Морфогенетикалық бағдарламаның орындалуы ұрықтанудан басталады, құрсақішілік кезеңде, содан кейін балалық кезеңде, тіпті ересек жағдайда да қарқынды жалғасады.
Туа біткен ақаулардың жіктелуі мен этиологиясы.
Туа біткен ақаулардың жіктелуі Н.П.Бочковтың «Клиникалық генетика» кітабында келтірілген. Жіктелудің айтарлықтай жан-жақты критерилері ақаулардың шоғырлануы мен этиологиясы болып табылады. «Туа біткен» термині «туған кезде болғанын» білдіреді, оған себебіне байланыссыз барлық «туа біткен даму ақаулары» жатады.
Туа біткен даму ақаулары келесідей бөлінеді:
а) оқшауланған (бір мүшеде, мысалы асқазан қақпасының стенозы);
б) жүйелік (мүшелердің бір жүйесі аясында, мысалы хондродисплазиялар);
в) көптік (екі және одан көп мүше жүйесінде).
Туа біткен даму ақаулары этиологиясы бойынша келесідей бөлінеді:
а) тұқым қуалайтын;
б) экзогенді;
в) мультифакторлы (көп факторлы).
Экзогенді негізделген даму ақаулары эмбрионалды кезеңде органогенез жүзеге асып жатқанда тератогенді факторлар әсері салдарынан болып табылады. Олардың әсер ету механизмі көп жағдайда түсініксіз. Тератогендер цитозақымдаушы әсер көрсетуі мүмкін, мүшелер бастамасында жасушалардың жіктелуін бұзуы немесе мутациялар тудыруы мүмкін.
Тератогенді факторлар келесідей болады:
1) физикалық (иондаушы радиация, УК-сәулелер, температура, қысым), иондаушы радиацияның тератогенді әсері дәлелденген.
2) химиялық (химиялық заттар) дәрілік заттар (талидомид, стрептомицин, стероидты гормондар және т.б.), никотин, ішімдік, жеткіліксіз тамақтану (дәрумендер мен микроэлементтер тапшылығы)
3) биологиялық (вирустар, паразиттің токсинді заттары, бактериялар). Онтогенез кезіндегі аурулар (цитомегалия, қызамық) тератогенді әсер көрсетеді.
Зақымдаушы фактор ағзада даму ақауын тудыруы мүмкін уақыт аралығы терминациялық кезең деп аталады. Әртүрлі ағзалар бастамасының экзогенді факторлар әсеріне сезімталдығы пренаталды онтогенез кезеңдерінде (дамудың қатерлі кезеңі) күшті. «Әртүрлі ағзалардың тератогенді терминациялық кезеңдері» сызбанұсқада басқа мүшелер мен жүйелерден бұрын орталық жүйке жүйесі мен жүректің бұзылатыны көрініп тұр. Барлық мүшелердің даму ақаулары пренаталды кезеңнің алғашқы 7-8 аптасында түзіледі. Жануарларға тератогендік факторлармен әсер ете отырып тәжірибе жасағанда тұқым қуалалайтын ауруларға ұқсас даму ақаулары алынды. Оларды фенокопиялар деп атайды. "



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет