Аралық бақылау сұрақтары №4 Онтогенез. Онтогенез типтері. Заманауи медицинадағы өзектілігі


Дамудың туа біткен ақаулықтары. Мультифакторлы



бет6/20
Дата07.12.2022
өлшемі1,53 Mb.
#55703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Дамудың туа біткен ақаулықтары. Мультифакторлы

«Туа біткен даму ақаулары» термині деп мүшенің, мүше бөлігінің немесе дененің үлкен аймағының мүшелер қызметінің бұзылысына әкелетін морфологиялық ақауын айтамыз. Туа біткен даму ақаулары — бұзылған органогенез нәтижесі. Морфогенез – бұл генетикалық ақпараттың ортаның көптеген факторларының әсерінен нақты қатаң кезеңде жүзеге асатын үшөлшемді кеңістікте және уақытта таралуы. Морфогенетикалық бағдарламаның орындалуы ұрықтанудан басталады, құрсақішілік кезеңде, содан кейін балалық кезеңде, тіпті ересек жағдайда да қарқынды жалғасады.
Туа біткен ақаулардың жіктелуі мен этиологиясы.
Туа біткен ақаулардың жіктелуі Н.П.Бочковтың «Клиникалық генетика» кітабында келтірілген. Жіктелудің айтарлықтай жан-жақты критерилері ақаулардың шоғырлануы мен этиологиясы болып табылады. «Туа біткен» термині «туған кезде болғанын» білдіреді, оған себебіне байланыссыз барлық «туа біткен даму ақаулары» жатады.
Туа біткен даму ақаулары келесідей бөлінеді:
а) оқшауланған (бір мүшеде, мысалы асқазан қақпасының стенозы);
б) жүйелік (мүшелердің бір жүйесі аясында, мысалы хондродисплазиялар);
в) көптік (екі және одан көп мүше жүйесінде).
Туа біткен даму ақаулары этиологиясы бойынша келесідей бөлінеді:
а) тұқым қуалайтын;
б) экзогенді;
в) мультифакторлы (көп факторлы).
Мультифакторлы туа біткен даму ақаулары деп тұқым қуалайтын және экзогенді факторлардың бірге әсер ете отырып пайда болуынан дамитын ақауларды атайды, бірақ олардың әрқайсысы өздігінен ақау себебі болмайды.
Патогенді фактор әсер еткен онтогенез кезеңіне байланысты туа біткен даму ақауларының салдары болады:
1) гаметопатиялардың 2) бластопатиялардың 3) эмбриопатиялардың 4) фетопатиялардың
Гаметада организмнің қалыпты дамуын бұзатын мутациялар гаметопатиялар деп аталады. Бластоциттердің зақымдануының нәтижесінде пайда болған ақаулар бластопатиялар (ұрықтанғаннан кейінгі алғашқы 15 күн) деп аталады. Эмбриопатиялар - ұрық (эмбрион) дамуының бұзылысы (15 күн – 8 апта). Эмбриопатияларға мақсатты түрде тек табиғаты тератогенді ақауларды, яғни, зақымдаушы фактор ұрықтанғаннан кейін 15-күн мен құрсақішілік дамудың 8-аптасының соңына дейін әсер еткеннен дамитын ақауларды жатқызады. Ұрықтың даму (феталды) кезеңінде пайда болатын ақаулар немесе аномалиялар фетопатиялар деп аталады (9 апта — туылуы). Фетопатияларға ұрық дамуының бұзылуы анасының интоксикациясымен (диабеттік, алкоголді, инфекциялық) пайда болатын бұзылыстары жатады. Ұрықтық кезеңде тератогенді факторлардың әсерiнегізінен мүшелердің қызметінің бұзылуына әкеледі Гаметопатиялар мен бластопатиялар - преэмбрионалды даму ақаулары әдетте түсікке немесе репарацияға әкеледі, сондықтан Имплантация алдылық бұзылыстар айтарлықтай сирек байқалады. Эмбрионалды ақаулар. Ұрық дамуының кезіндегі ең қауіпті кезең жүктіліктің I триместрі (2-8 апта). Бұл кезеңдегі айтарлықтай мүшелер сезімтал келеді - таңдай, ерін, көздер, құлақтар, ми, жүйке түтіктері және жүрек, сонымен бірге ОНЖ, көздің, еріндердің, беттің төменгі үштен бір бөлігінің, тістердің және жыныс ағзалары түзілістерінің бұзылыстары жүктіліктің барлық кезеңінде болуы мүмкін. Ұрықтық кезеңде пайда болатын туа біткен даму ақаулары. Күрделі туа біткен даму ақаулары (пайда болуының жалпы жиілігі жаңа туылған нәрестелерде 3040:1000). Кестеде ұрықтық кезеңдегі даму ақауларының кейбір мысалдары келтірілген.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет