Қаралық ғылыми­практикалық конференция I том



Pdf көрінісі
бет69/98
Дата03.03.2017
өлшемі9,92 Mb.
#6485
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   98

Список литературы: 

1  Нурахметов  Б.К.,  Рскелдиев  Б.А.,  Ахметова  Н.К.,  Таева  А.М.  Применение 

интерактивных  методов  обучения.  Методические  рекомендации.  –  Алматы:  АТУ, 

2016. – 48 с. 

2  Реутова  Е.А.  Применение  активных  и  интерактивных  методов  обучения  в 

образовательном  процессе  вуза  (методические  рекомендации  для  преподавателей 

Новосибирского ГАУ).– Новосибирск: Изд­во НГАУ, 2012.– 58 с. 

3  Артюхина  А.И.,  Марымова  Е.Б.,  Македонова  Ю.А.,  Фирсова  И.В.  Интерактивный 

метод  обучения  в  медицинском  вузе  на  примере  ролевой  игры  //  Успехи 

современного естествознания. – 2014. – № 4. – С. 122­126. 

4  Нурпеисова  Г.М.,  Текеева  Г.К.,  Низамова  М.Н.  Профессиональный  русский  язык. 

Учебное пособие для бакалавров специальности «Ресторанное дело и гостиничный 

бизнес». ­ Алматы: АТУ, 2015. – 104 с. 



5  Низамова  М.Н.,  Нурпеисова  Г.М.,  Текеева  Г.К.  Профессиональный  русский  язык: 

учебное  пособие  для    бакалавров  специальностей  «Экономика»,  «Учет  и  аудит», 

«Финансы», «Менеджмент». – Алматы: АТУ, 2016. – 109 с.  

 

 



УДК   86.38  

Д 79                                                              



Тәубеева Ә. Т. 

Ағылшын тілі пәні оқытушысы, Алматы Технологиялық Университеті 

aliya.1981@mail.ru 

 

ШЕТЕЛ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ КЕЙС-СТАДИ ӘДІСІ БАРЫСЫНДА 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚАТЫСЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН  ДАМЫТУ 

 

Abstract.              This  article  deals  with  case  –  study  method.  The  method  is  directed  to 

develop  students’  interests  to  learn  foreign  language  on  the  high  professional  degree.  In  the 

article case­ study is not regarded only as technological method, but also as pedagogical method 

of  foreign  language  teaching.  The  outcomes  of  the  method  in  teaching  process  are  presented. 

And its influence on formation communicative and creative skills of students is considered. 

Key  words:  interactive  method,  case­study  method,  case,  discussion,  communicative 

competence, subcompetences.  

 

 Қазақстан  мемлекетіміз  жаһанданудың  əсерінен  əлемдік  нарыққа  шығуына 



байланысты    еліміздің  білім  беру  саласына  бірқатар  инновациялық  өзгерістер  енгізіп 

келеді.  Елбасымыз  2011  жылғы  халыққа  арнаған  Жолдауында  2020  жылға  дейінгі 

дамуымыздың  білім  саласындағы  бағдарын  айқындай  келе,    технологиялық  тұрғыда 

дамыған, жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім саласы 

екеніне  назар  аударды[1].  Осыған  орай  біздің  тəуелсіз,  жас  мемлекетіміздің  басты  даму 


 

 

496 



 

бағыттарының бірі – қазіргі білім мен ғылымды барынша дамыту болып табылады. Білім 

саласының  инновациялық  даму  жолына  сапалы  көшуіне  тікелей  байланысты  екенін  атап 

көрсетті.  Бұл  міндеттерді  шешу  үшін    əр  мұғалімнің  күнделікті  ізденісі  арқылы  барлық 

жаңалықтар  мен  қайта  құру,  өзгерістерге  батыл  жол  ашарлық  жаңа  тəжірибеге,  жаңа 

қарым ­ қатынасқа өту қажеттігі туындайды. 

 Қазіргі  таңда  халықаралық  қарым­қатынас  тілі  ағылшын  тілі  болғандықтан    білім 

беру  саласындағы  ағылшын  тілін  оқытудың  маңызы  арта  түсті.  Сондай  ақ  əлемдік 

дамудың заманауи жағдайларына байланысты ағылшын тілін оқытудағы ең басым бағыт – 

тілді  кəсіби  аспект  тұрғысына  оқыту  болып  өзгерді.  Осыған  орай,  ағылшын  тілі 

мұғаліміне  жəне  оның  жүргізетін  сабақтарына  талап  арта  түскен.  Себебі,  мұғалімнің 

бойындағы  құзіреттіліктері,  шеберлігі,  өз  кəсібіне  шығармашылық  тұрғыдан  қарауы, 

оқыту үрдісінде жаңа əдістерді пайдалануы  білім алушылардың білім деңгейін көтеруге, 

олардың тілге деген қызығушылықтары мен ынтасын арттырудың негізі болып табылады. 

Мұғалім  сабағы  барысында  заман  талабына  сай,  тиімді  əдістерді  қарастыруы,  қолдануы 

тіл  үйренушілердің  білім  нəтижелігін  арттыра  түспек.  Бұл  əдістердің  қатарына 

интерактивті əдістерді айқын мысал ретінде келтіруімізге болады.  

Интерактивті оқыту əдісінің бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның 

танымдық  қабілеттерін  жəне  танымдық  үдерістерді,  яғни  жауабының  алуан  түрлерін  , 

ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу жəне танымдық жағдайлар 

арқылы  дамытуға,  қарым  —  қатынас  ойын,  танымдық  жəне  шығармашылық 

қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға, 

сөздік 


қорын 

белсенді 

дамытуда 

бағытталуында.    «Интерактивті  оқыту»  бұл  ағылшынның    «interact»,  яғни  «Inter»  — 

өзара,  «асt»  —  əрекет  ету  деген  сөзінен  шыққан.  Сондықтан,  интерактивті  оқыту  ең 

бірінші  диалогтық  оқыту,  оқыту  барысында  білім  алушы  мен  мұғалім  арасындағы  өзара 

байланысуы[2]  Интерактивті  əдістердің бірі – кейс­стади(case­study) əдісі. «Кейс­стади» 

сөзі  ағылшынның «case» ­ жағдай, жағдаят, уақиға  жəне «study» ­ зерттеу [3] сөздерінен 

шыққан  болып,  нақты  жағдаяттар  мен  мəселелі  сұрақтарды  топпен  талдау  əдісі  болып 

табылады.    Ең  алғаш  кейс  стади  əдісі  Гарвард  университетінің  бизнес  мектебінде 

қолданылды.  Кейс  əдісі  жайында  зерттегендер  Э.  Гей,  Л.  Барнс,  К.Кристенсен,  Э. 

Хансен,Д.Снайдер,  А.  Долгоруков,  О.Ильина,  Ю.  Сурмин,Л.Шевченко,Н.Ергешова, 

А.Наурзбекова т.б болды. 

Кейс  стади  əдісінГарвард  Бизнес  мектебінің  бірінші  деканы  Эдвин  Гей 

«проблемалық  əдіс» деп атады. Кейс əдісі енгізілгеннен кейін, шамамен бір ғасыр бұрын 

бұл  əдіске  қатысты  екі  маңызды  педагогикалық  ұстанымдар  орнатылды:  1)  жағдаяттар 

оқыту  құралы  ретінде  лекциялар  мен  оқылымдарға  тəуелді  болмаған  жағдайда 

қолданылуы  тиіс;  2)  оқыту  үрдісінде  студенттерді  өздерін  жəне  өзгелерді  оқытуға 

бағытталуы тиіс. [4] қазіргі таңда Гарвард бизнес мектебінде лекция, семинар тағы басқа 

оқытуды ұйымдастыру формаларының 80%­ы кейс стади əдісі негізінде жүргізіледі.  

О.Ильина  өз  зерттеуінде  ағылшын  тілін  кəсіби  тұрғыдан  оқыту  əлемдік  дамудың 

заманауи  талаптарына  жауап беретіндігін  айқындай  келе, кейс стади əдісінің  бұл үрдісте 

алатын  орны  ерекше  екендігін  алға  тартады.  Ол  кейс  стади  əдісін  кəсіби  ағылшын  тілін 

оқытудағы  тиімді  əдістердің  бірі  ретінде  көрсете  келе,  оның  мəнін  жасанды  кəсіби 

ортадағы білім алушылардың өзіндік шеттілдік іс­əрекеті деп пайымдайды[5]. Яғни, білім 

алушыларға  мəселенің  шешімін  табуды  қажет  ететін  кəсіби  қызмет  саласынан  алынған 

жағдайды  ұғыну  ұсынылады.  Туындаған  мəселені  шешуде  үйренушілер  алынған 

білімдерін  көрсетуі  керек.  Сонымен  қатар,  кейс  стади  əдісі  студенттердің  кəсіби 

дайындығын,  қызығушылықтары  мен  көзқарастарын,  ойлау  жəне  қылықтарын  ескеруге 

мүмкіндік береді.  



 

 

497 



 

Д.  Снайдер  кейс­стади  əдісін  амал  ретінде  қарастыруды  ұсынған.  Оның 

пайымдауынша,  кейс  стади  əдісі  бұл  –  таңдап  алынған  түрлі  жағдайлар  негізінде  қандай 

да  бір  құбылыстың  түрлерін  жəне  формаларын  жіктеу,  тұрпаттау  мақсатында 

қолданылатын амал[6]. 

 А. Долгоруков өз еңбегінде кейс­стади əдісін практикалық тапсырмаларды шешуде 

теориялық  білімді  қолдануға  мүмкіндік  беретін  құрал  ретінде  сипаттап,  студенттердің 

өзіндік  ойлау,  тыңдай  алу  білігін  жəне  альтернативті  көзқарасты  ескеру  ,  өзінікін 

аргументті  түрде  айту,  жеткізу  сияқты  біліктерін  дамытады  деп  тұжырымдайды.  Ол  бұл 

əдістің  интерактивті  əдістер  қатарында  екендігін  айта  келе,  кейс  стади  əдісінің 

студенттердің  теориялық  күйін  меңгеруін  жəне  материалды  практикалық  қолдануды 

игеруді  қамтамасыз  ететін  əдіс  екенін  атап  көрсетеді.  Сондай­ақ,  бұл  əдістің  мақсатын 

«совместными  усилиями  группы  студентов  проанализировать  ситуацию  —  case, 

возникающую  при  конкретном  положении  дел,  и  выработать  практическое  решение; 

окончание  процесса  –  оценка  предложенных  алгоритмов  и  выбор  лучшего  в  контексте 

поставленной проблемы»[7].  

Профессор Ю. Сурмин бұл əдістің қарапайымдылығын алты жолмен түсіндіреді: 

1.  Бұл  əдіс  нақты  бір  ғылым  саласынан  емес,  бəлкім  ақиқат  плюралды  түрде 

кездесетін  пəндерден  білім  алуға  бағытталған.  Яғни,  қарастырылып  отырған  мəселеге 

нақты  жауап  жоқ,  дегенмен  ақиқаттылығы  жағынан  бəсекелесуі  мүмкін  бірнеше  жауап 

бар.  Бұл  жағдайда  оқыту  міндеті  бірден  дəстүрлі  жүйеден  ауысады  да,  жалғыз  емес, 

бəлкім бірнеше ақиқатқа жетуге жəне солардың проблемалық ауанына бағытталған.  

2.  Білім  берудегі  барлық  акцент  дайын  білімдерді  игеруге  емес,  студент  пен 

мұғалімнің бірлескен іс­əрекеті негізінде жаңа білімдерді өндіруге аударылған.  

3.  Бұл  əдісті  қолданудың  нəтижесі  тек  білім  ғана  емес,  сондай­ақ  кəсіби  іс­

əрекеттегі дағдылар.  

4.  Әдістің  технологиясы  анағұрлым  қарапайым.  Шынайы  өмірде  болған  нақты 

жағдаяттың үлгісі белгілі бір ереже бойынша дайындалады. Сонымен қатар жағдаяттарда 

студенттер  меңгеруі  тиіс  білімдер  мен  практикалық  дағдылар  қамтылады.  Бұл  үлгі 

құрамында  бірнеше  беттен  тұратын  мəтінді  қамтиды.  Мəтіндер  «кейс»  деп  аталады.  Ең 

алдымен студенттер кейсті оқиды жəне үйренеді. Кейспен танысу барысында олар лекция 

материалдарын  жəне  басқа  да  түрлі  ақпарат  көздерін  пайдаланады.  Содан  соң  кейс 

мазмұнын  жан­жақты  талқылау  жүзеге  асады.  Бұл  кезде  оқытушы  сұрақтар  тудырушы, 

басқарушы, пікірталасты қолдаушы рөлін атқарады.  

5.  Әдістің  артықшылығы  тек  білімдерді  алу  жəне  практикалық  іскерліктерді 

қалыптастыру  ғана  емес,  сонымен  қатар  студент  құндылықтар  жүйесін,  кəсіби  қалыбын, 

өмірлік ұстанымдарын дамыту болып табылады.  

6.  Бұл  əдіс  барысында  материалды  баяндаудағы  дəстүрлі  оқытудың  классикалық 

кемшіліктері  жойылады.  Мұндағы  эмоциялар,  шығармашылық  бəсекелестік  жəне  тіпті 

күрестің көптігі соншалықты жақсы ұйымдастырылған кейсті талдау театрлік қойылымды 

еске түсіреді.[8]  

Әдістің  технологиялық  ерекшеліктерін  Барнс  Л.Б.,  Кристенсен  К.Р.,  Хансен  Э.Дж. 

зерттеді.  Сонымен  кейс  стади  əдісінің  технологиялық  ерекшеліктеріне  келесілер  жатады: 

зерттеушілік  аналитикалық    технологияның  арнайы  түрлері  болып  есептеледі,  яғни 

зерттеу  үрдісінің  операцияларын,  аналитикалық  шараларын  қамтиды;  кейстік  əдіс 

ұжымдық оқыту технологиясы ретінде көрінеді, маңызды құрамдас бөлігі ретінде топтағы 

жұмыс  пен  өзара  ақпарат  алмасу  болып  табылады;  оқыту  үрдісіндегі  кейс  əдісін 

синергетикалық  технология  ретінде  қарауға  болады,  оның  мəні  топты  жағдаятқа  баулу, 

білімін көбейту, жаңалықтармен алмасу т.с.с əсерлерді қалыптастыру болып табылады[9]. 


 

 

Кейс стади əдісі құзіреттілікті ж



білім  алушының  бойында  келесідей  біліктерді:а)бас

қатынасқа  түсе  алатын    поликультурный  языковой 

пайдалана  отырып  əр  түрлі  іскерліктерді  ж

когнитивті  қабілеті;  в)  өзін  дамыту

біліктерді  қалыптастыратын,  сондай  а

шығармашылық  потенциалын 

табылады[10]. 

Ергешова  Н.  өзінің  магистрлік  диссертациясында  кейс  технологиясына  мынадай 

анықтама бере отырып «кейс технологиясы  

жағдаятты талдау тəсілі» дей келе, 

Атап айтқанда Ергешова Н. кейс технологиясын а) 

лингво­мəдени бағыттағы кейстер деп жіктейді[11]. 

Наурзбекова  А.Қ.  магис

жағдаяттар  талдау  əдістемесі»  деп  аны

қарапайымдылығын  жəне  кейс  талдау 

керектігін алға тартады[12].  

Кейс  стади  əдісіне  қатысты 

өзіндік  тəжірибесіне  сүйене  отырып,  т

кейбіреулер  кейс  стадиді  амал  деп,  бас

түсіндіреді.  Біздің  пайымдауымызша  кей

негізделген,  шынайы  өмірден  алын

табуды қажет ететін жағдаятты талдау

ақ  тұлғаның  қатысымдық  құзіреттілігін  дамыту

Қазіргі  таңда  бұл  əдіс  шет  тілдік  білім  беруде  де  тиімді 

жаңа  білім  беру  парадигмасына  с

шетел  тілінде  еркін  қарым­қатынас  жасауына 

орындарында кейс стади əдісін ке

Ағылшын  тілін  оқытудың  ең 

қатынасқа  түсе  алатын  тұлға  жетілдіру.  Я

қалыптастыру. Қатысымдық құ

қатысымдық міндеттердің тіл  ар

асыруда    тұлғаның  тіл  жə

А.Миихальская,  Л.Бахман,С.Құ

жəне т.б ғалымдар еңбектерінде  

Қатысымдық 

құзіреттілік 

м

субқұзіреттілігі  болып  табылады.  С.С.



мəдениетаралық  қатысым  де

компоненттерін бөліп көрсетеді(Сурет 1):

 

линг


вом

әден


и

кон


цепт

уал-


дық

когн


иивт

ік

 



498 

зіреттілікті жəне жеке іскерлік амалдарды жүзеге асыра отырып, 

бойында  келесідей  біліктерді:а)басқа  мəдениет  өкілімен 

се  алатын    поликультурный  языковой  личность;  ə)  студенттерді

рлі  іскерліктерді  жүзеге  асыра  алу  қабілеті;  б)  студенттерді

зін  дамытуға  жəне  өз  бетімен  білім  алуға  дайынды

алыптастыратын,  сондай  ақ,  өзінің  кəсіби  міндеттерін  орындауда 

потенциалын  ұлғайтуға  септігін  тигізетін  ең  тиімді 

магистрлік  диссертациясында  кейс  технологиясына  мынадай 

тама бере отырып «кейс технологиясы  ­ мəні жағынан кəсіби ауаннан ал

сілі» дей келе, өзіндік кейс технологиясының типологиясын 

анда Ергешова Н. кейс технологиясын а) əлеуметтік­ мəдени бағ

ы кейстер деп жіктейді[11].  

магистрлік  диссертациясында  кейс  технологиясына  «на

дістемесі»  деп  анықтама  бере  отырып,  бұ

не  кейс  талдау  үшін  алынған  жағдаят  шынайы 

атысты  əдебиеттерді  талдай  келе,  кейс­стади  ə

йене  отырып,  түрлі  жолдармен  пайымдағанын  аңғ

кейбіреулер  кейс  стадиді  амал  деп,  басқалары  тəсіл  деп,  ал  енді  басқасы  техника  деп 

пайымдауымызша  кейс  стади  бұл  тұлғааралық  қарым

мірден  алынған  немесе  жасанды(ойдан  құрастырыл

даятты талдауға жəне сол тұрғыдан жеке пікірін білдіруге, сондай 

зіреттілігін  дамытуға  бағытталған  интерактивті  о

діс  шет  тілдік  білім  беруде  де  тиімді  қолданылып  келеді.  Б

а  білім  беру  парадигмасына  сəйкестігі,  тұлға  бойындағы  жеке  қабілеттерді  дамытуы, 

атынас  жасауына  үлкен  ықпал  етуі  қазіргі  таң

дісін кеңінен пайдаланудың бірден­бір себебі болып табылады. 

ң  басты  мақсаттарының  бірі  –ағылшын  тілінде  еркін 

а  жетілдіру.  Яғни,  тұлға  бойында  қатысымды

қ құзіреттілік ұғымы  тұлға жəне қоғам үшін кү

тіл  арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымды

əне  сөз  құралдарын  пайдалана  алуы  деп  тал

Құнанбаева,  А.Хуторский,  И.Зимняя,  Э.Зеер  мен  Э.Семанюк 

бектерінде  қарастырылған.  

зіреттілік 

мəдениетаралық 

– 

қатысымдық 



құ

зіреттілігі  болып  табылады.  С.С.Құнанбаева  шетел  тілін  меңгеруде  т

атысым  деңгейін  қалыптастыратын  МҚҚ­нің  келесі 

рсетеді(Сурет 1): 

 

МҚҚ


қаты

сым


дық 

әлеу


метт

ік

жек



е 

тұлғ


аға 

бағд


арла

нған


стра

теги


ялы

қ

линг



вом

әден


зеге асыра отырып, 

кілімен  өнімді  қарым­

студенттердің  тілді 

абілеті;  б)  студенттердің 

а  дайындығы  сияқты 

деттерін  орындауда 

тиімді  əдіс  болып 

магистрлік  диссертациясында  кейс  технологиясына  мынадай 

сіби ауаннан алынған нақты 

типологиясын ұсынады. 

ғыттағы жəне ə) 

трлік  диссертациясында  кейс  технологиясына  «нақты 

ұл  əдістеменің 

даят  шынайы  өмірден  болуы 

əдісін  əр  ғалым 

ңғарамыз.  Яғни, 

асы  техника  деп 

арым­қатынасқа 

растырылған),  шешімін 

ыдан жеке пікірін білдіруге, сондай 

ан  интерактивті  оқыту  əдісі. 

олданылып  келеді.  Бұл  əдістің 

абілеттерді  дамытуы, 

азіргі  таңда  жоғары  оқу 

бір себебі болып табылады. 

ылшын  тілінде  еркін  қарым­

атысымдық  құзіреттілік 

үнделікті оқуда, 

атысымдық мақсатты іске 

луы  деп  талқыланып, 

нанбаева,  А.Хуторский,  И.Зимняя,  Э.Зеер  мен  Э.Семанюк 

қ 

құзіретілігінің 



геруде  тұлғаның 

келесі  құраушы 



 

 

499 



 

 

“Сур.1. Мәдениетаралық-қатысым құзіреттілігінің құраушы компоненттері” 

 

С.С.Құнанбаева  қатысымдық  құзіреттілік  тұрғысында  Г.В.Елизаровамен  келісе 



отырып,  былайша  анықтама  береді  «  «шеттілдік  қатысымдық  компетенция»  тіл  өкілінің 

қатысымдық компетенциясының аналогы бола алмайды жəне бұл айырмашылық табынды 

сипатқа ие болады деп көрсетеді, өйткені компетенция табиғатын білу оны қалыптастыру 

жолы мен əдістеріне əсер етеді».[13] 

А.К.Миихальскаяның  пікірі  бойынша,  қатысымдық  құзіреттілік  дегеніміз  əр  типтегі 

əлеуметтік  маңызды  сөздік  жағдайлар  аясында,  қатысымдық  іс­əрекет  негізінде  жүзеге 

асады.  

А.В.Хуторский  өз  еңбегінде  кілтті  құзіреттіліктерді  жіктей  келе,  қатысымдық 

құзіреттілікті  керекті тілдерді  білу,  қоршаған  жəне  алыстаған  адамдар  жəне  оқиғалармен 

өзара əрекеттестік тəсілі, топта жұмыс істей алу білігі, ұжымда түрлі əлеуметтік рөлдерге 

ие болу деп түсіндіреді[14].  

И.А.Зимняя  қатысымдық  құзіреттілікті  субъект­субъекттік  өзара  əрекеттестік  типіне 

жатқызады «компетенции в общении: устное, письменное, диалог, монолог, порождение и 

восприятие текста; знание и соблюдение традиций; деловая переписка, делопроизводство, 

бизнес­язык, иноязычное общение и т.д.» [15]  

Сонымен  қатар,  қатысымдық  құзіреттілікке  анықтама  берген  Э.Зеер  мен  Э.Семанюк 

болды.  Олар  зерттеулерінде  Еуропа  Кеңесі  анықтаған  кілтті  құзіреттіліктерге  анықтама 

бере  отырып,  соның  ішінде  қатысымдық  құзіреттілікті  төмендегідей  сипаттайды:  «əр 

түрлі  тілдердегі,  сондай  ақ  компьютерлік  бағдарламалау  қамтитын  ғаламтор  арқылы 

қарым­қатынасқа  түсудегі  аузекі  жəне  жазбаша    қарым­қатынас  технологиясын 

игергендігін анықтайтын құзіреттілік»[16] 

Қатысымдық құзыреттілік тілдің грамматикалық жəне синтаксистік нормаларына 

сəйкес ауызша жəне жазбаша сөйлеудің формаларын меңгеруді, мəдени қарым­қатынас 

нормасын сақтауды болжайды.  

Коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы:  

– өз ана тілін жəне шет тілін білуінен;  

– сөйлеу əрекетінің негізгі түрлерін (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) 

меңгеруінен;  

– əртүрлі іс­əрекет түрлері жағдайында адамдармен өзара қарым­қатынас жасау білігінен;  

– құрдастарымен, кіші жастағы балалармен жəне үлкендермен қарым­қатынас жасау 

шеберлігінен;  

– сөйлеу мəдениеті ережесін сақтауынан;  

– диалогиялық жəне полилогиялық қарым­қатынасқа қатысу білігінен;  

– мəселені ұжымда талқылауда тыңдай жəне оған қатыса алу білігінен;  

– өз ойын дұрыс, толық, жүйелі жəне нақты жеткізе алу білігінен;  

– тілдің грамматикалық жəне синтаксистік нормаларына сəйкес сөйлеудің монологтық 

жəне диалогтық формаларын меңгеруінен көрініс табуы тиіс[17]. 

Қатысымдық  құзіреттілік  аясында  бірнеше  магистрлік,  докторлық  диссертациялар 

жазылған.  Мысалы,  А.М.Игликова  «Формирование  когнитивной  и  коммуникативной 

составляющих  межкультурно­коммуникативной  компетенции  дошкольников  на  основе 

педагогической  системы  М.Монтессори»,  Т.Қ.Сарқанбаева  «Болашақ  мұғалімдердің 

коммуникативтік  құзырлығын  дебат  технологиясы  арқылы  қалыптастыру»,  Г.Н.Пак 

«Шетел  тілі  сабағында  инновациялық  технологияларды  оқушылардың  коммуникативтік 

құзіреттілігін қалыптастыруда қолдану».  


 

 

500 



 

Кейс  стади  əдісін  отандық  жоғары  кəсіби  оқу  орындарында  қолдану  бүгінгі  күннің 

өзекті мəселесі. Мұны екі себеппен түсіндіруімізге болады:  

  Жоғары  білім  дамуының  жалпы  тенденциясы,  оның  кəсіби  құзіреттіліктерді 

дамытуға  бағытталғандығы.  Ерекше  назар  өмір  бойғы  білім  алуға  жəне  өзін 

дамытуға аударылғандығы; 

  Маман  даярлаудың  сапасына  деген  талаптардың  жоғарылауы.  Яғни  қазіргі  таңда 

белгілі  бір  мамандық  иесі  түрлі  көздерден(сонымен  қатар  ағылшын  тілінде  де) 

ақпарат  алу  қабілетіне;  кəсіби  мəселе  туындаған  жағдайда  тиісті  шешім  шығару 

үшін ана тілінде сондай ақ шет тілінде дискуссия жүргізе алу қабілетіне ие болуы 

шарт.  

Бұл  əдісті  шет  тілі  сабақтарында  пайдаланудың  нəтижесі    тек  білім  ғана  емес,  кəсіби 



тəжірибеде  қолданылатын  қатысымдық  құзіреттіліктер  де  болып  табылады.  Кейс  стади 

əдісін сабақтарда қолдану бүгінгі оқыту үрдісінің жаңа деңгейіне сай. Яғни бұл деңгейдің 

мақсаты  білім  алушыларға  дайын  білімді  меңгерту  емес,  бəлкім  мұғаліммен  бірлескен 

əрекеті  барысындағы  жаңа  білімді  өндіру  болып  табылады.  Кейс  стади  əдісін  шет  тілі 

сабақтарында қолдану келесідей нəтиже береді: 

  Шет тілінде оқудың жəне ақпаратты жан­жақты өңдеудің дағдыларының жетілуі; 

  Шет  тіліндегі  жаңа  сөздерді  мəтінде  ғана  танып  қоймай,  оны  күнделікті  белсенді 

қолдана алу іскерлігі; 

  Шет тілінде презентация жүргізу дағдыларының дамуы; 

  Алдымен  кейстің  бастапқы мəтіні  демеуімен  ал  кейіннен,  сол демеудің  көмегінсіз 

дамитын  сөйлеуді  жетілдіретін  аргументативті  пікірталас  жүргізе  алу  іскерлігінің 

дамуы; 


  Бұл  əдіс  шет  тілінде  ойлауды  талап  ете  отырып,  шығармашылық  ойлауды 

дамытқандықтан, кəсіби­бағдарланған білім деңгейінің жоғарылауы.  

Бұл  əдіс  кешенді  болуымен  қатар  құрамында  барша  сөйлеу  əрекеттерін  (оқу,  сөйлеу, 

жазу,  тыңдап­түсінуді)  қамтығандықтан,  оның  оқыту  үрдісінде  қолданысы  білім 

алушыларды  негізгі  пəндерді  ғана  оқуымен  қатар  кəсіби­бағдарланған  шет  тілінің  барша 

аспектілерін өзіндік үйренуге ынталандырады, өзге тілде пікірін білдіруге жəне жағдайды 

талдау  іскерлігін  дамытады,  яғни  шет  тілін  жоғары  дəрежеде  игеруге  алып  келетін 

қатысымдық құзіреттілікті жетілдіреді.  

Сонымен,  студенттердің  қатысымдық  құзіреттілігін  дамытуда  кейс­стади  əдісін 

қолдану  дегеніміз  белгілі  бір  ортада,  кəсіп  ауанында  туындаған  ортақ,  тиімді  əрі  дəлелді 

шешімін  табу  қажет  болған  сұрақ  немесе  тапсырма  түрінде  кездесетін  жағдаятты 

пайдалану  арқылы  қажетті  тілдерді,  сол  тілде  қоршаған  адамдармен  жəне  оқиғалармен 

əрекеттестікте  болу  тəсілдерін  білуді,  топта  жұмыс  жасау  дағдыларын,  ұжымда  əр  түрлі 

əлеуметтік рөлдерді меңгеруді үйрету. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет