Қаралық ғылыми­практикалық конференция I том



Pdf көрінісі
бет85/98
Дата03.03.2017
өлшемі9,92 Mb.
#6485
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   98

 

Тіл  қызметінің  ерекше  бір  саласы  –  ономастика.  Жалқы  есімдердің  жинақтық 

атауын  лингвистикада  ономастика  дейді  де,  оны  зерттейтін  ғылым  ономасиология  деп 

аталады. Ономатска – кез келген жаны жəне жансыз заттарды не құбылыстардың есімін 

зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде “onoma” есім, ат) – ат қою өнері, 

яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа 

аттары,  т.б.)  зерттеудің  теориялық­əдістанымдық  негіздері  мен  тілмен  сабақтастықта 

қарастырылатын  ұлттық  этномəдени,  əліеуметтік  сипатын  анықтаудың  қажеттілігін 

В.В.Радлов,  В.В.Бартольд,  Н.Катанов,  С.Е.Малов,  Қ.Жұбанов,  І.К.Кеңесаев,  Ә.Қайдар, 

Т.Жанұзақов,  Қ.Рысбергенова  жəне  т.б.  ғалымар  өздерінің  еңбектерінде  жан­жақты 

көрсетті.  Ономастика  өз  ішінде  бірнеше  салаға  бөлінеді:  топонимика  (жер,  су,  қала 


 

 

613 



 

атауларын  зерттейтін  ғылым),  антропонимика  (адам  аттарын  зерттейтін  ғылым), 

этнонимика  (ру,  ел,  халық  аттарын  зерттейтін),  зоонимика  (жануарлар  аттары), 

гидронимия (теңіз, өзен, су, көл атауларын зерттейді), т.б.  

Ономастиканың  күрделі  бір  саласы  –  антропонимика,  ол  адам  аттарын,  əке  аты 

(патроним), фамилиялар, лақап аттар, бүркеншік аттарды зерттейді.  

  Ономастикалық  кеңістіктің  негізін  қүрайтын  орталығы  –  антропоним  (грек. 

Аntropos ­  адам + onym – ат, атау,  есім) – онимнің бір түрі, кез­келген адам немесе бір 

топтағы  адамдардың  аты.  Олар  кісінің  төл  есімі,  тегі,  əкесінің  есімі,  лақап  есім, 

бүркеншік есім, қосалқы есім сияқты түрлерге ажыратылады.  

  Кісі есімінен дүниеге келген нəрестеге деген əке­шеше, туған­туыстарының үміт­

армандары  мен  мақсат­мұраттарын,  талап  –  тілектерін  көруге  болады.  Енді  ғана  дүние 

есігін  ашқан  сəбидің  бойындағы  қадір­қасиеттің  барлығы  есім  қоюшыларға  беймəлім 

екендігі  шындық.  Сондықтан  да  көпшілік  жағдайда  есімге  негіз    болған  уəж­тілек 

сипатты 

болып 


келеді. 

Есімдердің 

мағынасына 

қарай: 


сипаттама 

есімдер 


(дескриптивтер),  тілек  есімде  (дезидеративтер),  арнау  есімдер  (меморативтер)  сияқты 

үлкен  топтарға  бөлінетіні  белгілі.  Қазақ  ономастикасының  негізін  қалаушы  Т.Жанұзақ 

бұған  қосымша  есімдердің  халықтың  діни  сенім­нанымына,  тотем,  табу  жəне  салт­

дəстүрге  байланысты  тарихи­мəдени  немесе  əлеуметтік  деп  аталатын  төртінші  түрін 

көрсетеді.  

Жалқы есімдердің мазмұнын құрау мəселесі оңай емес. Бір жағынан, ол – белгілі 

бір  этимология,  ал  екінші  жағынан  уақыт  өте  келе  ол  жоғалып,  мағынасы  өзгертіліп, 

құрылымдық  жəне  дыбыстық  өзгеріп,  ассоциативті  түрде  жаңа  мазмұнға  ие  болады. 

Мəселен, келесі тіркестердің Jack Frost (Аяз Ата), Jack Horner (өз­өзіне тым сенімді бала), 

Jack  Tar  (матрос),  Jack  the  Ripper  (Джек  Потрошитель),  Union  Jack  (Ұлыбританияның 

Бірлескен  Корольдігі  жəне  Солтүстік  Ирландияның  мемлекеттік  туы)  мағыналары  əр 

түрлі, алайда ағылшын мəдениетінде атақты есімдердің бірі – Jack  қана қолданылып тұр. 

Осы  тұрғыдан  атап  кететіні,  Джекке  (Jack)  ұқсас  есімдер  оларды  ұлттық  тұрғыда 

мойындатылған, яғни ұлттық резонанс алатын есімдер қатарына жатқызылады.  

Ал,  қазақ  халқында  Қазан  төңкерісінен  соң  Қазақстанда  көпшілік  Қабылдаған  үш 

мүшелік  (аты+əкесінің    ­ич,  ­овна,  ­ға  аяқталған,  аты+  ­ев,  ов,  ­ин  қосымшаларына 

аяқталған  фамилиясы)  толық  антропонимиялық  формула  өзіндік  мəні  жағынан  тұлғаны 

атаудың  орыстандырылған  ыормасы  болып  табылды.  Тарихи  өткен  кезеңдердегі  қазақ 

лингвомəдени  қауымдастығында  кісіні  атаудың  тіптен  басқаша  формасы  болған:  Үйсін 

Төле би (Дулат Төле би), Қарақыпшақ Қобыланды, Адай Атақозы, Қаракерей Қабанбай, 

т.б.  

Лексикалық  тұрғыдан  қарағанда,  олардың  көне  қабаттары  негізгі  де  ұйытқы  тірек 



боп табылып, төменгідей лексика­семантикалық топқа жіктеледі:  

1)  мал  шаруашылығынамен  байланысты  есімдер:  Бота,  Бұқа,  Аққозы,  Құлыншақ, 

Жылқыбай т.б.;  

2)  табиғат  құбылыстарымен  байланысты  есімдер:  Таубай,  Боран,  Күнай,  Айдай, 

Шолпан т.б.;  

3)  тағы  аңдар  мен  үй  хайуандары  жəне  құстарға  байланысты  есімдер:  Арыстан, 

Түлкібай, Бүркіт, Қарлығаш, Лашын т.б.; 

 4)  асыл  металдар  мен  қымбат  заттар  атауларымен  байланысты:  Алтын,  Болат, 

Гаухар, Маржан, Жібек, Торған т.б.;  

5) өсімдік аттарымен б/ты: Қызғалдақ, Райхан, Роза, Гүлжан, Гүлнұр т.б.; 

6) жеміс­жидек аттарымен б/ты: Алма, Анар, Мейіз, Жаңғақ, Сарымсақ т.б.;  


 

 

614 



 

7)  туыстық  атаулармен  байланысты:  Атабек,  Баба,  Дадабай,  Жиенбай,  Туғанбай 

т.б.;  

8) жер­су атауларымен қойылған есімдер: Алтай, Алатау, Кентал, Орал, Еділ, Ертіс 



т.б.;  

9)  үй  жиһаздарымен  мүліктерге  байланысты  есімдер:  Шара,  Табақбай,  Айнагул, 

Шөмішбай т.б.;  

10)  түрлі  тағам  аттарына  байланысты  есімдер:  Айранбай,  Сүттібай,  Шырынбай, 

Шекер т.б.  

  Ал,  ағылшын  мəдениетінде  жалқы  есімдерді  талдай  келе,  төмендегідей  топқа 

жіктеуге болады:  

1)  бағалы  тастар  мен  минерал  атауларымен  байланысты:  Amber,  Berylm  Coral, 

Crystal, Jewel, Pearl, Topaz; 

2) өсімдік атауларына байланысты: Clover, Daisy, Flower, Lilac, Lily, Primrose, Rose, 

Violet; 

3) құс атауларына байланысты: Lark, Kestrel, Teal;  

4) ай аттарына байланысты: April, June, August.  

  Экстралингвистикалық  факторлардың  əсерінен  мəдениеттің  негізін  қалаушы 

қандай  да  бір  есім  түрлерінің  лингвомəдениеттанымдық  семнатикасында  аталған 

есімдердің  кейбір  жағдайларда  орын  алмасуы  да  кездеседі.  Мəселен,  белгілі  бір  тарихи 

дəуірдегі  қазақ  антропонимдерінің  лингвомəдени  семнатикасы  басқа  бір  дəуірдегі 

антропонимдердің  лингвомəдение  семантикасынан  ерекшеленіп  тұруы  мүмкін,  өйткені 

халықтың  рухани  жəне  идеологиялық  өміріндегі  өзгерістер  жалқы  есімдердің 

семантикасы  мен  типтерінде  өзіндік  бейнеге  ие  болады.  Өткен  ғасырдағы  төңкерсіке 

дейінгі  қазақ  антропонимдерінің  белгілі  бір  категориясына  (санатына  немесе  типіне) 

адам есімінің сиқырлы күшіне деген сенім тəн болып келеді, мұның өзі қазақ есімдерінің 

белгілі  бір  «қорғаушы»  типінің  пайда  болуына  əсер  етті.  Ғ.Мүсіреповтің  «Ұлпан» 

повесіндегі  лингвомəдени  бірліктерді  зерттеген  Г.Ж.Снасапова  мұндай  есімдерге  келесі 

тұрғыда  сипаттама  береді:  «Қазақтардың  балаға  ат  қоюында  белгілі  бір  ырымдардың 

негіз  болуы  сөздің  құдыретті  күшіне  сенуді  көрсетеді:  Жаманбала,  Күшікбай,  Салбыр, 



Сүйір,  Сағал  т.б.  есімдер  көз  тимесін,  балам  аман  болсын  деген  мəнді  аңғартса, 

Тілеуімбет, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Ұлпан т.б. лингвокультуремалардың прототипі 

ұл  күту,  бала  тілеу  тəрізді  тілек  мəнді  семантиканы  білдіретін  антропонимдер. 



Артықбай,  Бақберді,  Байдалы,  Несібелі  т.б.  жалқы  есімдердің  негізі  дүниеге  келген 

балаға ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарыту дегенге меңзейді». 

  Қазақ  есімдерінің  осындай  лингвомəдени  типтері  семантикалық  маңызға  ие 

белгілі бір əдет­ғұрып жəне ритуалдармен байланысты болып келеді. Антропонимдердің 

мұндай  типтерінің  лингвомəдени  семантикасына  белгілі  қазақ  ономасты,  профессор 

Т.Жанұзақов  жан­жақты  сипаттама  береді.  «Мұндай  түрдегі  есімдер  барлық  түркі 

тілдерінде  келесі  нұсқаларда  кең  тараған:  «...қазақша  Тоқтасын,  Тұрсын,  Тоқтар, 

Ұлтуар;  түркіменше  Турсун,  Иетер  (жетер);  өзекше  Турсун,  Тохта.  Егер  отбасында 

бірнеше  қыз  дүниеге  келіп,  бір  де  ұл  тумаса,  ең  соңғы  қызына  ендігіде  қыз  туылмасын 

деп Қызтумас деген есім беретін. 

  Ұлт  тарихындағы  маңызды  оқиғалар  тілдің  құжаттық,  мəдени  танымдық 

қызметінің негізінде фразеологиялық, паремиологиялық жүйеде, көне мəтіндерде тарихи 

есімдер  арқылы  таңбаланып,  халық  жадында  сақталады.  Ерекше  ұлттық  мазмұндық 

сипаттағы,  мəдени  ақпараттық  мəні  басым  бұл  атаулар  тіл  білімінде  прейеденттік  деп 

анықталып,  тіл  мен  мəдениет  сабақтастығында  қарастырылады.  Ердің  соңы  –Есет, 

Асанқайғыға салыну, Peeping Tom Camera, жəне т.б.  


 

 

615 



 

  Прецеденттік  антропонимдер  халықтың  ұшқыр  ойы  мен  даналығынан  туға  бай 

ауыз  əдебиеті  мен  шежіре  тарихынан  алынған  фольклорлық  мəтіндерде  тұрмыс­салт, 

əдет­ғұрып,  наным­сенімге  қарай  бірнеше  топқа  бөлініп  қарастырылады.  Мысалы, 

мифтік бейнелер: Әзірет əли, пайғамбарлар (Дəуіт, Мұса, Сүлеймен), Қаңбаұ шал, Қыдыр 

ата; 


Ел аузындағы есімдер: Асан қайғы, Аяз би, Қорқыт, Қобыланды, Толағай;   

  Ал,  ағылшын  тілінде  Mark  Twain  жəне  Henry  James  есімдері  прецеденттіктің 

спецификасына  жатқызылады,  себебі  осы  секілді  атақты  жазушыларды  атай  отырып, 

кісілердің ерекше қасиеттерін, дарынын ерекшелеп отырады.  

«Maron  is  like  Lenny  Bruce.  He  makes  you  laugh….»  мысалынан  көретініміз,  Ленни 

Брюс ­ 40­50ж.ж. Америка көрермендерін күлкіге қарық қылған адам аты, яғни халықты 

күлдіріп  отырған  кісі  Ленни  Брюстан  асып  түсетіндей  əрекет  жасап  ерекше  назар 

аудартып отырғандығын аңғарамыз.  

«Peeping Tom Camera» (сығалап қараушы)  лексикалық бірлігін қолдану осы аталым 

арқылы  тауарларының  сипатын  сақтап  қалу  мақсатында  видео­фото  жабдықтарымен 

айналысатын адамдар пайдаланады.  

Көбінесе,  ұлттық  ассоциативтік  перцеденттік  феноменді  оңай  келтіріп  тауып 

аламыз,  мəселен,  бойы  ұзын  адам  ағылшынның  прецеденттік  есімі  Гулливермен,  Мэри 

Поппинс,  Фрэкен  Бок  секілді  есмідер  бала  күтуші,  тəрбиеші  үғымдарымен  тығыз 

байланысады.  

 

Барлық дерлі ұлтта кездесетіндей, əдебиеттегі авторлардың берген персонаждары 



прецедентті  болып  табылады.  Ағылшын  əдебиетінде,  ол  сөзсіз  У.Шекспир  (  Отелла, 

Гамлет, Король Лир, Ромео и Джульетта – прецеденттік есімдер, “To be or not to be…?” – 

прецеденттік ой).  

Күнделікті  қолданыста  жүрген  ағылшын  есімдері  көптеген  фразеологиялық 

бірліктердің  құрамына  еніп,  оларға  экспрессивті­эмациональдық  реңк  берілген  түрде 

кездеседі.  Betty,  Tom,  Jack,  John,  Mary  (Maria)  жəне  т.б.  есімдер  белгілі  бір  сипатқа  ие 

адамдарға берілген. Jack есімі 22 фразеологиялық бірлікте кездесіп, көбінесе көңілді, қу 

жігітке  ассоциация  жасалынады.  Сондай  ақ,  ертеде  Tom  Tailor  прецеденттік  есімінің 

кісінің мамандығын анықтап берген.  

 

To sham Abraham ‘ауру секілді көріну, жасанды ауыру;’ 



 

Cousin Betty ‘жарым ес ақымақ’; 

 

All shall be well, Jack shall have Jill – Барлығы жақсы болады! (Джек өз сүйіктісі 



Джилге қосылады, айырылмас ғашықтар); 

 

Johny Newcome ‘жаңа келген адам’; 



 

Aunt Sally ‘балалар ойыны’; 

 

Сонымен  қатар,  Bloody  Mary  Мария  Тюдор  королеваның  прецеденттік  есімі.  Бұл 



лақап  атты  оның  жазаланушылары  берген.  Ауызекі  тілде  бұл  фразеологизм  басқа 

мағынада қолданылады, Кровавая Мэри – бұл шарап коктейлі жəне қызанақ шырыны.  

Зерттеу  барысында  қол  жеткен  нəтижелер  мен  тұжырымдар  қазақ  жəне  ағылшын 

мəдениетіндегі  антропонимиялық  кеңістіктің  жалпы  сипаты  мен  ұлттық­мазмұндық 

құрылымын,  номинациялық  қағидалары  мен  атау  жасаудағы  уəж  табиғатының  дəстүрлі 

модельдерін мəдени таңба ретінде тануға мүмкіндік береді.  

Осы бағытта жүргізілген жұмыстың негізгі нəтижелерін былай көрсетуге болады:  

­ 

антропонимдер  этнотаңбалы,  этномазмұнды  лингвомəдние  жүйе  негізінде 



қарастырылды;  

­ 

қазақ  антропонимдерінің  этнотаңбалық  тілінің  түркілік  негізі  көнетүркілік, 



ортатүркілік  ескерткіштермен  қатар  орыс  жылнамаларындағы  деректермен  салыстыру 

 

 

616 



 

арқылы  анықталды;  ал  ағылшын  антропонимдерінің  таңбалық  негізі  олардың  роман­

герман тілдерінің негізінде енген деректер негізінде қарастырылды;  

­ 

зерттеу  нысанына  сəйкес  паремиологиялық,  прецеденттік,  фразеологиялық 



жəне  көркем  мəтін  деректері  талданып,  жинақталып,  олардың  құрамындағы 

антропонимдердің  қоланысы  мен  қызметіне  лингвомəдени  салыстыру­салғастыру 

жасалды. 

Қорыта  айтқанда,  лингвомəдени  жүйеде  анықталатын  қазақ  жəне  ағылшын 

тілдеріндегі  антропонимдер  көне  дəуірлерден  этникалық  ақпарат  жеткізетін  арихи, 

мəдени  жəне  рухани  əлеуметтік  құбылыс.  Осы  жүйеге  кіретін  антропонимдердің 

этномəдени жəне тарихи болмысында түрлі этнос жəне этникалық топтардың тарихи тегі 

мен географиялық қозғалысы көрініс табады.  

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

 

1  Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы, Ана тілі, 1999. ­141б. 

2  Жанузаков  Т.  Лично­собственные  имена  в  казахском  языке.  Автореферат 

дисс.канд.фил.наук.­Алматы, 1960. –с.56,45. 

3  Мəдиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мəселелері. – Алматы, 2005. ­ 

240 б. 


4  Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы. Алматы, 2008. ­728 б. 

5  Телқожа  Жанұзақ,  Қыздархан  Рысберген.  Қазақ  ономастикасы:  жетістіктері  мен 

болашағы. – Алматы: “Азия”,  2004. ­ 192 б. 

6  Халид  Қ. Тауарих хамса. (Бес тарих) Алматы, 1992. ­304 б. 

7  Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. М.:Высш. шк. 1990. 320 б. 

8  Жапова.  Д.Н.  Антропонимы  как  этноисторическое  явление  //  Бытие  и  язык. 

Новосибирск, 2004. ­ С. 216­219 

9  Маслова В. Введение в лингвокультурологию. –Москва: Наследие, 1997.  

 

ӘОЖ 800.83:82.03 



 

Жұмағұлова М. Ш.

1

,  Нұрекешова Г. Р.

2

, Ибрагимова Э. А.



 

1

«Шетел тілдері және аударма» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қорқыт Ата 

атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы, Қазақстан 

e-mail:mariyash_shj@mail.ru 

2

«Шетел тілдері және аударма» кафедрасының қауымдастырылған профессор, 

гуманитарлық ғылымдар магистрі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік 

университеті, Қызылорда қаласы, Қазақстан 

e-mail: ibragimova_elmira@mail.ru 

 

АУДАРМАНЫҢ ЛИНГВО-ПРАГМАТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Abstract:  The  problems  of  “skopos  theory”and  pragmatics  are  characterized  in  the 

article. “Skopos theory” and “pragmatics” are analyzed according to the opinions of the foreign 

linguists.  

 

Keywords:  ‘scopos  theory’,  pragmatics,  metalevel,  pragmatical  presuppositions,  index 

components  

 


 

 

617 



 

Аудармашының  тіларалық  жəне  мəдениетаралық  коммуникациядағы  сарапшылық 

рөлі,  сондай­ақ  аударма  барысында  түпнұсқаның  мəдени  бейімделуінің  маңыздылығы 

1970­жылдардың  соңында  Германияда  жұмыс  істеуші  аудармашы­ғалымдар  негізін 

қалаған skopos теориясының ағымында танылды.  

 

Бұл  теория  бойынша  аудармашылық  іс­əрекеттегі  теориялық  зерттеулер 



лингвоцентристік бағыт аясынан шығып, аударматану парадигмаларының жаңа бір үлгісі 

қалыптасты.  Коммуникация,  тіл  білімі,  қазіргі  əдебиеттану  салаларындағы  ғылыми 

жетістіктер  нəтижесінде  кең  көлемдегі  мəдени  бағыт  пайда  болды.  Skopos  теориясының 

қағидаларын  дамытуға  үлес  қосқан  Г.Фермеер,  М.Амман,  П.Куссмауль,  К.Норд,  К.Райс, 

Г.Хениг тəрізді аударматанушыларды атап өткен жөн [1, 115­116]. 

 

Skopos  теориясын  жақтаушылардың  ой­пікірлері  көркем  аударма  мəтіндерінен 



бөлек  салалардағы  аудармашылық  технологияны  өңдеуге  деген  қажеттілік  өскен  кезде 

ерекше  маңызға  ие  болды.  Туризм  саласындағы  түрлі  материалдардың  аудармасы, 

түпкілікті  жəне  қабылдаушы  мəдениеттер  арасындағы  айырмашылықтар  айрықша 

байқалатын  халықаралық  деңгейдегі  байланыстар,  келісім­шарттар  жəне  т.б.,  əрине, 

қабылдаушы жақтың мəдени­танымдық, дүниетанымдық деңгейлерін есепке алуды қажет 

етеді. 


 

Skopos  сөзі  көне  грек  тілінде  «мақсат»  дегенді  білдіреді,  яғни  аударма  процесінің 

қабылдаушы  аудиторияға  бағытталуын  қажет  етеді.  Skopos  теориясына  байланысты 

аудармаға  деген  перспективті  бағыт  туралы  айтылады.  Әрбір  нақты  аудармашылық 

процестің    skopos­ы,  яғни  мақсаты  сол  процесс  басталғанға  дейін  айқындалады: 

аудармашы нені жəне кім үшін аударатынын өзі үшін анықтап алады [2].  

 

Жалпы,  аудармашылық  іс­əрекеттің  моделі  төмендегідей  жобада  берілуі  мүмкін. 



Хабарламаны  жіберуші  (немесе  беруші)  тұлға  мəтінді,  жіберетін/беретін  обьектіні  қажет 

етеді жəне оны мəтінді құрастырушыдан алады. Бұл мəтін белгілі бір жағдайда, белгілі бір 

аудиториямен  қарым­қатынас  кезінде  пайдаланылады.  Мəтін  екі  түрлі  рөл  атқарады. 

Нақты  деңгейде,  яғни  обьектілер  деңгейінде  мəтін  хабарламаны  беруші  тəсіл  ретінде 

қолданылады.  Бұл  жағдайда  хабарламаның  вертикальды  бөлігі  берілетін  ақпарат 

көлемінің барлығын қамтиды. 

 

Ал, метадеңгейде мəтін белгілі бір мақсатқа қол жеткізудің тəсілі болып табылады 



(skopos).  

 

Айталық, поезд купесіндегі екі бейтаныс көршілердің ауа райы туралы бір­екі ауыз 



пікірлері  олардың  ауа  райы  туралы  сөйлескісі  келетіндіктерін  білдірмейді.  Шын  мəнінде 

олардың бір­бірімен əңгімелесуге дайын екендіктеріне белгі бергендері. Бірақ, бұл мысал 

бір  тілді  жəне  бір  мəдениеттегі  коммуникацияға  ғана  қатысты.  Тіларалық  қарым­

қатынаста  түп  нұсқа  тілін  аударма  тілі  арқылы  ғана  емес,  хабарламаның  мəдени 

шарттастық элементтерін де түсіндіре алатын арадағы кісі қажет етіледі. Жоғарыдағыдай 

жағдайда  арадағы  кісі  хабарлама  адресатына,  яғни  қабылдаушыға,  көршісінің  байланыс 

орнатып,  əңгімелесуге  қарсы  еместігін  түсіндіруі  қажет.  Жəне  де  арадағы  кісі,  дəлірек 

айтқанда аудармашы, адресатқа мұны қалай түсіндіру керектігін білуі қажет. 

 

Көп  жағдайда  skopos  аудармаға  тапсырыс  берушінің  талаптары  бойынша 



анықталады,  ал  аудармашының  өзі  мəдениетаралық  қарым­қатынастағы  сарапшы  рөлін 

атқарады.  Түпнұсқаның  қалай  өңделетіндігін  жəне  аударма  реципиентіне  қандай  күйде 

берілетіндігін аудармашы ғана айқындайды [3, 13]. 

 

Бұл жағдайда аудармашының əлеуметтік функциясы жоғарыламайды. Ол тапсырыс 



берушінің  серіктесі  болып,  коммуникативтік  актінің  табысты  болуына  қызығушылық 

танытады.  Сондықтан  да,  аудармашы  статусы  адвокатқа,  дəрігерге  тең  келетіндей  маман 

ретінде қарау керек. Сөйтіп, skopos теориясы аясында аудармашылық іс­əрекеттің бірден­


 

 

618 



 

бір  коммуникативтік  моделі  ретінде  басты  орынға  ойды  жеткізудің  мəдени  аспектісі 

қойылады. Осыған орай, тіларалық коммуникативтік актіде аудармашының рөлі де, оның 

еңбегін бағалаудың критерийлері де қайта қаралады.  

Аударма барысында мəдени бейімделуге байланысты, ең алдымен, ойды жеткізудің 

прагматикалық жағы туралы мəселе бой көтереді. 

 

«Прагматика»  терминін  тіл  білімінің  семиотика  саласына  1930­жылдардың 



соңында  Ч.Моррис  енгізді.  Прагматика  түрлі  таңбаларды  қолданушы  адамдардың  сол 

таңбаларға деген қатынасын зерттейді [4, 207].  

 

Таңбалар  жүйесінің  мынандай  түрлері  бар:  жол  бойының  белгілері,  əскери 



сигналдар,  цифрлар  (араб  жəне  рим),  əріптер  т.б.  Бұларды  шартты  таңбалар  деп  атайды. 

Тіл осы таңбалардың ішіндегі өте­мөте маңыздысы. Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі 

ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Тілдік таңбаның түрлері фонемалар, морфемалар, 

сөздер,  сөз  тіркестері,  сөйлемдер  болып  табылады.  Бұл  айтылған  мəселелердің  барлығы 

тіл  біліміне  қатысты.  Ал  аударматануда  да  прагматикалық  зерттеулер  көптеген 

сұрақтарды  қамтиды.  Ол  мəселелер  сөйлеуші  субъектінің  сөзімен,  адресатпен, 

коммуникация  процесіндегі  өз  ара  əсер  етулермен,  сондай­ақ  қарым­қатынас 

жағдайларымен  байланысты.  Осы  мəселелерді  жеке­жеке  қарастырып  көрелік.  Сөз 

сөйлеуші  субъектіге  қатысты  ойды,  пікірді  жеткізудің  айқын  жəне  жасырын  мақсаттары, 

сөйлеу 


тактикасы, 

сөйлеу 


мəнерінің 

түрлері, 

əңгімелесу 

ережелері 

(сөйлесу 

хабарламасының 

ақпараттық 

жағынан 


толықтығы, 

хабарланатын 

мəліметтердің 

шынайылығы,  олардың  əңгіме  тақырыбына  қатысты  дұрыстығы,  ойдың  анық,  жүйелі, 

дəйекті  баяндалуы  жəне  т.б.),  прагматикалық  пресуппозициялар  (сөйлеуші  субъектінің 

адресаттың  білім  деңгейін,  оның  психологиялық  жағдайын,  мінез­құлық  ерекшеліктерін 

бағалауы)  жəне  сөйлеушінің  хабарланатын  мəліметке  қатысы  туралы  мəселелер 

зерттеледі. 

 

Адресатқа,  яғни  хабарды  қабылдаушыға,  қатысты  оған  əсер  етуші  сөйлеу 



ақпаратын түсіну принциптері алынған мəліметке байланысты. 

 

Коммуникацияға қатысушылар арасындағы қарым­қатынас пікір алысу формалары 



(ақпараттық  диалог, достық  əңгімелесу, пікірталас, келіспеушілік), сөйлеудің  əлеуметтік­

этикалық  жақтары  (қаратпа  сөз  формалары  мен  қарым­қатынас  стилі)  жəне 

коммуникацияға  қатысушыларды  байланыстырып  сөйлесу  актілері  (өтініш,  бұйрық  жəне 

т.б.) тəрізді мəселелерді қарастырады. 

 

Қарым­қатынас жағдайы (ситуация общения) мəселесіне қатысты түрлі таңбаларды 



(осы  жерде,  мынау,  сонан  соң),  сөз  мағынасындағы  индексальды    компоненттерді 

(мысалы,  келу,  жақындау  етістіктеріндегі  кеңістікке  бағыттауды  көрсету)  түсіне  білу, 

сондай­ақ  əңгіме  тақырыбы  мен  формасының  қарым­қатынас  жағдайымен  шарттастығы 

(түрлі  ресми  жағдайлардағы  күнделікті  тақырыптар  мен  қарым­қатынас  формалары) 

тəрізді мəселелер қарастырылады. 

 

Тіларалық  коммуникация  жағдайында  жоғарыда  аталған  барлық  коммуникация 



аспектілерінің түрлі тілдердегі ара қатынасын зерттеудің заңды мəселесі туындайды. 

Прагматикалық  зерттеулер  тіл  біліміндегі  лингвистикалық  модельдермен  қатар, 

аударманың  коммуникативті  теорияларында  жиі  кездеседі.  Атап  айтқанда,  skopos 

теориясында  жəне  оның  логикалық  жалғасы  Ю.Хольц­Мянттяридің  теориясында 

аудармашының  мəдениетаралық  коммуникациядағы  сарапшы  ретіндегі  рөлі  толыққанды 

айқындалады  [4,  209].  Шын  мəнінде,  аударылатын  түпнұсқалар  ­  белгілі  бір  мəдени 

контекстке  шарттастырылған  мəтіндер  болып  табылады.  Өйткені,  түпнұсқа  мен  аударма 

арасындағы байланыс ­ түпнұсқа тілі мен аударылатын тіл арасындағы ғана емес, сонымен 

қатар  төл  мəдениет  арасындағы  да  қарым­қатынас.  Аударма  коммуникация  мақсатына 


 

 

619 



 

жетуі  үшін  аудармашы  қабылдаушы  мəдениеттің  салт­дəстүр  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  аударманы  белгілі  бір  қалыпқа  келтіреді.  Бұл  жағдайда  аудармашы  өзін  мəтінді 

қарастырушы ретінде танытады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет