Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет65/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   78

29.  Тьер  Амедид  -  Атилла жөнінде «Атилла мұрагерлерінің тарихы» атты еңбек жазған 

француз тарихшысы .  



30. Джузеппе Верди - 1846 ж композиторы. қойылған «Атилла» операсын жазған италиян. 

31. Рафаэль Санги - Қасиетті Леон мен Атилланың кездесуі» атты суретті салған суретші.  

32. Диодор ­ Савроматтар жөнінде жазып кеткен рим тарихшысы 

3-  айналым.  Суреттермен  жұмыс.  Экраннан  көрсетілген  суреттердің  не  зат  екенін 

табуы қажет 

 

1. 


    БУМЕРАНГ  

2. Микролит ­ кішкентай тас пластина, ж

3. Гарпун ­ ежелгі адамдардың 

4. Бифас ­ шабуға, кесуге, қырқ

5. Кроманьон «Саналы адам» 

Шамамен 40­35 мың жыл бұрын 

6. 1 Алтын адам ­ Есік қаласыны

7. 


8. Есік обасынан табылған күміс тоста

9. Мұртты обаның суреті   

10. Қытай Ұлы қорғаныны суреті.

11. Сақ мүсінінің суреті 

12. Мөде шаньюдің суреті. 

13. Бойтұмар 

14. Ғұндар теңгесі  

15. 


Дромос

 

16. Үйсіндердің жерлеу салты 



17. саркофаг  

4-айналым.  Термин  сөздер

анықтамасын  айтуы  керек  немесе  белгілі  бір  терминні

терминдікі екенін табуы қажет.

1.

2. заттай деректерді зерттейтін 



3. ақша тарихын зерттейтін қосымша п

4. елтаңбаларды зерттейді - Геральдика

5. адам қаңқасын зерттейді ­ Антропология

6.  адамның  шығу  тегін  жануарлар, 

байланыстырды ­ Тотемизм 

7. Табиғаттың түрлі құбылысына сиыну

8.Қаланың күзет мұнаралары бар орталы

9. Қанның жанмен байланысатын сенімі 

10. тасқа түсірген хат­суреттер 

БУМЕРАНГ  

 

кішкентай тас пластина, жұмыс құралы  



ң балық аулау құралы. 

қуға арналған жəне сүңгінің ұштығы есебінде 

5. Кроманьон «Саналы адам» ­ Алғаш рет Францияның Кро­Маньон үңгірінен табыл

рын өмір сүрген. 

аласының маңынан табылған. 

 Арыстан бейнесі  

міс тостаған, 26 таңбалы жазу бар. 

аныны суреті. 

жерлеу салты  

здер.  Бұл  айналымда  экраннан  терминдер  шы

тамасын  айтуы  керек  немесе  белгілі  бір  терминнің  анықтамасы  кө

ажет. 

 

заттай деректерді зерттейтін ғылым саласы - Археология 



осымша пəн - Нумизматика 

Геральдика 

Антропология 

у  тегін  жануарлар,  өсімдіктер  немесе  табиғат  құ

былысына сиыну - Магиялық әрекет  

наралары бар орталығы - Цитадель 

жанмен байланысатын сенімі ­ Анимизм  

суреттер ­ Пиктография  

519 

ы есебінде қолданылды. 



гірінен табылған. 

л  айналымда  экраннан  терминдер  шығады,  соның 

өрсетіліп  ол  қай 

құбылыстарымен 



520 

 

11. Б.з.б. 8 ғ. пайда болған. Сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорықтар кезінде танысқан 



дəстүр ­ Аңдық стиль  

12. Ираннан тараған «өмір ағашы»дейтін аңдық бейне - Арыстан бейнесі 

13. Сақтар обасындағы сағанаға жер астымен келетін арнайы жол ­ Дромос 

14. Бөренелерді бір­біріне тығыз орналастырып жасаған табыт ­ Саркофаг 

15. Австралопитик ­ 1 млн 750 мың жыл бұрын  

16. Питекантроп ­ 1 млн жыл бұрын  

17. Синантроп ­ 500-200 мың жыл бұрын 

18. Неандерталь ­ 200(100)-35 мың жыл бұрын  

19. Кроманьон ­ 40-35 мың жыл бұрын  

20. Чоппер ­ шапқы  

21. Чопплинг  ­ ара секілді құрал 

22. Петроглифт ­ тасқа салынған сурет 

23. Болос ­ жіпке байланған домалақ тас 

24. Ретушь əдісі ­ тас құралдың жүзін араның жүзі сияқты етіп өткірлеу  

25. Голоцен ­ күннің жылынуы.  

26. Инициация ­ Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау  

27. Көзе  ­ Саздан жасалған қыш ыдыс 

28. Кремация ­ Мәйітті өртеу  

29. Шаньюй ­ Қытай деректерінде Ғұндардың жоғары билеушісі  

30. Полихромдық стиль ­ бұйымның бетіне түрлі-түсті заттарды жапсыру 



5- айналым. Қоғамдық құрылымдар. Мемлекеттердің қоғамдық құрылыстарын рет 

- ретімен айтуы керек.  

1. Үйсіндер            гуньмо          тайпа көсемдері­бек немесе бас уəзір  

Əскери қолбасшы                     оң қанат жəне сол қанат болып екіге бөлінді.  



2. Сақтар            патша            көсем           

абыздар           

жауынгерлер            малшылар мен егіншілер 

3. Қаңлылар            басшысы­хан           оның үш орынбасары­уəзірлері болды       Ру, 

тайпа басшылары–көсемдер       Тұтқындар құлға айналдырылып отырды . 



4. Ғұндар       Жоғары билеушісі "Тəңірқұты               Одан кейін түменбасылар болды             

Ғұндардың ру көсемдері­ақсақалдар  



6-  айналым.  Карта  бойынша  тапсырмалар.  Слайдтан  тек  сандар  ғана  көрсетіледі. 

Қатысушылар өз жауаптарын айтқанда сандар ашылады.  

1.      

9

6

7

1

4

5

3

2

14

13

11

12

10

8

Облыстарды 

ата 

 

2. Палеолит ескерткіштері 



521 

 

Бөрікқазған



Қаратау 

тұрағы 

Шақпақа

та

Обалысай 

Қанай

Ш. Уәлиханов 

тұрағы 

Семізбұғы

Бұқтырма

Ащысай

Майбұлақ

Палеолит ескерткіштерін ата



Майбұлақ

Мұзбел

Шүлбі 

Батпақ 

Қарабас

Ангренсор 

Шабақты

Бөрікқазған



Шабақты,

Қаратау тұрағы 

Шақпақата,

Обалысай, 

Мұзбел,

Қанай,

Ш. Уәлиханов тұрағы 

Семізбұғы,

Батпақ,

Қарабас, 

Ангренсор,

Бұқтырма, 

Шүлбі,

Ащысай,

 

3. Неолит және энеолит ескерткіштерін картадан көрсету(Усть-Нарын, Зеленая Балка, 

Қарағанды, Пеньки, Сексеуіл, Ботай тұрағы, Шебір тұрағы) 



4.  Сақ  дәуірі  кезіндегі  тайпалардың  орналасуын  картадан  көрсету  (Тиграхауда, 

хаомаварга, парадариа сақтары, сарматтар, аргиппейлер, армаспылар, исседондар, дайлар) 



5. Ғұн дәуірі кезіндегі Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің орналасуы:  

(Үйсін, Қаңлы, Ғұндар). 

 

Əр сайыстың жеңізпазы болады. Бұл сайыста да 5 айналым бойынша жеңімпаздар 



анықталады.  

 

Қорыта  келе  айтарымыз  тарих  сабағында  интеллектуалды  ойын  тəсілдерін 

қолданудың тиімділігі мынада: 

1.  Топтарға  интеллектуалды  ойын  қай  бағытта  өтетіні  ескертілгендіктен,  топтар  ежелгі 

Қазақстан тарихынан жан ­ жақты дайындалады. 

2.  Ежелгі  Қазақстан  тарихы  басқа  кезеңдерден  қиындығы  жер­су  аттары  мен  термин 

сөздерінің  көптігі,  ойында  карта  байланысты  сұрақтар  болғандықан    картамен  жұмыс 

істеу үйренеді.  

3. Дəрістерде көрсетілген суреттерді есте сақтауға, қайталауға тырысады.  

4.  Тыңдаушы  өткен  тақырыптардың  барлығы  бір  оқығаннан  есте  қалмайтынын  түсініп, 

қайталап отыруға дағдыланады.  

5. Топ аралық жарыста өз қатарынан қалып қалмас үшін, жауаптылықты сезінеді.  

6. Əр топ өздерінің осал тұстарын байқайды.   

7.  Тестте  ойланбастан  жауап  беріп,  асығыстан  қате  жіберетін  тыңдаушылар  бар.  Осы 

ойында асығыс жауап бергеннің барлығы топтың тағдырын шешкендіктен, олар ойланып, 

жүйелеп, асықпай жауап беруді үйренеді.  

8. Бұл ойында əр тыңдаушы өз білімінің қаншалықты екенін тексереді. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. 


http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/n-nazarbaev-kazaktyin-tarihyi--tendessz-tarih-59244/

 

материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат 



етіледі. 

 

 



 

 


522 

 

УДК 387 



Нусупбаева С.А.

1

, Ибрагимова М.Н.

2

 



Аға оқытушы, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

Алматы, Қазақстан. 

E-mail: 

N.Salta_82@mail.ru

 

 



Оқытушы, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

Алматы, Қазақстан.E

-mail:

ibragimova.meruert@mail.ru

 

 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ БІЛІМ 

БЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ 

 

 

 

 

  



Abstract. The article discusses the importance of the use of innovative technology in the 

field of education 



 

Key words: technology, innovation, interactive board, multimedia, a photo, video movie, 

presentation, Power Point. 

 

Мемлекетіміздің  демократиялық  жолды  таңдап,  даму  барысында  халқымыздың 



əлеуметтік­экономикалық  жағдайы  түбегейлі  өзгеріп,  соның  салдарынан  білім  беру 

жүйесінің  де  қайта  құрылуы  қажет  болды.  Бұл  тұрғыда  асырылып  жатқан  реформалар, 

алдыңғы жетістіктерді негіздей отырып, білім беру жүйесін əрі қарай дамыту жолдарын 

белгілеуді  қажет  етуде.  Осыған  орай,  білім  беру  саласындағы  əлемнің  адыңғы  қатарлы 

елдерінің  тəжірбиесіне сүйене отырып,  жаңа мемлекеттің  даму барысын ескере отырып, 

білім беру жүйесін жаңаша бағытта құрастыру өзекті мəселеге айналды.  

Біріккен  ұлттар  ұйымының  шешімімен  "ХХІ  ғасыр  –  ақпараттандыру  ғасыры"  деп 

аталады.  Қазақстан  Республикасы  да  ғылыми­техникалық  прогрестің  негізі  белгісі  – 

қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.  

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында:  "Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын, меңгеру үшін жағдайлар жасау керек", ­ 

деп  көрсетілген.  Солардың  бірі  білім  беруді  ақпараттандыру  барысында  дидактикалық 

жəне  оқыту  құралы  болып  компьютер  саналады.  Сондықтан  кез  келген  білім  беру 

саласында  мультимедиялық  электронды  оқыту  құралдары  барлық  пəндерді  оқытуға 

пайдаланады [2.243]. 

Бəсекеге  қабілетті  болу  тікелей  білімге  байланысты.  Біз  қазіргі  заманғы 

педагогикалық  технологияға,  жаңа  өркениетті  дамуға  байланысты  басқа  өркениетті 

елдердің  көптен  бері  пайдаланып  келе  жатқан  интерактивті  құралдарды  қолданып 

отырмыз.  Бұл  –  біздің  Қазақстанның  алға  қарай  жылжуының  нышаны  болып  табылады. 

Ғылыми  білім  беруде  интерактивті  тақтаның  мүмкіндігі  мол.  Интерактивті  құралдарды 

қолдану арқылы тыңдаушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады. 

 

ХХІ  ғасыр  ­  бұл  ақпараттық  қоғам  дəуірі,  технологиялық  мəдениет  дəуірі, 



айналадағы  дүниеге,  адамның  денсаулығына,  кəсіби  мəдениеттілігіне  мұқият  қарайтын 

дəуір [2.242]. 

Ф.Б. Бөрібекова, Н.Ж. Жанатбекова "Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар" 

еңбектерінде "Инновация" сөзіне ғалымдардың пікірлерін талдай келе өз анықтамаларын 

береді. "Инновация" сөзі қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында 

өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз "жаңа, өзгеру, жаңаша" деген мағынаны 

білдіреді жəне дəл қазіргі жаңа заманға да "жаңа, жаңаша өзгерудің" мазмұны терең жəне 

анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін 



523 

 

қалыптастыру,  оқыту  материалдарын  өзінше  пайдалану  арқылы  танымдық  белсенділігін 



арттыру алға шығады.[1] 

Біз  ауған  тыңдаушыларына  Қазақстан  тарихынан  білім  беруде  интерактивті 

құралдарды  қолданамыз.  Алты  апта  қазақ  тілін  үйренгеннен  кейін,  Қазақстан  тарихы 

аптасына 3 сағат енгізіледі. Қазақ əліпбиімен жаңадан танысқан ауған тыңдаушыларына 

тарихты  оқытуда  көптеген  қиындықтар  кездеседі.  Ауған  тыңдаушыларынадəрісті  тек 

ауызша емес, интерактивті құралдарды пайдалану арқылытүсіндіруге тырысамыз. 

Интерактивті тақта ­ бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі жəне де дəріс 

берушіге  немесе  екі  түрлі  құралдарды  біріктіретін:  ақпараттың  кескіні  мен  қарапайым 

маркер тақтасын біріктіретін құрал [2.243].  

Қазақстан  тарихын  қысқаша  таныстырумен  басталады.  Өзге  елдің  тарихын 

тыңдаушығақызықты  əрі  жеңілдетілген  тілде  жеткізу  үшін  материалдарды  жүйелеп, 

нақтылап береміз. Бұл жерде оқытушы компьютерлік білімді болуы қажет.  

Сабақ Power Point  презентациясы түрінде беріледі. Презентацияға алғашқы сабақта 

Қазақстанның  жер  көлемі,  астаналарының  тарихы,  халық  саны,    облыстар  жəне  оның 

орталықтары,  таулары,  шөлдері,  өзендері,  көлдері,  теңіздері,  конституциясы  туралы 

мəтіндеренгізіледі.  Мəтіннің  жанында  міндетті  түрде  суреттері  қойылады.  Жергілікті 

балаларға  Қазақстанның  1920  жылдан  бергі  төрт  астанасын  таныстырып  жатқанда  олар 

көз алдына бірден суреттерін елестете алады. Дəрісханадағы тыңдаушылардың шетелдік 

азаматтар екенін ескеретін болсақ, оларға бұл тəн емес. Шетелдік тыңдаушыларға фото, 

видео  фильмдер,  арқылы  Қазақстанның  тарихын  таныстыру  өте  тиімді.  Кез  келген 

шетелден  келген  студентке  Қазақстан  елі  туралы  жағымды  пікір  қалыптастыру 

тарихшылардың басты міндеттерінің бірі болып табылады.Сондықтан біз Қазақстаннның 

жетістіктері туралы мəліметтерді көптеп береміз.  

 

Қазақстан тарихын ауған тыңдаушыларына өткізудің тиімді жолдары: 



 

1.  Бірінші  сабақта  дəрісті  түсіндіріп,  бірден  дəптерге,  ал  жаңа  сөздердің  барлығын 

сөздікке жазғызу. Ескерту: дəрістерді міндетті түрде дəптерге көшіру қажет. Бұл олардың 

жазуларының жөнделуіне жəне тез жазып үйренуіне көмектеседі. Бірінші дəрістен кейін 

қалғандарын  үйге  жазуға  беріп,  əр  дəрістің  соңына  сөздік  жасатамыз.  Себебі,  сабақ 

үстінде  жазуға  кеткен  уақытты  оқуға,  картамен  жұмысқа,  ауызша  сабақ  айтуға 

жұмсаймыз.  

 

2.  Сабақты  бірден  картамен,презентациямен  бастаймыз.  Ауған  тыңдаушыларына 



күнделікті  дəрісте  Қазақстан  Республикасының  саяси  картасын  қолданамыз.  Ежелгі 

Қазақстаннан бастап қазіргі заманға дейінгі тақырыптағы барлық карталарды презентация 

арқылы көрсетеміз. Картамен жұмыс істеуде тек ауған тыңдаушылар ғана емес, Қазақстан 

мектебін  бітірген  оқушылар  мен  шетелден  келген  қандастарымызда  қиналады. 

Алғашқыкезде  картадан  оңтүстік  пен  солтүстікті,  батыс  пен  шығысты  шатыстыратын 

балалар  күнделікті  сабақта  жұмыс  істеу  нəтижесінде  жақсы  жетістіктерге  жетеді. 

Презентациямен картаны үйренгеннен кейін, бақылау жұмысы арқылы картаны сызғызып 

олардың білімдерін тексереміз.   

 

3.Тыңдаушыларға  дауыстатып  оқытып,  бір­біріне  сұрақ  қойдыртып,  қателерімен 



жұмыс істеу. Қазақ тілі сабағында ғана минутқа оқытып үйретпей, тарих сабағында да осы 

əдісті  пайдалануға  болады.  Тыңдаушы  біріншіден;  минутқа  оқу  үшін  қайта­қайта  оқып 

дайындалады.  Екіншіден;  қайталап  оқу  барысында  тыңдаушы  сөздерді  жаттайды  жəне 

ауызша сабақ айтуға дайын болады.  



524 

 

 



4.  Интерактивті  тақта  мен  проектормен  жұмыс  істеуге  үйретіп,  5­6  айдан  кейінгі 

студенттік ғылыми конференцияға біртіндеп дайындаймыз.  

 

5. Төрт апта өткеннен кейін аптасына бір рет "Көшпенділер", "Жау жүрек мыңбала", 



"Қыз  Жібек",  "Балалық  шағымның  аспаны"  фильмдерін  көрсетеміз.  Фильм  көру  жəне 

естілім арқылы есте сақтаудыдамытады.  

 

6. Аралық бақылау жұмысы тыңдаушыны зеріктіретіндей бір сарынды емес, əртүрлі 



болғаны  жөн.  Мысалы,  20  сұрақ  тест,  келесі  10  сұрақты  контурный  картаға  түсіру,  10 

сұраққа  бір­екі  сөзбен  жауап  жазу,  10  кестедегі  сұрақтар  мен  дұрыс    жауаптарды 

байланыстыру,  тыңдаушының  парағында  көрсетілген  бір  тақырыпты  ауызша  айту,  10 

фото сұраққа жауап беру, соңында карта бойынша білімін тексеру. Əрине бұл сырт көзге 

қиын көрінгенімен жүз пайыз дайын тыңдаушыға аса ауыр емес. 

 

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мəселелерді 



шешуге көмектеседі;  

­  Пəн бойынша базалық білімді меңгеру;  

­  Алған білімді жүйелеу; 

­  Өзін­өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 

­  Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;  

­  Тыңдаушыларға  оқу  материалдарымен  өздігімен  жұмыс  істегенде  əдістемелік 

көмек беру;  

Бұл  технологияны  оқу  материалын  хабарлау  жəне  тыңдаушылардың  ақпаратты 

меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру, жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау 

мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін əдіс деп қарауға болады [1].  

Қорыта  келе  айтарымыз  қазіргі  техниканың  дамыған  заманында  қай  пəнді  алып 

қарасақта  интерактивті  тақта,  мультимедиа,  презентациясыз  елестету  өте  қиын.  Сабақ 

барысында  дəрісті  заманға  сай  техникалық  құралдарды  меңгеріп,  жастардың 

қызығушылығын ескере отырып жүргізетін болсақ нəтижелі болатынына сенімдіміз.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1Əлқожаева Н.С.  Педагогика Алматы: Қазақ университеті,2015. 

2 БөрібековаФ.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі педагогикалық технологияларАлматы, 2014 

ЖОК[159.9:37]:62                                                                                                                                                     

 

 

УДК 32: 316.37; 242.7 



Нұрғалым К.С. 

с.ғ.к,. доцентҚ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ  ұлттық техникалық  зерттеу 

университетіАлматы, Қазақстан  

E-mail: 

kadyr_n@mail.ru

 

 

СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 



ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ РӨЛІ, ӘЛЕУМЕТТІК НЕГІЗДЕРІ 

 

Abstract.  In this article the author characterize the political intention of 20

th

 and 30


th

 of 


Kazakhstan after the October period of history, when there appeared a lot of alternative opinions 

which disappeared of least, many person were under repression in 1937, 1938 years. One of them 



525 

 

was N.Nurmakov the head of the government of Kazakh Autonomous Soviet Socialist republic 



in 1924­1928.  

Key words: political culture, formation of patriotism. 

 

Бүгінгі  тəуелсіз  қазақ  мемлекетінің  ең  ұлы  мұраты­ұлттық  идеяны  қалыптастыру  болып 

отырғаны  анық.  Өсер  ұрпақтың  саяси  қоғамдық  санасын  қалыптастырып,  тəрбиелеп  

отыру  мақсатында  кешегі  саяси  тарихымыздың  ақиқатын  зерттеп  оқыту  маңызды.  Бұл 

жөнінде  оң  бағыт  берген  Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаев  былай  деген  болатын:  «...Өткен 

ғасырдың  басында  ұлттық  бірлікті нығайту  идеясын  алған,  тарат  қан  рухани­зерделі  игі 

жақсылар  қазақтың  ұлттық  идеясын  жасау  міндетін  өз  мойнына  алды.  Олар  қоғамның 

түрл  ітарапынан  шыққандар  əрі  ең  алдымен  дəстүрлі  дала  ақсүйектерінің  өкілдері  еді. 

Қазақ  қоғамында  зиялы  қауым  қалыптасуының  ұрпақтар  эстафетасы  сияқты  сипаты 

болғанын атап айтқана бзал. Ол тұста ой еңбегімен кəнігі түрде шұғылдану атадан балаға 

жұғысты  болып  отырған»  [1].  Ендеше,  саяси  ой­пікірлердің  ерекше  айшықталып, 

қоғамымызды дамытудың саяси жүйесі ретінде дамытуды Елбасы атап көрсеткендей қазақ 

зиялылары өз мойнына алды. Олар қазақ халқын тəуелсіздікке жеткізетін маңызды саяси 

құндылықтарды дөп басып, ұлттық идеяның басты мұраттарын анықтап берді. 

Қазақстанда саяси жүйесі əлемдік тəжірибеден жəне саяси ойдың дамуының салдары 

мен  нəтижесінен,  əлемдік  саяси  тəжірибеден  тысқары  мүлдем  жаңа  саяси  мəдениет 

қалыптастыра алмайтындығы даусыз.  

Саяси  институттардың  қалыптасуы  қазақ  халқының  саяси  мəдениеті  мен  ұлттық 

психологиясыүшін  жат  емес.  Қазақ  елінің  саяси  тарихында  орыналған  «далалық 

демократияда»,  əдет­ғұрып  нормалары  мен  салт­дəстүрінде  азаматтық  қоғамға  саяси 

институттарға тəн белгілер, принциптер мен құндылықтар жүйесі болған. Қазақстандағы 

демократиялану  процесіндеигі  дəстүріміздің  заман  талабына  сай  келетіндерін 

модернизациялау арқылы, саяси тəжірибеге ендіріп, саяси институттардың қалыптасуына 

елеулі үлес қосуға болады.  

Б.А.  Грушин,    саяси  сананы  модернизациялауда  құрылымдағы  əртүрлі 

психологиялық  компоненттерді  абсолюттендіруге  болмайды,  қоғамдағы  психологияны 

саяси  ойдың  бір  көрінісіретінде  қарастыру  керек  дегенді  ұсынады  [2].  Саяси  ойдың 

дамуында  көптеген  əлеуметтік  мəселелер  мен  қоғамның  қайшылықтары  көрініс  табады, 

мемлекеттегі  өзгерістерге  тікелей  əсерін  тигізеді.  Саяси  ой,  саяси  сана  қоғамдық 

болмыспен  бірігіп  күрделенетін  жəне  қарама­қайшы  процесс.  Қоғамдық  сана 

экономикалық  қатынастармен  байланысып,  саяси  іс­əрекетті  қалыптастырады. 

Идеологиялық  жəне  əлеуметтік  –  психологиялық  факторлар  экономиканың  дамуына 

септігін тигізеді, оның даму жолдарын қарастырады. Адамның қоғамдағы болып жатқан 

құбылыстармен  оқиғаларға  өзінің  позициясын  алға  қойып,  көптеген  қоғамның  кең 

мəселелерін қозғайды, өзінің өмірлік тəжірибесіне сүйене отырып, оның шешу жолдарын 

анықтауға тырысады. 

Саяси  психологиялық  ойдың  қалыптасуы  туралы  толығырақ  Н.М.Сапошковтың 

еңбегінде  қарастырылған.  Қалыптасатын  саяси  ой  стихиялы  практикалық  қызметтің 

нəтижесінде, еңбек пен тұрмыстың эмпиристік жағдайларында пайда болды. Саяси ойдың 

бұл  түрі  арнаулы  саяси  қызметтің  жемісі  емес.  Бұл  саяси  ой­күнделікті  өмірдің 

рационалды  жəне  эмоционалды  тұрмыстық,  қоғамда  қалыптасқан  салт­дəстүрлердің, 

əдет­ғұрыптардың, қөзқарастардың жəне дүниетанымның көрінісі[3]. Күнделікті сананың 

драматизмі  –  өмір  шындығымен  байланысады,  ал  саяси  ой  –  теориялық  сананың 

идеологиясы күнделікті санадан бейтарап емес. Бірақ ол күнделікті саяси ойға сын көзбен 



526 

 

қарап, стихиялық алыптасқан қөзқарастарға белгілі бір идеологиялық база жасай отырып, 



қоғамдық пікірге, қоғамда саяси ойды модернизаициялауға ықпал етеді. 

Аристотель  мемлекетті,  оның  құрылымын  азаматтардың  басқаруға  əртүрлі 

құрылымдарымен биліке қатысуы, саяси ойды қоғамдық саяси өмірге енгізіп таратушылар 

негізінде  зерттеді  [4]. Оның  саяси  ғылымында  «қатысу»  негізгі  ұғымдардың  бірі  болды. 

Қандай  мəселе  қарастырылса  да,  тұрғындардың  саяси  мəселелерге  қатысуы  немесе 

қатыспауы  тұрғысынан  талданды.  Саяси  идеологияда  психологияның  өзгеруіндегі  жəне 

дамуындағы  анықтаушы  фактор  болып  табылады.  Аристотель  өмір  күрделі,  үнемі 

өзгерісте  болады  деп  ескертеді.  «Жазылған  заңдарды  өзгермеген  қалпында  қалтыруға 

болмас.  Себебі,  өмірдің  басқа  салаларындағыдай  мемлекеттік  құрылыстада  барлығын 

дəлме­дəл  сөзбен  жаза  алмаймыз.  Заңдарды  жалпылық  сипатта  еріксіз  жазасыз, 

аладамдардың  əрекеттері  жалқы.  Сондықтан  кейбір  заңдарда  өзгертіп  тұру  қажеттілігі 

туады»,­  дейді  Аристотель.  Заңдарды  өзгерту  маңызды  емес  олардың  мемлекетік 

құрылыстың озық үлгілеріне сəйкес болуы маңызды,­ деп есептейді ұлы грек ойшылы. 

1920­жылдары  қазақстандағы  саяси  тартыстар  өте  күрделі  жағдайда  қалыптаса 

бастады,    болъшевиктер  Алашорда  басшыларын  ұлттық  буржуазия  мен  феодалдық 

топтардың  таптық  мүддесін  жанұшыра  қорғайтын  контр  революциялық  күш  есебінде 

қарады.  М.И.Фрунзе  бастаған  болъшевиктердің  негізгі  идиалогиасы  қазақ  бұқарасының 

таптық сезіміне тие отырып, Алашорда қайраткерлеріне оларды қарсы қойды. Өзретінде 

Ə.  Бөкейханов  «Біз  қарап  отырсақ  қоса  қарасында  бос  кетеміз.  Қазақ  жұрты  болып 

басқамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл,  үй артынан жау келеді. Алаштың 

баласы,  ақтабан шұбырынды,  алқакөл сұламадан соң,  200 жылда,  басыңа бір қиын іс 

келеді. Ақсақалаға,  азаматі ні,  отбасы араздықты,  даудықой,  бірік, жұртқызметіне кіріс, 

Алаштың басын қорғауға қамқыл»­деп жазды [5].  

Ə.Бөкейхановтың  саяси  көзқарасынан  шұғыл  шешімдер  қабылдап  мемлекет 

қалыптасуына апаратын жалғыз жол – ұлттық идея, ұлттық тұтастық қана деп түсіндіруге 

тырысты.  Өлкедегі  саяси  жағдайды  күрделендіре  түскен  Түркістан  жұмысшы­солдат 

кеңесі  өлкедегі  саяси  билікке  таласа  отырып,    жергілікті  ұлттардың  заңды  мүдесімен 

талап­тілегіне құлақ та асқанжоқ. Анығырақ айтқанда,  ол жаңа саяcи жағдайды пайдалана 

отырып,  Түркістанда  ұлы  державалық  пиғылмен  уланған  переселен  кулакпен  əскердің 

билігін  бір  жола  баянды  етуге  негізделді.  Міне  осындай  күрделі,    қайшылықты,    ауыр 

жағдай  тұрғылықты  халықтың  болашағына  сенімін  жоғалтты,    соның  ішінде  қазақ  елі 

алдынаө зін­өзі аман сақтап қалу міндетін қойды. Сол кезде қазақстанда құрылып жатқан,  

ТүркістанжəнеСібіравтономиясынабайланыстыпікірлерəртүрліболды. 

Ə.Бөкейханов 

«Қазақта»  жарияланған  мақаласынд  абылай  деп  жазды.  «Түркістан  өз  алды  автономия 

болар.  Біздің  қазақтың  Түркістанға  қосылғаны  оң  деген  пікірде  бар.  Біз  Түркістанмен 

діндес, 

 

туысқанбыз. 



Автономия 

болу 


– 

өз 


алды 

мемлекет 

болу. 

Мемлекетболыпісатқаруоңайемес. 



Біздіңқазақісатқаратыназаматқажұтапотырғанболса,  

біздің жалпы қазақ қараңғы болса, Түркістан халқының қараңғылығы һəм шебер адамның 

жоқтығы  бізден  он  есе  артық.  Қазақ  Түркістанмен  бір  автономия  болса,    автономияар 

басына түйе мен есектіпар жеккен болады. Бұлар баға мініп, біз қайда барамыз»[6]. Деп өз 

ойын білдірео тырып, қазақтар тұратын аймақтарды біріктіретін,  жалпы ұлттық мүддесін 

білдіретін  автономия  құру  идеясы,    қазақ  жастарының  саяси  көз­қарасын  өзгертеді  деп 

үміттенемін. 

Болашақ  Түркістан  мемлекетінің  саяси  жүйесі,  ішкі,  сыртқы  саясаты  жөніндегі 

мəселелер  М.  Шоқайды  ойландырмай  қойған  жоқ.  Алайда  ол  түрлі  себептерге 


527 

 

байланысты: «Халқымыз мемлекеті мен қоғамдық өмірін өз қалауынша құру құқығына ие 



бола  алмай  отырған  кезде,  сыртқы  ортақ  жауға  қарсы  бірлікте  күрес  жүргізіп 

жатқаншақта,  Түркістанның  болашағы  анадай  немесе  мынадай  тайпаның  қолында  деп 

пайымдауға  салынып  жүрсек,  мұның  өзі  ұлттық  жауымыздың  диірменіне  суқұйып, 

нанына  май  жағып  беруден  басқа  ештеңеде  болмас  еді»  деп  1932  жылы  ескерткен. 

Дегенмен,  оның  Түркістанда  демократиялық  қоғам  құруды  армандайтыны  Түркістан 

Мұхтариятының  заң  шығарушы,  атқарушы  органдарын  құруға  атсалысқан  кезінен 

белгіліеді.  Ресей  құрамында  болғанымен,  Мұхтариятшын  мəніндегі  Орталық  Азиядағы 

тұңғыш демократиялық ел болды. Оның саяси жүйесі жөнінде өз естеліктерінде М.Шоқай 

былай  дейді:  «Біз  сол  тұста  автономияны  былай  түсінетінбіз:  Түркістанның  дербес  ел 

басқаратын  мекемелерімен  атқару  органдары,  яғни  заң  шығаратын  парламенті  жəне  іс 

жүргізетін үкіметі болуға тиіс деп ойлайтынбыз» [7]. 

Тəуелсіздік  алғаннан  кейін  М.Шоқай  қазақ,  өзбек,  қырғыз,  түрікмен,  тəжік 

халықтарының бір мемлекетке бірігіп, Түркістан Федерациясын құруды ұсынды. Зайыбы 

Мария Шоқайдың Мұстафа Швейцария мемлекеті тəріздес федерация құрғысы келді деуі 

сондықтан.  Оған  енетін  бесхалықтың  бірде  –  бірі  артықшылықпен  пайдаланбайтын,  тең 

құқылы  болмақ.  Мемлекет  құру  –  саяси  мəселе,  сондықтан  да  ол  нəсілдік  ерекшелік  ке 

емес, геосаяси факторға бағыт ұстағанды қалайды. Кейбір авторлардың мемлекетті түрік 

бірлігі негізінде құру жөніндегі ұсыныстарына орай М.Шоқай былайша түсіндірме береді: 

«Біз  саяси  жəне  саяси­экономикалық  мəселені  талқылап  отырмыз…  Мысал  үшін 

Қырымды,  Түркістанды  жəне  Əзербайжанды  алайық.  Бұлар  түрік  өлкелері.  Бұл 

өлкелердегі  түрік  нəсілдері  өзара  мəдени  байланыста  өсіп­өніп  келеді.  Өйткені  олардың 

тегі,  нəсілі  бір  –  түрік.  Ал  олардың  саяси  мəселедегі  бірлігі  жөнінен  алсақ,  бұл  басқа 

мəселе. Мəселен, Əзербайжан саяси жəне экономикалық жағынан, Түркістанға қарағанда, 

Грузиямен Кавказ ұлттарына көбірек байланған. Сол себепті оның Кавказ Федерациясына 

кіруі  əбден  табиғи.  Қырымда  сол  тəрізді.  Ол    саяси,  экономикалық жағынан  бізден  гөрі 

Украинаға жақын». 

Мемлекет құруда жағрафиялық жəне содан туындайтын басқа да жағдайларды есеп­

ке алу керектігі жөніндегі ой­пікірлерін 1939 жылы жазылған «Түрік бірлігі жөнінде»[8],  

деген  еңбегінде  нақтылап,  Ресейге  қараған  түрік  дүниесінде  тек  Түркістанның­

геосаясижағдайы ғана оның түріктік талаптарына сəйкес келеді деп қорытындылайды. 

Мұнан алайда түркі мемлекеттері, геосаяси факторларға басымдық береотырып, бір­

бірінен  мүлдем  ажырасып  кетуі  тиіс  деген  ұғым  тумайды.  Түріктер  кез  келген  уақытта 

жəне  кезкелген  жерде  бір­біріне  рухани­моральдік  көмек  көрсетулері  керек  дейді.  Бірақ 

Мұстафа  ешқашанда  Анадолыдан  Алтайға  дейін  бір  түрік  мемлекетін  құруды  көздеген 

емес.  Сондықтанда  оны  түрікшілдіктің  түркістандық  бағытының  негізін  қалаушы 

деуімізге  негіз  бар.  Қазақстан  өзінің  төл  ерекшеліктерін  ескеруге  қаблетті  болу  керек. 

Ондай  қаблетті  қалыптастыратын  –  феномен  ғасыр  басындағы  саяси  қайраткерлердің 

еңбектеріндегі ойлары мен идеялары деп есептейміз. Өткен ғасырдың басындағы отарға 

айналған  қазақ  елінің  əлеуметтік  экономикалық,  саяси  дамуындағы  ұлттық 

проблемалардың шешімін ұсынып, тəуелсіздікке бастайтын жолды көрсетуде жетекшілік 

рөлін  қолына  алған  қазақ  халқының  кемеңгер  тұлғалары  Ə.Бөкейханов,  М.Дулатов, 

Ы.Мұстамбаев,  С.Сəдуақасов,  Х.Досмұхамедов,  Н.Нұрмақов,  Ж.Ақбаев,  К.Төгісов, 

М.Əуезов,  т.б.  сан­қырлы  шығармашылығымен  танылған  қайраткерлердің  мұраты  бір 

арнаға  тоғысты.  Олар  қазақ  ұлтының  азаттығы,  теңдігі,  бостандығы  мен  жалғасатын 

тəуелсіз мемлекет құруды армандап қоймай, барой­пікірімен жəнеіс­əрекетімен, атқарған 


528 

 

қызметі мен қазақ елін шынайы егеменділікке бір табан жақындатқан азаматтар болатын. 



Қоғамымызды  өркениеттің  белесіне  тартқан  көсемдердің  асыл  қасиеті­олардың 

қай­қайсысы  болмасын  жан­жақтышығармашыл,  «сегізқырлы,  бірсырлы»  тұлғалар 

екендігітарихқааян. Саяси күрескер, жалындыпатриот, əріғалым, əрі киелі өнер иесі жəне 

өз мамандықтарының білгірі халқымызды абсентеизмнен арылуға шақырды. 

Олар  шыққан  орта  тұрғысынан  əртектіеді:  қатарларында  ақсүйек,  бай­  шонжарлар 

əулеттерініңде, орта дəулетті отбасыларының өкілдері де, жекелеген қарапайым еңбекші 

шаруалардың  балаларыда  бар  еді.  Жоғары  жəне  арнаулы  орта  оқу  орындарынан  алып 

шыққан кəсіби мамандықтары да əртүрлі. Бұлар отар ахуалындағы қазақ өлкесінің басқару 

аппараттарында:  чиновниктер,  денсаулық  сақтау  мекемелерінің  қызметкерлері, 

журналистер,  оқу­ағарту  жəне  мəдениет  саласында,  санжағынан  басқа  топтардан  аз 

инженер – техник қызметкерлер ретінде түрлі жұмыс атқарды. 

Олар,  негізінен,  Петербургтің,  Варшаваның,  Мəскеудің,  Қазан,  Уфа,  Ташкентпен 

Омбы,  Том  университеттері  мен  институттарында,  т.б.  қалалардағы  арнаулы  орта  білім 

беретін оқу орындарында білім алды. Жекелеген қазақ жастары Түркиямен Мысыр сияқты 

елдердің мұсылмандық жоғары мектептерінде оқыды. Осы екі бағытта (немесе бір – біріне 

ұқсамайтын екі ортада) білім алу қазақ зиялылары арасында қоғамдық – саяси ойдың екі 

бағытының – батыстық жəне шығыстық түрінің қалыптасуына негіз болды.  

Қазақ интеллигенттерінің басым көпшілігі тек қана бір кəсіби мамандықтың тізгінін 

ұстау мен шектелмей, əмбебап мамандар ретінде қызмет етті: олар оқу – ағарту ісімен де, 

қазақ  тілінде  басылымдар  (кітап,  газет,  журнал)  шығаруісімен,  жан  –  жақты 

шығармашылық  жұмыс  пенде  қатар  айналысты.  Осылардың  барлығында  ортақ  қасиет, 

ортақ  ерекшелік  –  олардың  қазақ  қауымының  қоғамдық­саяси  сұраныстарына 

мүмкіндігінше толық жауап беруге тырысуы еді. Елдің саясаты мен мəдениетіндегі ұрпақ 

қызметінің  рухын  айқындай  түсетін  рухани  қасиет  үлгілері.  Қазақ  қайраткерлерінің 

тұлғалық  көріністері  зиялылық,  саяси  тұрғыда  зерттеуде  ұлттық  интеллигенция 

ұғымынан, зиялылықтың, саяси тұлғалардың қалыптасуына қолжеткіземіз. 

Қазақ  интеллигенттері  батыстық  өркениеттен  кенже  қалғанымен,  мемлекеттік 

билікті  бөлу  туралы  Дж.  Локк,  Л.Ш.  Монтескье,  Жан­Жак  Руссо  қағидаларын,  Алаш 

өкілдері  меңгерді  саяси  ойларын  дамытты,  билікті  бөлісу  идеяларын  еңбектерін  деп 

айдаланды. 

Дж.  Локктың  «Саяси  билікті  дұрыс  бағалау­адамдар  қандай  табиғи  жағдайда  өмір 

сүріп  отыр  деген  сұрақтың  жауабын  күн  ілгері  береді»  деген  пікірінің  қай  заманда 

болмасын  мəнізор[9].  Оның  негізгі  тезисі­шексіз  деспоттық  билік  немесе  белгіленген 

тұрақты заңсыз басқару қоғамының мақсатына еш сай келмейді. Бұл тезистен туындайтын 

ой:  биліктің  қызметін  заң  қабылдайтын  жəне  оны  орындайтын  деп  бөліп,  саяси  билікті 

модернизациялауға негізделгені байқалады. Ұлы ойшыл өз пікірін əрі қарай жалғастыра 

отырып, атқарушыбилікзаңшығарушыорганғатəуелдіжəнеоғанесепберіпқанақоймай, оның 

қалауымен өзгеруі де, орнынан ауысуы да мүмкін ­ дейді. Ш. Монтескье билік тармақтары 

арасындағы  тежемелі  принциптерді  де  сөз  етеді.  Мысалы,  егер  атқарушы  биліктің  заң 

шығарушы  жиналыстың  əрекетін  тоқтата  алатын  құқығы  болмаса,  онда  заң  шығарушы 

орган деспоттық түрге айналады, өйткені, ол өзі қалаған кез­келген билікке ие болады да, 

бар  билікті  жояды.  Сол  себептенде,  Ш.Монтескьенің:  «Билікті  теріс  пайдалануға 

мүмкіндік бермеу үшін əртүрлі биліктер бір­бірін өзара тежеп отыратындай тəртіп қажет» 

деп  жазуы  тегіннен­тегінемес.  Бұл  қағида  мемлекеттік  биліктің  қатаң  бөлінісі  жүзеге 



529 

 

асқан демократиялық мемлекеттердің Конституцияларының барлығында модернизацияға 



негізделетінін айқындаған.  

Қазақ  зиялылары  азаттық  күресі  жолында  нақты  мақсаттарды  белгілеген 

көзқарастары  «саяси  өрлеу  дəуірін»  болжауға  сəйкес  келеді.  Оның  əлеуметтік,  саяси 

қайнар  бастауын  сол  қоғамның  дамуының  терең  қайшылықтарынан  көруге  болады. 

Əсіресе,  Ресей  құрамында  болуы  қазақ  халқының  тарихындағы  аса  күрделі  кезең 

саналады. Кемеңгер ұлдары бастаған қазақ халқы үшін де бұл кезең азаттыққа, өнер­білім 

арқылы 

өркениетке 



ұмтылған 

жылдар 


еді. 

Қорыта 


айтқанда, 

жастардыңсаясимəдениетінқалыптастырудасаясиқайраткерлердіңидеяларын, 

құндылықтарын  зерттеп  үирету  уақыт  талабы.  Тұтас  мемлекеттік  саясаттың  барлық 

бағыттарының  ажырамас  бөлігі  ретінде  күшті  жəне  терең  пайымдалған  мəдениет 

қалыптастыруда,  студенттерге  саясаттану  пəнін  оқытудың  рөлі  жоғары  екендігі 

байқалады.  Ғылымға  негізделген  саясат  қазақстандық  қоғамның  социомəдени  дамудың 

сапалы  жаңа  сатысына  көтерілуіне  жəне  XXI  ғасырда  тəуелсіз  жəне  гүлденген  мемлекет 

ретінде Қазақстанның қалыптасуына мүмкіндік береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет