Т = 146/22 = 6,64 (аса жағымды пікір)
Жалпы саны 516 форум қатысушыларының белсенділігі бойынша 122 əйел, 394
ерлерді құрады. Олардың арасында кері пікірге ие 2 əйел, 20 ер адам, оң пікірге ие
болғандар 38 əйел, 108 ер адам, ал бейтарап пікірге ие 2 адамның екеуі де ерлер болды.
Қалалық кескінде, қалалар біріншілігі Алматыға тиді, екінші орын еліміздің астанасы
Астана қаласына, одан кейінгі орындар Ақтау, Атырау, Көкшетау, Түркістан, Шымкент
жəне т.б. қалаларға тиесілі болды. (Диагр. 2)
Кесте 1 Пікірлер жіктемесі (сандық көрс.)
№ Қалалар
Оң пікір (+) Кері пікір ()
Бейтарап (0)
Қалыс қалғандар
1 Алматы
82
11
149
2 Астана
12
99
3 Ақтау
3
10
4 Атырау
1
7
5 Көкшетау
7
1
6 Түркістан
4
3
7 Шымкент
3
2
8 Басқа қалалар
34
8
2
78
Барлығы
146
22
2
346
Құрамдық көрсеткіші бойынша, форумдықтардың арасында жанұялы туристер саны 52ні
(25і əйел, 27і ерлер) құрады. Жанұялылардан тыс, 91 форумдықтар өздерінің 210 адам
құрамындағы топтар қатарында саяхаттағандарын баяндаған.
0
50
100
150
200
250
300
Оң пікір
Кері пікір
Бейтарап пікір
Қалыс қалғандар
489
Диаграмма 2 Пікірлер жіктемесінің қалалық кескіні
Жанұялылардың 38,4 саяхаттарын Алматы қаласында өткізгендерін баяндаған,
олардың 76,4 елге алғаш саяхаттаушылар, 17,7 потенциалды туристтер, ал 5,9
Қазақстанда жұмыс істейтіні анықталды. Уақыттық кескін бойынша туристтер елімізге
20132016 жылдары жанұясымен саяхаттарын арттырған, əрі Алматының ыңғайлылығы
мен қауіпсіздігін баяндалған.
Астана қаласы бойынша қызығушылық тудырған сұрақтар: қонақүй, кіру визасы жəне
жанұямен саяхаттауға болатын көрнекі орындар болды.
Диаграмма 3 Пікірлер жіктемесінің жылдық кескіні
Форумдықтардың ойпікірлері жіктемесінің уақыттық кескіні үшінші диаграммада
көрсетілді. Кескін бойынша, жарияланымдар 2006шы жылдан бастап біртебірте
белсенділігін арттырған. Көрсетілгендей, кері пікірлі мəтін саны тек 2008ші жылы 6ны
құрап, қалған жылдары шекті белсенділікке ие болды. Оң пікірлі мəтіндер 2007ші
жылдан ауыспалы белсенділік танытты. Деседе,қалыс қалғандар саны 2008ші жылы 24ті,
ал 2013 жылы одан 3 есеге артық 71 көрсеткішіне жеткен.
1
1
2
13
2
14
3
14
22
15
32
27
0
0
3
6
0
4
3
1
1
0
3
1
0
0
0
0
0
0
0
0
0
1
1
0
0
10
20
30
40
50
60
70
80
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Оң пікір
Кері пікір
Бейтарап пікір
Қалыс қалғандар
490
Диаграмма 4 Пікірлердің сыныптық жіктемесі
Жиналған ақпаратты талдау барысында ойпікірлер сегіз негізгі топқа сыныпталды.
Олар: қауіпсіздік мəселесі, визалық қолдау тəртібі (туристік виза, транзиттік виза, елге
шақырту); орналасу орындары (пəтер жалдау, қонақүйлер, санаторийлер); көрнекі
орындар (көрнекі ландшафтар, демалыс орындары, музейлер, табиғи тематикалық
парктер, діни орталықтар, клубтар); туристік ақпарат (туристік маршруттар, жалпы
ақпарат, ауарайы); туристік қызметтер (банк карталарының қолданысы, валюта курсы,
гидтік қызметтер, турфирмалар қызметтері, туристік турларды ұйымдастыру қызметі,
тамақтану орындары жəне қызмет сапасы, билеттер тапсырысы, конференциялар);
тасымал құралдары (авиатасымал, қоғамдық автобустар маршруттары, теміржол
тасымалы мен такси қызметтері); бағалар (көрнекі орындар, туристік қызметтер мен қонақ
үй бағалары) (Диагр. 4, 5).
Қауіпсіздік мәселесі
Визалық қолдау тәртібі
Орналасу орындары
Көрнекі орындар
Туристік ақпарат
Туристік қызметтер
Тасымал құралдары
Оң пікір
Кері пікір
Бейтарап пікір
Қалыс қалғандар
491
Диаграмма 5 Пікірлер жіктемесінің үндестік құрамы (%)
«Оң пікір» мәтіндері:
Пікір 1: Алматы үлкен қала, саяхаттауға тұрады əрі қауіпсіз. Біз онда соңғы сегіз
айдың ішінде екі рет болдық жəне бұл қаланы өте жақсы көреміз.
Алматыдан көптеген орындарға саяхаттауға болады (таулар, көлдер, ұлттық
парктер, коньондар) жəне олардың бəрі өте керемет. Мен сіздерге таулы аймақтағы көлге
саяхаттауды кеңес етемін (12 сағаттық жол).Тағы кеңесім Шарын каньонына саяхаттау.
Онда киіз үйлі жаңа лагерь ашылған. Қайтар жолда Көлсай көліне тоқтап жаяу
саяхаттауға жағдай жасалған туристік лагерь бар. Сондайақ, Түрген ұлттық паркіне
тоқтағаныңыз жөн. ...
Жақсы саяхат тілеймін!
Инди-гайд, Швейцария
Пікір 2: Барлығыңа сəлем! Қазақстан туралы қатты кетпеңіздер.
Мен Америка азаматымын, Қазақстанға əртүрлі жылдары бес рет саяхаттадым.
Саяхат барысында басты мақсат шытырман оқиғаны не демалысты
қалайтыныңызды шешуіңіз керек. Егер Сіз қауыз маңында коктейль ішіп жатқыңыз келсе
Қазақстанға бармаңыз.
Алайда, киіз үйде отырып, биенің ферментті сүтін ішіп, жақсы адамдарды
кезіккілеріңіз келсе онда саяхаттағандарыңыз жақсы...
Сəттілік тілеймін!
-60%
-40%
-20%
0%
20%
40%
60%
80%
100%
Қауіпсіздік мәсе
ле
сі
Тури
стік
виза
Транзиттік в
иза
Елге
ш
ақырту
Ба
нк
ка
рта
ларыны
ң
қолдан
ысы
Валюта к
ур
сы
Гидтік қы
змтте
р
Турф
ир
малар қы
зме
тте
рі
Тури
стік
тур
ларды
…
Тамақтану о
рынд
ар
ы,
қызме
т …
Билетте
р
тапсы
рысы
Конферен
циял
ар
Пәтер жалдау
Қонақ үйл
ер
Санатори
йле
р
Кө
рнекі ландш
афта
р
Де
малыс
ор
ын
дары
Музейле
р
Табиғи тематика
лы
қ
парк
тер
Дін
и о
рта
лы
қтар
Клубтар
Тури
стік
мар
ш
ру
ттар
Жал
пы
ақпар
ат
Ауа
-ра
йы
Авиа
тасымал
Қоғамдық
авто
бустар
Те
міржол
тасымалы
Такси қы
зме
тте
рі
Кө
рнекі о
рынд
ар
бағалар
ы
Тури
стік
қызме
тте
р
бағалар
ы
Қонақ үй бағалар
ы
Оң пікір
Кері пікір
Қалыс қалғандар
492
Мажб, АҚШ
Пікір 3: Сəлем 10ЛИН!
Ол сіздің жүрген жеріңе байланысты. Əлемнің əрбір түпкірінде басыңызға бəле
тілеп алааласыз. Қаланың шетжағасынан аулақ болыңыз, орталық болса кешкі серуен
үшін қауіпсіз. Паспортыңызды жіберу үшін ДЧЛ, Федекс компанияларын қолдана аласыз.
Ал, ұшу кестесін анықтау үшін адресі бойынша өтіңіз.
Сəттілік тілеймін! (Сұрақ Алматы қаласы бойынша қойылды).
Максим, ҚР
«Кері пікір» мәтіндері:
Пікір 1: Жауап: Көмектесіңіздер! Атырауға көшу туралы қандай да ақпарат
қажет???
Қысқаша айтқанда, Сіз мұнайлы өңірге жұмыс істеуге келгелі отырсыз.
Шыны керек, ақша табуға жақсы жер болса, өмір сүруге еш қолайсыз. Қолайсыз
ауарайы, экология, мəдени ісшаралардың болмауы, емханалар –жақсы, алайда қауіпті
болуы да мүмкін.
Онда тұратын құрбылардың көбі қауіпсіз орталықтары мен виллаларында өмір
сүреді. Жергілікті тұрғындар қазақша сөйлейді əрі дінге берілген. Жақсысы – теңіз, бірақ
жылдың көп бөлігінде теңізге түсе алмайсыз.
Сауле, Алматы
Пікір 2: Алматының қонақүйлері
Мен Алматыға баруға дайындалудамын,... қаланың конақ үйлері туралы мағлұмат
қарастырудамын.
Соңғы сапарымда Гранд Азия қонақ үйінде бірнеше күн тоқтадым, ... бұл жерді
ешкімге кеңес етпеймін.
Келесі үш аптаны Отырар қонақ үйінде өткіздім, бұл жер оншалықты жаман болған
жоқ, алайда америкалық стандарт бойынша үш жұлдызды қонақ үй деңгейіне сай.
Осы жолы мен Тянь Шань қонақ үйіне тапсырыс жасадым, ол туралы толық
мағлұмат таба алмадым...Уайымдауым керек пе?
Отырар мен Тянь Шань қонақ үйлерінің қызметтері салыстырымға келеді ме?
Жақын арадағы заманауи спорт орталығын кеңес ете аласыздар ма?
Кез келген кеңес көмек болар еді... Рахмет.
РИ-7, Эдмонтон, Канада
«Қалыс қалғандар» мәтіндері:
Пікір 1: Алматы маңындағы жерлерге гидпен саяхат
Барлығыңа сəлем,
Мен Алматыға сəуір айында саяхаттауды жоспарлаудамын, 4ші сəуірде менімен екі
адамға Алматы қаласының маңын, Каньонды көрсететін ағылшын тілді гидті
іздестірудемін.
Араларыңызда сондай адамды танитындарыңыз болса, немесе біреуіңіз ағылшын тілін
игерген гид болсаңыздар, осы күні бізге қызмет көрсете аласыздар ма?
Біз 4 сəуірдің түнжарымында елімізге қайтамыз.
Алдын ала рахмет!
493
Тангбили, Гонконг, Қытай
Пікір 2: Алматы мен Астананың көрнекі жерлеріне тур
Барлығыңа сəлем,
Мен қазан айында екі күнге Астанаға келемін, əрі осы саяхатым барысында Алматыны
саяхаттауға тоғыз сағаттық уақытым бар.
Мүмкіндік болса, Алматы мен Астана бойынша көрнекі орындар турын өткізетін
компаниялар не жеке тұлғалар бойынша ақпараттарыңыз бар болса, кеңес берулеріңізді
сұраймын. Қымбат болмаса тіпті жақсы, өйткені мен шектеулі бюджетті сапардамын.
Көмектеріңіз үшін, алдын ала рахметімді білдіремін.
Меззаринг, Барнстапл, Ұлыбритания
Қорытынды. Талдау нəтижелері көрсеткендей, пікірлердің үндестігі 2005 бейтарап
пікірден, 2016 жылы аса жағымды пікірге өзгерген. Шетелдік туристердің
форумдарындағы пікірлеріне сəйкес, ғаламторда еліміздің көрнекі орындары, туристік
маршруттар, тасымалдау құралдары, туристік кəсіпорындардың адрестері мен
телефондары туралы толық əрі нақты мəліметтердің жетіспейтінділігі баяндалады.
Мұндай жағдай, Қазақстанның туристік потенциалын толық көлемде көрсетуге бөгет
болары анық.
Туристік мағлұматтың жетіспеушілігі мəселесінің шешімі ретінде автор Қазақстанның
туристік интерактивті картасы мен 24 сағаттық мағлұматтық – кеңес беру орталығы
жобаларын жүзеге асыруды кеңес етеді. Ақпараттық ғасырда, туристерді қолдау жобалары
жергілікті жəне аймақтық туристік кəсіпорындардың дамуына тетік болып, берілген
ақпараттың толықтылығы мен feedback талдауы арқылы көрсетілген қызметтер сапасын
əрі туристтер қалауларының өзгерісін бақылауға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 Анализ тональности текста//
https://ru.wikipedia.org/wiki/
Анализ тональности текста
2 И. Меньшиков Анализ тональности текста на русском языке при помощи графовых
моделей (рус.) // УРФУ, Екатеринбург, Россия : конференция. — 2012
3 Котельников Е.В., Клековкина М.В., Определение весов оценочных слов на основе
генетического
алгоритма
в
задаче
анализа
тональности
текстов
//
http://www.swsys.ru/index.php?page=article&id=3704
УДК 930
Молдабаева Д. Ж.
Ph.D., ассиcт.профессор,
Сүлейман Демирель университеті,
danamoldabaeva@mail.ru
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНА ДЕРЕКТІК ТАЛДАУ
(Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі негізінде)
Аңдатпа. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі түркі халықтарындағы
мемлекеттік басқару жүйесінің көне түркілік жəне ислами ерекшелігі мақаланың негізгі
тақырыбы болып табылады. «Құтты білік» еңбегі ғылыми тұрғыдан талданып, оған
қатысты көптеген еңбектер жазылса да, отандық тарих ғылымында оның түркі
494
халықтарындағы мемлекеттік басқару жүйесіне əсері туралы арнайы қарастырылмаған.
Бұл мəселе осы ғылыми мақаланың өзектілігі мен ерекшелігі болып табылады.
Кілт сөздер: Жүсіп Баласағұн, «Құтты білік», мемлекеттік басқару жүйесі,
қоғамдықсаяси құрылыс.
Тəуелсіздік алған соңғы жылдарда, Отандық тарих ғылымының көтерген мəселесінің
бірі «қазақ мемлекеттілігінің тарихы» болып отыр. Бұл тұрғыда атқарылып жатқан
еңбектер де аз емес. Десек те, нəтижелі ғылыми тұжырым жасау үшін ортағасырлық
мемлекеттердің құрлымы туралы тиянақты əрі дəйекті зерттеулер қажет сияқты. Өйткені
қазақ халқының мемлекеттік тарихын жазу үшін, олардың сонау ежелгі дəуірден бастап,
түркі тайпаларының мемлекет құру жəне басқару дəстүрін жалғастырушы халық екенін
дəйекті зерттеулермен дəлелдеуміз қажет. Қазақ елінің ерте жəне орта ғасырлық
тарихының жете зерттелмеуінің бір себебі, дерек көздерінің аздығы жəне олардың шет
тілдерде(қытай, арап, парсы) болуы. Сондайақ бұл салада ұзақ жылдар ұлттық
кадрлардың дайындалмауы да маңызды себеп болды. Соның салдарынан қазақ тарихы
орыс шығыстанушыларының аудармазерттеулерімен шектелуге жəне бізді де солар
қалыптастырған ойпікірдің төңірегінен шыға алмауға алып келді. Тарих ғылымын
дамыту, мəселелерге жаңаша қарау белгілі дəрежеде материалдық дайындықты да талап
етеді. Тарих ғылымы үшін бірденбір қажет дүние архивтікдеректік қор жəне сол
деректермен жұмыс жасайтын мамандар.
Осы себептерге байланысты ортағасырлық тарихты зерттеу үшін тек қана тарихшы
емес, əрі тілші, əрі шығыстанушы болу қажет. Десекте, осы орта ғасыр бойынша түркі
халықтарының ортақ тарихы бүгінгі Түркия Республикасында жете əрі жанжақты
зерттеліп келеді. Деректерді оқу əрі тарихи талдау жасауда түрік əріптестерімізден
тəжрибе алмасуға абден болады.
Біз де осы мақалада мемлекеттік құрлым жəне мемлекеттік басқару туралы түрік
тарихшыларының еңбектерінен салыстырмалы түрде пайдалануды жөн көрдік.
Түркі халықтарының мемлекеттік кұрлымы тұрғысынан алғанда ортағасырлық жазба
деректердің берері мол. Ортағасырлық қарахан дəуірі–мəдени жəне саяси тарих
тұрғысынан ортағасырлық түркі мəдениеті мен арабислам мəдениетінің тоғысуы немесе
танысу кезеңі. ІХХ ғасырлардан бастап түрікислам мəдени синтезінің қалыптасу кезеңі,
осы кезде түркі халықтарының мемлекет басқару жүйесінде де кейбір өзгерістердің
болғаны байқалады. Десек те, мемлекет басшысы – билеушіге қатысты ұғым сол көне
түркілік өзегінен көп өзгере қоймаған тəрізді. Бұл, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»
поэмасынан да байқалады. Еңбекте «құтты» яғни саяси билік қабілеті мен күшін беретін
Тəңірі екенін айқындайтын мынадай сөздер кездеседі: «Құт Тəңірінің бір сыйы оны
берген жəне сенің беделіңді көтерген (атаққа бөлеген) Ол (Тəңірі). Мені жараттың жəне
құтымды арттырдың, Тəңірінің кімге ықыласы түссе, ол дүниені билейді, құтқа кенеледі.
Бұл бектік дəрежесіне сен өз күшіңмен жетпедің, оны саған берген –Тəңірі. Оған шүкір ет.
Тəңірі кімдекімге Бектік дəрежесін берсе, оған лайық ақыл мен қабілет те береді» деген
сөздер поэманың көп жерінде кездеседі [1, 536 б. ].
Қарахандардан кейінгі Салжұқтар дəуірінде мемлекеттік басқару жүйесі дами түсті.
Газнауи мемлекетімен де тығыз байланыста болған Салжұқтарда (ХІІХІІІ ғғ.) «биліктің
тəңрілік сипаты» ислами элементтермен түрленгені байқалады. Бұл дəуірдің басты тарихи
деректерінің арасында, Салжұқ сұлтаны АлыпАрсылан мен Мəлік шахтың уəзірі Низам
үлМүлк жазған «Саясатнама» атты шығармада бізге қажет мағлұматтар кездеседі.
495
Мысалы, НизамүлМүлк еңбегінде: «Тəңірі əр дəуірде, əр қоғамнан басшылық қабілеті
мен құдіреті берілген адамды таңдап, оған халықты бақыт пен береке ішінде басқаруды
тапсырады»[2, 225 б.]. Автордың баяндауына қарасақ, Тəңірі таңдап алатын адамның
шыққан тегіне қарамайды, тек оның бойындағы басшылық қасиеттеріне мəн береді.
Демек, Анадолы Салжұқтары дəуірінде мемлекет басшысының көне түркі
дүниетанымындағы Тəңіріден күш пен тылсым қасиет берілген сипаты жойылып,
қарапайым пендеден өзгешелігі қалмаған[3, 230 б. ]. Бұл ұғымның қалыптасуына Ислам
дініндегі «Алланың алдында барлық құлы тең» деген концепцияның түрткі болуы да
мүмкін. «Саясатнамада» билеуші Тəңірінің ерекше ықыласы түскен адам емес, өз
бойындағы қасиеттердің (адалдық, шыншылдық, батылдық, ержүректік, ақылдылық т.б.)
арқасында оған Тəңрі «құт» берген адам болды. Осылайша ерте ортағасырларда бастау
алатын мемлекет құрлымындағы басты фактор билеушінің ролі мен міндеті уақыт өте
келе айқындала түсті.
Тарихқа көз жүгіртсек, XIVXV ғасырларда мемлекеттердің қоғамдық дамуы
əлеуметтік топтардың өсіпжетілгендігін көрсетеді. Осы кезден бастап мемлекеттің
лауазымды қызметкерлері жəне олардың құзыреті айқындала түседі. Мемлекеттік жүйеде
атқарушы органдиуан қызметкерлерінің рөлі күшті болды. Алтын Ордада олар басқару
жұмыстарымен айналысқан. Кейбір елдерде диуандар жергілікті халықтың үстінен əскери
бақылау жүргізіп, тəртіпті қадағалап отырды. Олар алымсалық жинаумен де айналысты.
Диуандардың жұмысын реттеп отыратын білікшілері (хатшы) болды. Хан кеңесінің тағы
бір көрнекті қызметшілері – даруғалар[4, 26 б]. Бұларды ханның өзі тұқымдарынан
сайлаған. Бұлар салық жинаушы мəліктердің үстінен бақылау жүргізді. Алтын Ордада
диуандарға ұқсас кеңселік қызметті басқақтар деп аталған қызмет адамдары атқарса,
Моғолстанда оларды дафта қызметкерлері деп атаған. Билеуші таптың өкілдеріне
əмірлер, бектер, билер, рутайпа ақсүйектері кірген. Ақ Ордада түркі тайпаларының
басшыларын əмірлер деп атаса, Ноғай Ордасында мырзалар деп, ал орда билеушілерін
əмір деп атаған[5, 47 б.]. Сол сияқты билер де өкімет басындағы жоғарға таптың қатарына
жатты. Аталған топтардың əрқайсысының өз қызметтері болғандықтан, төменгі топ
өкілдерінің жоғарғы топ өкілдеріне бағыныштылығын анық көре аламыз. «Құтты білік»
еңбегінде осы мемлекеттердегі мемлекеттің қоғамдық жəне саяси құрылысының қандай
болуы тиіс екендігі мен негізгі сипаттары ашып көрсетілген. Түркі халықтарының
мəдениеті мен тарихын зерттеп жүрген ғалымдардың тұжырымдауынша Түрік қағанаты
дəуірінде мемлекеттік лауазымдардың 28ден астам дəрежесі болған[6, 138 б.]. Бұл
жағдай көне жəне орта ғасырлық түркі халықтарындағы мемлекеттік басқару жүйесінің
қаншалықты қалыптасқан формада болғанын көрсетеді. Мемлекеттік басқару жүйесі
туралы мəселе бойынша тағы бір ескерілмесі қажет дүние бұл «мемлекеттік құрылтай»
жүйесі. Құрылтайда хан сайлау ісінен бастап, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы маңызды
мəселелері: жорыққа аттану, жер бөлісі сияқты мəселелер құрылтайда шешілетін болды.
Құрылтай шешімі заң деп танылды.
«Құтты білік» еңбегінде аса мəн берелетін қызмет бұл билеуші. Билеушіге
қойылатын талаптар мен қасиеттерде былай сипатталады: елжұртты басқаратын адам
ақыл, парасаты ұшантеңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық,
пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел
басқарған əкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауықсайранға құштарлық, қатыгездік,
кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Түркі халықтарындағы мемлекеттік
басқару ісі туралы көрнекті зерттеу жұмыстарының авторы Түрік тарихшысы Решат Генч
496
өзінің «Қарахандардың мемлекеттік құрылымы» атты еңбегінде Жүсіп Баласағұнның
«құт» сөзін «саяси құдірет, билеушінің беделінің» көрсеткіші ретінде яғни «қағанның
мемлекет басқару қабілеті» ретінде түсіну қажеттігін айтады [7, 85 б.].
Бұдан кейін ақын билеушінің көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уəзір
міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уəзір халықтың талап
тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ойпікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы
тиіс екенін ашып көрсетеді. Қытай деректерінде Ғұндардан бастап түркі мемлекеттерінің
түгелінде дерлік «билікті жүйелеуші, сыртқы байланыстарды қадағалаушы қызметін
атқаратын бұйрықтар(уəзірлер) туралы» мағлұматтар баршылық.Түркі мемлекеттерінде
үкімет мүшелерінің саны əр уақытта əр түрлі болып өзгеріп отырған. Дегенмен, қытай
деректеріне қарасақ, Ұйғыр қағанаты мен Түркі қағанаттарында үкімет мүшелерінің саны
тоғыз бұйрықтан тұратын[8,4б.]. Деректердегі мағлұматтарға қарағанда, осы тоғыз
бұйрықтардың алтауы «сыртқы бұйрықтар» ал үшеуі «ішкі бұйрықтар» болып жіктелген
сияқты.
Ибрахим Кафесұлы өзінің «Түрік Мəдениет тарихы» атты еңбегінде Лиу Мау
тсайдың (Liu Mautsai) қытай деректері негізінде жазылған еңбегіне талдау жасай келе
«бұйрықбақанминистр» атқаратын қызметтері тұрғысынан алғанда бірбіріне өте жақын
түсініктер делінген. Орта ғасырлық түркі мемлекетеріндегі əлеуметтік жіктелу жəне
титулдар туралы қытай деректері олардың атауларын жеткізгенімен, осы титулдағы
адамдардың нақты атқаратын қызметтері туралы жітік мағлұмат бермейді. Түркі
мемлекеттерінде сыртқы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру мен дамыту ісі
тұрғысынан «сыртқы істер уəзірлігі» маңызды орынға ие болатын. Көне түркі
мемлекеттерінде елшілікдипломаттық қызметтерді атқарушылар Білгелер деп аталатын
[9, 230 б.]. Мемлекеттің сыртқы ахаулы осы Білгелердің біліктілігі мен біліміне тікелей
байланысты болған. “Құтты білікте” елшіге қойылатын талаптар егжейтегжейлі
сипатталып жазылған. Бұл ортағасырлық түркі мемлекеттерінде елшінің рөлін анықтай
түседі. Себебі, сыртқы саясатта түркілер мыңжылдық мəдениеті мен тарихы бар Қытай,
Иран жəне Византия сияқты өркениетті елдермен терезесі тең дəрежеде байланыстар
орнатып, дербес мемлекет ретінде өздерін мойындатып келген. Осы істе елшілердің де
атқарған ісіне орай аталмыш еңбекте маңызды орын берілген. Ж. Баласағұн елші ерекше
зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен, жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс
жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет екенін айта
келіп: “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” –
дейді[10, 538 б.].
Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік
жүргізудің ережелері мен тəртібін, қоғам мүшелерінің мінезқұлық жəне əдетғұрып
нормаларын жыр еткен этикалықдидактикалық мазмұндағы көркем туындыда осылайша
елдегі барлық лауазым, кəсіп иелеріне қойылатын моральдікэтикалық талаптар
сипатталып көрсетілген.
Жүсіп Баласағұнның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі əлеуметтік
философиясында əділет, бақыт, ақыл жəне қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің”
төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Бұл төрт кейіпкер дастанның басты идеясы төрт
принципі арқылы көрініс табады. Осы төрт принцип орта ғасырлық мемлекеттің төрт аяғы
тірегі іспеттес. Олар:
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай əділ заңның
болуы. Автор əділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
497
Екіншісі, бақдəулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақдəулет мəселесі
патшаның уəзірі Айтолды (көне түркі тіліндегі уəзірайуки немесе айгужы) бейнесі
арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақылпарасаттың қоғамдықəлеуметтік рөлі уəзірдің
баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағат-ынсап мəселесі. Бұл мəселе дастанда уəзірдің туысы, дəруіш
Ордгүрміш бейнесі арқылы əңгіме болады. Осы төрт қасиеттің кімнің бойында немесе қай
мемлекеттік қызметкердің бойында болуы қажеттігі олардың атқаратын қызметтерінің
мəні мен маңыздылығын айқындап береді[11, 536 б.].
“Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас
қаһармандарының өзара əңгімесінен, сұрақжауаптарынан, бірбіріне жазған хаттарынан
тұрады. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған əкімдер қандай болуы керектігін, оқубілімнің
қажеттігін, əдептілік пен тəлімтəрбие мəселелерін дидактикалықфилософиялық
тұрғыдан сөз етеді. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген
ғұлама əлемдік үйлесімділік негізінде əділетті адамзат қоғамын құруды армандады.
Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мəн берген. “Құтты біліктің”негізгі айтар ойы–
адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты,
мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен
негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау”
қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге
бағытталған. Мұнан өзге Жүсіп Баласағұни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен
іңкəрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, əлем мен адам сырына терең бойлауға
ұмтылушылық белгілері тəн.
Бүгінгі таңда мінсіз қоғам құру үшін мемлекеттік құрлымды қалай жақсарту керек
деген сұраққа негізгі жауап іздеушілер тарихшылар болуы қажет. Ал жауабы ғасырлар
бұрын жасылса да құндылығын мен шынайылылығын жоғалтпаған осы еңбектерде
сақтаулы. Əлім сақтан бері қылыштың күшімен ұлысмемлекет құруға болғанымен, оны
күшейту көбіне қаламның күшімен жүргізілген. Демек, мемлекет қалам мен қылыштың
үстінде теңдей тұрады деген тұжырым қандай орынды десеңізші. Осы екі қағиданы тең
ұстаған Түркі тайпалары ғасырлар бойы іргесі сөгілмеген мемлекеттер мен ұлыстар
құрды. Бірақ, тамыры терең тарихымыздың беттерін парақтасаңыз осы екі қағиданың, тек
қылыш күшімен құрылған мемлекеттер тұрғысынан тарқата айтып, түркілердің
саясаттағы ұсталығын, қылыштанда қалыспайтын қаламының өткірлігі ұмыт қалып
жататыны жанға батады. Осы мəселеге тарихшылардың жəне көпшілік қауымның
назарын аудару мақсатында осы тақырыпқа қалам тарттық. Бұл мəселелердің тереңдей
зерттелуі, тарқата талдануы, көпшіліктің көкейіне қонуы əрине болашақтың еншісіндегі
іс. Десекте, тарихшылардың дəстүрлі зерттеу сарынынан өзгеше бағыт ұстанар кезі келді.
Болашақ аңызəңгіме, құр сөзге мойын бұрмайды. Өзімізді таң қалдырған тарихымыз,
өзгелерді де таң қалдырсын десек, атабабаларымыздың қылыш күшінен бұрын,
мемлекеттің басты тірегі болған қалам күшін, сөз өнерін жеткізе білуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |