Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет73/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78

 

Пайдаланыған әдебиеттер тізімі: 

1.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ­дың  Филология  факултеті,  қазақ  тілі  мен 

əдебиеті  кафедрасының  жанындағы    «Жас  журналист»  үйірмесі  туралы    ереже.–2006­

2016ж.ж. 

2.  Берікболова  Ə.Ж.,  Бекбосынова  Г.А.  Журналистиканың  өзекті  мəселелері.–

Оқу құралы.–Өскемен; 2015 

 

УДК 316 


Молдияр Ергебеков 

PhD.,қауымдастырылған профессор, Сүлейман Демирел университеті 

Қаскелең, Қазақстан 

e-mail: 

moldiyar.yergebekov@sdu.edu.kz

 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИА САЛАСЫ БОЙЫНША МАМАНДАР 

(ЖУРНАЛИСТИКА, КИНОТАНУ, КИНО ЖӘНЕ ТЕЛЕ-ДРАМАТУРГИЯ

ОПЕРАТОРЛЫҚ , ХАЛЫҚПЕН ҚАТЫНАС Ж.Т.Б.) ДАЯРЛАЙТЫН ЖОҒАРҒЫ 

ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ДЕМОКРАТИЗАЦИЯЛАУ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Андатпа.  Медиа  мамандығы  бойынша  білім  беретін  əрбір  институттың  білуі 

міндетті  болып  табылатын  бір  фактор  бар.  Бұл  фактор,  медиа  мамандарының  қоғамның 

демократиялық  қоғамға  айналуына  маңызды  рөл  ойнайтын  мамандық  иелері  екендігі. 

Еркін  əрі  демократиялық  қоғам  алдымен  еркіндік  пен  демократияға  мəн  беретін,  бұл 

құндылықтарды  өзінің  өмір  сүру  салтына  айналдырған  медиа  мамандары  арқылы 

қалыптасады. 

Сондықтан 

да 


Қазақстандағы 

медиа 


мектептерінің 

оқу 


бағдарламасындағыклассикалық  педагогика  түсінігін  трансформациялап,  интерактивті 

əсерге  мүмкіншілік  беретін,  диалогқа  сүйенетін,  студенттің  сыни  жəне  аналитикалық 

ойлану қабілетін дамытуға жағдай жасайтын, өз ойын дəріс барысында еркін əрі жүйелі 

түрде жеткізе алатын ортаны қалыптастырар болсақ, алдағы жылдарда еліміздегі медианы 

əрі  сөз  бостандығына,  əрі  адам  мен  табиғат  құқықтарына  жіті  мəн  беретін  бағытта 

трансформациялайтын  медиа  профессионалдарының  өсіп  жетілуі  тұрғысынан  маңызды 

адым жасаған болар едік. 

 

Кіріспе 

Еліміздегі  медиа  өнімдері  –  мақалалар,  журналистік  зерттеулер,  фильмдер,  бейне 

материалдар,  дизайн,  интернет  сайттары  ж.т.б.  –  мазмұндық  жөнінен  де,  кəсібилік 

жөнінен  де  көптеп  сынға  ұшырауда.  Еліміздегі  медиа  саласындағы  мəселелердің  ең 

маңыздыларының бірі адами фактор болып табылады; яғни жеткілікті білім ала алмаған, 

біліктіліктері  таяз  медиа  қызметкерлері  бұл  сапасыздықтың  негізгі  себепкерлері.Сол 

мамандарды даярлайтын мекемелер де осы бір ақауды тудыратын тізбектің негізгі түйінін 

қалыптастырады.  Бұл  баяндамамыздың  негізгі  зерттеу  нысаны  –  еліміздегі  медиа 



587 

 

мамандарын  даярлайтын  жоғарғы  оқу  орындарының  оқу  бағдарламасының  мазмұны 



болып табылады.   

Зерттеу нысанымызды аша түсер болсақ, медиа мамандығы бойынша білім беретін əрбір 

институттың  білуі  міндетті  болып  табылатын  бір  фактор  бар.  Бұл  фактор,  медиа 

мамандарының  қоғамның  демократиялық  қоғамға  айналуына  маңызды  рөл  ойнайтын 

мамандық  иелері  екендігі.  Еркін  əрі  демократиялық  қоғам  алдымен  еркіндік  пен 

демократияға  мəн  беретін,  бұл  құндылықтарды  өзінің  өмір  сүру  салтына  айналдырған 

медиа  мамандары  арқылы  қалыптасады.  Сондықтан  да  медиа  мектептеріндегі  оқу 

бағдарламалары  мен  педагогика  түсініктерінің  қайта  қалыптастырылуы  тиіс.  Бұл 

баяндамамыздың  бірінші  негізгі  мақсаты  осы  тұста  айқындалуда:  Қазақстандағы  медиа 

мектептерінің 

оқу 

бағдарламасындағы 



классикалық 

педагогика 

түсінігін 

трансформациялап,  интерактивті  əсерге  мүмкіншілік  беретін,  диалогқа  сүйенетін, 

студенттің  сыни  жəне  аналитикалық  ойлану  қабілетін  дамытуына  жағдай  жасайтын,  өз 

ойын  дəріс  барысында  еркін  əрі  жүйелі  түрде  жеткізе  алатын  ортаны  қалыптастырар 

болсақ,  алдағы  жылдарда  еліміздегі  медианы  əрі  еркіндікшіл  бағытта,  əрі  адам  мен 

табиғат  құқықтарына  жіті  мəн  беретін  бағытта  трансформациялайтын  медиа 

профессионалдарының өсіп жетілуі тұрғысынан маңызды адым болып табылады. 

Әлемдік деңгейдегі пікірталас 

Университет дəрежесіндегі медиа (журналистика) білімін беретін бөлім 1905­жылы АҚШ­

тың  Висконсин  Медисон  университетінде  медиа  контенттерін  жақсарту  жəне  дамыту 

мақсатында    Виллиард  Г.  Блейер  тарапынан  құрылған  болатынды.  Ал  1908­жылы 

жергілікті бір газеттің иесі Вальтер Виллиамс, Миссоури  университетінде журналистика 

факультетін  қалыптастырып,  өзі  сол  факультеттің  деканы  болды  (Adam,  2001:  320; 

Hachten,  2005:  159).  Көріп  отырғанымыздай  медиа  мектептері  алғаш  құрылған  күннен 

бастап­ақ теория мен тəжірибе мəселелерінің жетегінде қалған болатынды. 

Бұл  жағдай  медиа  мамандарын  даярлайтын  факультеттердің  оқу  бағдарламаларына  да 

əсер еткен десек болады. Басқаша айтар болсақ жоғарғы оқу орындарында болашақ медиа 

мамандарын  даярлайтын  факультеттердің  оқу  бағдарламасындағы  пəндердің 

басымдылықтары  мен  оларды  оқыту  əдістерінің  қалай  болуы  керектігі  жайында  əртүрлі 

көзқарастар  бар.  Бұл  көзқарастардыңбір  жағы  тəжірибелік  пəндерге  басымдылық  беруді 

алға тартса, екінші жағы теориялық пəндерге басымдылық берудің пайдалы болатынына 

сенетіндіктерін  білдіруде.  Сонымен  қатар  теориялық  жəне  тəжірибелік  пəндердің 

оқытылуын  оқу  бағдарламасында  тең  түрде  болуы  керектігін  айтатындар  да  бар.  Медиа 

саласының  талаптары  жəне медиа мамандарын даярлайтын факультеттердің  алға қойған 

мақсаттары  мен  жалпы  жоғарғы  оқу  орнының  білім  берудегі  этикалық  жауапкершілігі, 

көзқарастардың əр алуанды болуына себепболуда. 

Бұл  жағдай  жалпы­теориялық  білім  беру  мен  кəсіби­тəжірибелік  білім  беру  арасында 

тепе­теңдікті қалайша орнатуға болатындығына байланысты пікірталастарды да тудыруда. 

Мысалы  Америка  Құрама  Штаттарында  журналистика  мен  бұқаралық  коммуникация 

мамандарын  даярлатын  мекемелерін  аккредитациялайтын  ұйым  болып  табылатын 

Журналистика  жəне  бұқаралық  коммуникация  білімін  аккредитациялау  кеңесі 

(AccreditingCouncilonEducationonJournalismandMassCommunication,  қысқаша  ACEJMC) 

жалпы  теориялық  пəндер  үшін  75  %­ды,  ал  кəсіби­тəжірибелік  пəндер  үшін  25  %­ды 

бөлген болатынды. Алайда бұл ұсыныс қай пəннің теориялық, ал қай пəннің тəжірибелік 

екендігін  жөніндегі  қызу  пікірталасты  тудырды.  Осының  салдарынан  1985­жылы  жаңа 

ереже бекітілді. Бұл ереже 1992 жəне 1993­жылдары қайта қарастырылды. Нəтижеде 90/65 


588 

 

ережесі  қазірге  дейін  қолданыс  аясында.  Бұл  ереже  бойынша  120  сағаттың  білім  беру 



бағдарламасының  90  сағаты  медиадан  тыс  пəндерге  бөлінуі  тиіс.  Бұл  90  сағаттың  кем 

дегенде 65 сағаты liberal artsдеп аталатын медиадан тыс пəндерден тұруы керек.  

АҚШ­тағы  жəне  Голландиядағы  журналистика  саласы  бойынша  білім  беру 

бағдарламаларын  зерттеген  ғалымдар,  бұл  оқу  бағдарламасындағы  теориялық  жəне 

тəжірибелік  пəндердің  бірігуінің  пайдалы  екендігін  алға  тартса  (қрңз.,  Ettema&Glasser, 

1992;  Reese  &  Cohen,  2001;  Deuze,  2001),  кейбір  зерттеушілер  медиа  индустриясы 

тарапынан  қолдау  көрген,  кəсіби  жəне  мамандыққа  баулуды  центрге  алатын  оқу 

бағдарламасын жақтауда (қрңз., Herbert, 2000; Medsger). 

Бұл жерде мынаны айтып өткен жөн: Пікірталастар мен көзқарастар қаншалықты 

əр  алуанды  болса  да  академиялық,  яғни  жоғарғы  білім  берудің  мақсаты  нарықтың 

қажеттіліктерін  өтейтін  жұмыс  күшін  даярлау  емес,  академиялық  дəрежеге  лайық 

адамдарды даярлау болып табылады. Бұл бірінші мəселе.  

Екіншіден,  ғалымдардың  медиа  оқу  бағдарламасында  басымдылықты  «теория  ма  əлде 

тəжірибе  ме  алуы  тиіс»  деген  сұрақтың  төңірегінде  пікірталас  тудыруларының 

себептерінің мəселенің негізін түсіне алмаушылықтарында жатқандығын айта кеткен жөн. 

Əрине, бұл пікірталастар медиа білімі саласындағы мəселелердің су бетіне шығуына себеп 

болды. Алайда бұрыннан бері пікірталасқа ие болып келе жатқан көзқарастардың қайсысы 

дұрыс,  қайсысы  бұрыс  деп  қараудың  орнына  жəне  медиа  білімін  беретін  ғылыми 

академиялық  мекемелердің  нені  мақсат  ететіндігі,  білім  түсініктері  мен  оқу 

бағдарламаларының  жəне  педагогикалық  методтарының  қаншалықты  бір  бірімен  сəйкес 

келетіндігіне  қарауымыз  керек.  Егер  бұлардың  арасында  қарама  қайшылық  байқалар 

болса  бұларды  жоюға  тырысу  əлдеқайда  пайдалы  болар  еді  (İLEF  Rapor,  2007: 

10).Қысқаша  айтар  болсақ  медиа  саласы  бойынша  берілетін  білімнің  оқу 

бағдарламасындағы теориялық жəне тəжірибелік пəндерге  байланысты түсінік бұлардың 

арасындағы  біреуін  таңдауға  емес  тепе­теңдікке  бағытталуы  тиіс.  Өйткені  қоғамдық, 

мəдени,  саяси  жəне  экономикалық  салалардың  актері  болып  табылатын  журналистика 

негізгі  қолданыста  теория  мен  тəжірибе  арасында  айырмашылық  жасау  мүмкін  емес. 

Сондықтан да медиа мамандарын дайындайтын оқу бағдарламалары теорияның қай жерде 

бітіп, тəжірибенің қай жерде бастау алатынын алға тартатын айырмашылықты жасаудың 

керегі жоқ. Мысалы журналистиканың ең негізгі қолданыс аясы болып табылатын ақпарат 

алу  жəне  ақпарат  жинау  ісі  белгілі  бір  теориялық  негізге  сүйенбестен  іске  аса  алмайды 

(Kovach  &Rosenstiel).  Сонымен  қатар  медиа  мамандығына  бағытталатын  техникалық 

біліктіліктің  қолданысқа  ие  болуы  мен  тəжірибеде  іске  асуы  үшін  өте  күшті  қоғамдық 

жəне  коммуникативтік  біліктілікке  ие  болу  керек.  Бұл  тұрғыдан  қарар  болсақ  медиа 

мамандарын даярлайтын білім де теория мен тəжірибе бірге болуы тиіс. 

Медиа оқу бағдарламаларының қандай түсінікпен қалыптастырылғандығы да қызу 

пікірталасқа ие тақырыптардың бірі. Бұл жағдай көбінесе əр елдің саяси структурасымен 

байланысып  жатыр.  Австралиялық  медиа  зерттеушісі,  ғалым  Биби  Джозефи,  медиа 

(журналистика)  мамандығы  бойынша  білім  беруді  қоршап  отырған  екі  фактордың  бар 

екенін алға тартады: Бұлардың біріншісі билікке бағыныштылық (лояльность), ал екіншісі 

объективтілік  идеологиясы  (Josephi,  2009).  Бонни  Бреннен  АҚШ­тағы  журналистикаға 

байланысты оқулықтарды зерттей келе, бұл кітаптардың журналистиканың қолданыс түрі 

мен  тəжірибесіне  бір  ғана  идеологиялық  перспективадан  жол  көрсететіндіктерін  алға 

тартуда.  Яғни  бұл  кітаптардың  көбінде  журналист  дегеніміз  мемлекеттің  құзыретті 

органдары  арасындағы  бақылаушылықты  іске  асыратын  «төртінші  билік»  өкілі  деп 


589 

 

қарастырылуда (Brennen, 2000: 110). Ал бұл жағдайдың статусквоны жалғастыратынына 



жəне  медианың  расында  да  төртінші  билік  болып  болмайтынына  өте  аз  орын  берілген. 

Журналистерден  күтілетін  нəрсе  –  бағыныштылық.  Яғни  саяси  жəне  идеологиялық 

бағыныштылықтан да асып өтіп, жұмыс істеп жүрген теледидар каналы я болмаса газеттің 

алға қойған көзқарастарымен келісе отырып жұмыс істеу насихатталуда (Ettema&Glasser, 

1998). 

Жоғарыда  айтып  өткеніміздей  медиа  білімін  беру  əлемнің  барлық  бөлшегінде 



медиа  контенттерін  жақсарту  жəне  дамыту  мақсатында  қалыптастырылды.  Бұған 

қосымша ретінде əсіресе үшінші əлем елдерінде журналистика демократиялық дəстүрдің 

орнығуы  мақсатын  да  көздеген  болатынды.  Сонымен  қатар  Кеңестер  одағы  сынды 

елдерде  медиа  мектептері  сол  елдің  саяси  жүйесінің  насихаттайтын  «қоғамдық 

(мемлекеттік) қызметкерлерді» жетілдіру мақсатында жұмыс істеді (Josephi, 2009). Көріп 

отырғанымыздай  медиа  мамандығының  жəне  медиа  білімінің  антидемократиялық  билік 

пен  көзқарастар  тұрғысынан  инструментке  айналуы  қазіргі  таңда  да  əр  түрлі  типте  жер 

шарымыздағы  көптеген  елдерде  бой  көрсетуде.  Бұл  жағдайда  теория  мен  тəжірибе 

арасындағы  дилемма  жойылған  күннің  өзінде  сыни  көзқарасқа  баулу  мен 

бағыныштылыққа баулу арасындағы дау­дамай жалғасын таба беретін іспетті.           



Қазақстандағы жағдай 

Бəрімізге мəлім болғанындай Қазақстанда медиа мамандарына білім беретін мекемелердің 

басында  мемлекеттік  жəне  жекеменшік  сипаттағы  əр  түрлі  университеттердегі 

журналистика немесе өнер факультеттері мен кафедралары бар. Мұнымен қоса бұл салаға 

байланысты  əр  түрлі  курстар  қоғамдық  ұйымдар  мен  профессионалдық  құрылымдар 

тарапынан  білім  беруде.  Алайда  біздің  тақырыбымыз  тек  қана  университеттердегі  оқу 

бағдарламасын қамтиды.  

Еліміздегі  жоғарғы  оқу  орындарындағы  оқу  бағдарламасының  едəуір  бөлшегін 

ғылым  жəне  білім  министірлігі  тарапынан  міндеттелген  міндетті  пəндер  компоненті 

құрайды. Бұл міндетті пəндер компонентін əрбір мамандық саласы бойынша құрылатын 

жəне бес жылдық бағдарламаны жасайтын ғылыми академиялық кеңес қалыптастырады. 

Бұл  кеңес  көбінесе  еліміздегі  түп  тамыры  тереңде  жатқан  оқу  орындарының  сол 

мамандыққа  байланысты  бөлімдерінің  ұстаздарынан  құралуда.  Сондықтан  да  мысалы 

журналистика  мамандығы  бойынша  оқу  бағдарламасының  міндетті  пəндер  компонентін 

Əл  Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  журналистика  факультеті  жасауда,  ал 

кинотанушы  мамандығы  болса  Темірбек  Жүргенов  атындағы  Қазақ  ұлттық  өнер 

академиясының өнертану факультеті ұстаздарының қолында. Бұл дайындалатын міндетті 

пəндер  компоненттері  тақырыптықтұрғысынан  да,  мазмұндық  тұрғыдан  да  сын 

көтермейтін жағдайда болумен қатар, белгілі бір мамандық бойынша бүкіл елге тарайтын 

оқу бағдарламасын бір ғана оқу орнының жасауы да анти демократиялық ерекшелікке ие 

екендігін көрсетуде. 

Сонымен  қатар  бұл  оқу  бағдарламалары  үшін  жасалынған  жəне  еліміздегі 

оқытушылардың  оқу  үрдісінде  пайдалануы  міндетті  болып  табылатын  типтік 

бағдарламалар да мəселелерге толы. Мысалы медиа этикасы пəнінің типтік бағдарламасы 

философияның  маңызды  тармағы  болып  табылатын  этика  мен  моралды  түсіндірместен, 

еліміздің  құқықтық,  заңнамалық  жүйесі  мен  этикет тақырыптарын қамтыған.  Этика  мен 

этикет  қарапайым  халық  арасында  үнемі  бір  бірінің  орнына  қолданылып  жүретін 

ерекшелікке  ие.  Алайда  типтік  бағдарламаны  жазатын  адамның  ғылыммен 



590 

 

айналысатынына назар аударар болсақ типтік бағдарламадағы бұл шатастырып алушылық 



кешіріммен қаралатын жəйт емес.  

Екіншіден, жоғарыдағы теориялық пəндер мен тəжірибелік пəндер арасындағы дау­

дамайды  Қазақстандағы  медиа  мамандарын  даярлайтын  факультеттердің  оқу 

бағдарламаларынан  да  көруге  болады.  Бəрінен  бұрын  еліміздегі  міндетті  пəндер 

компоненті  бар.  Бұл  компоненттің  ішінде  дене  шынықтыру,  шетел  журналистикасы 

сынды  жалпы  білімді  меңзейтін  пəндер  де  бар.  Бұл  пəндердің  орнына  болашақ  медиа 

мамандарына  жарамды  пəндерді  міндетті  пəндер  қатарына  кіргізу  керек.  Мысалы 

Қазақстанда  бұқаралық  коммуникация  теориялары  пəні  өтілмейді.  Қазір  тек  Сүлейман 

Демирел атындағы университетте ғана таңдамалы пəн ретінде оқытылуда. Сонымен қатар 

медиа  мамандарын  даярлайтын  факультеттің  бітірушісі  дипломдық  жұмыс  жазуға 

міндетті.  Алайда  дəл  сол  факультеттерде  «ғылыми  зерттеу  методтары»  атты  пəн  сабақ 

ретінде  оқытылмайды.  Бұл  дегеніміз  –  студенттерге  ғылыми  зерттеудің  қалай 

жасалатынын  үйретпестен  оларды  дипломдық  жұмыс  жазуға  мəжбүрлеу.  Логикалық 

тұрғыдан да, құқықтық тұрғыдан да қарама­қайшылықты тудыруда. 

Оқулықтардың  жайына  келер  болсақ  Қазақстандағы  медиа  мамандықтары 

бойынша жазылған оқулықтардың көбі медиа тарихы немесе медиа жанры жайында, бір 

ғана  идеологиялық  көзқараспен  жазылған.  Медиа  этикасы,  операторлық  шеберлік,  жаңа 

медиа,  ақпараттың  тілі  мен  ақпаратты  оқу,  бұқаралық  коммуникация  теориялары, 

медиасоциология,  саяси  коммуникация,  медиа  жəне  мəдениет,  теледидар  монтажы, 

бейнелік  композиция  жəне  тағы  да  басқа  болашақ  медиа  мамандары  үшін  өте  жарамды 

болып  табылар  еңбектер  жоқ.  Əсіресе  қазақ  тілді  зерттеулер  мен  оқулықтарға  сұраныс 

артып отырғаны баршамызға мəлім.        



Қорытынды  

Қорыта  айтар  болсақ  теория  жəне  тəжірибе  дилеммасын  жою  үшін  теориялық 

ұстанымдармен  сусындайтын  сыни  көзқарасты  тəжірибеге  сүйенетін  пəндерге  енгізу 

керек.  Алайда  бұл  жеткілікті  емес.  Сонымен  қатар  педагогикалық  түсінігіміз  де  бұл 

дилемманың  ликвидациясы  үшін  өте  маңызды.  Білім  берушінің  авторитарлық  орны  мен 

ғылыми  ақпараттың  бір  жақты  жіберілуі  сынды  дəстүрлі  педагогика  түсінігіне  тəн 

дəрісханадағы  атмосфера,  білім  беру  мекемелерінің  нарыққа  тек  қана  берілген  істі 

атқаратын жұмыс күшін даярлаудан əрі аса алмауда. Бұл жағдай күш/билік қатынастарын 

да  нығайтуда.  Сонымен  қатар,  мысалы  журналистика  саласындағы  дəстүрлі  педагогика 

журналистика  тəжірибелеріндегі  ақпарат  беруді  дискурстық  ерекшеліктеріне,  ал  ақпарат 

жасау / қалыптастыру үрдісін қоғамдық контекстіне назар аудармастан түсіндіруде. 

Еліміздегі  медиа  мамандарын  даярлайтын  факультеттердің  оқу  бағдарламасы 

рационалдық  түрде  қайта  талқыға  түсіп,  типтік  бағдарламалардың  құзыреттерін  жоюға 

мəжбүрміз.  

Жоғарыда да көрсетіп өткеніміздей Қазақстандағы медиа мамандарын даярлайтын 

факультеттердің тағы бір мəселесі бар: Оқулық. Оқулықтардың саны мен сапасының сын 

көтермейтін  жағдайда  болуының  ең  басты  себебі  университет  оқытушыларының 

жүктелетін дəріс сағатының көптігі болып табылады. Сондықтан да бұл дəріс сағаттарын 

азайтып, оқытушылардың ғылыми еңбектермен шұғылдануын қамтамасыз ету білім жəне 

ғылыми министірлігі мен университет басшылықтарының парызы.    



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1  Adam, G. Stuart (2001). “Theeducationofjournalists.” Journalism 2(3): 315–339. 



591 

 

2  Brennen, Bonnie (2000). “What the hacks say. The ideological prism of US journalismtexts.” 



Journalism 1(1): 106–113. 

3  Deuze,  Mark.  (2006).  “Global  journalism  education.  A  conceptual  approach.”Journalism 



Studies 7(1): 19–34. 

4  Ettema,  James  S.  &Glasser,  Theodore  L.  (1998).  Custodians  of  Conscience. 



InvestigativeJournalism and Public Virtue. New York: Columbia University Press. 

5  Hachten,  A.  William  (2005).  TheTroublesofJournalism:  A  CriticalLookAtWhat’s 



RightandWrongWithThePress. Mahwah. NJ: LawrenceErlbaumAssociates. 

6  Herbert, John (2000). ‘‘The Changing Face of Journalism Education in the UK.’’ AsiaPacific 



Media Educator 8: 113–123. 

7  Josephi, Beate (2009). JournalismEducation. In K. Wahl­Jorgensenand T. Hanitzsch (Eds.), 

HandbookofJournalismStudies. London: Routledge, 42­56. 

8  Kovach,  Bill  &Rosenstiel,  Tom  (2001).  The  Elements  of  Journalism.  New  York: 

CrownPublishers. 

9  Medsger,Betty(?).GettingJournalismEducationOutoftheWay

http://journalism.nyu.edu/publishing/archives/debate/forum.1.essay.medsger.html

Сайтқа 


кірілген соңғы дата: 20­қыркүйек, 2016­жыл.  

10  Reese, Stephen & Cohen, Jeremy (2001). “Educating for journalism: Theprofessionalism of 

scholarship.” Journalism Studies 1(2): 213–227. 

 

УДК 316.77 



Кәпқызы Е. 

филология ғылымдарының кандидаты, Сулейман Демирель атындағы университеттің 

«Журналистика» мамандығының координаторы 

 

САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР 

АСПЕКТІЛЕРІ 

 

Андатпа.  Мақалада  автор  «Сараптамалық  журналистиканы»  оқытудағы  кейбір 

идеялары, ойларымен бөлісе отырып, оның жалпы силлабусын ұсынады. Бұл ретте автор 

сараптамалық журналистиканы оқытатын өзге «Журналистика» мамандығының осы пəнге 

қатысты силлабустарын салыстырады əрі соған орай өз пікірін ортаға салады.  



 

«Сараптамалық  журналистика»  пəні  бүгінде  көптеген  оқу  орындарының 

журналистика  мамандығында  таңдау  пəні  ретінде  үйретіледі.  Кейбір  оқу  орындары  бұл 

пəнді  4  курстың  студенттеріне  ұсынса,  екіншілері  магистратурада  оқыту  жөн  деген 

пікірде.  

 Біз бұл пəнді бакалаврдың 4 семестріне енгізуді ұсынып отырмыз. Өйткені талдау, 

сараптау, деректерді салыстыру жəне сыни тұрғыдан ой айта білу, сапалы мақала жазуды 

студенттер  екінші  курстан  бастап  үйренгені  абзал.  Бұдан  кейін  сараптамалық 

журналистиканың  салалану  процесі  басталады.  Яғни,  3­курстан  бастап  жекелеген 

салаларға  қатысты  ақпарат  тарату  жəне  оны  сол  саламен  байланыстыра  тереңдету 

болашақ  журналистерді  дайындауда  тиімді  болары  анық.  Бұл  ретте  біз  сараптамалық 

журналистиканы  қалай  үйретеміз?  Оның  силлабусы  қандай  болмақ?  Осы  негіздегі 

сауалдарға жауап іздеп көрсек.  


592 

 

Сараптамалық журналистиканың нақты анықтамасын ешкім ұсына алмайды. Оны 



əркім өзінше түсініп, өзінше зерделейді. Бірақ, кез келген оқиға, дерек жəне оның қоғамға 

ықпалы  жөнінде  сараптама  жасауда,  дəйектеуде  əрі  болжауда  біз  неге  иек  сүйейміз? 

Сараптамалық  мақаланың  негізін  де  осыдан  іздеген  абзал.  Сапалы  мақаланың,  ойлы 

журналистиканың  негізі  болып  келетін  сараптаманың  кез  келген  дамыған  елде  ұсынар 

жəне  бəріне  ортақ  бір  ерекшелігі  бар.  Ол  –  дерек  пен  дəйекке  сүйену,  оқиғаны  көзімен 

көргендердің, куəгерлердің куəлігі, оның ресми дерек пен статистикамен ұштасуы. Кейбір 

журналистика  мектебінде  (Ресей,  Қазақстан  жəне  басқа  да  посткеңестік  мемлекеттер) 

журналистердің  оқиғаны  сараптаудағы  өз  пікірі,  оқиғаны  бағалауы  жəне  тұжырымы 

маңызды болса [1, 2, 3], дамыған Батыс елдерінде дерек пен дəйекті сөйлету жəне соған 

сай сарапшылардың пікірі мен статистикалық мəліметтерді өзара салыстыру алға шығады 

[4].  

Ендеше  15  апта  бойы  студенттерге  қандай  мағлұматтарды  үйреткен  жөн  жəне 



оларды  қай  елдің  журналистік  мектебіне  бейімдейміз?  Əлемдік  журналистиканың  озық 

үлгілерінен  үйрене  отырып,  қазақтың  өз  менталитетіне  сай,  дүние  танымына  орай 

журналистиканы  қалыптастыру  біздің  негізгі  міндетіміз  болмақ.  Осы  ретте  біздің 

қолымызға  «Аналитическая  журналистика»(Ш.И.  Нургожина,  Алматы,  «Қазақ 

университеті»  ­  2012)    [5]  жəне  «Методика  преподавания  журналистских  дисциплин  в 

высшей  школе»  [6]  (составители  Ш.  И.  Нургожина,  Е.  И.  Дудинова,  Алматы,  «Қазақ 

университеті»  ­  2014)  атты  екі  жинақ  түсті.  Екі  жинақта  да  «Сараптамалық 

журналистиканы» оқытудың əдіснамасы мен силлабустары ұсынылады. Құрастырушысы 

да  бір  адам.  Əдіснамалық  жинақтың  алғашқысының  сөзіне  илансақ  сараптамалық 

журналистика  2012  жылдың  үлгілік  оқыту  бағдарламасында  бакалавриатқа  міндетті  пəн 

ретінде  ұсынылған.  Ондағы  силлабустың  негізгі  арқауына  жəне  үлгілік  лекциялар 

жиынтығына  көз  салсақ  сараптаманы  автор  публицистикалық  жанрларға  бейімдейді. 

Мəселен,  автор  рецензия  мен  эссені  жəне  эпистолярлық  жанрларды  жеке­жеке  лекция 

ретінде  ұсынады.  Ресей  теоретигі  А.  Тертычный[1]  сараптамалық  журналистикаға 

журналистикадағы корреспенденциядан бастап, талдамалы мақала, сараптамалық сұхбат, 

репортаж  секілді  жауынгер  жанрлардың  барлығын  жатқызады.  «Аналитическая 

журналистика»  əдіснамалық  жинағын  құрастырушы  автордың  негізінен  Ресей 

ғалымдарының еңбегіне иек сүйейтінін байқауға болады. Жоғарыда аталған екі еңбекте де 

автор қазақстандық БАҚ­ты ресейлік БАҚ­пен салыстырғанды жөн санайды. Мəселен, №3 

лекция  «Качественные  характеристики  аналитической  журналистики»  деп  аталады.  Бұл 

лекцияда  ұсынылатын  тақырыптар:  «Основные  аналитические  издания  в  России», 

«Аналитические  издания  в  Казахстане»,  «Сравнительно­сопоставительный  анализ 

основных характеристик российских и  казахстанских изданий» деп аталады. 2014 жылы 

қайтадан ұсынылған бұл пəннің тақырыптық жоспарына қайтадан көз жүгіртер болсаңыз, 

№2  лекция  «Особенности  формирования  аналитической  журналистики  в  России  и  в 

Казахстане»  деп  аталады.  Бұл  ретте  «Неге  тек  қана  Ресей?»  деген  заңды  сұрақтың 

туындауы  анық.  Əрине,  қазақ  журналистикасының  қалыптасуы  мен  дамуында  Ресейдің 

алар  орны  ерекше  екендігін  ешкім  жоққа  шығармайды.  Ресейдің  журналистік  мектебі 

Қазақстан  үшін  жетекші  рөл  атқарғаны  да  жасырын  емес.  Алайда,  бүгінде  өзіндік  даму 

жолы бар Қазақстанның журналистикасын тек Ресей журналистикасымен салыстыру жəне 

Ресейді  Қазақстанның  алдына  шығару  –  баяғыдан  қалыптасқан  стереотиптің  салдары 

секілді.  Колониалдық  өткенге  оралу,  сол  арқылы  Қазақстанды  Ресейдің  бір  субъектісі 

ретінде сезіну – біздің болашақ журналистердің өзге балама ақпарат көздеріне жүгінуіне 


593 

 

біршама  зардабын  тигізетіні  сөзсіз.  Ресей  журналистикасымен  қатар,  əлемдік  медианың 



озық үлгілерін де мысалға ала отырып, жалпы журналистік сараптаманы жасаудың негізін 

ұсынған жөн секілді. Бұл ретте баяғыдан бері орыс тілінде де ақпарат таратып келе жатқан 

əлемдік  телерадиокорпорация  ВВС,  американдық  ТРК  CNN,  катарлық  Əл­Жазира, 

американдық  Radio  Free/Radio  Liberty  (қазақша  «Азаттық»),  түркиялық  Авааз,  т.б.  да 

əлемдік  жетекші  ақпарат  құралдарының  сараптама  жасаудағы  үлгілеріне  де  иек  сүйеу 

артықтық етпейді.  

Сараптамалық  журналистика  пəнін  оқытуда  болашақ  журналистің  статистикалық 

мəліметтерді пайдалану, бұл ретте ашық деректер мен көпшіліктің қолы жете бермейтін 

жабық  деректерге  қол  жеткізудің  жолдары,  мұрағатпен  жұмыс,  журналистік  зерттеу 

жүргізу,  жемқорлық  фактілерін  əшкерелеу  секілді  маңызды  мəселелерге  көңіл  бөлген 

абзал.  Бір  ескере  кететін  жайт,  журналистика  мамандықтарының  үлгілік  оқу  жоспарын 

еліміздің бас оқу орны əл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жасайды. Өзгеміз 

сол  үлгілік  жоспарда  ұсынылған  міндетті  пəндерді  оқытуға  мəжбүрміз.  Осы  үлгілік 

жоспарда «Заманалы журналистиканың жанрлық пішіндері мен түрі» атты пəн енгізіледі. 

Осы  пəнде  журналистиканың,  публицистиканың  жанрлары  егжей­тегжейлі  сөз  болады. 

Меніңше,  рецензия,  эссе,  эпистолярлы  жанрлар  аталған  пəнде  оқытылуы  тиіс.  Ендеше, 

сараптамалық  журналистика  пəнінде  бұл  жанрларға  қайта  оралудың  қажеті  қаншалық. 

Онсыз  да  сараптаманың  қазақ  журналистикасында  ақсап  жатқанын  ескерер  болсақ, 

болашақ  журналистің  ақпаратты  алу  жолдары,  ақпаратты  тексеру  амалдары  жəне 

объективтілік,  журналистік  қызметіндегі  бейтараптылық  мəселелері  де  осы  пəнде 

үйретілсе артықтық етпейді.  

Осы  ретте  ЮНЕСКО­ның  журналистерге  арналған  білім  жөніндегі  сериясы 

ұсынған  «Журналистика бойынша оқу бағдарламаларының моделіндегі» [7] журналистік 

білім берудің силлабустарына көз сала кету артық етпейді. Бұл бағдарлама əуелі ағылшын 

тілінде жарық көріп, кейіннен француз, испан, араб, орыс жəне қазақ тілдеріне аударылған 

жəне  сол  елдің  журналистік  білім  беру  ерекшеліктеріне  орай  бейімделген.    Онда 

сараптамалық  журналистика  туралы  əңгіме  айтылмаса  да,  үш  жылдық  білім  берудің 

бірінші  жылының  екінші тоқсанында  «Ақпаратты жəне басқа да  материалды дайындау» 

деген  арнайы  пəн  бар.  Бұл  пəн  үш  жылдық  бағдарламаның  барлық  тоқсаны  бойынша 

ұсынылады  да,  І  деңгейден  ІІІ  деңгейге  дейін  тереңдете  оқыту  ұсынылады.  Ал  төрт 

жылдық  бакалавр  үшін  2  курстың  І  тоқсанында  аталған  пəннің  бірінші  деңгейін  енгізу 

ұсынылады  да,  оны  ІІІ  деңгейге  дейін  төртінші  курстың  соңына  дейін  оқыту  ұсынылып 

отыр.  Курс  сипаттамасына  келер  болсақ,  бірінші  деңгейде  ақпаратты  жинау,  өңдеу, 

бақылау,  ақпаратты  іздеу,  нақтылыққа  көз  жеткізу  үшін  сұхбаттар  ұйымдастыру  секілді  

тақырыптар  ұсынылады  да,  екінші  деңгейден  бастап  ақпаратты  сараптау,  талдау, 

репортаж жүргізу, пікір білдіру секілді біз ұсынып отырған талдамалы журналистиканың 

негізгі  өзегіне  айналған  мəселелер  қамтылады.  Демек,  журналистикадағы  деректерді 

сараптау мен талдауға публицистиканың элементтерін енгізудің қажеті жоқ секілді. Яғни, 

біз ұсынатын сараптамалық журналистиканың  құрылымы төмендегідей:  



1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал