Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет64/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1  Nassimov  M.O.,  Paridinova  B.Z.  Credit  technology  of  education  (on  theexample  of  the 

republic of Кazakhstan) (in Kazakh) // The Fourth International conference on development of 

pedagogical  science  inEurasia.  Proceedings  of  the  Conference  (May  15,  2015).  «East  West» 

Associationfor Advanced Studies and Higher Education GmbH. Vienna. 2015. – Р. 7­9. 

2 Панина Г.В. Роль социально­гуманитарных дисциплин в модернизации образования 

// Известия  Волгоградского  государственного  педагогического  университета.  Серия 

история, культурология, философия. – 2012. ­ №11. – Т. 75. – С. 181. 

 

 



ƏОЖ 37.035 

Насимов М.Ө. 

с.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Болашақ» университеті, 

Қызылорда, Қазақстан, e-mail: 

nasimov_m@mail.ru 



 

САЯСИ ЖҮЙЕ ҰҒЫМЫ ҚОҒАМ МЕН БИЛІКТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ 

РЕТІНДЕ 

 

Abctract. A

 

political system



 

is a system

  

of politics



  

and government.Political system it is 

possible to call the ordered set of norms, institutes, organizations, the ideas and also the relations 

and  interactions  between  them  during  which  the  implemented  political  power.In  the  report 

considered problems of political system as interactions of society and the power. 

Key words: political sciences, public life, political system of society, entrancein political 

system, exitfrom political system. 



 

Кез келген қоғам саяси тұрғыдан бекітілген жəне бірыңғай əлеуметтік мүше ретінде 

қалыпты  қызметін  қамтамасыз  ететін  билік  тетіктерін  иеленген.  Аталмыш  тетік  саяси 

жүйе  деп  аталады.  Саяси  жүйе  ұғымы  саясаттанудағы  негізгі  түсініктердің  бірі.  Мұны 


513 

 

қолдану  саяси  өмірді  жалпы  қоғам  өмірін  бөліп  қарастыруды  негіздейді  жəне  олар 



арасында орын алған байланыстарды айқындайды. 

Қоғамдық  өмірдің  саяси  саласы  туралы  пайымдау  барысында  біз  көп  жағдайда 

саясат  түсінігімен  байланысты  нақты  ұғымдар  мен  құбылыстардың  жиынтығын  еске 

түсіреміз. Бұл саяси партиялар, мемлекет, саяси нормалар мен институттар, нышандар мен 

саяси  мəдениет  құндылықтары.  Осы  барлық  саясаттың  құрылымдық  бөлшектері  жеке 

қызмет атқармайды, олардың бөлшектері өзара байланысты жəне олардың арасындағы кез 

келген  өзгеріс  бүкіл  жүйеге  əсер  етеді.  Сондықтан  саяси  жүйенің  барлық  бөлшектері 

реттелген, өзара тəуелді жəне айқындалған жүйелік тұтастықты құрады. 



Қоғамның  саяси  жүйесі ­ бұл  саяси билік жүзеге асырылатын саяси институттар, 

əлеуметтік­саяси қауымдастықтар, оның түрлері, нормалары мен қағидалары арасындағы 

өзара  қимылдар  мен  қатынастардың  біртұтас  жиынтығы.  Саяси  жүйе  саяси  билікті 

ұйымдастыру,  қоғам  мен  мемлекет  арасындағы  қатынастарды  қамтиды,  биліктің 

институтталуын  анықтайтын  саяси  процестердің  ағымын  сипаттайды,  саяси  қызмет 

ахуалы, қоғамдағы саяси шығармашылықтың деңгейі, саяси қатысу мен институтталмаған 

саяси қатынастардың сипатын айқындайды. 

Жалпы  саяси  жүйе  ұғымының  негізделуі  жəне  кеңінен  таралуы  өткен  ғасырдың 

ортасынан  басталды.  Бұл  саяси  ғылымдардың  ауқымды  түрде  дамуы  мен  саяси  өмірді 

жүйелік  ұстанымда  сипаттау  қажеттілігінен  туындады.  Саяси  жүйе  теориясын  айқындау 

саясатты  бихевиоралды  тəсіл,  жүйелік  жəне  құрылымдық­функционалдық  əдістерді 

қолдану  арқылы  мүмкін  болды.  Бихевиоралды  тəсілдің  пайда  болуы  американдық 

ғалымдардың  көзқарастарымен  тығыз  байланысты.  Олар  дəстүрлі  саяси  ғылымдарының 

жетістіктеріне  қанағаттанбай,  ескі  теориядан  бас  тартуға  жəне  саяси  ғылымдарды 

эмпирикалық болжамдар мен жүйелік теориялармен толықтыратын қосымша əдістер мен 

тəсілдерді əзірлеуге шақырды. 

Бихевиористердің  пікірінше,  саясат  ­  азаматтардың  түрлі  институттары  мен 

құрылымдары  арқылы  жасалатын  əрекеті  емес,  бұл  адамдардың  саяси  өмірдегі  əрекеті. 

Бихевиоралды əдістің негізгі жетістіктері қатарына жатқызуымызға болады: саяси мінез­

құлықты  зерттеудің  негізгі  нысаны  ретінде  қарастыру;  статистикалық  жəне  сандық 

тұжырымдамаларды  барынша  қолдану;  саяси  ахуалды  түсіндіре  алатын  теорияларды 

əзірлеу. 

Бихевиоралды  тəсіл  шеңберінде  жүйелік  əдіс  пайда  болды  жəне  бірге  дами  түсті. 

Жүйелік талдау  саяси  ғылымдарға  Т. Парсонстың  əлеуметтік жүйелер теориясы арқылы 

енді.  Т.  Парсонстың  жүйелік  əдісінің  іргесін  кез  келген  жүйені  сақтауды  қамтамасыз 

ететін төрт негізгі қызметтік талаптар қамтамасыз етеді: бейімделу, мүддеге жету, бірігу 

жəне үлгіні қолдау. 

Əлеуметтік  жүйе  деңгейінде  бейімделу  қызметін  экономикалық,  мүддеге  жету 

қызметін  саяси,  бірігу  қызметін  құқықтық  институттар  мен  дəстүрлер,  үлгіні  қолдау 

қызметін  сенім,  мораль  жəне  əлеуметтендіру  органдарының  ішкі  жүйелері  қамтамасыз 

етеді. Сондықтан саясат жəне қоғамның ішкі жүйелерін қарастыру барысында осы негізгі 

қызметтерге мəн беру қажет. 

Жүйелік талдауға сəйкес кез келген жүйенің келесі сипаттамалық белгілері болады: 

жүйе  көптеген  бөлшектерден  тұрады;  бөлшектер  біртұтастықты  құрайды;  жүйенің  шегі 

болады.  Саяси  өмір  саясаттың  көптеген  көріністері  мен  саяси  құбылыстары  арасында 

тұрақты өзара байланыстар орын алған қызметтегі жүйе ретінде қарастырылады. 



514 

 

Жүйелік  теорияда  өзара  байланыстар  үдерісі  мынадай  кезеңдерден  тұрады:  енгізу, 



өзгерту,  қайта  түрлендіру,  түйін.  Саяси  жүйелер  шекарасына  келсек,  ол  ұлғайтылуы 

немесе  тарылуы  мүмкін.  Қоғам  мүшелері  бірнеше  жүйелер  мен  жүйешіктердің 

субъектілері болғандықтан, жүйемен тығыз байланысты саяси, экономикалық, діни рөлдер 

атқарады.  Сондықтан  саяси  жүйеде  қоғам  мүшелері  ең  алдымен  азаматтар, 

бағыныштылар, сайлаушылар рөлін орындайды. Жалпы заманауи саяси ғылымдарда саяси 

жүйені  айқындайтын  нақты  анықтама  жоқ.  Анықтамалардың  басым  бөлігі  саяси  жүйе 

түсінігімен тығыз байланысты билік жəне саясат ұғымдарымен айқындалады. 

Саяси  жүйелер  теориясының  негізін  американдық  саясаттанушы  Д. Истон  (1917­

2014  жж.)  «Саяси  жүйе»  (1953  ж.)  [1],  «Саяси  өмірдің  жүйелік  талдауы»  (1965  ж.)  [2], 

«Саяси құрылымды талдау» (1990 ж.) [3] атты еңбектері арқылы қалады. Ол саяси жүйені 

өзінен  өзі  реттелетін  жəне  дамушы  мүше  ретінде  көзқарасын  əзірледі.  Оның  көзқарасы 

бойынша  жүйенің  кірісі  бар  жəне  оған  сырттан  талаптар  негізіндегі  түрткілер  түседі. 

Талаптар қоршаған ортамен қатар, жүйе ішінде де пайда болуы мүмкін. Олар адамдардың 

мінез­құлқы  мен  мүдделерінің  себептерін,  талаптардың  нəтижелілігін  қамтиды. 

Саясаттанушы  талаптардың  үш  түрін  айқындайды:  үлестірілетін  (табыс  пен  жұмыс 

уақыты,  білім  алу  шарттары,  қызмет  көрсетудің  шарттары  жəне  т.б.);  реттелетін 

(қоғамдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  нарық  бағаларын  бақылау  жəне  т.б.);  қарым-

қатынастық (саяси ақпараттар ұсыну, саяси күштерді көрсету жəне т.б).  

Саяси  жүйенің  ішкі  талаптары  қоғам  тарапынан  қолдауды  көздеп,  мынадай 

қимылдар  арқылы  көрініс  табады:  салықтарды  төлеу,  əскерге  бару,  заңдарды  ұстану, 

дауыс  беруге  қатысу.  Талаптар  мен  қолдау  саяси  жүйенің  бөлімі  болғандықтан  нақты 

шешім қабылдау барысында құрылымдар оларды ескеруі қажет.  

Саяси  жүйе  қызметінің  нəтижесі  болып  табылатын  ақпараттың  шығысы  шешімдер 

мен саяси қимылдар түрінде жүзеге асырылады. Шығыс қоршаған ортаға ықпал жасайды. 

Шешімдер  мен  қимылдар  көпшіліктің  сұрауы  мен  талаптарын  қанағаттандырса,  жүйеге 

берілетін  қолдау  күшее  түседі.  Саяси  шешім  көпшіліктің  талаптарына  сəйкес  келмесе 

келеңсіз зардаптарға əкеліп, жаңа талаптарды туындатады жəне саяси жүйе дағдарысына 

əкелуі ықтимал. 

Д.  Истонның  пайымдауынша,  саяси  жүйе  ашық,  ол  қоршаған  ортадан  келетін 

көптеген  ықпалға  ұрынады.  Мұндай  ықпал  əлсіз  болған  жағдайда  саяси  жүйе  қоғамды 

тұрақтандыратын шешімдерді қабылдауға қажетті ақпараты болмайды. Ықпал ету қуатты, 

бірақ,  біржақты  болса,  жүйе  тұрғындардың  бір  ғана  тобы  мүддесі  үшін  шешім 

қабылдайды, ал бұл өз кезегінде ахуалдың тұрақсыздығына əкеледі. Сонымен бірге ықпал 

ету  соншалықты  қуаттырақ  болған  жағдайда  ақпараттар  молая  түсіп,  ол  қате  шешімдер 

қабылдауға ұрындырады. 

Саяси  ғылымдардағы  құрылымдық­функционалдық  əдістерді  қолданушы  өкілдер 

арасынан американдық ғалым Г.  Алмондты (1911­2002 жж.)[4] ерекше атай аламыз. Ол 

саяси  жүйені  барлық  қоғамдық  қатынастарда  үрей  немесе  легитимді  физикалық 

мəжбүрлеуді қолдану арқылы бірігу жəне бейімделу қызметін атқаратын өзара қимылдар 

жүйесі ретінде анықтайды. Оның ойынша, саяси жүйе қоғамдағы тəртіпті қолдайтын жəне 

жүйені  түрлендіретін  легитимділікпен  тығыз  байланысты.  Бұл  қоғамның  «кіріс»  жəне 

«шығыс»  ықпалын  заңдастырған  жəне  өзінің  ерекше  белгілеріне  қарай  жүйенің 

тұтастығын қамтамасыз ететін күш. 

Г.  Алмонд  Д.  Истон  секілді  орын  алып  жатқан  процестерді  сараптауды  назарға 

алмайды,  ол  саяси  жүйе  тұрақтылығы  құрылымдарының  маңыздылығын  айқындауға 



515 

 

тырысады. Ғалым сараптамасында құрылым түсінігі мəдениет ұғымымен қатар маңызды 



орын  иеленген.  Құрылымды  ол  саяси  жүйені  қалыптастыратын  қолжетімді  бақылау 

қызметі ретінде көреді. Саяси процеске қатысушы адамдардың қызметі рөл деп аталады. 

Рөлдер  жалғыз  жəне  ол  арқылы  əлеуметтік  жүйелер  қалыптасады.  Осыған  сəйкес  саяси 

жүйенің негізгі  бөлшегі болып  саяси  рөл табылады. Өзара байланысты рөлдердің  нақты 

жиынтығын  құрылымдар  құрайды.  Мəселен,  мемлекеттік  қызметкер  ­  рөл,  мемлекеттік 

қызмет ­ рөлдер құрылымы. 

Бүкіл  тəсілдердің  іргесі  болып  жүйеге  қызметтік  талаптарды  қою  есептеледі. 

Қоғамдық өмірге қажетті шектелген баламалар қатарынан таңдалған мақсаттардың кейбір 

түрлері болады. Осы мақсаттар нақты қимыл жүргізуі үшін жүйе айқындалған қызметтер 

атқаруы  тиіс.  Қоғамдық  ғылымдарда  қызметтер  ойға  қонымды  əрекеттер  болғандықтан 

жүйе  шеңберінде  анықталады.  Мақсатты  бағытталған  қызметтер  күдіксіз  сипатында 

болады.  Ал  басқа  қызмет  түрлері  ерекшеліктеріне  қарай  жасырындылығымен  өлшенеді. 

Бұл қызметті тану арқылы біз туындағын қимылдар мен құрылымдарды терең қарастыра 

аламыз. 


Г.  Алмонд  бойынша,  саяси  жүйенің  кіріс  жəне  шығыс  ықпалын  жүйе  қойнауында 

жүзеге  асатын  қызметін  айқындау  арқылы  сараптауға  болады.  Ғалым  мынадай  сұрақтар 

қояды:  Кім?  (қандай  құрылымдар);  Қандай  қызметтер  атқарады?  жəне  Қандай  жолдар 

пайдаланады? 

Саяси  жүйенің  жаңа  түсіндірмесін  қалыптастырған  неміс  əлеуметтанушысы  жəне 

саясаттанушысы  К.  Дойч  (1912­1992  жж.)  оның  ақпараттық­кибернетикалық  үлгісін 

əзірледі.  «Басқару  жүйкелері:  саяси  қарым­қатынас  пен  бақылау  үлгілері»  (1966  ж.)[5] 

атты  кітабында  ол  саяси  жүйені  ақпараттық  ағындар  мен  қарым­қатынастық 

байланыстардың күрделі жиынтығы ретінде қарастырады. 

Ғалым  ұсынған  саяси  жүйе  үлгісінде  ақпараттық­коммуникативтік  ағындар 

сатыларының  төрт  топтамасы  анықталады:  ақпаратты  алу  жəне  сұрыптау;  ақпаратты 

өңдеу жəне бағалау; шешім қабылдау; кері байланыс арқылы шешімді жүзеге асыру. 



Бірінші  сатыда  саяси  жүйе  үкіметтік  жəне  жеке  ақпараттық  қызмет,  қоғамдық 

пікірді  зерттеу  орталықтарынан  алынған  ақпараттарды  қабылдайды.  Мұнда  ақпараттар 

іріктеліп,  жүйеленеді  жəне  түскен  мəліметтер  алғашқы  талдаудан  өтеді.  Екінші  сатыда 

іріктелген  жаңа  ақпарат  «естеліктер  мен  құндылықтар»  шеңберінде  өңделеді.  Қолда  бар 

ескі  ақпарат  құндылықтар,  қағидалар  мен  стереотиптер  негізінде  салыстырмалы  түрде 

бағаланады.  Үшінші  сатыда  саяси  ахуалдың  қорытынды  бағасын  алғаннан  кейін  үкімет 

жүйенің  ағымдағы  жағдайын  реттеу  үшін  қажетті  шешім  қабылдайды.  Соңғы  төртінші 

сатыда  атқарушы  органдар  шешімді  жүзеге  асырады,  ал  олардың  нəтижелері  жаңа 

ақпарат арқылы кері байланыс туындатады. 

Ғалым саяси жүйедегі қарым­қатынастың негізгі үш түрін көрсетеді: жеке, бейресми 

қарым­қатынас;  партиялар,  қоғамдық  бірлестіктер  жүзеге  асыратын  саяси  ұйымдар 

арқылы қарым­қатынас; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қарым­қатынас. 

Саяси  жүйе  теориясына  байланысты  басқа  нұсқадағы  көзқарастар  бар.  Мəселен, 

Д. Трумэн (1913­2003 жж.) теориясы «қысым көрсету топтары» түсінігіне мəн береді. 

Американдық ғалым Ч. Эндрейн саяси жүйені құрылымдық тұрғыдан үшке бөледі: 

саяси міндеттерді қалыптастыратын мəдени құндылықтар; саяси жүйеге ықпал жасайтын 

билік құрылымдары; саясаткерлер мен қоғам мүшелерінің мінез­құлқы. 

Саяси жүйе түсінігін қалыптастырушы шет елдік ғалымдардың тұжырымдамаларына 

сəйкес  ұғымның  қоғам  мен  билік  арасындағы  өзара  əрекетін  анықтадық  деп  ойлаймын. 



516 

 

Бұл  түсініктерді  «Саясаттану»  пəнінде  толыққанды  жеткізу  саяси  ғылым  саласы 



мамандары мен оқытушыларының негізгі міндеті болып табылады. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1  Easton  D.The  political  system:  An  inquiry  into  the  state  of  political  science.  ­  N. Y., 

1953. – 320 p. 

2 Easton D. A systems analysis of political life. ­ N. Y., 1965. – 507 p. 

1.  3 Easton D.The analysis of political structure. ­ N. Y.; L., 1990. – 352 р. 

2.  4  Almond  G.,  Coleman  J.  The  Politics  of  the  Developing  Areas.  –  Princeton 

University, 2015. – 610 p. 

3.  5 

Deutsch


 K.The Nerves of Government: Models of Political Communication and 

Control. – N.Y.: Free Pr, 1966. – 316 p. 

 

 

УДК 378 



Нусупбаева С.А.

1

, Ибрагимова М.Н.

2

 



Аға оқытушы, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

Алматы, Қазақстан. E-mail: 

N.Salta_82@mail.ru

 

 



Оқытушы, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 

Алматы, Қазақстан.E-mail:

ibragimova.meruert@mail.ru

 

 

САЙЫС САБАҚТАРЫН ТАРИХ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 



 

 

 

Abstract. Тhe benefits of using a lesson in history class competition 

Key words: Intellectual, map, word term 

 

 



"Тарихсыз  болашақ  жоқ.  Ұлы  далада  күллі  Еуразия  құрлығын  уысына  ұстаған 

талай алып мемлекеттер болды. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп­төстеген айбарлы 

халықтар  өмір  сүрген.  Бүгінгі  Қазақстан  сол  бабалардың  заңды  мұрагері.  Адамзат 

тарихында  қазіргі  қалыптағы  мемлекет  үлгісі  тек  соңғы  бірнеше  ғасырда  ғана  пайда 

болғанын білеміз. Ал бұл кез біздің халқымыздың бостандықтан айырылып, бодандыққа 

түскен  мезетіне  тап  келді.  Көк  түріктер  мен  Алтын  орданың  айбарын  айтпағанда  Қазақ 

хандығы  біздің  елдігіміздің  түп  тамыры",  ­  деген  Қазақстанның  Президенті  Нұрсұлтан 

Назарбаев  сөзімен  бастай  келе    қазіргі  уақытта  тарихымызды  тануға  деген 

жастарымыздың  алғашқы  тəуелсіздік  жылына  қарағанда  бəсеңдегенін  байқаймыз. 

Жастарды  тарихқа  деген  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  əртүрлі  əдіс­тəсілдерді 

қолданамыз. Соның бірі сайыс ойын сабағы.   

 

Мақсаты:  ойын  барысында  тыңдаушылар  ежелгі  Қазақстан  тарихының  кезеңі 



аяқталған  кезде  түрлі  тапсырмалар  мен  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  Қазақстан 

жеріндегі  алғашқы  адамдардың  пайда  болуы  мен  даму  тарихымен  танысады. 

Интеллектуалды  бұл  ойын  тыңдаушының  аса  қатты  даярлығын  талап  етеді. 

Интеллектуалды  ойын  күрделі  сұрақтармен  жасалғандықтан,  ойлау  қабілетін  дамытып, 

тарих 

пəніне 


деген 

қызығушылығын 

арттырады; 

Түрі:  «Тарихты  білу  –  парызың!»  атты  зияткерлік  ойыны.  Ойын  барысында  8  ­ 



 

тыңдаушыдан  төрт  топқа  бө

орындалған тапсырма 1 балдық 

 

Ойын бес айналымнан тұрады.



1-айналым. «Иә» және «жоқ» 

2- айналым «Бұл кім?» тапсырмасы 

3- айналым. Суреттермен жұ

4- айналым. Термин сөздер 

5- айналым. Қоғамдық құрылымдар

6- айналым. Карта бойынша тапсырмалар.

 

1-айналым. «Иә» және «жоқ» 

жауап береді. 

1. «Тарих» сөзі – «зерттеу», «ө

2. Адам маймылдан пайда болды. 

3.  Азия  мен  Африкада    6  млн  жыл  б

ғылымында оларды «гоминид» деп атайды. 

3.Адамның жануарлардан басты айырмашылы

4. Қазақстан территориясында адамдар 2,7 млн жыл б

5. Көшпелі мал шаруашылығы ерте темір д

6. Сақ патшасы жиналыста сайланды. 

7. Сақ аңыздарында жылқы күн ж

8.  Марафон шайқасында парсылар мен са



жоқ  

9. Халық жиналысына əйелдер 

10. Сақ тайпалары қоныстануына 

11. Питекантроп 1891 жылы Ява аралынан табыл

12. Адам маймыл тектес жануардан пайда болды

13.  8­9 жастағы неандерталь баланы

14. 10 мың жыл бұрын егіншілік 

15. 13 мың жыл бұрын дүние ж

16. Грек авторлары сақтарды «азиялы

17. Петроглиф – тасқа түсірген хат

18. Сақ аңыздарында жылқы найза

19.   Сақ тайпалары қоныстануына 

20. Шірік­Рабат Қызылордадан 300 ша

 

2-  айналым  «Бұл  кім?»  тапсырмасы. 

көрсетіледі, қатысушылар оларды

1.

өлінеді.  Əр  топтан  бір  ­  бір  капитан  сайланады. 



қ жүйемен бағаланады. 

рады. 


қ» тапсырмасы  

л кім?» тапсырмасы  

ұмыс 

рылымдар 

ша тапсырмалар. 

қ» тапсырмасы.Қойылған сұрақтарға иə немесе жо

өткен оқиғалар жайлы əңгіме» деген мағынаны білдіреді. 

2. Адам маймылдан пайда болды. жоқ 

млн  жыл  бұрын  маймыл  тектес  адамдар  өмір  с

ылымында оларды «гоминид» деп атайды. иә 

жануарлардан басты айырмашылығы – құрал жасай білуінде еді. 

стан территориясында адамдар 2,7 млн жыл бұрын өмір сүрген . жо

ы ерте темір дəуірінде қалыптасты.  иә 

патшасы жиналыста сайланды. жоқ 

н жəне отпен байланыстырылды. иә 

асында парсылар мен сақтар бірігіп, гректерге қарсы со

йелдер қатыспады. жоқ 

оныстануына қарай үшке бөлінді . иә 

11. Питекантроп 1891 жылы Ява аралынан табылған. иә 

12. Адам маймыл тектес жануардан пайда болды .  иә 

ы неандерталь баланың бет əлпетін М.М.Герасимов қалпына

рын егіншілік қалыптасты.  иә 

ние жүзін мұз басты. жоқ 

тарды «азиялық скифтер» деп атаған. иә 

сірген хат­суреттер.  жоқ 

ы найзағаймен байланыстырылды. жоқ 

оныстануына қарай екіге бөлінді . жоқ 

ызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан . иә 

л  кім?»  тапсырмасы.  Бір  ғалымның  немесе  тарихи  т

атысушылар олардың қандай еңбек сіңіргенін айтуы  қажет. 

1.

 

517 



бір  капитан  сайланады.  Əрбір 

немесе жоқ арқылы 

ынаны білдіреді. Иә 

мір  сүрген.  Тарих 

рал жасай білуінде еді. иә 

жоқ 

арсы соғыста жеңеді . 

алпына келтірді. иә 

немесе  тарихи  тұлғаның  есімі 



518 

 

2.  М.М.Герасимов  -  танымал  антрополог­ғалым  Өзбекстанның  оңтүстігіндегі  Тесіктас 

үңгірінен 8­9 жастағы неандерталь баланың бет əлпетін қалпына келтірді. 

3. О.М.Торрель - ХІХ ғ. 70­жылдары «Мезолит» терминін енгізген швед ғалымы.  

4. А.Я. Тугаринов - 1914 жылы қола дəуірі мəдениеттің ескерткішін – Оңтүстік Сібірдегі 

Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан тапты.  



5. М.П. Грязнов ­ 1927 жылы Батыс Қазақстаннан андрон мəдениетінің ескерткішін тапты 

.  

6. Ə.Х. Марғұлан ­ 1946 ж. Қазақстанда қола дəуірін зерттей бастады . 



7. В.П. Алексеев ­Андрондықтардың сырт бет­бейнесін зерттеген академик.  

8.  Қ.  Сатбаев  -  Қола дəуірінде Жезқазған өңірінен өндірілген кен мөлшері 1 млн тонна 

болғандығын айтып кеткен ғалым . 



9. Ә.Т. Төлеубаев - Б.з.б. VІІІ ғ. жататын Шілікті қорғанын зерттеген 

 10. З. Самашев - 1988­1999 жж. Берел кезеңінің 11­інші обасын ашқан археолог.  

11.К. Ақышев ­ 1969 жылы “Алтын адамды” тапқан.  

12.  Х.Алпысбаев  ­  1958  ж.  бастаған  археологтар  тобы  қазіргі  Жамбыл  облысының 

Қаратау маңынан ежелгі адамдардың тұрағын тапқан. 

13. Кир - Б.з.б. 530 жылы сақтар жеріне басып кірген парсы әскерлерінің басшысы  

14. Томирис - б.з.б. 570­520 жж. билеген сақтардың билеушісі патшайымы 

15. Спаргапис -  Томиристің ұлы 

16.  Дарий  І  -  б.з.б.  519­518  жылдары  сақтарға  қайта  шабуыл  жасаған  парсылардың 

патшасы. 



17.  Скунха - сақ көсемі.  

18. Шырақ - сақтардың малшысы . 

19. Александр Македонский - грек басшысы 

20. Спитамен - сақ жауынгері. 

21. Сыма Цянь ­ Қытай тарихшысы  

22. Прииск ­ Византия елшісі. 

23.Атилла ­ 400­453 ж.ж. өмір сүрген Ғұн билеушісі 

24. Мөде­ б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы . 

25. Чжи-Чжи - Б.з.д.55 жылы Ғұн мемлекетінің солтүстігіне басшылық еткен  

26. Хуханье - Б.з.д.55 жылы Ғұн мемлекетінің оңтүстігіне басшылық етке 

27. Анахарис ­ Сақтардың ғұлама философы 

28. Аммиан Марцеллин  - 31 кітаптан тұратын «Іс­қимылдар» кітабында Ғұндар жайлы 

маңызды дерек қалдырған римдік тарихшы 




1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал