АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН ДЕРЕКТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ
ӘДІСТЕРІ
Abstract. The article deals with the problem of the use of archival documents in the study
of the discipline of source history of Kazakhstan. Author shows methods of studying the Fund
documents Semirechensk Resettlement Administration, which worked during 19051918.
Documents collected and Sohar in 19 Central State Archive of the Republic of Kazakhstan.
Key words: source, archive documents, education, history
Заманауи білім берудің мазмұнын жаңадан қарастыруда педагогикалық тəжірибеде
дəстүрлі оқытудан гөрі ақпараттық технологияға басымдылық берілген. Оның үстіне
қоғамның объективті қажеттіліктері үдетпелі жəне тұлғалықбағдарлы технологияны кең
енгізу мəселесін туындатады. Білім берудің модернизациясы тек оқытылатын пəннің
мазмұнын өзгертуге ғана бағытталмайды, сонымен қатар, оқыту əдістемесін өзгерту
жолдарымен, методикалық əдістер арсеналының ұлғаюына, студенттердің білім алу
барысында қызметі белсенділігінің артуы, зерттеліп жатқан тақырыптардың жағдайға
байланысты шынайы өмірге жақын болуы жəне ең өткір қоғамдық мəселенің шешу
жолдарын іздестіреді. Оқытудың тың əдістерін деректану пəнінде де кеңінен пайдаланауға
болады. Деректану тарихи деректер, оларды іздеп табу, зерттеу жəне пайдаланудың
теориясы мен практикасы туралы тарих ғылымының саласы, кешенді арнайы тарихи пəн.
Деректану жай ғана тарихи дерек емес, сол деректің болмысын, дүниеге келтірушінің
қатынасын зерттейді. Осы үштік жалпыадами феноменді білдіреді: бір адам екінші
адаммен тікелей емес, өзіндік тұлғасын көрсететін басқа адамның шығармасы арқылы
байланысады. Үшінші адам сол шығармаларды зерттеп, деректердің мəні мен мазмұнын
ашады.
Тарихи дерек белгілі кеңістікте, белгілі бір тарихи кезеңде пайда болғандықтан,
тарихилық принципті негізге ала отырып, деректі пайда болған уақыттың контекстінде
қарастырып зерттеу керек. Сонда деректен белгілі оқиғаға қатысты шынайылық деңгейі
жоғары мəлімет алуға болады.
Мақалада Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорының құжаттарын
деректану пəнін оқытуда пайдаланудың жəне оқыпүйренудің əдістері қарастырылады. Ол
үшін ең алдымен Жетісу қоныс аудару басқармасы жəне оның қызметі туралы қысқаша
айтып өткен жөн. Жетісу қоныс аудару басқармасының құрылуы ХІХ ғасырдың соңы мен
ХХ ғасыр басындағы өлкедегі қоғамдықсаяси жағдайлармен тікелей байланысты болды.
Ресей империясы 19041905 жылдары Қазақстан аумағын бес қоныс аудару ауданына
бөлді: ТорғайОрал, Ақмола, Семей, Сырдария жəне Жетісу. Бұл облыстарда Жерге
орналастыру жəне егіншілік бас басқармасына қарасты қоныс аудару телімдерін
дайындайтын уақытша партиялар ашылды. Партиялардың міндеттері Ресей
империясының заңдар жинағының ІХ томының 125154 баптарында көрсетілді [1, с. 741
745]. Сонымен, патша үкіметі орталықтандырылған қоныстандыру мекемелер жүйесін
құрды. Отаршылдық негізде құрылған бұл мекемелер жергілікті халықтың
505
пайдалануындағы «артық» жерлерді тартып алып, қоныс аудару телімдерін дайындады.
Жетісу облысында құрылған қоныс аудару мекемесі Жерге орналастыру жəне егіншілік
бас басқармасына қарасты еді. Жетісу қоныс аудару басқармасы өлкеде агрономиялық,
гидротехникалық, статистикалық, ботаникалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып,
оларды жүзеге асырды. Сондай шаралардың барысында жинақталған есептік құжаттары
қор құжаттарының аса маңызды бір бөлігін құрайды. Жетісу қоныс аудару ауданы 7 кіші
ауданға бөлінген. Олар: Верный, Жаркент, Пржевальский, Нарын, Пішпек, Қапал, Лепсі
[2, с. 1]. Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорының пайда болуының
объективтілігі Ресей империясының Қазақстан аумағында, соның ішінде Жетісу
облысында жүзеге асырған отарлау жəне қоныстандыру саясатымен байланысты.
Жетісу қоныс аудару басқармасының 19051918 жылдар аралығындағы қызметі
нəтижесінде жинақталған деректік құжаттары Қазақстан Республикасының Орталық
мемлекеттік мұрағатының 19қорында топтастырылған. 19қор «Жетісу өлкесіндегі қоныс
аудару ісінің меңгерушісі» деп аталады, мұнда барлығы 4172 сақталу бірлігі жинақталған.
Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қоры қазан төңкерісіне дейінгі
кезеңнің тізіліміне кірген. Онда қорға қатысты жеті тізімдеменің əрқайсысына қысқаша
сипаттама беріліп, хронологиялық шеңбері мен жинақталған сақтау бірліктердің жалпы
саны белгіленген. Мұрағатта қордың тарихи анықтамасы бар, мұнда Жетісу қоныс аудару
басқармасының қызметі мазмұндалған жəне қорға жалпы сипаттама жасалған. Қордың
тарихи анықтамасы мұрағаттың ғылыми қызметкерімен құрастырылып, 1950 жылы 25
желтоқсанда бекітілген [3]. Қордың құжаттары құрылымдықхронологиялық принцип
бойынша жүйеленген, нақтырақ айтсақ, құжаттар құрылымдық бөлімінің ішінде пайда
болу кезеңіне қарай жəне құжаттардың деңгейінің маңыздылығына байланысты
орналастырылған. Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорының деректік
құжаттары 7 тізімдемеде жіктелген. Құжаттардың пайда болғанына бір ғасырдан астам
уақыт өтсе де, қазіргі кезегі олардың физикалық жағдайы қанағаттанарлық. Қордағы
құжаттардың басым көпшілігі машинажазба түрінде ресімделген, бірақ қолжазбалар да
кездеседі. Қолжазбалар көк жəне қара сиямен жазылған, ал кейбір машинкаға басылған
жазбалар сиямен түзетілген. Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі атты 19
қордың 18801918 жылдар аралығындағы құжаттарының соңғы ғылымитехникалық
өңдеуі 1983 жылы өткізілді. Қорға түскен жаңа құжаттардың нəтижесінде, ғылыми
техникалық аппарат өңделіп тұрды. Қордың кейбір деректері 1947, 1949, 1953 жылдары
барлығы 56 іс көлемінде құпия қор бөліміне өткізіліп, 1957 жылы құпия қор бөлімінен 19
қорға, № 1 құпиясыздау актісі негізінде, 31 сақтау бірлігі қайта тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында топтастырылған
Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорының құжаттары үлкен бір
деректік кешенін құрайды. Осы деректерді сыныптау арқылы, біз қордағы құжатардың
құрамы мен мазмұнын анықталады. Деректану ғылымында қазан төңкерісіне дейінгі
құжаттарды сыныптау тəсілі кеңес кезеңіндегі құжаттарды сыныптаудан ерекше болып
табылады. Мұнда əр құжаттың түрі жеке топтастырылып, сыныпталады. Бірақ деректану
ғылымында қазан төңкерісіне дейінгі құжаттарды сыныптау тəсілі əлі толығымен
жүйеленбеген. Қордағы іс жүргізу құжаттары Ресейде ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда
заңдастырылған ісқағаз негізінде жүргізілді. Іс жүргізу құжаттары тарихи деректердің
үлкен тобын құрап, мекемелердің қызметінің барысында қалыптасады. Қор құжаттарын
сыныптай отырып, бірнеше түрге топтастырылды: нормативтік, басқарушы, хаттамалық,
есептік, хат алысу, жеке тектік құжаттар, техникалық жəне жеке құрам құжаттары.
506
Мұндай сыныптау қорда жинақталған деректердің негізгі түрлерін анықтай отырып, қазан
төңкерісіне дейінгі іс жүргізу құжаттарының ерекшеліктерін көрсетеді.
Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын сол кезеңде
қалыптасқан деректер арқылы анықтауға болады. Қазақстан Республикасының орталық
мемлекеттік мұрағатында топтастырылған Жетісу қоныс аудару басқармасының қызметі
барысында қалыптасқан іс жүргізу құжаттарының мазмұны осы мəселені кеңірек танып
білуге мүмкіндік береді. Қор құжаттарының мазмұнын талдай отырып, Ресей үкіметі
қоныс аудару саясатында қарқынды нəтижелер шығару үшін, жергілікті қазақ халқын
жаппай отырықшы шаруашылыққа көшіруге ұмтылғандығын анықтауға болады. Бұл
шараны жүзеге асыру барысында Қоныс аудару басқармасы ең алдымен орыс
шаруаларының жағдайын жақсартуды көздеді. Осы турасында оларға Жетісудың ең
құнарлы əрі суармалы егістік жерлері қазақтардан тартып алынып, берілді.
Отырықшылыққа өтуге ниет білдірген қазақтарға орыс шаруаларымен теңдей жер
телімдері бөліп берілді. Ал отырықшы шаруашылыққа көшкілері келмегендер байырғы
жерлерінен шөл, шөлейт аймақтарға ығыстырылды. Жер телімін алып, отырықшылыққа
көшкендердің де, көшпегендердің де жағдайлары нашарлады. Жерлерінен айрылған
байырғы тұрғындардың шаруашылығы тығырыққа тіреліп, əлеуметтік жағдайлары
төмендеді. Осылайша шаруалар отарлауының барысы мен салдары қоныс аударушылар
аса көп мөлшерде тоғытылған Жетісу өлкесі үшін зардапты болды.
Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорының құжаттары өлкедегі
рухани отарлау тарихының дереккөзі болып та саналады. бір ғана мысал келтіретін
болсақ, Жетісу қоныс аудару ауданының меңгерушісіне Комитетке арнайы қоныс аудару
поселкілері белгіленген Жетісу облысының картасын дайындау тапсырылды. Қорда
табылған Жетісу облысының 1909 жылғы сызба картасы жоғарыда айтылған тапсырыс
бойынша дайындалған [4, 156 п.]. Себебі, бұл картада 1910 жылға дейін құрылған өлкедегі
қоныс аудару телімдері көрсетілген жəне орыс селоларындағы шіркеулер мен приходтар
белгіленген. Облыс бойынша барлығы 62 шіркеу мен приход анықталды: Лепсі уезінде –
12, Қапал уезінде – 14, Жаркет уезінде – 5, Верный уезінде – 12, Пржевальский уезінде –
7, Пішпек уезінде – 12. Жетісу облысында 1910 жылға дейін орыс қоныс аударушылары
үшін діни мекемелер көбінесе Қапал уезінде ашылған.
Оқытудағы интерактивті əдістəсілдерді пайдалану бакалавриатта сапалы білім алуға
септеседі. Осыған орай «Қазақстан тарихының деректануы» пəнінен оқылатын дəрістер
мен өткізілетін семинар сабақтарында интерактивті инновациялық ахуалдық,
презентациялық, прессконференция, жеке топтық, т.б. əдістер пайдаланылады[5].
Осылардың ішінде ахуалдық əдіс Қазақстан тарихының деректануы пəнінің
ерекшеліктеріне сəйкес келеді, өйткені деректану ғылымының өзіндік ерекшеліктері
тарихи деректерді талдау жəне олардың құндылығын анықтауда белгілі бір проблеманы
шешудің ахуалы пайда болады. Оны оқытушы студенттердің көмегімен орын алған
проблемалық ахуалды тиімді шешуі тиіс. Сондайақ ахуалдық əдіс тарихи деректердегі
фактілерді салыстыруда, олардың шынайылық дəрежесін айқындауда, маңызын ашуда да
тиімді əдіс болып саналады. Бұл бір жағынан дəстүрлі конспект дайындаудан гөрі студент
үшін дəйекті əрі, екінші жағынан оқытудың жаңа əдістерін ұстану болып саналады. Осы
орайда айта кетерлік бір жайт, оқытушы да, студент те деректану ғылымының өзіндік
категорияларын терең меңгергені абзал. Өйткені тарихи дерек, дерек фактісі ұғымдарын
түсінбей жаңа технология бойынша жұмыс істеу былай тұрсын, тақырыпқа қатысты
мəселелерді ашу қиынға соғады. Сондықтан да студенттер деректану пəні бойынша ең
507
қажетті түсініктер мен ұғымдар бойынша глоссарийді семестрдің үшінші аптасында СӨЖ
түрінде құрастырады. Тарихи деректерді өткен кезең туралы мəліметтерді тасушы ретінде,
ондағы объективтілік пен субъективтіліктің байланысы, тарихи фактінің шынайылығын
анықтау, деректердің түрлері мен мазмұны, олармен жұмыс жасаудың əдістəсілдері
туралы дəрісте айтылады.
Жеке топтарға бөліп, семинар сұрақтарын қарастыру студенттердің ойлау қабілетін
арттыруға, өзбеттерінше берілген тапсырманы орындауға мұрындық болады. Мұндай əдіс
оларды топта жұмыс істеуге, өздік жұмыстар тапсырмаларын бірлесе отырып шешуге
мүмкіндік береді. Топтық əдісті пайдаланудың тиімділігі семинар сабақтарын
студенттердің саны көп аудиторияда дəлелденді[46]. Мысалы, архив құжаттарының
тарихи дерек ретіндегі зерттеудің теориялық негіздерін анықтауда, құжаттарды жүйелеу
жəне классификациялауда, оларға деректанулық талдау жүргізу жəне олардың тарихи
маңызын айқындауда «ақылоймен атқылау» əдісі тиімді. Оқытушы алдын –ала тақырып
бойынша сауалдар дайындап, оларды көмбелерге жасырады. Əрбір көмбенің
жауаптарына берілетін баллдар көрсетіліп қойылады. Студенттер екі немесе үш топқа
бөлініп, көмбелердегі сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді. Көп балл жинақтаған топ
жеңімпаз деп саналады.
Пресс конференция тəсілі тарихи деректердің белгілі бір дəуірдегі немесе кезеңдегі,
біздің мысалымызда №19қордың құжаттарын патша өкіметінің қазақ даласын отарлау
тарихының дереккөздері ретіндегі ерекшеліктері мен маңызы анықтауда тиімді, əрі
рефераттарды біржақты тыңдап, талдаудан гөрі студенттердің белсенділіктерін арттырып,
барлығын қамтуда ұтымды əдіс болып отыр[6]. Мəселен, қор құжаттарының патшалық
Ресейдің қазақ даласын рухани отарлауының дереккөздері екендігіне байланысты
мəселелер күн тəртібіне шығарылып, шешіледі.
Қор құжаттарының арасында жоғарыда көрсетілгендей, фотолар көптеп кездеседі.
Оларды деректанулық талдаудың өзіндік əдістемесі қалыптасқан[7]. Осы орайда
презентациялықжобалау əдісін пайдаланудың маңызы зор. Фотосуреттерді тек көрсетіп
қана қоймай, əрқайсысына сипаттама беріп, талдау студенттің білім деңгейін көрсетеді.
Бұл əдіс пəнді оқыпүйрену барысында кем дегенде екіүш рет қолданылып, семинар
сабақтары өткізіледі.
Семинар сабақтарының бірі «дөңгелек үстел» əдісі бойынша өткізіледі. Əдісті
деректану мəселелерін дамытуды зерделейтін заманауи идеялар мен ғылыми
тұжырымдамалар бойынша қысқаша баяндамаларды тыңдау жəне баяндамашыға сұрақ
қою түрінде қолдануға болады. Баяндамашылар деректерді адамның, тұлғаның өзіндік
шығарамашылық əлеуетін жəне ақпараттық қорын материалдық түрде іске асыратын,
мəдени нысан ретінде зерттейтін феноменологиялық тұжырымдаманы басшылыққа
алады. баяндамалардың тақырыптары тарихилық, объективтілік таным принциптері,
сонымен қатар жалпы ғылыми логикалық, классификациялық, контентталдау, факторлы
талдау, мəтіндік талдау жəне арнайы деректанулық жүйелеу жəне сыныптау, салыстыру,
сынау, таңдаулы синхронды жəне диахронды əдістер туралы да жасалады. Сонда
студенттер деректану ғылыми жəне пəні бойынша терең білім алуға қол жеткізеді.
Айта кетерлік жайт, иновациялық əдістəсілдер студенттердің барлығын дерлік
сабаққа жұмылдырып, белсенді қатысуын, берілген тапсырмаларды толық орындап келуін
талап етеді. Мұның өзі студентке апта сайын қомақты көрсеткішке қол жеткізуге
мүмкіндік береді.
508
Осылайша №19 қор құжаттарын деректану пəнін оқытуда пайдаланудың жолдары
мен тəсілдерін қарастырдық. Айтылғандарды түйіндей келе, Жетісу өлкесіндегі қоныс
аудару ісінің меңгерушісі қорының құжаттарына тұңғыш рет деректанулық тұрғыда
талдау жасалып, олардың патша өкіметінің өлкені отарлауы тарихының деректері болып
табылатындығы дəйектелді. Қор деректерінің пайда болуының алғышарттары, себептері
айқындалды. Мұрағат материалдарының сақталу түрлері, патшалық Ресей кезеңіндегі іс
жүргізу құжаттарының ерекшеліктері мен маңызы көрсетілді. Жетісу қоныс аудару ісі
меңгерушісінің құжаттары көптүрлілігіне байланысты деректанулық негізде сыныпталып,
бірнеше топтарға бөлінді. Деректерді жанжақты жəне оларды деректанулық талдауға
студенттерді үйрете отырып, олардағы мазмұндалған мəселенің ғылыми құндылығын
анықтаудың мүмкіндігі туды. Бұл құжаттар арқылы Жетісу қоныс аудару мекемесінің
қызметін анықтай отырып, патшалық Ресейдің қазақ даласында, соның ішінде жер
жаннаты Жетісуда жүргізген отарлау саясатына баға беруге болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Свод законов Российской империи. Книга первая. Второе издание. – СПб., 1913. –
Т. 2. – 2774 с.
2 Обзор Семиреченской области за 1910 год. – Верный: типография Семиреченского
Областного Правления, 1911. – 200 с.
3 Жетісу өлкесіндегі қоныс аудару ісінің меңгерушісі қорының тарихи анықтамасы.
ҚР ОМА(Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві) қызметкерлерімен
құрастырылған. – 28 б.
4 Смета на постройку школы на 6м Чуйском участке, переписка с Туркестанской
консисторией о постройке церквей // ҚР ОМА. Қ. 19; т. 1, іс. 2706. – 191 п.
5 Мұхатова О.Тарихнама пəндерін оқыпүйрену жəне оқытудың жаңа
технологиялары // Материалы ХХХХ научнометодтческой конференции профессорско
преподаватель ского состава КазНУ им. альФараби. т.2. Алматы, 2010. С. 6469.
6 Мұхатова О.Эксперименталды білім бағдарламасы жəне оқытудыңинновациялық
тəсілдері// Образовательная деятельность исследовательского университета. Материалы
ХLІ научнометодической конференции профессорскопреподавательского состава КазНУ
им. альФараби. Алматы, 2011. – С. 176180.
7 Мұхатова О.Аудиовизуалды құжаттарды талдау мəселелері// Вестник КазНУ им.
альФараби. Серия историческая. 2012. №3 (66). – С. 6369бб.
ƏОЖ 303.01
Насимов М.Ө.
1
, Паридинова Б.Ж.
2
1
с.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Болашақ» университеті,
Қызылорда, Қазақстан, e-mail:
nasimov_m@mail.ru
2
ФМ., «Болашақ» университеті,Қызылорда, Қазақстан, e-mail:
nasimov_m@mail.ru
ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМНІҢ
ОРНЫ
Abstract. Social and humanitarian knowledge is designed not only to provide transfer of
scientific knowledge and representations to new generations, but also to form their valuable
509
reference points in moral measurement. It is an important component of fundamental education,
allows to create the expert with wide outlook. In the report considered the role and the place of
social and humanitarian knowledge in modern society.
Key words: knowledge, information technology, institution of higher education,
humanitarian education.
Мемлекетіміздің тұрақты экономикалық жəне əлеуметтік дамуын қамтамасыз етудің
негізгі жолы білім беру жүйесін жоспарлы түрде құру болып табылады. Бүгінгі күнде ХХІ
ғасырдың көшбасшы мемлекеті болу білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыруда жатыр.
Білім əлемдегі барлық мемлекеттердің негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.
Сондықтан қазіргі бəсекелестік заманындағы шарттарда əлеуметтікгуманитарлық білім
берудің маңыздылығы жоғары деп ойлаймыз.
Ақпараттық технологиялардағы заманауи жоғары дамыған технологиялық қоғамның
ілгері дамуы үшін білімді жəне адал азаматтардың, қоғамдық өмірдің жаңа қағидаларын
қалыптастыратын тұлғаларды қажет етеді. Қоғамдағы өмірді қалыптастыру жолында
əлеуметтікгуманитарлық білімдердің маңыздылығы мына түсініктермен байланысты:
біріншіден, білімді қоғам бұл қарапайым ақпараттық қоғам ғана емес, бұл маңызды
құндылықтар қорын құратын тұлғалық əлеуеттің қоғамдық жəне адами даму ілімдеріне
сүйенетін қоғам. Екіншіден, экологиялық жəне əлеуметтік дағдарыстар шарттарында
адамның кəсіби қызметі мəдени болжамдарға сəйкес қоғамның қауіпсіздігі мен даму
басымдықтарын қамтамасыз етеді.
Кез келген жоғары оқу орнындағы əлеуметтікгуманитарлық пəндерді оқыту жоғары
білімнің маңызды ерекшеліктерін құрайды. Əлеуметтікгуманитарлық білім адамгершілік
сезімдеріне толы. Мұнда рухани құндылықтарды жасаушы жəне тұтынушылар
арасындағы этикалық қағидалар қалыптасады. Заман талғамына сəйкестендірілген
заңдылықтар əрдайым мəдени қажеттіліктерге сай жүйеленіп отырады. Əлеуметтік
гуманитарлық пəндерді оқыту бізді рухани мəдениет əлеміне енгізеді жəне осы ортада
адаспаудың жолдарын негіздейді. Мəдени ұстанымдардың тоқтаусыз өзгерістері орын
алған өмірде сенімді болуға, қоғамдық өмірдегі құбылыстарды бағалау қабілеттілігі,
қисынсыз əрі ырықсыз түйсікпен басқарылатын тобыр бөлшегі болмауға септігін тигізеді.
Өмірлік жағдайлар негізінде қалыптасатын рухани құндылықтар адамзат өмірінде
елеулі орынға ие. Ал əлеуметтікгуманитарлық біліммен қол жеткізілген нəтижелі деңгей
көрсеткішімен тығыз байланысты рухани даму дəрежесі маңызды рөлге де ие деп
ойлаймыз. Қоғамдық мəдениеттегі оның əрбір құрамдас бөлігі ауыстыруға келмейді жəне
өз бетінше тəуелсіз. Сондықтан қоғамдық жəне адамзат өмірінде философиялық, тарихи,
саясаттанулық, құқықтық, психологиялық, əлеуметтанулық, педагогикалық білімдерді
игеру маңызды саналады. Түрлі ұлттық мəдениет өкілдерінің өзара түсіністігін
қалыптастыратын шет тілдерді білу де өте маңызды.
Білім берудің гуманистік тəрбиесі əлеуметтікгуманитарлық біліммен тығыз
байланысты екендігі белгілі. Білім беруші ұстаздар қауымы болашақ мамандар
дайындаумен қатар, саяси мəдениеті жоғары, рухани дамыған, тарихи жəне мəдени
құндылықтарды сыйлайтын тұлғаларды тəрбиелейді. Сондықтан «Қазақстан тарихы»,
«Философия», «Саясаттану», «Əлеуметтану» жəне «Мəдениеттану» пəндерін жүргізетін
оқытушыларға зор үміт пен ауыр жүк артылады.
Тарих үнемі даму жолында жүретін ғылым. Тарих – ол ең алдымен əлемді тану,
оның өткенін ашу. Қоғамның дамуы азаматтардың тарихи сабақты терең ұғынуымен
510
байланысты. Өйткені, тарихсыз халық жоқ жəне бүгін мен келешек өткеннің негізінде
орындалады. Тарихи тəжірибені зерттеу тарихи сана, мəдениет, дəстүр мен ұрпақтар
сабақтастығын қалыптастырады. Сонымен бірге, тарихтың негізгі пəні адамзат рухы
саналады. Сондықтан студенттерді тек тарихпен таныстырып қана қоймай, олардың адами
рухын тəрбиелеу бірінші орында тұрады. Тағы негізгі міндет ретінде қазақстандық
патриотизмді қалыптастыру болып табылады. Ол адамның өркениет феномені мен қазіргі
заманның жаһандық мəселелерінің диалектикасын сараптаудың негізгі нысаны саналады.
Адамның қоршаған дүниеге қатынасының жалпы формалары мен заңдылықтарын
зерттейтін философия ілімін оқытуда қоғамдық қатынастарда туындаған көптеген
мəселелерді сараптау арқылы орын алады. Философияның негізгі мəселесі адам болып
табылғандықтан, сабақ жүргізу барысында философиялық антропология негіздеріне
сүйенген жөн. Себебі, оқытуда оқытушы мен студент ойларында бұл жүйені қай формада
тиімді түрде орындай аламыз деген сұрақ тұруы тиіс. Егер біз барлық философиялық
мұраны түрлі авторларға тиесілі идеялар жиынтығы десек, əр тұжырымның өзіндік
сипатқа ие ерекшеліктері болатындығын ұғынамыз. Студенттер бұл пəн арқылы бір ғана
ұғымның космологиялық, психологиялық, физикалық, онтологиялық, гносеологиялық
аспектілерін қарастыруда түрлі түсініктер қалыптастыруына ықпал етеді.
Қоғамдық қызметтің түрлі салаларын басқару, еліміздің саяси жəне əлеуметтік
мəдени процестеріне қатысуын тану үшін «Саясаттану» пəнінің мəні зор. Оқытудың жаңа
технологияларында, əсіресе, интерактивті түрде пəнаралық байланыстың негізінде саясат
пен саясаттанудың дамуындағы негізгі кезеңдерді; саясаттанудың түсініктіккатегориялық
аппаратын; түрлі салаларда саяси қимылдар жүргізудің механизмдері; Қазақстан
Республикасы саяси жүйесінің ерекшеліктерін тануға болады. Аталмыш пəн арқылы
саясаттың біртұтас қоғамдық құрылым ретіндегі мəні ашылады, саяси қатынастардағы
ішкі жəне сыртқы байланыстар айқындалады, саяси дамудың негізгі заңдылықтары
анықталады, еліміздің саяси дамуындағы негізгі бағыттар, механизмдер мен
басымдықтары айшықтала түседі. Жалпы саясаттану ең алдымен философия, сосын тарих
ғылымдарымен тығыз байланыста. Сондықтан пəнді игеруде философиялықтарихи жəне
теориялық бөлімдерінің маңыздылығы жоғары. Ал тəжірибелік бөлігінде саясаттың
əлеуметтікпсихологиялық аспектілері мен саяси технологияларына ерекше мəн беріледі.
Бұл əсіресе, түрлі деңгейдегі іскерлік ойын түрлерін жүргізуде өте қолайлы шара болып
табылмақ.
«Əлеуметтану» пəнін оқыту студенттерге адамның қоршаған əлеуметтік əлемі
туралы ғылыми түсініктер, əлеуметтанулық заңдылықтар жəне оның əлеуметтікмəдени
дамуындағы мүмкіндіктерінің ұғымын қалыптастырады. Пəнді оқу барысында
əлеуметтанудың негізгі категориялары мен түсініктерін анықтаймыз; əлеуметтанудың
əлеуметтікгуманитарлық, басқару жəне экономикалық білімдер жүйесіндегі орны мен
рөлі туралы түсініктер қалыптастырылады; əлеуметтанулық білімнің ерекшеліктері жəне
қоғамдық өмір процесі мен құбылыстарын əлеуметтанулық сараптау дағдысы жүреді.
Пəнді оқытуда əлеуметтанудың негізгі теориялық жəне əдістемелік мəселелерін, қоғамның
құрылымы, оның негізгі элементтерін тануын, əлеуметтанудың ғылым жəне пəн ретінде
дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері, əлеуметтанулық ақпаратты жинаудың жəне
талдаудың негізгі тəсілдерін үйретуді мақсат етіп қойып отыр.
Этикалықэстетикалық, көркем жəне мəдениеттанулық түсініктерді студенттер
санасында қалыптастыруда «Мəдениеттану» пəнінің мəнмағынасы зор. Бұл пəн арқылы
жас ұрпақ əлемдік мəдениеттің қалыптасу тарихы мен дамуын ашу арқылы, қазақ
511
мəдениетінің əлемдік мəдениеттанулық процесіндегі орны мен рөлін айқындап,
мəдениеттің құрылымы мен əлеуметтік қызметін, жаңа тарихи шарттардағы оның
дамуындағы ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар, студенттер арасында
мəдениеттанулық білімнің ішіндегі негізгі модельдер: мəдениеттің тарихы мен теориясы,
мəдени саясат, мəдениет философиясы, мəдениет социологиясы, мəдени əлеуметтік
антропология, эстетика мен өнертану мəселелерін оқуға бет бұрады.
Осы тұста қоғамдық пəндерді игеруде алғашқы дерек көздерін пайдалану ерекше
рөлге ие екендігін айта кеткеніміз жөн. Бүгінгі күнде студенттердің аз оқитыны белгілі.
Олардың тəжірибелік сабақтары оқулықтарда жазылған материалдарды жаттап алған
түсініктерін айтып беруі үйреншікті құбылыс. Сонымен қатар, барлық жоғары оқу
орындарындағы тəжірибе көрсеткендей, реферат жазу студенттердің формальды түрде
тапсырманы орындауы болып табылады. Ал Интернет заманында бұл дайын
материалдарды көшіру болып табылмақ. Сондықтан студенттің оқытушымен өзіндік
жұмысында (СОӨЖ) алғашқы дерек көзін оқыту бұл олқылықты реттейді деген ойдамыз.
Мəселен, «Саясаттану» пəнін оқытуда жəне студенттердің білімін жетілдірудегі
өзіндік жұмыстарды орындауда жəне пəнаралық байланыстар негізінде алғашқы дерек
көздерін пайдалану төмендегідей жетістіктерге əкеледі:
өткен дəуірлер мен қазіргі заманның танымал ойшылдарының саяси
тұжырымдамаларын білу;
əлемдік жəне қазақстандық саяси ойлардың дамуындағы негізгі заңдылықтарды
игеру;
Қазақстан, Европалық жəне Шығыс саяси ойларының ерекшеліктерін айқындау;
негізгі саяси дүниетаным, əсіресе, қазіргі саяси ойлар мен оның дамуындағы
кезеңдердің жалпы сипаттамасын игеру;
қазіргі саясаттануға енген өткен кезең саяси ойшылдарының идеяларымен танысу;
саясаттанудың негізгі категориялары жəне оның өзара байланыстарын игеру;
қоғамның жəне саяси процестің саяси жүйе құрылымын ұғыну [1].
Гуманитарлық құрамдас бөлікпен байытылған білім қоғамдағы білім арқылы
қоғамдық өсімге əкеліп, инновациялық дамудың орталығына айналдырады: 1) жас
буынды əлеуметтендірудің негізгі институтына айналып, оларды ақпараттық қоғамдағы
ережелер мен құндылықтарға дағдыландыру арқылы құбылмалы əлемде өмір сүруге
үйретеді; 2) адамдарды əлеуметтік өзгерістерге ынталандыратын күнделікті жəне кəсіби
белсенділік шеңберіндегі қызметтің жаңа технологияларын енгізуге дайындап, қоғамдық
дамудың маңызды факторы болып табылады; 3) жаңа технологияларды, дүниетаным,
қағидалар, құндылықтар, мінезқұлықтық, саяси жəне құқықтық жүйелерді реттеудің
қажеттілік түрлеріне жоғары дəрежедегі зияткер жəне шығармашыл қызметкерлерді
шоғырландыру арқылы ескі түсініктер, құндылықтар мен бағдарларды сараптау
орталығына айналады; 4) мүдделер мен қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне қарай жаңа
əлеуметтік топтарды қалыптастыруға ықпал ету арқылы қоғамның əлеуметтік құрылымы
өзгерістерінің шешуші факторы болып табылады, əлеуметтік жіктелуді реттейді; 5)
қоғамның рухани өміріне ықпал етеді жəне тіпті айқындайды, үлгілер мен адам мұратын
қалыптастыру, ынталандырудың əлеуметтік тартылысының нышандық мағынасын
иеленеді; 6) жоғары технологиялылық, жəне зияткерлік сыйымдылық көлемі бағытындағы
өндірістік дамудың негізгі құралына айналады. Еңбек пен қоғамдық қатынастарды
ұйымдастырудың жаңа түрлерінің туындауын ынталандырады; 7) адамның зияткерлік,
əлеуметтік, рухани, қарымқатынас, шығармашылық əлеуетін айқындауды ынталандырып,
512
тұлғаның дамуындағы қуатты құрал болып табылады; 8) əлеуметтік тұтастықты
арттырудың құралы ретінде қоғамдық дамуды жеделдету арқылы барлық қоғамдық
тəжірибе мен əлеуметтік үдерістердің дамытушылық қасиеттерін күшейтеді. Жедел
қоғамдық даму заңы білімнің таралуымен байланысты; 9) жаңа идеялардың өсу
қарқынына, қоғамдық өмірді оңтайландыруға жəне ғылыми білімнің өмір салты мен
əлеуметтік тəжірибе салаларына енеді, олардың мүмкіндіктерін күшейтеді;
10) тұрғындардың білім деңгейі талаптарын кеңейтуге ықпал жасайды; 11) саяси
белсенділік, саналылық пен жауапкершіліктің өсімін қамтамасыз ететін азаматтық
белсенділікті қалыптастырудың негізгі орталығына айналады; 12) адамгершілік сана мен
құқықтық сауаттылықты дамытудың құралы ретінде əлеуметтікмəдени реттеушілікті
жетілдіруге ықпал жасайды; 13) қоғамдық пейілді жұмсарту, саяси өмірді
либералдандыру, құқықтық мəдениетті демократияландыру, азаматтық қоғамды дамытуға
ықпал етеді [2].
Қорыта келе, əлеуметтікгуманитарлық білім жоғары білімді жаңғыртудың өмірлік
маңызды талабына айнала отырып, заманауи маманның кəсіби құзіреттілігін
қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |