Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет72/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78

Пайдаланған әдебиеттер: 

1. Қазақтың би­шешендері. – Алматы: Жалын, 1993. – 400 б. 

2. Жыраулар. – Алматы, Білім, 2007. – 200 б. 

3. Қ.Байболұлы. Еңсегей бойлы ер Есім. Дастандар. – Алматы: 2005. – 320 б. 

4. Ж.Тілепов. Тарих жəне əдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001. – 376 б. 

5. Ə.Дербісəлин. Əдебиет туралы толғаныстар. – Алматы: Ғылым.1990. – 296 б. 

6. Х.Сүйіншəлиев. Қазақ əдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 2006. – 904 б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


578 

 

СЕКЦИЯ 11 



SESSION 11 

 

Масс коммуникация жәнежурналистікбілімберудіңқазіргізаманғыталаптары 



Contemporary demands for teaching Mass Communication and Journalism 

İletişim ve Gazetecilik Eğitiminin Güncel Sorunları 

Нынешние требования в области преподавания журналистики и массовой 

коммуникации 

 

УДК 316.77; 070 



Асылбек Г. 

Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Қарағанды. 

Магистрант, журналистика факультеті. 

E-mail: gulbakhytassylbek@gmail.com 

 

МОБИЛЬДІ ЖУРНАЛИСТИКА - БОЛАШАҚТЫҢ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ 

             

Abstract.  In  this  report  the  author  tells  about  the  mobile  journalism  as  arapidly 

developing type of journalism. The author tellsthe difference between a mobile and multimedia 

journalism and gives practical examples from the works of foreign lecturers. 

Key words : multimedia journalism, mobile journalist,electronic device, a mobile phone . 

 

Адамның  миы  менен  ойлау  қабілетін  толықтай  электронды  құрылғылар 



жеңілдеткен  бұл  заманда  барша  дəстүрлі  кəсіптер  мен  мамандықтардың  да  жұмыс 

алаңына электронды құрылғылар көптеп енуде.  

Жылдар өте келе, тележурналист, радиожурналист, баспа журналисі деген сияқты 

дəстүрлі  атауларға  журналистика  саласында  онлайн  журналист,  интернет  журналист, 

мультимедиялық  журналист  жəне  мобильді  журналист  деген  сынды  жаңа  атаулар  енді. 

Жаңа атаулар өз бойына жаңа қызметтер мен жаңа мақсаттарды байлады. 

Алайда,  онлайн  журналист,  интернет  журналистің  нақты  кім  екенін  қоғам  жақсы 

білетін  болса,  мобильді  журналист  пен  мультимедиялық  журналистің  атқаратын 

қызметтерінен  көбісі  не  бейхабар,  не  кері  түсінікте.  Мультимедиялық  журналист  пен 

мобильді журналистің атауын да, атқаратын қызметін де шатастыратындар аз емес.  



Мультимедиялық журналист деген кім? 

Мультимедиялық  журналист  дегенді  алғаш  естігенде,  газетке,  сайтқа  материал 

дайындай  алатын,  бейнеролик  жəне  т.б.  журналистік  қызмет  атқаруға  дайын  адам  көз 

алдымызға келеді. Шын мəнінде, мультимедиялық журналист деген кім? 



Мультимедиялық  журналистика  ­  бұл  журналистік  материалды  жеткізудің 

қандай да бір түрі. Бұл бір тақырыпта жазылған, бірақ құрамында бірнеше формат ­ фото, 

видео,  мəтін,  инфографика,  интерактив  бар  медаиөнім  болып  табылады.  Форматтардың 

үйлесімділігі  əртүрлі,  алайда  сол  материалда  ортақ  мағына,  мақсат,  тақырып,  идея  жəне 

мəселе болуы тиіс. Мультимедиялық журналистика бұл ретте телевизиялық, радио жəне 

газет журналистикасымен бір қатарда тұрады. 

Бұл ­ ақпаратты жеткізудің басқа тəсілі, шығармашылық туындының басқа амалы. 

Телеарна  адамы  жақсы  кадрға  жоғары  сезімталдықты  жəне  қозғалысты,  радио  адамы 

"дұрыс"  дыбыс  шығаруды,  ал  "мəтінші"  баспа  тілін  жеткізуді  алға  қойса,  мультимедия 

адамы үйлесімділікті қамтамасыз етеді. [1] 



579 

 

Мультимедиялық  журналистика  -  бұл  жалғыз  -  жарым  журналистің  жұмысы 



емес. Бұл - командалық жұмыс.  

Ал  мобильді  журналистика  дегеніміз  не?  Алдымен  мобильді  журналистің 

атқаратын қызметін анықтап алайық. 

Американдық  Wikipedia  ашық  электронды  энциклопедиясының  анықтамасы 

бойынша,  мобильді  журналистика  дегеніміз  кəсіби  маманның,  яғни  көп  жағдайда 

репортерлер  қауымы  халыққа  жаңалықтар  тарату  үшін  ақпарат  жинап,  өңдеуге  жəне 

таратуға желілік байланысы бар портативті электрондық құрылғыларды пайдаланатын, 

жаңа медиа жариялаудың дамушы нысаны болып табылады.  

Əрине,  бұл­электронды  құрылғылары  жағынан  да,  ғаламторға  қосылу  мүмкіндігі 

жағынан да Азиядағы елдерден ерте дамыған Америка Құрама Штаттарында алғаш пайда 

болған  журналистиканың  жаңа  бір  бөлімі.  Америкада  мобильді  журналистерді  «MOJO» 

деп атайды, ол сөз «mobile journalist» тіркесінің қысқартылуынан пайда болған.  

2004  жылдың  17  ақпанында  «The  New  York  Times»  атақты  американдық  баспа 

əлемде  алғаш  рет  газеттің  бірінші  бетіне  ұялы  телефон  арқылы  түсірілген  фотосуретті 

жариялады.  Ол  фотосуретте  журналист  дəл  сол  күні  Нью­Йоркте  өткізілген  ірі  шараны 

көрсеткен. Атап айтсақ, сол кездегі ұялы телефон саласындағы ең ірі екі «Cingular» жəне 

«AT  &  T  Wireless»  ұялы  телефон  компанияларының  арасындағы  ресми  келісімшартты 

құру  шарасы.  Фотосуретте  Джозеф  Маккейба  «AT  &  T  Wireless»  компаниясының  бас 

қаржы  директоры  мен  «Cingular»  компаниясының  бас  атқарушы  директоры  Джон 

Зеглистің құжаттарға қол қойып жатқан сəті бейленеген.  

Аталмыш  фотосурет  өте  қарапайым  болып  шыққан.  Оқырмандардың  бір  тобына 

осы  қарапайымдылық  ұнаған  болатын.Алайда,  дəл  сол  уақытта  ақпаратты  тарату  үшін, 

əсіресе  сонау  алып  газеттің  алғашқы  бетіне  түсірілген  сурет  ұялы  телефон  арқылы 

жасалғаны кейбіріне салғырттық болып көрініпті.  

Бес  жыл  уақытөтер­өтпесұялы  телефон  алдымен  Азияның  көп  елдерінде  бүтін 

ақпарат жинау құралы ретінде пайдаланыла бастаған болатын. 

Кейін  халықтың  назарына  мобильді  телефонмен  түсірілген  видеорепортаж 

даұсынылған  болатын.  Онда  атақты  американдық  телерепортер  Джереми  Джоджола  тек 

жеке  ұялы  телефоны  жəне  Qik  аттытегін  веб­  бағдарламалық  құралын  пайдаланып, 

видеоесеп түсірген. 2009 жылғы 20 тамыз күні Джоджола өзінің Iphone телефоны арқылы 

жəне Qik веб ­бағдарламалық құралын пайдаланып, Нью Мехико, Альбукеркадағы KOB­

TV  арқылыарнайы  мобильді  телерепортаж  түсіріп,  хабар  таратқан  болатын.  Оның 

айтуынша,  Qik  веб­бағдарламасы  жəне  Iphone  телефондары  сияқты  технологиялар 

қызметінің басым уақытын жолда өткізетін журналистерге өте тиімді. [2] 

«2011 жылғы əлем мобильді журналистиканың маңыздылығын таныған жыл болса, 

онда  2012  жыл  ұялы  телефондар  тек  жаңалықтарды  жазу  үшін  жақсы  деп  санауды 

тоқтататын  уақыт  болады»  деген  пікірді  2011  жылдың  аяғында  Чилидегі  Universidad 

Mayor  университетінде  мобильді  журналистика  саласын  оқытатынпрофессор  Кристиан 

Эспиноса білдірген болатын. 

Кристиан Эспиносаның айтуынша, Эквадор президентіне қарсы ұйымдастырылған 

полицейлер  көтерілісі  немесе  Чилидегі  33  шахтердің  жерасты  апатынан  құтқарылу  сəті 

сынды  оқиғалар  репортаждың  кез­келген  уақытта  жəне  кез­келген  жерде  жоспарсыз 

жасалу керектігін айқындаған. 

Профессор  Кристан  Эспиносаның  пайымдауынша,  кез­келген  адам  мобильді 

журналист  бола  алмайды.  Əрине,  оқиға  орнынан  болған  жайт  жайында  кез­келген  адам 



580 

 

жаңалықтарды тарата алады. Алайда, ол жаңалықтардың қаншалықты фактілерге сүйеніп 



жасалғанын  немесе  қаншалықты  расталғанын,  қандай  мақсатта  таратылғанын  байқау 

керек.  Эспиноса  «Қарапайым  кəсіби  білімі  жоқ  азаматтарға  қарағанда  арнайы  білім  мен 

дайындықтан өткен журналистер импровизациядан алыстау болады» деп баяндайды.  

Нағыз мобильді журналист болу үшін бірнеше қағиданы білу керек (профессордың 

өз студенттеріне үйрететін дəрістерінен алынған): 

­ Microblogging ­ баяндаудың жаңа түрі. Эспиноса «микроблог ұялы журналистика 

үшін презентацияның жаңа нысаны болып табылады» деп нық сенеді. Басқаша айтқанда, 

мобильді журналистер əрқашан белгілі бір тақырып бойынша hashtags қосу керек немесе 

микроблог арқылы өзге де сервистермен өзара байланыстың басқа жолдарын табуға тиіс. 

Эспиносаның  айтуынша,  мобильді  журналистер  қысқа  жазудың  шеберлері  болуға  тиіс. 

Twitterдегідей 140 таңбадан аспайтын мəтіндердің маманы болуға тырысу керек, жəне сол 

140  таңбаның  қатарына  арнайы  фото,  аудио  немесе  филеофайл  да  енуге  тиіс.  Сонымен 

қатар,  жазылған  жаңалықтың  тақырыбы  оңай  əрі  жылдам  табылатындай  ыңғайлы  болу 

керек. Бір сөзбен, оқырман жазбаны емес, жазба оқырманды таба білу керек. 

­ Оқырмандардың пікірлерін пайдаланыңыз.  

Оқиға орын  алған  жерде жүріп,  пікір жазушы оқырмандардың пікірлерін  басқара 

алу керек.  

Қауіпті  жағдайлар  орын  алған  кезде  мобильді  журналистің  оқырмандары  оның 

жеке компасықызметін атқаруы тиіс. Мысал ретінде ол Nokia E71 көмегімен, Эквадорда 

полицейлердің  өздері  ұйымдастырған  бүлік  орын  алғансəтте  жаңалықтармен 

барыншабөліскен  журналист  Сьюзан  Моранның  тəжірибесін  келтірді.  Кросс­өрт  кезінде 

ваннада  құлыптаулы  отырып,  ол  əлі  жарияланбаған  жəне  адамдардың  білгісі  келген 

жаңалықтарды ортақ hashtags (хэштег, əлеуметтік желілерде ортақ тақырыпты бір ортаға 

жинақтайтын таңбаша)арқылы бақылап жəне қадағалап отырған. 

­ Геолокацияны пайдалану арқылы уақытыңызды үнемдеңіз. 

Оқиға  орталығында  орналасқан  ақпарат  көздерін  табу  жəне  не  болып  жатқанын 

талқылау  үшін  смартфоныңыздағы  GPS  функциясын  пайдаланыңыз.  Сіз  бұл  сəтте 

ақпаратты басқарушы боласыз, себебі оқиға орнына келместен бұрын сіз оқиғаны көрген­

білген адамдарды таба аласыз, олардын пікірлерді ала аласыз. 

-Жаңалықтар тарату үшін  жоспар әзірлеңіз. Жаңалықтар таратудың кез­келген 

басқа  да  саласындағыдай,  мобильді  журналистпендайындалған  материалдар  да  жеке 

платформалардың  шеңберінен  шығу  мүмкіндігіне  ие  болуы  тиіс.  Өз  алдыңызға 

«жаңалығымды  барша  ақпарат  қолданушыларға  жеткізе  аламын»  деген  үлкен  мақсат 

қоюыңыз қажет.  

Мобильді  журналистер  қызмет  барысында  сандық  фотокамералар  жəне 

видеокамералар,  ноутбук,  смартфондарды  немесе  планшетті  құрылғыларды  дапайдалана 

алады  жəне  оларкөп  жағдайда  персонал  немесе  штаттан  тыс  журналистер  болып 

табылады.  Бірақ  мобильді  журналистің  нағыз  жұмыс  құралы  ­  мобильді  гаджет,ұялы 

телефон. Ерекшелігі ­ жылдамдық. 

Мобильді  журналистер  басым  жағдайларда  тек  «breaking  news»,  яғни  шұғыл 

жаңалықтарды  таратумен  айналысады.  Ол  көбінесе  оқиға  орнынан,  белгілі  бір  іс­шара 

немесе  апатты  жағдайлар  жайында  баяндап  отырады.  Мобильді  журналистер  онлайн 

жүйеде  тез  арада  мəтінmessage  жазып,  оны  шұғыл  түрде  жариялап,  жазылған  мəтінге 

қосымша  видеофайл  немесе  айдиофайл,  жəне  көп  жағдайда  фотоны  қосымша  дəлел­

мағлұмат  ретінде  тіркеп,  жариялайды.  Журналисткианың  өзге  бөлім  қызметкерлерінен 


581 

 

басты  айырмашылығымобильді  журналист  барлық  жұмысты  тек  қолындағы  бір  ғана 



кішігірім құрылғы ­ұялы телефон арқылы атқарады.  

Мобильді  журналистика  журналистиканың  өзге  бағыттарынақарағанда  көбінесе 

технология  жағынан  көп  қаражат  шығындауды  талап  етпейді.  Оның  басты  қозғаушы 

технологиялары­  арзан  технологиялар.  Əрине  кəсіби  телекамера,  түрлі  аппараттармен 

салыстырғанда смартқұрылғылар едəуір арзан болып табылады. 

Стэфен  Кьюинн  есімді  Сингапурлық  мобильді  журналистика  оқытушысының 

«Mobile  journalism  in  Asian  regions»  атты  зерттеу  еңбегінде  автор  мобильді 

журналистиканың қарқынды дамуы жайында көп құнды жəне өзекті пікірлер айтқан. Онда 

ол  алдағы  онжылдықта  барша  əлемдік  БАҚ  алаңында,  дəл  бүгінгідей  жылдамдықпен 

дамитын болса, үлкен революцилар орын алады, көптеген өзгерістер мен дамуларға жол 

ашылады. Алайда, бұл өгерістер көп адамға білінбей қалуы мүмкін, себебі ол бірден емес, 

баяу түрде жүреді деп жазады. [3] 

Қазірде  түрлі  тегін  видео  жəне  аудиомонтаждар  жасау  үшін  мобильді 

құрылғыларға арналған бағдарламалар көп. Тіпті ұялы телефон арқылы жаңалықтар жасау 

едəуір  оңай  сияқты  көрінеді.Алайда,  ұялы  телефонмен  ақпарат  таратқанның 

барлығымобильді журналист бола алады деген сөз емес. Оның бірнеше себептері бар. 

Мобильді журналистке өзінен бөлек еш көмекші қажет емес, ол жанында көмекші, 

оператор,  фоторгаф  сынды  қосалқы  мамандарды  қажетсінбейді.  Ол  тек  ұялы  телефонға 

байлаулы, оған тек ұялы телефоны қажет. Мобильді журналист жалғыз өзі үлкенді­кішілі 

мəтіндерді жаза алады, өзі суретке түсіре алады, өзі жалғыз белгілі бір бейнероликтер мен 

аудиодыбыстарды жаза алады. Содан кейін өзінің дайын өнімін бірден жариялай алады. 

Ол  үшін  мобильді  журналистке  белгілі  бір  жерде,  жаңалықтар  редакциясына  баруға, 

уақтылы  үлгеруге  тырысып,  дедлайндармен  тығыз  жұмыс  істеудің  қажеті  жоқ.  Ол 

барлығын бір орыннан қалт етпестен атқараалады.  

Мысалға  алатын  болсақ,  баршаға  VJ  ретінде  таныс,  videojournalist  һəм 

тележурналист,  телерепортерлер  жалғыз  жұмыс  істей  алмайды.  Көп  кезекте  түсірілім 

алаңында  бір  топ  адам  жұмыс  істейді,  ол  режиссер,  гример,  жарық  түсіруші,  бірнеше 

операторлар  болуы  мүмкін.  Ал  кейде  олар  жұптасып  та  жұмыс  істей  береді:  журналист 

жəне оператор. Алайда, өзін тележурналистика саласына арнаған адамды жалғыз өзін көру 

мүмкін  емес.  Сонымен  қатар,  осы  салада  қолданылатын  аппараттар  мен  арнайы 

құрылғылар  өте  қымбат,  ауыр  əрі  үлкен  болып  келеді.  Соған  сəйкес,  олар  көптеген 

ыңғайсыздықтарға тап болуы да əбден мүмкін.  

Альбукерканың  KOB­TV  телеарнасының  журналисті,  мобильді  журналистика 

саласында  түрлі  бастамаларға  жол  ашқан  маман  Джереми  Джоджола  да  өзінің 

болжамдарында  болашақ  уақытта  үлкен  əрі  ыңғайсыз  құрылғылардың  орнын  кішігірім 

ұялы  телефондар  алмастыратынына  сенімді.  Журналист  өзінің  ақапарат  таратуда 

қолданатын  Qik  сынды  мобильді  бағдарламалар  да  сондай  өзгерістерге  себепші  болады 

деген ойда. Транспорт керек емес, түрлі триподтар керек емес, тікелей эфир жүргізу үшін 

арнайы  бродкаст  камералар  мен  кабельдер  де  керек  емес.  Бұл  құдды  бір  ғылыми 

фантастикаға ұқсайтын құбылыс сынды. Джеремидің айтуынша, бірнеше жылдың ішінде 

ұялы  телефон  əр  журналистің  жаңалық  таратудағы  басты  жəне  ыңғайлы  құрылғысына 

айналады. Джеремидің кəсіби қалауы сол ­ болашақта тікелей эфирде жаңалықтар тарату 

үшін  жанында  не  арнайы  құрылғы,  не  арнайы  маман  болмайтын  əрі  жеке  жұмыспен 

айналысатын  уақыт  туса  екен  дейді.  Айтуынша,  мобильді  журналистика  өзінің 



582 

 

мүмкіндіктерін əлі де болсын толық қолданып жатқан жоқ. БАҚ саласын болашақта барша 



жаңа технологиялар күтіп тұр. Мобильді журналистика ­болашақтың журналистикасы.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

[1] Asaubek Aiymbetov. "Multimediyalyq jurnalistkim?"

Www.webpress.kz

 (article) 

[2]  Valentina  Gimenez  «Mobil'naya  jurnalistika:  chto  pomimo  s'emki,  mozhno  delat'  s 

pomosh'iu telefona» 31.12.2011 ijnet.org 

[3] Stephen Quinn «Mobile journalism in asian region», research. 2009, by the Konrad­

Adenauer_Stiftung, Singapore. 19­25 p. 

 

УДК 



316.77

 

Берикболова А.Ж.



1

, Бекбосынова Г.А.

2

 

1

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің   аға 

оқытушысы ф.ғ.к.,  Қазақстан Республикасы, Өскемен қ. 

e-mail: 

assel_82@inbox.ru

   

2

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің   аға 

оқытушысы Қазақстан Республикасы, Өскемен қ. 

e-mail: 

gulmira_1268@mail.ru

  

 

ЖУРНАЛИСТ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА  



«ЖАС ЖІГЕР» АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ БАСЫЛЫМЫН ШЫҒАРУДЫҢ 

МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ 

 

          Abstract.  There  was  made  an  attempt  to  analyze  the  purpose  and  goal,  concept  and 

establishing  way  of  "Zhas  Zhiger"  informational  and  educational  publication  via  investigating 

made achievements. 

          Кілт  сөздер:  «Жас  журналист»  үйірмесі,  «жаңа  медиа  технология»,  блог,  блогер, 

жас жігер. 

 

Журналистиканың  қоғам  өміріндегі  орны,  тиімділігі  мен  пəрменділігін  арттыру, 



уақыт  талабына  сай,  халықтың  қажеттілігін  өтеуге  барынша  қабілетті  білікті  маман 

даярлау ­ күн тəртібіндегі басты мəселе.  Журналистерді дұрыс дайындамай, оларға дұрыс 

бағыт  –  бағдар  бермей  оның  елге  тигізер  пайдасы  зор  болады  деп  айта  алмаймыз. 

Журналистика  мамандығының  өз  ерекшелігіне  байланысты  теориялық  білімді 

тəжірибемен  ұштастырудың  маңызы  зор.  Бүгінде,  университет  қабырғасында  маман 

даярлаудың тиімділігін арттырудағы ізденістер аз емес. Осы мақсатта 2006 жылдан бастап 

«Жас  журналист»  үйірмесі  өз  жұмысын  жүргізіп  келеді.  Үйірме  болашақ  журналист 

мамандардың  бойында  бар  шығармашылық  дарынын  дамытуға  өз  үлесін  қосуда.  Осы 

үйірменің  жетістігі,  сондай­ақ,  ғылыми­педагогикиалық  ізденістің  нəтижесінде  2013 

жылдан  бастап  «Жас  жігер»  ақпараттық  –  танымдық  айлық  газетін  шығаруды  қолға 

алдық.    Газет  жұмысын  жетілдіру,  болашағын  болжау  мамандықтың  сенімді  болашағы 

үшін ­ аса қажет.  

­ газет ісін жүргізу болашақ  журналист мамандарды даярлауда оқу  үрдісінде алған 

теориялық білімін тəжірибемен ұштастыруға негіз бола алады



583 

 

­  газет  түрлі  жанрларды  жаздырта  отырып  болашақ  журналист  мамандардың 



шығармашылық ізденістерін дамытады

­  түрлі  тақырыптарға  қалам  тербеп  қоғамның  ақпараттық­танымдық  сауаттылығын 

дамытуға өз үлесін қосады; 

­  тəжірибе  мен  ізденістің  нəтижесінде  газет  ісі  жылдан  жылға  дамып  келеді, 

келешегінен көп үміт күтуге болады, соның бірі – ақпарат жəне мəдениет министрлігінде 

тіркеуден өткізу;  

Негізгі авторлары жастар болғандықтан, атауын да «Жас жігер» деп атадық.   

Газеттің  көлемі  шағын  А4  форматында  түрлі­түсті  болып  жарық  көруде.  Онда: 

«Сөнбес  сəуле»,  «Сұхбат»,  «Тамшыдан  толқынға»,  «Айтарым  бар»,  «Руханият», 

«Пайдалы  кеңес»,  «Суреттер  сөйлейді»  деген  тұрақты  айдарларда  студенттер 

журналистиканың  ақпарат  берудегі  өнімді  жанрлары:  қысқа  ақпарат,  репортаж,  сұхбат, 

памфлет  жанрларында  мəтін  жазып  үйренуде.  Газет  дизайнына  қатысты  кəсіби 

бағдарламалар мен фотоаппараттың тілін меңгеруде. Əр студент өзін журналист, редактор 

ретінде сынап көруде.   

«Сөнбес  сəуле»  айдары  –  «ғалымның  өзі  өлсе  де,  сөзі  өлмейді»  дегендей  артына 

өшпес із қалдырған саңлақтардың қолтаңбасын танытуды өз мұраты санайды.  

«Сұхбат»  айдары  –  журналистиканың  өнімді  ақпараттық  жанры  сұхбат  жүргізу 

технологиясын  меңгертуді  көздейді.  Журналистика  –  дəуір  шежіресі  десек,  айтулы 

тұлғалардан көзі тірісінде сұхбат алып оны газет бетінде қалдыруды мақсат етеді.  

«Тамшыдан  толқынға»  айдары  –  тікелей  дарынды  жастардың  талантын  шыңдау, 

шығармашылығын насихаттауды көздейді.  

«Айтарым  бар»  айдары  ­  аты  айтып  тұрғандай,  белгілі  бір  салада  өзіндік  тəжірибе 

жинақтаған, қолтаңбасы айқын тұлғалардың тəжірибесінен сыр шертеді.  

«Руханият»  айдары  ­  тікелей  біздің  ұлттық  идеологиямызды  насихаттауды  мақсат 

етеді.  

«Пайдалы  кеңес»  айдары  –  басылымның  аудиториясын  ұлғайтуға  септігін  тигізеді, 

себебі бұл айдар күнделікті тұрмыста туындаған түрлі мəселелерге қатысты түрлі саланың 

мамандарынан кеңес алып, оны жариялап отырады.  

«Суреттер сөйлейді» айдарын жүргізе отырып, болашақ мамандар Adobe Photoshop, 

InDesign  сияқты  кəсіби  компьютерлік  бағдарламалардың  тілін  жəне  кəсіби 

фотоаппаратпен жұмыс жасау технологиясын, ақпараттық графика жанрын  меңгереді.  

Zhaszhurnalist.wordpress.com ­  үйірме блогы 2011 жылдың мамыр айында құрылды. 

Бұл – ұжымдық блог. Ал блогтардың мультимедиялығы бойынша: фотоблог, видеоблог, 

мəтіндік  блог,    блогкасттың  басын  біріктіреді.  Ондағы  негізгі:  «баспасөз»,  «сіз  білесіз 

бе?»,  «біздегі  бір  сəт»,  «біздің  мақтанышымыз»,  «талапкерге»  деген  категориялар  бар. 

«Баспасөз»  категориясына  жоғарыдағы  блог  жанрларында  түрлі  тақрыптағы  

студенттердің материалдары жарияланады. Сіз білесіз бе? категориясында əлемдегі түрлі 

қызықты  жаңалықтардан  шолу  беріледі.  Біздегі  бір  сəт  категориясында  түрлі  қоғамдық, 

мəдени  іс­шаралардың  фотосуреттері  видео,  үнхабарлары  жарияланады.  Біздің 

мақтанышымыз  категориясында  үйірменің  жетістіктері,  үлгілі  түлектер  туралы 

материалдар  беріледі.  «Талапкерге»  категориясы  келешекте  С.  Аманжолов  атындағы 

ШҚМУ таңдаған талапкерлерге мəлімет беруде жұмыс жүргізеді. Сондай­ақ, блог арқылы 

ШҚМУ ақпараттық порталына, үздік республикалық басылымдар мен пайдалы блогтарға 

сілтеме  арқылы  кіруге  мүмкіндік  жасалған.  Үйірме  блогы  жандануда.  Жалпы  үйірменің 

барлық  келбетімен  осы  блогтан  көріп  танысуға  болады.  «Жас  жігер»  ақпараттық  – 


584 

 

танымдық  айлық  газетінің  əр  санын  блогымыздың  баспасөз  категориясында  жариялап 



келеміз.  

Қай  заманда  болсын  газет  үлкен  сұранысқа  ие  болған  жəне  солай  бола  бермек. 

Журналистиканың  басты  негізі  –  газет.  Осыны  ескере  отырып,  журналистиканы  қалап 

келген əрбір студент газет мектебінен өтуі керек. Себебі, оқу бағдарламасы бойынша іс­

тəжірибеден  өткен  кезде  студенттердің  ішінде  1  курстан  бастап­ақ  телеарналарға  барып 

жататындары  бар.  Оларды  да  түсінуге  болады,  əркім  өзінің  арманына  қарай,  жанына 

жақынын  таңдайды.  Бұған  қоса,  БАҚ­тың  қай    саласына  бармасын  журналистің  бірінші 

қызметі  ­  түрлі  деңгейдегі  ақпарат  мəтінін  даярлау.  Алғаш  журналистік  қызметті  газет 

мəтінін  жазудан  бастаған  журналист  сөзбен  мықтап  қаруланады.  Ары  қарай  ол 

телерадиода  еркін  қызмет  атқару  мүмкіндігіне  ие  болады.    Осы  қажеттіліктерді  өтеуде 

«Жас жігер» өз жұмысын бастады.  

Басылымның мақсаты ­ біріншіден, студенттердің жазу стилін қалыптастыру. Яғни, 

бұл  жерде  студенттердің  шығармашылығы  дамиды.  Университеттің  тыныс­тіршілігіне 

қатысты мəселелермен қатар, еркін тақырыпта жазып үйренеді. Студенттердің кейбірінің 

өз  таланттарын  толық  ашпағандары  да  бар,    кейбірінің  жазу  қабілеті  басым  келеді, 

солардың  қабілетін  дамыту,  жетілдіру.  Екіншіден,  студенттер  теорияны  практикамен 

ұштастыра  алады.  Мысалы,  «Журналистика»  мамандығы  бойынша  білім  алу  барысында  

«Газет  жəне  телерадио  хабар  шығару»,  «Көркем  публицистика  жанрлары», 

«Медиадизайн» деген  арнайы пəндер оқытылады. Осы пəндердің  негізінде студент БАҚ  

жанрлары,  арнайы  компьютерлік  бағдарламалардың  тілін  меңгереді,  оны  ары  қарай 

тəжірибе  жүзінде  дамытуда  «Жас  жігер»  газеті  негіз  болуда.    Əр  бір  білім  алушы  түрлі 

жанрда  қалам  тербейтін  болады.  Қазір  ғылымда  кейбір  журналистика  жанрлары 

жойылуда,  олардың  аражігі  жоқ.  Мəтін  жазылса  болды,  деген  пікір  бар.  Бірақ,  Т. 

Амандосов  негізін  салған  ғылыми,  өміршең  классификацияны  басшылыққа  алсақ,  əрине 

жанр  таза  өзі  бір  күйде  келе  бермейді,  бір  жанрда  бірнеше  жанрдың  элементі  араласа 

жүреді, бірақ əр қайсысының өз айырмашылығы бар. Осы газетте жұмыс жүргізе жүріп əр 

студент  жанрлардың  табиғатын  танымақ.  Жалпы  оқырман  қауым  газетіміздің  бетінен 

ақпараттық  жанрдағы  репортаж,  сұхбат,  талдамалы  жанр  бойынша  мақала,  шолу  жəне 

деректі­көркем  жанрда  очерк,  фельетон,  памфлет,  эссе  жанрындағы  материалдарды 

оқитын  болады.  Үшіншіден,  газеттің  макетін,  дизайнын  жасау.  Бұл  да  студенттердің 

күшімен  жүзеге  асырылмақ.  Қазіргі  таңда,  азаматтық  журналистика,  Интернет 

журналистика саласы қарқынды даму үстінде, макеттеу мен безендіру сырларына қатысты 

кəсіби  бағдарламаның  тілін  меңгерген  студент  оған  да  өзіндік  үн  қоса  алады.  Əр  затты 

қолмен ұстап, көзбен көре отырып, маман ретінде қалыптасуға жол ашылуда.  

Қолға алған істің ары қарай жалғасын тауып, аяғынан тік тұруында мəселелер де жоқ 

емес,  журналистік  ақпаратты  даярлау,  макеттеу,  дизайн  оның  барлығы  студенттердің 

күшімен  жасалады,  бірақ  басып  шығару  мəселесі  шешілмей  тұр.  Газет  саны  негізінен, 

студенттердің өз қаражатымен жарық көруде. Университет басшылығы газеттің 1­2 санын 

«Берел» баспасынан шығаруға көмектесті.  

Жалпы  əрбір  ақпарат  өнімінің  мəтіні  жазылып  жарияланған  соң  оқырманы, 

тыңдарманы, көрермені болмаса сəтті шықты деп айта алмаймыз. Журналист жұмысының 

нəтижелігі,  журналистиканың  пəрменділігі  тікелей  аудиториямен  кері  байланыс 

орнатылғанда  ғана  іске  асады.  Сондықтан,  газеттің  ҚР  ақпарат  жəне  мəдениет 

министрлігінде тіркеліп халық арасында кең таралауы басты мəселенің  – бірі.  



585 

 

Газеттің ұраны – көсемсөз шебері Ахмет Байтұрсынұлының: «Ел – бүгіншіл, менікі – 



ертең  үшін»  деп  алуы  да  тегін  емес.  Осы  газетті  шығара  жүріп  болашақ  журналистер 

ертең кəсіпке араласқанға дейін өмірлік тəжірибе жинақтайды. Өзін қарапайым тілшіден 

бастап  редактор,  дизайнер  ретінде  сынап  көреді.  Газеттің  алғашқы  саны  тіл  білімінің 

білгірі, ғұлама ғалым С. Аманжоловтың 110 жылдығына арналды. Басылымның беташары 

мамандық  студенті  Сайрауғазы  Қастербектің  Сəрсен  Аманжоловқа  арнауымен  ашылды. 

Алғашқы  санына  бас  тақырыпқа  сай,    студенттермен  қоса  филология  факультетінің 

профессор­оқытушылық  құрамының  зерттеу  материалдары  ал,  руханият  айдарында 

студенттердің  шығармалары  жарияланды.  Мазмұн  сапасын  арттыруда  бұл 

материалдардың маңызы зор.  

Газеттің  екінші  саны  наурыз  айындағы  мерекелермен  қоса  поэзия  падишасы 

Ф.Оңғарсынованы  еске  алу  материалдарынан  тұрды.  «Сөнбес  сəуле»  айдарындағы 

Қ.Сайрауғазының  талдау  мақаласы  ­  студенттің  жетістігі.  Ал,  тамшыдан  толқынға 

айдарындағы  М.  Кенжеханның  «Қайран  қазақ  көйлегі­ай!»  памфлеті  бүгінгі 

басылымдарда  жоғалуға  шақ  тұрған  сатира  жанрында  жазылған.  «Айтарым  бар» 

айдарындағы  университетіміздің  стратегиялық  даму  жөніндегі  проректоры  ф.ғ.д., 

профессор  Б.А.Ердембековтің  «Абай  мен  Оразбай»  мақаласы  оқырмандарды  ғылыми­

танымдық бағытта қаруландырды. Руханият айдарында əдеттегідей студент қоржынынан 

материалдар  берілді.  «Суреттер  сөйлейді»  айдары  бас  тақырыпқа  сай,  қазақы  салт­

дəстүрден сыр шерткен.  

Журналист  болам  деген  талапкерлер  де  «Жас  жігердің»  əр  санында  өз 

материалдарын  жариялап  келеді.  Мектеп  қабырғасынан  бастап,  əрбір  саналы  жанды  кім 

боламын  деген  сұрақ  алаңдатары  анық.  Өз  өмірін  журналистикамен  байланыстырсам 

деген  жас  өрендер  де  осы  газет  арқылы  шығармашылық  жолға  аяқ  басуда.  Бұған  қоса 

мамандықты бітіріп кеткен түлектер де ұшқан ұясын ұмытпай, газет мазмұнын арттыруға 

үлес қосуда. Басылымның алтыншы санының дизайнын оңтайландырудағы студенттердің 

ізденісі  көңілге  қонымды.  Бүгінде  газеттің  айдардары  тұрақталып,  бағыт­бағдары, 

мақсаты айқындалған. Келешегінен зор үміттіміз.  

Журналист  мамандарды  даярлауда    теория  мен  практиканы  ұштастыру  жəне  

материалдық­техникалық базаның əлеуетінің жоғары болуы ­ маңызды орынға ие. Біз осы 

мақсатта  бірқатар  қиыншылықтарды  толық  еңсермесек  те,  өз  жұмысымызды  жүргізіп 

келеміз.  

Бұл  жұмыста  болашақ  журналист  мамандарды  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

баспасөз  салаласында  тəжірибемен  айналысуға,  бойында  бар  шығармашылық  дарынын 

дамытуға  негіз  болып  отырған    «Жас  жігер»  ақпараттық­танымдық  басылымын 

шығарудың  мəні  мен  маңызына,    сипаты  жəне  қалыптасу  жолына  түсінік  беруге,  қол 

жеткен жетістіктеріне тоқтала отырып, талдау жасауға, газет жұмысын ұйымдастырудағы 

мəселелерді  анықтауға  жəне  осы  мəселелерді  шешудегі  ізденістер,  газет  жұмысын 

жетілдіру, тəжірибеге енгізу жағын жалпылауға ұмтылыс жасадық.  

Сонымен,  «Жас  жігер»  ақпараттық­танымдық  басылымын  шығару  төмендегідей 

мəнге ие: 

­ газет ісін жүргізу болашақ  журналист мамандарды даярлауда оқу  үрдісінде алған 

теориялық білімін тəжірибемен ұштастыруға негіз бола алады; 

­  газет  түрлі  жанрларды  жаздырта  отырып,  болашақ  журналист  мамандардың 

шығармашылық ізденістерін дамытады; 



586 

 

­  түрлі  тақырыптарға  қалам  тербеп  қоғамның  ақпараттық­танымдық  сауаттылығын 



дамытуға өз үлесін қосады; 

­  тəжірибе  мен  ізденістің  нəтижесінде  газет  ісі  жылдан  ­  жылға  дамып  келеді, 

келешегінен көп үміт күтуге болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет