/с
Дәріс
тақырыбы (лекция)
Сабақтың мазмұны
С
сағат
Жанрлардың
классификациясы(сарап
тамалық
жанрлар
Жалпы журналистік жанрлар жəне олардың
классификациясы туралы түсінік
1
594
дегеніміз не?)
Ақпараттық жанрлар
Ақпараттық жанр дегеніміз не, оның сараптамадан
айырмашылығы
1
Сараптама дегеніміз не? Сараптама қалай жасалады, оны жасаудағы негізгі
принциптер
1
Сараптаманың
құрылымы
Сараптамалық мақаланың құрылымы қалай болуы
керек?
1
Ақпаратты іздеу, табу
жəне
оның
шынайылығын тексеру,
ақпаратқа
қол
жеткізудің
жолдары.
«Зерттеудегі
эмпирикалық тəсілдер»
Ақпараттың қайнар көзін табу жəне оның
шынайылығын тексеру, ақпаратты жинау жəне
өңдеу
1
Дерек пен дəйек
Сараптама жасаудағы дерек пен дəйектің рөлі
1
Бейтараптылық
Дерекпен жұмыс, бейтарап болудың өзгешелігі
Факт жəне пікір
Журналист пікір мен фактіні қалай ажырата
алады?
1
Репортаж, оның қазіргі
көрінісі
Журналистикадағы жауынгер жанр репортаждың
жасалу жолдары
1
Комментарий
жəне
сұхбат
Сараптама жасаудағы сұхбат пен комментарийдің
айырмашылығы
1
0
Сараптамалық сұхбат
Сараптамалық сұхбат жасаудың жолдары
1
1
Конвергентті
журналистика немесе
онлайн сараптаманың
дəстүрлі
журналистикадан
айырмашылығы
Сараптама жасаудағы интернеттің жəне жаңа
технологияның артықшылықтары
1
2-
13
Журналистік
зерттеу
сараптамалық
жанр
ретінде
Журналистік зерттеу қалай жасалады? Оның
сараптамадан өзгешелігі не?
2
4-
15
Сараптама
жəне
журналистік
зерттеу
жасаудағы
озық
журналистиканың
үлгілері (Батыс жəне
Америка, Азия жəне
посткеңестік елдердегі
үлгілер)
Сараптаманың өзге де дамыған жəне дамушы
елдердегі озық үлгілері қандай, жұртты дүр
сілкіндірген
журналистік
зерттеулермен
таныстыру
2
Барлығы
1
5
595
Бұл ретте профессор Ш.И. Нургожина ханым ұсынатын тақырыптар арасынан
«Сауалнама жəне анкета жүргізуді», «Əлеуметтік зерттеу жəне мониторинг», «Рейтинг
жəне болжам сараптамалық жанр ретінде» секілді тақырыптарды қалдыруға болатын
секілді. Алайда, сауалнама мен анкетаны, рейтинг пен болжамды кімдер жасайды? Оларға
кім тапсырыс берді? Əлеуметтік сауалнамамен айналысатын ұйымдардың мақсаты не?
Мұның бəрі біз үшін анық емес жағдайда, бір мекеменің тапсырысымен жасалған
зерттеулерге иек сүйеп, сараптама жасай салуға болмайтынын ескергеніміз абзал. Сол
үшін əлеуметтік зерттеу жасаған бір емес бірнеше топтың рейтингісі сарапқа салынып,
оның өзі тəуелсіз сарапшылардың пікірімен əдіптелгені абзал болар еді.
Ал, «Рецензия», «Эпистолярные жанры как особый род публицистики» секілді
публицистикаға тəн жанрларды «Публицистің шығармашылық шеберханасы» секілді
пəнге енгізуді ұсынар едік.
Əрине, журналистикадағы жанрларға берілетін анықтама да, жанрлардың
классификациясы да əлі күнге дейін даулы мəселе болып келеді жəне даулы болып қала
бермек. Жанрды кім қалай түсінеді жəне кім қалай жіктейді, солай оқырманға жол табады.
Дегенмен, Батыс пен Шығыстың, Еуропа мен Азияның, Ресейдің жəне өзге де дамыған
елдердің журналистикасындағы негізгі трендтер мен тенденцияларды сарапқа сала
отырып, сараптаманы публицистік жанрлардан бөлек қарастырғанды жөн көріп отырмыз.
Оның жеке пəн ретінде ұсынылуының өзінде үлкен мəн бар. Көптеген дамыған елдердің
«Медиа жəне коммуникация» факультеттерінің білім беру бағдарламаларын қарай
отырып, деректерді іздеу, табу, зерттеу, саралау, талдау секілді маңызды проблеманың
жеке пəн ретінде ұсынылғанын көреміз. Əрі журналистік білім беруде сапалы
журналистиканың негізі ретінде қарастыратындығын байқаймыз. Сол себепті де бұл пəнге
көнеден қалған стереотиппен емес, жаңа көзқараспен қарайтын əрі оны қалыптастыратын
кезең келді деп білеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 А. Тертычный. «Аналитическая журналистика», М., 1998
2 А. А. Тертычный. Жанры периодической печати. (2000 ж.)
3 Кəкен Хамзин. Талдамалы журналистика. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті,
2013. – 312 бет
4 J.T.
Johnson,
Steven
S.
Ross
«Analytical
journalism»,
http://www.bu.edu/iaj/Pubs/IAJProposal20010327.PDF
5 Ш.И. Нургожина. «Аналитическая журналистика», Алматы, «Қазақ университеті»
2012
6 «Методика преподавания журналистских дисциплин в высшей школе» (составители
Ш. И. Нургожина, Е. И. Дудинова), Алматы, «Қазақ университеті» 2014
7 Журналистика бойынша оқу бағдарламаларының моделі (ЮНЕСКОның
журналистерге арналған білім жөніндегі сериясы). – «Мінбер», 2013
596
УДК 316
1
Қамзин К.,
2
Шаймаран М.,
3
Ташбаев А.
1
филология ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры
2
əл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-нің аға оқытушысы
3
Сулейман Демирель атындағы университеттің магистр оқытушысы
РАСШЫЛ ЖУРНАЛИСТИКА ӨРІСІ
Адам баласы – шындығынына көшсек, Жаратушының сателлиттік моделі, қолайлы
планетаға түсірген инновациялық жобасы. Сол жаңашыл жанның басты мақсаты – ақпарат
арқылы толысу, сараптама арқылы əлемді тану, құбылысты көркем көзбен көру, оқиға
образын сан призмалы айнаға түсіру, сөйтіп, Жер бетіндегі өзінің жасампаздық
миссиясын атқару. Демек, журналистика пəні адам жаратылысымен егіз, оның
анатомиясы жəне физиологиясымен ағайындас, болмысбітімімен сəйкес. Баспасөздің,
жеке қаламгердің от басы, ошақ қасы түйткілдерінен бастап, ғаламдық проблемаларды
тілге тиек етуі – сол рухани өкілеттілікті жүзеге асыруы. Сол себептен де
журналистиканың басты кейіпкері – Шындық. Шындық категориясының реалистік
сипатын ашу – индивидтің басты парызы. Ұлы Абай:
Ұқпассың, үстірт қарап бұлғақтасаң,
Суретін көре алмассың, көп бақпасаң,
Көлеңкесі түседі көкейіңе,
Əр сөзін бір ойланып салмақтасаң, деп шындыққа жетудің хай
тектік технологиясын да, оның индивид санасына трансформациялануын да аңғартып
кеткен [1, 69].
Гүржілердің атақты философы М.К. Мамардашвилидің: «человек – это не вещь, не
статичное состояние, а событие, состоящее из совокупности событий: таких, как
человеческая любовь, вера, честность, мысль и т.д. У Платона есть странная формула:
человек не то и не то, человексимвол (через дефис!)», деп ой түюі де адамның аумалы
төкпелі ісəрекетінің əділдікке, ақиқат іздеуге негізделетініне меңзеу емес пе? [2, 3].
Əділдік категориясы, қай жағынан қарасақ та, журналистика пəнімен ынтымақтас. Əділет
пен əділдікті қоғамға, əлеуметке Абсолютті Ойсана тікелей трансляцияламайды, оларды
адампенде (сөз арасына дефис қойылады!), модератор арқылы үлестіреді. Əрине, Хақтың
жүгін, Құдайдың құзыретін Адам алып жүре алмайды, оған ұмтылудың да қажеті жоқ.
Солай десек те, ұшантеңіз толқымалы тіршілік айналасындағы барлық даудамай,
қақтығыссоқтығыс атаулы осы əлін білмеген əлектен, тұлға ролін асыра бағалаудан
туындайды. Ал адам табиғатына жақын ежелгі үйлесімділік концепциясының бізге
жетілуді, ұдайы əділдік іздеуді, шындыққа жүгінуді бұйыратыны да сондықтан. Саналы
жанның маңдайына жазылған осынау харекеттің тылсымын талайталай оқымыстылар
мен көрегендер тұстұстан түсіндірмелеуден ешқашан жалыққан емес, ал қазақ
журналистикасы мен көсемсөзі сонау бағзыдан бері байыпты да барлай саралаудан
ешуақыт бас тартқан емес.
Соған қарамастан қазіргі журналистиканың беделді теоретиктері мен практиктерінің
заманалы массмедиаға көңілдерінің толмауына, баспасөз өмір шындығын бейнелеуде
əлсінəлі үстіріт кетеді, көбігін ғана қалқып өтеді деген пікірді қадай айтуына не себеп?
Оның гəбі, əрине, əлденеше. Менің пайымдауымша, ең алдымен көңілі жүйрік адамның
ғылыми білімінің ғаламдық үдерістерді тануға шамашарқының жетпей жатуы. Одан
597
кейін атап көрсетерім, қабілет пен дарынды жаратылыс қана бере алады. Бұрындары
ақпарат құралдары сияқты өткір де нəзік салада қызмет атқаруға бетке шығар қаймақ,
элита ғана тартылса, тап қазір ықылас білдіргеннің бəрі іс жүзінде журналистиканың
киелі табалдырығынан именбей аттай беруге хақы алды. Бұл – үшіншіден. Соның
салдары – осы күндері Қазақстан ақпараты айналасына журналистиканың əлеуметтік
ролін жыға танымайтындар қаптап кетті. Олар журналистиканы тек күнкөріс көзі, елге
танылу құралы деп қана ұғады. Одан былай, журналистердің ұзын санына кіріп
жүргендердің денінің кəсіби дайындығы да ешбір сын көтермейді. Ұлттық
журналистиканың ашып айту кеңістігінде көштен қалуына, қоғамдағы беделінің
төмендеуіне, оның шынайы «төртінші билік» атана алмауына тікелей себепші болып
жүргендердің бірі – міне, солар. Сондықтан кəсіби білім беру, шеберлікті шыңдау,
сауаттылықты арттыру, мамандыққа баулу тек журналистика факультеттері мен
бөлімдерінде жүзеге асырылуы тиіс. Қоғамдық сөз өнеріне таласы бар үміткерлер Əл
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті жанынан
ашылып жатқан білім мен біліктілікті жоғарылату институты бағдарламасы бойынша
арнайы кəсіби курстардан өткендері жөн. Салалық мамандықты модернизациялау бір
міндетінің өзі – осы. Мен осы ретте мынаны атап көрсетер едім: модернизация дегеніміз
ол тек экономикалықтехнологиялық даму емес, ол – рухани өзгеріс, білім мен ғылым,
өнер мен көркем əдебиет арқылы жанның, көңілкүйдің жаңаруы мен тазаруы. Бұл арада
осынау белестерден тек сонылыққа құлаш ұрған бакалаврлар мен магистранттар, PhD
докторанттар контингенті ғана көрінуі керек деген үстірт байлам тумауы керек, мұндай
сындарлы талап əуелі журналистика факультетінде дəріс беруші тəжірибелі ұстаздар мен
шет елден шақыртылған оқытушыларға қойылғаны əбден заңды. Жаңашылдық пен
ұлттық пайымпарасаттың жасампаздық қорытпасы дегеніміз, міне, осыдан келіп шығады.
Бұл тарихилыққа да, осы мезет ырғағына да, болашақ ұмтылыстарға да қайшы келмейді.
Өйткені тарихпен татулық бүгінгі күнмен табыстырады, ал бүгінгі күннің сəулесі ертеңгі
күннің ажарын аңғаруға, болашақ процестерді игеруге септігін тигізеді.
Осы мəселелер төңірегінен ой өрбітсек, бүгінгі қазақ журналистика ғылымының
алдынан əлі де талайталай ұлы асулар шығары ықтимал. Шындықтың басын о бастан
ашып кетсек, тіркеутізімдеуді ғана місе тұтатын ғылымның болашағы бұлдыр. Бұл талап,
сөз жоқ, журналистикатану проблемасына да қатысты. Жаңа идея, соны бағыт, өзіндік жол
ұсынбаған сала – өлі сала. Біздің кейбір практиктер, əр жердегі əуесқой курстарда сабақ
берушілердің бірқатары айтып жүргеніндей, фактілерді констатациялау нағыз əділ
журналистика, қара қылды қақ жарар заманалы журналистика емес. Тек жалаң
фактілерді мəтіндеп қойып, қарап отыруды объективтілік деп түсінуге болмайды.
Журналист информацияны іріктеу, сұрыптау арқылы да əлеуметтік, информациялық
қарымқатынасқа түседі, коммуникация орбитасына тартылады, азаматтық ұстанымын
білдіреді. Осыны əсте ұмытпаған жөн. Оның үстіне бұрынғы//қазіргі сан сегментті
аудиторияны оқиғалар мен құбылыстарды құрғақ констатациялау қанағаттандыра ала
ма? Əлбетте, қанағаттандыра алмайды. Меніңше, айдынды адамның білсем, көрсем,
байыбына барсам деген өз санасына, психологиясына сай талдамалы журналистика өмір
шындығын танудың ерекше құрамдас бөлігі болып қала береді. Яғни талдамадан шынайы
таным туындайды. Кеше де солай болған, бүгін де солай, ертең де солай болмақ.
Журналистиканың осы талдамалы əдісі ғана аудиторияға болған оқиға себебінің бүкіл
тізбегін, оның даму келешегін (перспективасын), оның адам мен əлем үшін
құндылығының қандай екенін аңдата алады. Аналитикқаламгер проблема түйінін
598
шешудің нендей мүмкіндіктері бар, неге дəл солай əрекет ету керек сияқты сауалдарға
жауап іздейді. Сонымен қатар оқырманды да ойландыруға итермелейді, оған пайым
кеңістігінде өз пікірін автор пікірімен ойша салыстыруға, белгілі бір қорытынды жасауға
мүмкіндік береді. Осы арада басын ашып алар бір жайт: аналитикжурналист санатына
ілігу үшін қазіргідей интернеттен оқиға сүзу, офистен ұзамай ойболжаммен (созерцание)
айналысу, қиялмен шартарапты кезіп кету мүлде жеткіліксіз, аса шебер сараптамашы
журналист атағын алу үшін нақты практикамен, күнделікті өмір шындығымен бетпебет
келген жөн, сөйтіп, аса бай əлеуметтік тəжірибе жинақтаған абзал. Осы орайда Иммануил
Канттың басшылыққа алар мына гносеологиялық позициясын еске салып кеткен еш
артықтық етпейді: тəжірибе – индивидуум түйсігінің сыртқы əсерді өңдеуі ғана. Тəжірибе
кезінде адам табиғатпен жекедара беттеседі, ол өзінің табиғи қабілетінің арқасында ғана
қоршаған əлем туралы түрлітүрлі пікір айта алады. Адам – таным субъекті – өз
тəжірибесі арқылы жекелеген құбылыстардың санқырлы дүниесін пайымдайды, ал мұндай
«пайымдық» тəжірибе адамның танымдық қабілетін шиыршық атқызады.
Байқасаңыздар, біз осы мақадада «сараптама», «талдамалы», «талдау» деген
терминдерді əлсінəлсін іске қосып отырмыз, ал олардың арғы жағында «зерттеу» деген
үлкен ұғымның басы қылтияды. Осы жекжаттықты, шындық іздеу тəсілін еске ала
отырып, біз бір жағынан журналистика теориясы мен тəжірибесінде бұрыннан
пайдаланылып келе жатқан «талдамалы журналистика», «журналист сараптамасы»,
«талдамалы мəтін» сөз тіркестерінің дəстүрлі сынының бұзылмағанын қалар едік. Екінші
жағынан, А. Эйнштейннің салыстырымдылық қисынын еске ала отырып, өмірді тану
тəсілдеріне қарап, журналистиканың бұл түрін хабарлама, деректікөркем публицистика
тарамдарынан ажыратуға, жыға тануға мүмкіндік аламыз.
Осы тезиске қарайлай отырып, біз ақпарат (салыстырымды түрдегі жаңалық)
журналистикасы немесе «алғы шептегі» журналистика туралы сөз қозғағанда, оның
өзіндік ерекшелігі ретінде ең алдымен жаңа оқиғалар туралы жедел, қысқа да нұсқа
хабарлама жасауын баса көрсетеміз. Хабарламашыжурналист, бейнелеп айтқанда, оқиға
қан тамырының соғысын қалт жібермейді. Бəсекелестік райын еске алатын болсақ, ол
оқиға мəнісін əріптестерінен бұрын білуге ұмтылады, оны аудиторияға бұрын жеткізуге
тырысады. Хроникашының, репортёрдың, ньюсмейкердің шынайы шеберлігі осы жағынан
байқалады. Осы ретте Израиль ғалымы Даниел Шехтманға квазикристалдар туралы
жаңалғы үшін Нобель сыйлығы берілгені туралы хабарламаны Ресейдің «Вести»
бағдарламасы басқалардан оза жеткізгенін атап айтар едік [3].
Талдамалы журналистика немесе «екінші белдеудегі» журналистика – ол сапалы
əлеуметтік сөздің нағыз өзі, көз алдымыздан өтіп жатқан үдеріс кадрларын ұтымды
монтаждау. Олай десек, аналитикалық жарияланым дайындайтын қаламгерге ақпаратшы
журналист қасиеті аздық етеді. Сондықтан кейбір шет ел ақпарат құралдарында репортёр
мен комментатор қызметінің аражігі ажыратылған, еңбек бөлінісі айқындалған.
Репортёрге (хабарламашыжурналистке) тек қана фактілерді іздеп тауып, редакцияға
жеткізу жүктеледі. Ал оларға трактовка, интерпретация жасау комментаторларға, сол
саланы бес саусағындай білетін арнаулы дайындығы бар сараптамашыжурналистке
(экономика, саясат, заңнама, əдебиет, мəдениет, өнер жəне спорт салаларын жақсы білетін
адамаға) тапсырылады. Я болмаса бұл іске ғалымдар, белгілі бір салада жұмыс жасап
жүрген практикмамандар тартылады.
Осы өнегені ілгерілете түссек, біз сараптамашының өзіндік ойлау жүйесі
қалыптасқанын қалар едік. Ол көз көргенін дəл түсіріп, хаттап қана қоймайды, оның
599
сонымен қабат қатпар мен астарды, жеті қаттың астындағыны да көзі шалуы керек. Яғни
əртүрлі латентті құбылыстар арасындағы байланысты, олардың себептерін, мəнмаңызын,
даму жолын аңдай алғаны жөн. Осындайда журналистің «жалпы ойлау» қабылетіне қоса
өзі сөз етер пəні туралы арнаулы білімі болса тіпті жақсы. Сондықтан қазіргі
журналистика, аналитикжурналист алдында басқа мамандықты игеру, басқа салада
арнаулы білім алу проблемасы тұр. Бұл бағытта біздің университеттің білім беру
кеңістігінде баянды да өнімді жұмыс əлдеқашан басталып та кетті. Журналистика
факультетін тəмамдаған шəкірттердің алды қосымща экономист, заңгер, ауыл
шаруашылығы мамандықтарын меңгерді, сол салалардың дипломдарын алып шықты.
Тіпті география факультетінің магистратурасын бітірген журналистшəкіртіміздің
экология саласындағы еңбегінің өзі бір төбе..
Талдамалы журналистика – қазақ журналистикасының өзіндік дəстүрі мен соқпағы бар
ең бір екпінді, əлеуетті саласы. Осы бағыт туралы кезінде профессорлар Т.С. Амандосов
[4], Т.Қ. Қожакеев [5] өз еңбектерінде, атап айтқанда, оның жанрлық табиғаты хақындағы
оқу құралдарында бірсыпыра сөз қозғаған. Аға буын, ұстаз ғалымдардың сол
шығармаларына, шет ел зерттеушілерінің ізденістеріне сүйене келе, біз қазіргі
журналистика талдамасының, оның ішінде талдамалы журналистиканың мынадай
үдерістік мақсаттарын атап көрсетер едік:
1. Уақыт пен кеңістік аясында болып жатқан құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық
байланысты анықтау.
2. Талдамалы мəтіндерде сарапталған оқиғалардың, құбылыстардың, əрекеттердің
жаратылыс, жеке адам, қоғам, əлеуметтік топтар үшін маңыздылығын ашып көрсету.
3. Зерттелініп отырған құбылыстың келешектегі жайкүйін модельдеу, оның қайда апарып
соғатынына (салдарына) болжам жасау.
4. Талдап отырған құбылыстарға орай жүзеге асырылатын əрекетердің бағдарламасын
(жоспарын, балама нұсқаларын) жасау.
Міне, осындай жүйелі талдау барысында белгілі бір дəрежеде ақиқат айқындала түседі,
тепетеңдік шарты жүзеге асады. Əсілі, қазақ талдамалы журналистикасы тарихына, оның
оқиғаны əліптеу мəдениетіне, фактілерді образға айналдыру эстетикасына тепетеңдік
принципі ежелден сіңісті. Оның басты белгісі – сөз жарыстыру ережелері бақ сынасатын
екі жаққа бірдей. Əлімсақтан жол салған, əбден қалыптасқан ұлттық дəстүр десе де
болады. Ол қазақ ауыз əдебиетінен, мақал, мəтелдерден, айтыс өнерінен бастау алып
жатыр. Кешелібүгінгі айтыс – онлайн режиміндегі əрі көркем, əрі информациялық, əрі
психологиялық сайыс. Ал тұрлаулы сайыс – экономикалық, саясиəлеуметтік, рухани
тіршілік хақында дұрысын айтудың, ашып айтудың бірденбір тəсілі. Қазіргі электронды
форматтағы тікелей эфир мен onlien бағдарламалары сол расшыл шығармашылықтың
өркенін өсіріп отыр. Мəселен, қырғыз мемлекеті президенті қызметінен үміткерлердің
қырғыз тілінен сынақ тапсырып жатқаны тікелей эфирде онлайн режимінде таратылғаны
өз елінде де, көрші елдерде де ілтипатпен қабыл алынды. Рас, оқиға мен резонанстың
табиғаты бірдей емес, резонанс еш уақытта оқиғаның дəл өзіндей бұлықсып шықпайды.
Ол түпнұсқадан кем болуы мүмкін, кейде одан асып түсуі кəдік. Жəне белгілі бір
оқиғаның əсері əр елге, əр нəсілге бірдей дей алмаймыз. Резонанс – жаратылыстың,
шындықтың жаңғырығы ғана. Қазақ халқының ауызекі философиясы осы физикалық,
информациялық құбылыс хақында: «Ат аунаған жерде түк қалады, түйе аунаған жерде
жүк қалады», «Жылыжылы сөйлесең жылан інінен шығады, қаттықатты сөйлесең кəпір
600
дінінен шығады», деп əлеқашан түйін түйіп кеткен. Бұл тұжырымның мəнмаңызында,
таралу кеңістігінде, біздіңше, əмбебаптық сипат бар.
Мысалы, 2011 жылдың 9 тамызында Иран Ислам Республикасының (сол кездегі)
президенті Махмуд Ахмадинежадтың Euronews тілшісі Джон Дэвиске берген эксклюзив
сұхбатын аталмыш арна сағат сайын қайталап беріп отырды. Неге? Өйткені парсы
жұртының басшысы Батыс экспансиясы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін орнаған
əлемдік тəртіп жүйесі туралы тек өзіне ғана жарасар ойларын ортаға салды. Қызықты да
тартымды жауаптасуға əлем назары ауды. Дəл сондай сыр аштырар сауалдарды біздің
тілшілер де кез келген қайраткерге қоя алатынына менің еш шүбəм жоқ. Бұл жердегі
мəселе көңілдегі көрікті ойды жүзеге асыра алу шеберлігі мен асырта алу тетігінде ғой.
Құдайға шүкір, біздің өзімізде де бөтеннің саясаты мен пікірін сканерлемейтін Джульетто
Кьеза сияқты батыл да шебер шолушыларымыз, колумнистеріміз, спойлерлерлеріміз бар.
Ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтудің нақты да пəрменді өнегесін, өжет ойды іске
асыра алудың азаматтық үлгісін күні кеше өзіміз тəрбиелеген шəкірттеріміз Самал
Мейрамқызы мен Назым Дəуітəліқызының «Тіл сақшысы» атты телебағдарламасы
көрсетіп келеді. Сол бағдарламалар легінен кейін қазақ журналистикасының адамзат
мəдениетімен, ұлт өркениетімен замандас екенігі туралы өз ойымды онан сайын бекемдей
түстім. Менің түсінігіміде, журналистика кунсткамерада сақталатын экспонат емес, ол
фэнтезиден де алшақ жатыр. Журналистика болашақ олигархтар мен банкирлерді
тəрбиелемейді, оның жолы басқа – ол ең алдымен отансүйгіштерді, ұлттық идеяны
қадірлеушілерді əлпештейді. Халқымыздың сымбаты бұзылмаған көсемсөзі, асыра
бағалағандық емес, тəрбиелеушілерді тəрбиелейді.
Жаратылыстану, техникалық ғылымда ізделінетін шындық жалқы, қойылған сұраққа да
жауап көбінесе біреу əрі нақты. Журналистика, көркем əдебиет пен өнерде шындық реңі
сан түрлі, əлденешеу. Үшеуіндегі басты өлшем – талғам, ал техникалық салада –
нақтылық пен дəлдік. Жоғарғы математиканың, теориялық физиканың іргелі
ұстанымдары өзгермейді. Есеп шығарудың классикалық амалдары да сол баяғы қалпында.
Олар, қалай көтермелесеңіз де, ұлттық сана қалыптастырмайды. Журналистика – халық
түсінігін өсіретін əрі деректі, əрі көркем шығармашылық. Оны цифрлық ғылымдардың
үйреншікті схемасы мен стандартарына салып оқытуға болмайды. Тағы да сол неміс
философының беделіне жүгінсек, біздің əлем туралы біліміміз өмір шындығын селқос
бейнелеу емес, ол – түйсіктің белсенді шығармашылық қызметі. Сондықтан
журналистика пəндерін университеттерде оқытудың жаңа ұлттық бағдарламасын,
креативтічв программасын журналистика қисынгерлері мен практиктері келісе отырып
жасауы керек.
Осы күні əліпті таяқ деп тани алатындарға, ақ кірпіктен басқа сəні жоқтарға тізгін
ұстататын өткен ғасырдың 3040 жылдары емес. Қазірдің өзінде борлатқа леп мөрлеуден
басқаға сауаты жетпейтін міскіндердің ұйымдаса, ұрандаса, қаптай шапқанына куə болып
отырмыз. Ондайларға қай заманда да өз жүрісінен жаңылмайтын расшыл журналистика не
қайран ете алады, тек М.О. Əуезовтің «Өмір мен шығарма» атты мақаласындағы мына бір
пікірге иек артқаны болмаса: «Тірлікке терең шомып, ой ұрығын терең көміп іздену қажет.
Сонда ғана шығарма шынарын, еңбек еменін өсірсе болар. Біздің бұл атаған шаттты
жайларымыздың тұсында көздің жасы да, көңілдің өкініші де, ащы азап, ауыр қайғы
толқыны да болады. Адам басынан бір кешсе де бірегей боп өлім шағына дейін
ұмытылмастай кететін кейбір өмір əсері де бар» [6, 396].
601
Достарыңызбен бөлісу: |