Аралық ғылыми­практикалық конференция II том


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет67/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1 Өтенияз Самат. Аттила. ­ Алматы. «Арыс», 2000. 

2 Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. А.1994.  

3 Х.Досмұхаметұлы. Аламан. Ташкент. 1926. 

4 Рябинин А.Д. Уральское казачье войско. Ч.І­ІІ. СПб.,1866.  

5 Карпов А.Б. Уральцы. Ч.1. – Уральск, 1911.  

6 Казахско – русские отношения в ХҮІІІ – ХІХ веках. А. 1964.  

7 Қозыбаев М.Қ. Елдік үшін күрес мыңжылдығы.//Егемен Қазақстан.­ 2000. 27 желтоқсан. 

8  Касымбаев  Ж.  Политика  Абулхаир  хана  в  принятии  Младшим  жузом  российского 

подданство в 30­х годах ХҮІІІ века.//Поиск. – 1997, № 5. 

9 Исин А. Əбілхайырдың хатын қалай оқыған дұрыс. «Абай» журналы. 2001, № 2 

 

УДК 38.016:159.9 



Самбеткулова Н.Н. 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Алматы, Қазақстан  

e-mail:

Sambetkulova.nazira@mail.ru

 

 

ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГЫНЫҢ 

КӘСІБИ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 

 

Abstract.The article discusses self­education of the individual and determine his place in 

the life by the self­development and realize their potential 

Keywords:self­education, self­report, self­punishment, spiritual needs, self­esteem. 

 

Қазіргі  таңда  елімізде  жəне  бүкіл  əлемде  келешек  жас  ұрпақ  тəрбиесі  басты  əрі 



құнды  мəселе  болып  табылады.  Себебі  болашақта  əлемнің  даму  үрдісі  қазіргі  жас 

ұрпақтың  қолында.  Ал  оларды  сол  мақсатқа  дайындау  үшін  əрине  жетекшілер,  яғни 

тəрбиелеуші  педагогтар  керек.  Жалпы  айтқанда  педагогтар  əлемдегі  барлық  саналы 

адамзаттың  тəрбиешісі  ретінде  қалыптасқан.  Ал  енді  басты  қағида  осы  педагог 

тəрбиелеушілердің қалай тəрбие мен білім беруінде болып отыр. 

 Бұл  дегеніміз  білім  мен  тəрбие  берушінің    біліктілігі,  білімділігі,  тəрбие  беру 

қабілеті,  қоршаған  ортамен  қатынасы  жəне  ең  бастысы  өзін­өзі  басқара  білуімен  өзінің  


537 

 

тəрбиесі.  Яғни  педагог  өзгелерге  тəрбие  беру  үшін  алдымен  өзін  тəрбиелей  білуі  басты 



мəселе. 

 Осы мəселеге байланысты анықтамалар мен деректер жəне т.б қағидалар жобаның 

мазмұны барысында айтылатын болады. Мəселен, өзін­өзі тəрбиелеу, өзіне­өзі есеп беру, 

өзін­өзі жазалау секілді ұлы ойшылдар мен педагогтардың еңбектерінен үзінді келтіріледі. 

Бастысы  бұл  жобаның  негізгі  мақсаты  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  қандай  жолдармен 

жүзеге  асырылатынында  болғандықтан  көбінесе  өзін­өзі  тəрбиелеу  мəселесіне  көңіл 

бөлінген. 

Жеке тұлғаның өзіндік сана сезімі мен өзін­өзі тəрбиелеу мəселелері педагогиканың 

көрнекті  өкілдері  Ы.Алтынсарин,  Ш.Уалиханов,  А.  Құнанбаев,  Ш.  Құдайбергенов,  Х. 

Хосмухамедұлы,  М.Жұмабаев,  М.Дулатұлы,  А.  Байтұрсынұлы,  Ж.  Аймауытов,    К.Д. 

Ушинский, В.А. Сухомлинский т.б еңбектері жайында біраз мағлұматтар қозғалған.  

Əрине  тақырыптың өзектілігі де назардан тыс қалған емес. Басты субъект студент, 

оның  ішінде  «Болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогы»  жайында  өзекті    мəселелер  қозғалған. 

Олай болса негізгі бөлімге көшейік: 



Тəрбие  ­  қоғамның  негізгі  қызметтерінің  бірі,  жеке  адамды  мақсатты,  жүйелі 

қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тəжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана­

сезімін,  жағымды  мінез­құлқын  дамытушы.  Ересек  буын  қоғамдыдтарихи  өмірде 

жинақталған тəжірибені, білімді жас буынға тəрбие процесі арқылы береді. 



Өзін-өзі  тəрбиелеу  туралы,  оның  тəсілдері  туралы  түсінік.  Адамның  өмірдегі 

орнын  өзі  белгілеу  мəдениеті  тəрбие  мазмұнының  маңызды  бөлігі  болып  саналады. 

Адамның  өмірдегі  өз  орнын  өзі  белгілеу  мəдениеті  оны  жеке  өмірінің  жəне  жеке 

бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды.  

Тұлғаның  коғамдық  сана­сезімінің  дамуының  белгілі  бір  сатысында,  адам  өзінің 

жеке  басы  үшін  тек  сыртқы  мақсаттарды  ғана  емес,  сонымен  қатар  өзін­өзі  тəрбиелеу 

мақсаттарын да түсінеді. Ол өзіне­өзі тəрбиенің субъектісі ретінде қарай бастайды. Өзінің 

тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсендігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды. 



Өзін-өзі  тəрбиелеу  –  адамның  өз  тұлғасын  қалыптастыруға,  өмірдегі  өз  орнын  өзі 

белгілеуіне,  өзін­өзі  дамытуға,  өз  қабілеттерін  өзі  іске  асыруға  бағытталған  мақсатты, 

саналы,  жүйелі  түрде  өздігінен  жүргізетін  іс­əрекеті.  Өзін­өзі  тəрбиелеу  тəрбие 

процессінің құрамды белігі жəне тұлғаның өзін­өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып 

саналады. 

Тəрбиелеу  мен  өзін­өзі  тəрбиелеу  бір  педагогикалық  өрісте  орналасып,  тұлғаны 

қалыптастыру  деген  тұл­ас  процесстің  екі  жағы  болып  саналады.  Əр­бір  педагог  тек 

тəрбиенің  заңдылықтарын  біліп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  өзін­өзі  тəрбиелеудің 

əлеуметтік­психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек. 

Тұтас педагогикалық процессте əр балада өзін­өзі тəрбиелеуге деген қажеттілік əр­

түрлі  жас  кезеңдерінде  байқалады.  Осы  қажеттілік  əсіресе  балалардың  жасөспірімдік 

шағында  анығырақ  байқалады.  Себебі,  балалар  осы  шақтарында  өздерінің  жеке  «Мен»­

дерін  үнемі  іздеу  үстінде  болады,  түрлі  спортгық  секциялар,  үйірмелер, 

қызығушылықтары  бойынша  клубтарға  қатысады.  Дəл  осы  кезеңде  олардың  жеке 

күңделіктерін  бастап  өз  ойларын  жазулары,  өз  мінез­құлықтары  мен  сезімдерін 

бағалаулары, ұл балалар мен қыз балалар үшін арнап құрастырған сауалнамаларын қызыға 

толтырулары, түрлі заттарды əуестікпен жинастырулары кездейсоқ процесс емес. Қазіргі 

кезде  мектептерде  міңдетті  түрде  өзін­өзі  тану  сабақтары  енгізілуде,  өзін­өзі  тану 



538 

 

мектептері де бар. Өзін­өзі тəрбиелеу өте ұзақ жəне адамның бүкіл өмірі бойы жалғасатын 



процесс екенін айта кету қажет. 

Өзін­өзі  тəрбиелеу  адамның  жеке  «Мендігін»­  жүйелі  түрде  зерттеуін,  қажымас 

қайраттылықты,  үлкен  ерік­жігерлік  күшті  қажет  етеді.  Өзін­өзі  тəрбиелеу  мектебі 

адамнан  көптеген  күш­қайратты  жоғары  дəрежедегі  ұйымдастырушылықты,  өзіне  деген 

сын  көзбен  қарауды  талап  етеді.  Неміс  ақыны  Ф.Логау  былай  деп  тегін  айтпаған 

шығар:«Өзіңмен  өзің  түскен  күрес  –  ең  қыйын  күрес,өзіңді  өзің  жеңген  жеңіс  –  ең  ұлы 



жеңіс». 

Өзін­өзі  тəрбиелеу  адамның  рухани  қажеттіліктерін  қалыптастыруға  бағытталған. 

Адамның  өзін­өзі  жетілдіріп,  өзімен  жұмыс  істеуінде  кітаптардың  маңыздылығы  зор. 

Өйткені,  кітаптар  бізді  жақсы  адам  болуға  ынталандырады,  қызықты  адамдармен 

таныстырады. Өзін­өзі тəрбиелеудің маңызды бөлігі ­мотивтерді, ынтаны дамыту. Жақсы, 

ақ ниетті болуға талпынбай, адамзаттың білімдер байлығын, адамзат мəдениетін игеруге 

тырыспай  жан­жақты  тəрбиелі  жəне  білімді  адам  болу  мүмкін  емес. 

Психологиялық­педагогикалық  ғылымдарда  өзін­өзі  тəрбиелеудің  кең  қолданылатын 

тəсілдері болып өзіне­өзі баға беру, өзіне­өзі бұйыру, өзін­өзі құптау, өзін­өзі түзету жəне 

т.б. саналады. 

Өзін­өзі тəрбиелеу өзін­өзі бағалаудан басталады. Өзін­өзі бағалаудың негізін жеке 

адамның  өзі  қабылдаған  құндылықтар  жүйесі,  тұлғаның  жеке  маңыздылықтар  жүйесі 

құрайды.  Өзін­өзі  бағалау  адамның  өзін  басқа  адамдармен  салыстыру  арқылы 

қалыптасады, жəне осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды. 

Тұтас  педагогикалық  процесстегі  қатынастар  жүйесіне  енгеннен  бастап  бала  өзін  басқа 

балалармен  салыстырып,  зерттеп,  мынандай  сұрақтарға:  «­Неге  мен  осындаймын?», 

«Басқалар  мені  қалай  қабылдайды?»,  «Өмірде  мен  қандай  жетістіктерге  жете  аламын?»­

деген сұрактарға жауап іздеп, өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Өзін­өзі 

нақты  бағалау,  өзін­өзі  тəрбиелеудің  мақсаттарын  дұрыс  құрастыруға  мүмкіндік  береді. 

Өзін­өзі бағалау жоғарлатылған, нақты, төмендетілген болуы мүмкін. Тұрақты жəне жаңа 

ақпараттар  əсеріне,  жинақтаған  тəжірибесіне,  қоршаған  адамдардың  пікірлеріне 

байланысты  өзгеріп  отыратын  бейімделгіш  өзін­өзі  бағалау  түрі  адамның  дамуы  мен 

тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады. 

Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне­өзі берген қысқа, үздік­үздік үкімі.Өзіне­

өзі бұйыру адам өзін нақты бір іс­əрекет жасау керектігіне сендіріп, енді басқаша əрекет 

жасауға  болмайды  деп  сезгенде  ғана  қолданылады.  Бұйырықты  түрде  өзінен  бір  іс­

əрекетің орындалуын талап ету қажеттілігі адамның өз кемшіліктерін анық көріп тұрып, 

бірақ сол жоспарланған істі орындауға күші жетпей тұрған кезде қолданылады. Өзіне­өзі 

бұйыру  еріктік  процесспен  тығыз  байланысты.  Өзіне­өзі  бұйыруда  жаттығу  үшін  адам 

өзіне  дауыстап  бұйырық  беріп  оны  қайта­қайта  қайталап  орындап  отыруы  қажет.  Өз 

бұйрығын  екі  апта  аралығында  орындап  жүрген  адамда  өз  бұйырығын  автоматты  түрде 

орындау əдеті пайда болады. 

Өзін-өзі  бақылау  –  адамның  өз  іс­əрекеттерін,  психикалық  процесстер  мен  көңіл­

күйлерін  түсінуі,  бағалауы  жəне  реттеуі.  Бұл  тəсіл  адамға  айналадағылармен  сабырлы 

қарым­қатынаста  болу  іскерліктерін,  басқа  адамдардың  кемшіліктеріне,  əлсіздіктеріне, 

қателіктеріне  шыдамды  болуды  үйретеді.  Аталған  тəсіл  көмегімен  адам  шиеленіс 

жағдайларды  реттеп,  ұстамдылыққа,  күрделі  жағдайларда  байсалдылық,  сабырлық 

сақтауға 

үйренеді. 

 

Өзін-өзі  түзету  адамға  өз  мінез­құлқын,  кемшіліктерін,  қателіктерін  жəне  басқа 



539 

 

адамдарға  деген  қарым­қатынасын  өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Өзін­өзі  түзету  адамның 



өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады. 

Өзін-өзі  иландару  ­  адам  өз  сөзінде  өзі  тұралмайтын  кемшілігін      мойындап,  ойша 

ғана  емес:  "Сөз  беріп,  орындамаған  жақсы  емес",  "Əр  кезде  сөзіңді  орындауға  тырыс", 

орындайтын бол" деп дауыстап айтуы керек. 

Профсссор  С.Я.Долецкий  айтқандай  біз  өз  қателігіміз  ойша  айтамызда,  өзімізге 

өзіміз кешірім жасап, кейін оны ұмытып кетеміз.  Егер біз оны естіріп, дауыстап айтатын 

болсақ| онда, өзіне­өзі кешірім жасау қиынырақ болады дейді. 



Өзін-өзі  сендіру  –  өзін­өзі  қалай  ұстайтынын немесе  олай  істемеу  керектігі  туралы 

өзін  сендіреді.  Темекі  тартуды  койғысы  келетін  адам,  онын  зияндылығын,  темекі 

түтінініңзиянын...,  мен  енді  темекі  тартпаймын  деп  өзіне­өзі  сенімді  түрде  əркез  айтуы 

тиіс. 


Өзін-өзі сынау əдісі ­ жолдастарына деген өз бойындағы дөрекелігі үшін қатты сеніп, 

сынға  алады,  онын  мəдениетгін,  тəрбиенін  жоқтығын  көрсетеді.  Өз  тарапынан  мұның 

барып  тұрған  мəдениетсіздік  екенін,  жексұран  іс  екенін  тəрбиелі  адамның  ондай  іс 

істемейтінін, əбден өзі қайталап айтумен болады. 



Өзін-өзі тəрбиелеуде ­ ойша өзін өзгенің: орнын қою арқылы өзгемен санаса білудін 

/импатия/  үлкен тəжірибелік  мəні  бар.  Бұл  əдетін  өзін­өзі тəрбиелеудегі  жақсылығы  сол  

адамдарға көмекке келуге өзін əрдайым дайын тұруға дейді.                                                                              

Өзін-өзі  мінідеттеу  əдісі  ­бұл    белгілі  міндетті    орындауда  енжарлық  керсетін 

кезеңде болады. Мысалы жатып тұру уақытын орындамауда. Таңғы сағат 7­де тұру керек 

болса,  турмауы  мүмкін.  Соңда  өзіне­өзі  бұйырудын  тəрбиелік  маңызы  бар.  "Сағат  7­де 

тұр!" оны əбден дағдыланғанша бұйыру керек. 



Өзін-өзі  жазалау  əдісі­  алдына  қойған  міндетті  орындамау,  ауытқымау.  Мысалы, 

адам қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала əзірленіп, ұятқа қала 

жаздағаны  ойына  оралып,  келесі  сабаққа  жөнді    əзірленбегені  есіне  түсіп  кинодан  бас 

тартады. 

Өзін­өзі тəрбиелеу мен білім берудің оқушы дамуына қалыпасуына тигізер маңызда 

əсерін  ескере  отырып,  мұғалімдер  мен  сынып  жетекшілері  онымен  белсенді  жұмыс 

жасауы керек. 

Өзін­өзі тəрбиелеу мен білім берудін мазмұны мен түрлері əр алуан болуы мумкін. 

Ол əрине мүғалімнің білімі мен қаблетіне де байланысты.  

К.Д.Ушинский жасаған өзін­өзі тəрбиелеу ережелері: 

• Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау. 

• Турашылдық. 

• Ойлы əрекет. 

• Шешімділік. 

• Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу. 

• Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол. 

• Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма. 

• Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба. 

• Əркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр. 

• Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма. 

Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте адам өз алдына ислгілі бір биік мақсат 

өойып,  өз  бетімен  ізденіп,  өзін­өзі  тəрбиелеп  жетілдірудің  жолдарын  өзі  қарастырады. 



540 

 

Содан  əсерленіп  қанатталған  ішкі  сезімдері  арқылы  білімді  қажетсініп,  нəтижесінде 



мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді. 

Білікті маманды даярлап шығу қоғамда ең өзекті мəселелердің бірі болып табылады. 

Əрине Қазақстан Республикасында да назардан тыс емес.Соған дəлел ретінде: «ҚР «Білім 

туралы»  Заңында  білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  жеке  тұлғаның  ұлттық,  жалпы 

адамзаттық  құндылықтарын,  ғылым  мен  практиканың  жетістіктері  негізінде 

қалыптастыру, дамыту жəне кəсіби тұрғыдан жетілдіру» ­ деп көрсетіген.  

Сара Алпысқызының: «Руханияттың кəусар бастауына апаратын жолды іздеу бүгінгі 

таңда...баршамыздың  басты  міндетіміз...қаласаңыз  оны  адам  туралы  білімдер  көмбесіне 

апаратын  жол  деп  те  атауға  болады»  ­  деген  сөзі  баршамызға  үлкен  жауапкершілікті 

жүктеді.  Сонымен  қатар  Л.С.  Выготскийдің:  «Тəрбие  ең  ақырға  нəтижесінде  өзін­өзі 

тəрбиелеу  болып  шығады»  ­  деген  пікірін  қолдай  отырып,  Селевко  студенттің  өзін­өзі 

жетілдіру,  тəрбиелеу  іс­əрекетінің  теориялық,  технологиялық  аспектілерін  қарастырды, 

анықтама  берді.  Ол:  «Өзін­өзі  тəрбиелеу  деп  жеке  тұлғаның  өз  даму  жолын  саналы 

басқару  процесі,  өз  қызығушылықтары  мен  субъективтік  мақсаттарына  орай  сапалық 

қасиеттерін, қабілетін дамыту» ­ деп тұжырымдайды. 

Егер  жоғарғы  мектептің  оқу­тəрбие  үрдісіне  студенттердің  өзін­өзі  тəрбиелеу 

əдістерін  тиімді  қолданса,  студенттердің  өзін­өзі  тəрбиеленуінің  педагогикалық  негізі, 

психологиялық  сипаты  анықталсажəне  өзіндік  сана  –сезім  компененттерімен 

байланыстырылса,  олардың  өзіндік  танымына,  өзіндік  бағдарын  анықтауға  бағытталса, 

онда  студенттердің  ішкі  мүмкіндіктері  арқылы  тұлғалық  дамуының  деңгейі  көтеріледі, 

өйткені  оқу­тəрбие  үрдісі  студенттердің  өзін­өзі  тану,  жетілдіруін  басқаруына  тиімді 

ықпал  етеді,  толымды  тұлғалық  сапасы,  өзіндік  «мені»  қалыптасқан  тұлға  ретінде 

дамуына жол ашылады. 

Қазіргі  студенттер  тəрбиенің  объектісі  ғана  емес,  олар  өз  өмір  жолын  заман 

талабына сай орайластыруға қабілеті жететін, шығармашылық істің өкілдері. Студенттік 

кезең  –  адамның  өз  болашағына  айрықша  үңіліп  қарайтын,  өзінің  сыртықы  табиғатын 

біліп, оны өз  игілігіне пайдалану үшін жан дүниесінің жұмбақты сырларын білгісі келетін 

шақ.  Ал «Болашақ кəсіптік оқыту педагогының» келер күні тек өзі үшін ғана емес өзге де 

студенттердің білім алу жолымен тікелей байланысты.  Əрине осы мəселелерді жинақтап 

келгенде студенттің өзін­өзі басқаруы, тəрбиелеуі сияқты жиындарға тіреледі. Осыған сай 

И.С.Кон «Студенттерді өзіндік жоспар құруға үйретуге ерекше назар аударылуы керек» ­ 

деп  есептейді.  Ол  жоспар  арқылы  өзіне­өзі  есеп  беру,  іс­əрекетін  реттеу,    болашағын 

жоспарлау,  мақсатқа  жетуге  талпыну,  өз  білімін  жетілдіру,  шетел  тілдерін  тереңірек 

меңгеруге  ұмтылу  т.б  қасиеттері  мен  ынта­ықыласын  арттыра  алады.  Өз  бетінше  іс­

əрекетке дайын болып, көптеген мүмкіндіктерді иеленеді.   

В.А.  Караковский,  Л.И  Новикова    мен    Н.Л.Селиванова  жеке  тұлғаны  емес,  оның 

даму,  өзін­өзі  тəрбиелеу  процесін  басқару  керектігін  атап  өтті.  Өзін­өзі  тəрбиелеу  ­ 

күрделі  процесс.  Өзін­өзі  тəрбиелеудің  құрылымына  талдау  жасай  келіп,  Ю.М.Орлов 

«Өзінің­өзі мінез­құлығын тəрбиелеу жəне өзін­өзі тану», И.С.Кон «Жеке тұлға жəне оның 

өзіндік  санасы:  өзін­өзі  іздестіру»,  В.Г.Маралов  «Өзін­өзі  дамыту  мен  өзін­өзі  танудың 

негізі»  атты  еңбектерінде  оның  көпжақты,  көпөлшемді,  əрі  сана­сезім,  өзіндік  сананың 

жеке  тұлғалық  «Мен»  тұжырымдамасының  қалыптасуымен  тығыз  байланыста 

жүретіндігін дəлелдейді. 

Қорытындылай  келе,  «...  Кісі  іштен  туғаннан­ақ  белгілі  бір  өнерге,  қызметке  икем 

болып туады; басқаша айтқанда, əр адамда бір нəрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік 


541 

 

болады. Кімде­кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына 



да, əлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, 

берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады»­

, деп нақтылап көрсетеді алты алаштың арысы Жүсіпбек Аймауытов. Өзін­өзі тəрбиелеу­

адамның  жеке  басын  жетілдіре  түсу  жолындағы  əрекеті.  Өзін­өзі  тəрбиелеудің  бағыт­

бағдары адамның өмірлік мұратына, яғни оның болашақ кейпін елестетуіне тəуелді. Бұл 

аксиологияны  бүкіл  əлем  мойындауда.  Ал  бізде...   Тұлғаның  өзiн­өзi  тану  теориясының 

негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн­өзi танып білуі – адамның өзiнiң 

барлық  тұлғалық  мүмкiндiктерi  мен  шығармашылық  қабiлеттерiн  толық  ашуға  жəне 

дамытуға үздiксiз ұмтылысы.  Адам баласы өзін  жақсы көрсе ғана,  айналасындағыларды 

жақсы  көре  алады.  Бұл  ­  өзіндік  сананың  маңызды  элементі.  Өзін­өзі  қастерлей  білу  – 

адамның жеке басының құнды болуы үшін аса маңызды сипат.  

«Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəртебе, болмаса жұмасында 

бір,  ең  болмаса  айында  бір  өзіңнен­өзің  есеп  ал:  Сол  алдағы  есеп  алғаннан  бергі  өмірді 

қалай  өткіздің  екен...  өзің  өкінбестей  қылықпен  өткізіпсің  бе?  Жоқ  болмаса,  не  қып 

өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» (Абай).  

Ендігі  мақсат  –  ойлаған  дүниеңді  іс  жүзінде  жүзеге  асыру.   Көкірегі  ояу  оқырман 

жылт  еткен  дүниені  қалт  жібермейді  деген  ойдамын.  Дөңгеленген  дүниенің  уақыт 

арнасында ең бақытты жан болайық! 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1Оқушылардың өзің­өзі тəрбиелеу.­Сынып жетекшісі,2006.  

2Психология и педагогика. /Под ред. С.А. Хмелевской. 2002.­176 с. 

3Педагогика. Уч.пособие для студентов пед.вузов и пед.колледжей /под ред. П.И. 

Пидкасистого. – М.: 2004. – 608 с. 

4 Станкин М.И. Психология общения: курс лекций. – М.: 2007. ­304 с. 

5 Интернет желісі. Уикипедия сайты.  

 

 



ƏОЖ344.079: 419 

Сейткулов Н.А

1

., Битұрсын Ғ.Ш.

¹п.ғ.д., профессор, Сулейман Демирель атындағы университет, Ғылыми істер жөніндегі 



проректор, Алматы, Қазақстан 

e-mail: 

nurlybek-2010@mail.ru

 

² Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тарих жəне құқық 



институтының директор орынбасары, Алматы, Қазақстан 

e-mail: 

Galimgan_1980@mail.ru

 

 

МӘҢГІЛІК ЕЛ САЯСАТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ 

 

Аңдатпа.  Мақалада  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Бес 

институционалдық  реформаны  жүзеге  асыру  жөніндегі  100  нақты  қадам»  атты  Ұлт 

жоспарындағы    «МƏҢГІЛІК  ЕЛ» патриоттық  актісі  жобасы  негізінде    пікірлер 

баяндалады. Мəңгілік елдің елдігін берік етіп, абыройын асқақтату жолында мемлекеттік 

тілдің беделін көтеру мəселесі алға тартылады.   

 


542 

 

Түйін сөздер: Мемлекет, мəңгілік ел, демократия, мемлекеттік тіл, өркениет, идея, 

қарарлар, саяси шешімдер.   

 

ХХ ғасырдың соңында егеменді еліміздің іргетасы қаланған болса, ХХІ ғасырдың 



басы қазақ халқы үшін  тарихи кезеңдердің жиынтығын құрап келеді. Өткен 2015 жылы 

қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекетіміз республика деңгейінде атап өтті. Биылғы 

жыл  Қазақстан  Республикасының  тəуелсіздігіне  25  жыл  толған  мерейлі  жыл  ретінде 

тарихымызға енбек. Ал, келесі 2017 жылы бұрынғы ТМД мемлекеттерінің ішінде тұңғыш 

өткізілгелі  отырған  «ЭКСПО­2017:  Халықаралық  мамандандырылған  көрмесі»  əлем 

жұртшылығына  есігін  айқара  ашпақ!  Арада  өткен  ширек  ғасыр  ішінде  егеменді  еліміз 

өзінің  елдігін құрып, əлемдік  аренада өз  орнын қалыптастыра алғандығы шындық. Осы 

мерзім  ішіндегі  мемлекет  деңгейінде  атқарылған  ауқымды  шаралар  мен  қабылданған 

маңызды  қарарлар  мен  шешімдердің  түпкі  түйіні  –  Ұлы  дала  елін  өркениетке  бағыттау 

болып табылады. Өркениет биігіне көтерілудің бір тетігі – байырғы халықтың төл тарихы 

мен мемлекеттік тілін ұлықтай білу екендігі белгілі. Өркениетті елдер мемлекеттік тілін 

ту етіп көтереді. Себебі, қай мемлекеттің болмасын мемлекеттік тіл елдің шығу тарихын, 

салт­дəстүрін, əдет­ғұрыптары мен теңдесіз тарихи құндылықтарын дəріптейді. Осы баға 

жетпес  ұрпақтан­ұрпаққа  мұра  болып  келе  жатқан  сан­ғасырлық  құндылықтар 

мемлекеттік  тілдің  негізін  құрап,  содан  нəр  алады.  Қай  мемлекет  болмасын  өзінің 

күнделікті  тіршілікте  қарым­қатынас  жасау,  сөйлеу  мəдениетін  тек  ана  тілінде  ғана 

қалыптастыра алады.  

Мемлекеттік тіл оны дамыту тұрғысындағы басым бағыттарды Мемлекет басшысы 

Н.Ə.Назарбаев əрқашан назардан тыс қалдырған емес. Осы орайда Елбасы 2013 жылдың 

24  сəуірінде  өткен  Қазақстан  халқы  ассамблеясының  ХХ  сессиясында  сөйлеген  сөзінде: 

«Қазақстан­2050» стратегиясындағы ең басты 7 басымдықтың бірі – «Жаңа Қазақстандық 

патриотизм». Мемлекеттік тілді білмей «толыққанды патриотпын» деу мүмкін емес» ­ деп 

мемлекеттік  қызметкерлерге  мемлекеттік  тілді  меңгеруді  жүктеген  болса  [1],  2014 

жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

атты Қазақстан халқына Жолдауында  «Мəңгілік  ел» идеясын ұсынып, мемлекеттік  тілді 

мəңгілік тіл ретінде қалыптасатынына баса назар аударған болатын. Елбасы өз сөзінде: «... 

Енді  ешкім  өзгерте  алмайтын  бір  ақиқат  бар.  Ана  тіліміз  Мəңгілік  Елімізбен  бірге 

Мəңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» ­ 

деп мемлекеттік тілдің болашағын біржола бағамдап, нүктесін қойды [2].  

«Ана  тілің  арың  бұл  ­  ұятың  боп  тұр  бетте,  өзге  тілдің  бəрін  біл,  өз  тіліңді 

құрметте»  дегендей  ана  тілі  яғни  мемлекеттік  тіл  заман  талабына  сай  қоғамның  барлық 

қызметкерлеріне  қызметтік  міндеттер  мен  іс­құжаттарды  жүргізуге  жəне  орындау  үшін 

ортақ  құрал.  Сөйлесу  арқылы  адам  баласының  ішкі  дүниесін,  мінез­құлқын, 

адамгершілігін,  парасаттылығы  мен  біліктілігін  пайымдауға  болады.  Ақыл,  парасаттың 

көзі  –  терең  ойда.  Қазақ  қоғамында  билік  айтып  даулы  мəселелерді  шешіп  төрелік 

көрсеткен қазылардың шешен атануы – мемлекеттік тілдің яғни қазақ тілінің ондағы сөз 

қорының  байлығы  мен  терең  мағыналығын  ашып,  бұқара  халықтың  санасына  жеткізе 

білуінде. Терең ойлап, парасатты пікірлерімен өзгелерді өз аузына қарата білетін жастар 

үшін    мемлекеттік  тіл  қатынасы  ­  өткеннен  өнеге,  келер  ұрпаққа  ұлағат  болып  қала 

бермек.   

 

Мемлекетіміз  тəуелсіздік  алғанға  дейін  Ресей  империясының  құрамында  болып, 



мемлекеттік  тіліміздің  құлдиға  құлдырап,  көптеген  терминдердің  мəнін  терең  оқыту 

543 

 

мəселесі көш артта қалып қойғаны рас. Ал, Ресей империясының құрамына енгенге дейін 



мемлекеттік  тіліміз  дана  халқымыздың  арасында  шарықтау  шегіне  шығып,    шешендік 

өнерге ұласқаны ақиқат. Шешендік өнер қарым­қатынас құралы ретінде қоғамдық­саяси, 

ресми­іскерлік,  өнер  жəне  мəдени  салалардың  бəрінде  қолданылады.  Сондықтан 

мемлекеттік  тіл  мəселесіне  келгенде  бір­бірімізді  жазғыра  бермей,  бір  жағадан  бас,  бір 

жеңнен  қол  шығара  ортақ  мəселеге  біріге  күш  салып,  мемлекеттік  тіліміздің  мəртебесін 

асыруға атсалысқанымыз жөн деп санаймыз. Ұрпақтан­ұрпаққа мұра болып келе жатқан 

рухани құндылықтарымыз, халқымыздың төл мəдениетінің тамырын тереңнен іздеп, басқа 

ұлттың  тарихынан  емес,  қазақ  халқының  біртуар  сөзге  шешен,  ақылға  бай,  тумысынан 

зерек  ойлы,  бала  биден  дана  би  дəрежесіне  дейін  бұқара  халықтың  көңіліне  кір  салмай 

өткен дана бабаларымыздың дара жолдарын заман талабына сай жаңғырта отырып тиімді 

пайдалана  білсек,  талабы  жаңарған  жаңа  замандағы  «Мəңгілік  ел»  атты  жаңа 

Қазақстанның  үлгісін  əлемге  айғақтайтын  боламыз.  Осы  орайда  М.Горький:  «Тіл 

тазалығы  үшін,  мағына  дəлдігі  үшін,  тіл  өткірлігі  үшін  күресу  –  мəдениет  құралы  үшін 

күрес  екендігін,  бұл  құрал  неғұрлым  өткір  болса,  соғұрлым  жеңімпаз  болатындығын 

айтып, сөз құдіретін бағалай келе  шешен сөйлеу мəдениетіне мəн береді. 

Қазіргі  таңда  мемлекеттік  тілді  қолдау  саясатын  жүргізу  барысында  көптеген 

азаматтар тілді тек «аса маңызды қатынас құралы», өзара түсінісіп, пікір алысудың тəсілі, 

рухани  мұрамызды  ұрпақтан­ұрпаққа  жеткізіп  қана  отырады  дап  түсінеді.  Ол  түсінік 

жеткіліксіз.  Адамзат  өміріндегі  тілдің  мəн­мағынасы  мен  қызметі,  міндеті  мен 

мүмкіншілігі бұлармен ғана шектелмейді. Мемлекеттік тіл өркениеттілікке жетуге, кəсіби 

сөйлеу  мəдениетін  қалыптастыруға,  салт­дəстүр  мен  əдет­ғұрып  қағидаларын 

насихаттауға  шексіз  қызмет  атқарады.  Осы  бағытта  алып  қарағанда  біз  қылмыстық 

процесте  мемлекеттік  тілдің  рөлін  арттыру  барысында    мемлекеттік  тілді  мəдениеттің 

негізі өзегі деп зерттей аламыз. 

Көрнекті ақын жазушы Ахмет Байтұрсынов  «Əдебиет танытқыш» деген еңбегінде 

шешендік сөзді төмендегіше: 

бірінші­  шешендер  халықты  аузына  қаратып,  нандырып  мемлекет  ісіне  қарар 

шығарту мақсатпен сөйлеген сөздерін саясат шешен сөзі; 

екінші  –  шешендер  сотта  айыпкерді  ақтау  немесе  қаралау  мақсатпен  сөйлеп,  сот 

билігіне əсер ету үшін айтқан сөздерін билік шешен сөзі; 

үшінші  –  біреудің  халық  алдында  еткен  еңбегін,  өткізген  қызметін  айтып, 

қошаметтеп, сөйлеген сөзін қошемет шешен сөзі

төртінші  –  білімділердің,  ғалымдардың  пəн  мазмұнды  сөйлегенін  білгір  шешен 

сөзі; 


бесінші – дін жайынан сөйлеген ғұламалар мен молдалар сөзін уағыз [3,223б.] ­ деп 

шешендік тілдің қолданыс қызметіне байланысты, бес түрге бөліп, маңыздылығына жеке­

жеке  талдау  жасаған.  Бұл  шешендік  өнердің  əрқайсысы  өзіндік  ерекшеліктерімен 

сипатталатындықтан шешендік  сөзге дайындалудың ерекшеліктері де əртүрлі болады.  

Заманында  Аристотель  күллі  адам  баласының  белгілі  дəрежеде  шешендіктану 

іліміне  қатыстылығын  анықтай  келе:  «Кəсіби  іскер  бизнесмен,  заңгер,  саясаткер, 

менеджер,  дін  саласын  уағыздаушы  өз  кəсібінің  шарықтау  шегіне  жеткісі  келсе,  өз  ана 

тілінде  сөйлеу  өнерін  (сөйлеу  мəдениетін)  жете  меңгеруі  тиіс.  Себебі  оларға  халықпен 

үнемі қарым ­ қатынас жасауға, əңгімелесуге, кеңес беруге, шаршы топ алдында сөйлеуге 

тура келеді. Ал шаршы топ алдында сөз сөйлеу үшін, не айтатыныңды білу аздық етеді, 

бұған  қоса, қалай  айту керектігін  білген жөн.  Іскер маман  өз  сөзінің  ерекшеліктерін көз 


544 

 

алдына елестете білуі, тыңдаушыларға əсер ететін сандаған факторларды ескеруі, сөйлеу 



мəдениетін  меңгеруі  тиіс»  [4,  29  б.]­  деп  өз  ойын  түйіндейді.  Сонымен  бүгінгі  таңда 

мемлекеттік тілді көтеру – қажеттілік. Бұл қазақ қоғамы үшін заңдылық та, себебі тілдік 

қатынастың  барлық  түрлерін  игерген  жоғары  мəдениетті  іскер  адамдарға  қоғамның 

қажетсінуі  айқын  аңғарылуда.  Қазіргі  қоғамның  мəдени  даму  сатысы  біздерден  кең 

тұрғыда алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білуді, жаңа заманның даму заңдары 

бойынша кəсіби қимыл­əрекетті үйлестіре білу  қабілеттілігін талап етеді.   Кəсіби 

сөйлеу мəдениетіне ие болу – адамның жер бетіндегі тіршілік атаулының бəрінен жоғары 

сатыда  екендігін  танытатын,  адамды  адам  етіп  тұрған  адамзат  баласының  ұлы 

қабілеттерінің  бірі.  Сондықтан  ананың  ақ  сүтімен  бойға  дарыған  мемлекеттік  тілдің 

мəңгілігін  сақтау  үшін  оның  мəртебесін  əрқашан  биікке  көтере  білу  біздер  жəне  кейінгі 

ұрпақ үшін азаматтық борышымыз деп қабылдауға болады. Қорыта айтқанда, жоғарыдағы 

қозғалған  орамды  ойларды  ғылыми  тұрғыда  қорыта  келе,  Елбасымыздың  «Мəңгілік  ел» 

идеясын  негізге  ала  отырып,  мемелекеттік  тіл  мəртебесін  егеменді  еліміздің  барлық 

саладағы бəсекеге барынша қабілетті мамандардың іс­жүргізу жəне өзара қарым­қатынас 

құралына  сонымен  қатар,  ана  тіліміздің  мəдениетін  өзге  мемлекеттер  қызығушылық 

танытатындай деңгейде қалыптастыру қажет деп санаймыз.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет