Қарақұмықтың сабаны мен топанын мал азығына пайдаланады. Онда калий көп, сондықтан оның күлінен поташ (сақар – сабын алуға арналған химиялық қоспа) алуға болады
Қарақұмықтың сабаны мен топанын мал азығына пайдаланады. Онда калий көп, сондықтан оның күлінен поташ (сақар – сабын алуға арналған химиялық қоспа) алуға болады.
Қарақұмықтың өсу дəуірі ерте басталып ( өнгеннен соң 60-70 күннен бастап) гүлдейді де, қысқы аяз басталып үстіне түскенше созылады. Ең алғашқы пайда болған дəндері ірі, бірақ аз болады. Сондықтан да бал алуға, қыста үсіп кеткен күздік егістіктердің орнына себуге неме- се малға көк балауса ретінде пайдалануға өте қолайлы. Қарақұмықтың тамыры жер қыртысындағы күрделі фосфор қоспаларын тез арада қоректік заттарға айналдырады. Оны айдап тастаса, тыңайтқыш та бола алады.
ТМД елдерінде қарақұмық көп егіледі. Оның 70%-ы Ресейде, 20%-ы Украинада, 5%-ы Беларусия мен Қазақстанда себіледі.
Басқа елдерде – АҚШ-та, Канадада, Францияда, Польшада, Герма- нияда оның егістігі едəуір көлемде.
Қарақұмықты қайта өңдеуге дайындаудың ерекшелігі – сепарация кезінде ұшбұрышты саңылаулары бар елегіштерді кең пайдалану; күрделі бөлінетін қоспаларды тиімді бөлу үшін астықты фракциялы тазарту әдісін қолданады. Астықты сепараторларда екі мәрте өңдеуден кейін жарма елегіш машинасында ірі және ұсақ фракцияларға бөледі, олардың әрқайсысын өздігінен сепарациялауға жібереді (4–сурет). Минералды фракциялар негізінен ұсақ фракцияларда жиналады, сондықтан оны тастарды бөлу машиналарына бағыттайды. Ұзын қоспаларды триерде бөледі. Қарақұмықты дайындау кезінде гидротермиялық өңдеуді қолданады
Қарақұмық өндірісі келесі кезеңдерден және негізгі операциялардан тұрады:
Қарақұмық өндірісі келесі кезеңдерден және негізгі операциялардан тұрады:
- астықты қоспалардан тазарту;
- астықты гидротермиялық өңдеу (бумен пісіру, кептіру және салқындату);