К Ө С Е М С Ө З
]]]]
Қарқаралы
]]]]
94
отбасы да бар) оңтүстік жаққа, Алматы маңына, біразын Матайға
көшіртеді. Шешеміз сол нәубет жылдарын еске алып:
- Жол-жөнекей аштан қырылған кісілер, ақсөңке болған сүйектер ша-
шылып жататын, тірі қалғандары түнде далада жатқанда тыққан
азықтарымызды тартып алып кететін, жолай Балқаш көлінің суын ішіп,
қарындары қампиып жарылып өлгендер қаншама, - дейтін.
Сөйтіп әке-шешеміз 1932 жылы Қаскелеңнің жанындағы Тұрар елді ме-
кеніне табан тірейді. Қаскелеңде әкей мектеп-интернаттың меңгерушісі бо-
лады. Осында 1936 жылы Әбілғазы нағашымның әйелі қыз табады, ал менің
анам Нұрила ұл туады. Сол жылы Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің
онкүндігі халком Темірбек Жүргеневтің басшылығымен дүркіреп өтеді,
бұлбұл әншіміз Күләш Байсейітова 24 жасында СССР халық әрісі атанады,
қарт жырау Жамбыл Жабаевтың омырауына Сталиннің өзі Ленин орденін
тағады. Содан да болар, әкей ұлын Жамбыл деп, нағашым қызын Күләш деп
қояды. Күләш әпкеміздің қазір көзі тірі, Алматы шаһарында тұрады.
1937 жылдың бас шенінде, әлі қызыл репрессия жалаңдамай тұрған
кезде жоғарыдағы «көсемдер» Ошекеңді Жетісудың Қоғалы-Бостан атыра-
бына шаруашылық ұйымдастырыңыз деп жібереді. Қоғалыда (Гвардия
ауданының орталығы) әкей қазақ мектебін салдыртады, ол осы күнге шейін
қаншама түлектер ұшырғаны әмбеге аян. Сол жерұйық Жетісуымыздың
шұрайлы Бостан өлкесінде біз туыппыз...
Әкей әңгіме арасында «ел, ел», «елде болғанда» деп отыратын. Сол
елі – Қарқаралы ғой. «Ақайдың Хасені, Ақпайдың Жақыбы, Спанның Әміресі,
Бәпидің Мәдиі» дейтін. Солармен үзеңгілес, дәмдес, сырлас жолдас болған
екен. Ақайдың Хасені – басына 18 мың жылқы біткен шынжыр балақ, шұбар
төс, аса беделді шонжар бай. Жақып Ақбаев (1876-1934) – Санкт-Петербург
университетінде білім алған қазақтан шыққан тұңғыш заң магистрі, Ала-
шорда үкіметінің мүшесі, Әміре Спанов – Семей облысы генерал-
губернаторының бұйрығымыен Кент болысына екі рет болыс болып
сайланған, атасы Спан да болыс болған, өзі 37-нің қуғын-сүргініне ұшырады
(төмендегі толғауда баяндалған), Мәди Бәпиұлы (1880-1921) – асқақ әнші, ком-
позитор, ақын, оның «Қаракесек» әні әлемдегі үздік ариялар қатарына кіреді.
Мәдиді Колчакққа қарсы шайқастарға қатысса да, қызылкөз «қызылдар»
азғындықпен, аярлықпен өлтірген. Әкем Қайырбектің Әбдірахманы деген
жақын інісімен Мәди Қарқаралыдағы қызыл өкіметтің түрмесінен босанады
деп, абақты дуалының сыртында оны тосып тұрады ғой. Сөйтсе, Мәди
қақпаға жақындай бергенде қызылдың жендеттері ту сыртынан мылтықпен
атып, қыстың кезінде ақ қар қып-қызыл қанға боялады, қайран сұңқар Мәди
сері сөйтіп мерт болады. Ошекеңдер амалсыздан ақынның сүйегін үйіне апа-
рады, арулап көмеді.
- Жеңгеміз Қази бала тумады, Мәкеңнен тұяқ қалмады, - деп отыра-
тын марқұм әкей...
1961 жылы қыс маусымында ағам Жамбыл Алматыдағы драматург
Шахмет Хұсайынов пен актриса Бикен Римованың үйінде тәрбиленген жиен
қыздарына (Айман) үйленді. Ал, ақын Әбділда Тәжібаев – Шахаңның туған
қарындасы Еркесарыны алған күйеу баласы. Екеулері құда ретінде біздің Бо-
станнан әпербақан Хрущевтың даңғаза «тыңымен» көшіп барған
Жоламандағы Қопалы қыстағына келіп, ендігі ақсақал атанған әкеме
Алматының іргесіне көшуді үгіттейді. Сөйтіп Ошекең сол жылғы күзгі салым
шаһардың түбіндегі Калинин (қазіргі Тұздыбастау, Алматыдан 7 шақырым
жерде) кентінің орталығынан еңселі үйді бау-бақшасымен сатып алады. Осы-
нау үйімізге Жетісудың Күреңбелінен әкейдің дәм-тұздас болған дос-жаран-
дары, сонымен бірге Қарқаралының «шөпке тышар» белді саңлақ
азаматтары Сапарғали Бегалин, Жүсіпбек Елебеков, Рахметолла Сәлменов,
әкеммен Қоғалыда жұмыс істескен, баяндық Сәлкен Сұбханбердин
Шахаңдармен, Әбекеңдермен келіп, әдемі кештер өткізетін. Сондай-ақ сол
кезде бала Қайрат Байбосынов (апайы Күнімжан бізбен көрші тұрды) келіп ән
салып беретін. Бір күндері алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың туған інісі,
Балқашта тұратын Смахан төренің келгені де есімде.
1966 жылы «Қазақфильм» студиясы Әзербайжан Мәмбетовтың ре-
жиссерлігімен ақын-әнші Иса Байзақовтың өнерлі ғұмыр желісіне орай «Ән
қанатында» атты көркем фильмін ұсынды. Фильмнің бас кеңесшісі Шәкен
]]]]
Қарқаралы
]]]]
95
Айманов болатын. Ал, ол Шахаңдармен дос-жаран. Кинода Қоянды жәрмеңкесі
көрсетілуі керек. Жәрмеңке қалай орналасты, оның түрлі мүлік-
мүкәммалдары, малдары қалай жайғасты, далалық сахна қалай безендірілді,
Қажымұқан қандай өнер көрсетті, Майра қалай ән салды, тағы кімдер болды,
осының бәрін білетін адам айту қажет еді. Қашанда ақжарқын Шахаң Шәкенге:
- Шәке-ау, мына іргеде менің құдам Ошекең тұрады ғой, сол кісі сен-
дерге бәрін айтып береді, - дейді.
Сонымен, әкей аталмыш фильмнің шынайы болып түсірілуіне
қолғабысын тигізеді, өзі де ауылдың ақсақалдарымен бірге киноға түседі.
Әйтеуір, есімде – күнде Алматыдан бір «пұшық» автобус кентіміздің шалда-
рын шаһарға апарып-әкеліп жүретін...
Ошекең Қарқаралыда мұсылманша терең оқыған екен. Білімін тексере
келе қарилар ол кісінің Алматыдағы жалғыз мешітке хазырет болуын
ұсынды, бірақ әкем жас мөлшеріне байланысты (70-тің мол ішінде еді) бұл
ұсыныстан бас тартты. Әкей 1971 жылдың қаңтар айында қайтыс болып,
Кеңсай зиратына жерлеген кезде қабірдің басында сөйлеген сөзінде қарт жа-
зушы Сапарғали Бегалин:
- Ошекеңнің ескіше білімі аса терең, ұлан-ғайыр болды, бірақ онысын
қолдана алмай кетті, - деп еді.
Міне, бастауын сонау қасиетті Қарқаралыдан алған Ошекеңнің
ғұмырнамасының бір парасы осындай.
Әкейдің барлығы он бес шақты ұл-қызы болған. Біразы аштық пен
зобалаң заманында шейіт кетті. Мұқажан деген ағам (1926-1995) Қарқаралыда
туған, көп жылдар Мемлекеттік статистика басқармасын басқарды, Жам-
был (1936-1997) – ұстаз ғалым-профессор, оның атында Алматы мен
Қоғалыда көше, Жайнақ ауылында мектеп бар, Жәлел (1942-1996) кеңшар
директорының орынбасары болды. Қалғанымыз - төртеуміз: Райса (1938
жылы Қоғалыда туған, күйеуі әскери барлаушы, полковник Сағи Тәжиевпен
бірге шет елдерде (Түрікменстан, Ресей, Германия, Куба) қызмет істеген),
Клара (1946 жылы Бостанда туған, мұғалім, кейінгі кезде бухгалтер болды,
күйеуі Әкім Кәкімұлы - жоғары мектепте ұстаздық етті әрі ақын), Бауыржан
(1948 жылы туған, дәрігер-хирург, үш жыл (1979-1982) Германияда Варшава
шарты әскерлерінің Магдебург қаласы бөлімшесінде бас хирург болған,
жұбайы Інжу – дәрігер, қазақтың алғашқы төрт генералдарының бірі
Баһадүрбек Байтасовтың қызы) және мен өзім - әкем Ошекең мен шешем
Нұрекеңнің кенжесімін (жұбайым Айман Көшекқызы - экономист-бухгалтер).
АҚҚОРАНЫ БАҚҚА ОРА
Қасиет тараған ғой алашымнан,
Кезім бар ақиқат деп аласұрған.
Көненің қойнауына ен бойласаң,
Табасың тауарихтан жарасым, мән.
Шежірем шертетін сыр,
Ертетін жыр,
Түргендей түрлі-түсті көрпесін қыр.
Ақын да ағыл-тегіл ақтарылған,
Босатсын шылбырын бір, дертесін бір.
Білген жөн ата-текті, шежірені,
Кеудесі алтын сарай сөз іледі.
Қазағым не көрмеді ғұмырында,
Жүрегі қайғы жұтқан езіледі.
Жинасам бар асылды бір көз ілем,
Бөлуге арналмаған бұл шежірем.
Ақиқат айтылады, аршылады,
Аңдасаң ақын біткен жыр сөзінен.
Арғыннан апай төсті Қаракесек
Өскен бір қара шынар, дара десед.
Өмір ғой толған жарыс, молдан сайыс,
Шапқанда қара атқа ала ілесед.
Қаракесек-Түйтеден Майқы тумақ,
Жырым бар қуалайтын құнды қунақ.
Майқыдан Бөтей менен Қарашорлар,
]]]]
Қарқаралы
]]]]
96
Қалыңшор қалың елмен о да шулап,
Сол Шордан тараған ғой Әйтімбетім,
Одан да жұрт тараған Жанақ, Дулат.
Жанағым әрі батыр, әрі ақын,
Алаштың ардагері, бәрі жақын.
«Ақтабан шұбырынды» алапатта
Өңгерген қалмақ қызын қары-тақым.
Дегендей ен байлығын көрсін дәйім,
Жанақтан туған екен Мершімбайым.
Жеткізбей ұрпаққа біз игі істерді
Кетсек қой мұратсыздық, дерсің уайым.
Мершімбай-Спан болыс, Сәлмендерім,
Алашқа тұлға болған дәрмендерім.
Олар барда орысқа дес бермегем,
Алысқа оғым жетер пәрменді едім.
Спаннан Әміредей әмір-болыс,
Аққорадан бұйырған тәңір-қоныс.
Томскідей шаһарда оқыған ол,
Талай досты жинаған тамыр-орыс.
Аққорада ақ шаңқан үйі қандай,
Салтанат сәніменен күйі-таңдай.
Абырой-атағымен қатары кең
Сырт жұртқа сыры менен жыры балдай.
Үркіншілік басталып неткен бүйі,
Дариға-ай, Аққораның кеткен сыйы.
Әміре Алматыдан бір-ақ шыққан,
Сауғалап басын зорға жеткен күйі.
Кездескен астанада Ошекеңмен, -
Әкеммен, көңілдің хошы екенмен.
Лақтырып қолындағы ақ бидонын,
Құшақтап көріскен ғой досы өтелген.
Бас Арық көшесінде, қазіргі Абай,
Жүздескен адал достар мәзірге бай.
Еске алып өткен-кеткен, Аққораны,
Арызын айтқан екен Тәңірге дай.
Еске алған Кент өлкесін, баурайын-ай,
Қалбағай Қарқаралы тауларын-ай.
Көкорай көк шалғынды белдерін-ай,
Бақшалы, бағаналы бауларын-ай...
Сәлменнің бел баласы Рахметолла,
Көрген ғой зобалаңды, захмет ол да.
Қанабек, Қалибекпен қатар жүріп,
Қазақтың нар әртісі - бағым ед молға.
Қанаты Сәлмендердің әкім екен,
Маңғазды, мәйек-сөзге мақұл екен.
Серпінді, сері жігіт серттен таймас,
Барқадар басым іске батыл екен.
Ошекең-Ошақбайдан Жамбылдай дүр,
Данагөй ақылманы, даңғылдай бір.
Алматы-зор шаһарда көшесі бар,
Өшкенді тұтатқандай жандырды-ай кіл.
Ұрпағы Әйтімбеттің жер-жаһанда,
Шертейін домбыраммен, бер мақамға.
Шайыр екен,
Дарабоз дайыр екен,
Жеткендей абыроймен ер-қаһанға.
...Сыр-сандық ашылмайды хатқа орамай,
Бастауы ұрпақтардың Аққора-жай.
Ер жігіт ұмытпасын түп қазығын,
Сонда сол басына құт, бақ қонады-ай.
]]]]
Қарқаралы
]]]]
97
Француздың ұлы жазушысы А.Дюманың үш ноян аталатын қаһармандарын жақсы
білеміз. Олар табандылық танытып, қиындықтан қайыспай, қатерден қаймықпай,
жекпе-жек ұрыста жеңіп шығып отыратын қайсар жандар. Сол қасиеттерімен де
оқырмандар көкейінде ұялап қалған.
Ал біз әңгіме еткелі отырған үш ноян шырғалаң шытырман оқиғалардың бел ор-
тасында жүрмесе де, басқалар үлгі-өнеге тұтарлық ғибратты із қалдырып, са-
налы ғұмыр кешкен қазақ зиялыларының шоқ жұлдыздары.
Әсет пен Әуесқан Ақтоғай ауданындағы жетінші класты бітірген 1942 жылы
сұрапыл соғыс жүріп жатқандықтан оқудан қол үзіп қалады. Жауға аттанған
ағаларының орнын басып, таңның атуы, күннің батуы қара жұмысқа бел шеше кі-
ріседі. «Тайдың мінілгені, баланың істегені білінбес» дегендей екі жыл белдері
қайыса өгізге мініп, арба айдап, қайнаған еңбектің ортасында шыныққан өрімдей
екі жас Қарқаралы қаласындағы мұғалімдер училищесіне қабылданады. Міне, осы
оқу орнында үшінші ноян Хамитпен танысады. 1944 жылдан бастап жоғарыдағы
айтқан А.Дюманың қаһармандары сияқты жұптары жазылмайды.
Білімге құштар үш ноян училищені бітіріп, 1947 жылы қатар келіп, Алматыдағы
Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. Осында білім айдынында терең
бойлап, орыс, европа елдері мәдениеті мен әдебиеттерінен сусындап, ой өрістерін
кеңейтеді. Олардың білімге деген құштарлықтары, көз майын тауысып, кітапха-
нада ұзақ отырып, көп оқып үйренгендерін зая кеткен жоқ. Үшеуі де қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып, университетті «қызыл» дипломмен
бітіріп шығады.
Міне, осы арада жол айрығы басталады. Әсет Қазақстан Ғылым академиясына,
Хамит Қазақ КСР Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтына
қалса, ал Әуесқан ұстаздық жолды таңдап, өзінің туып өскен Ақтоғай
ауданындағы орта мектепке мұғалімдік қызметке аттанады.
Хамит партия тарихы институтында аудармашы бас редакторлыққа шейін
көтеріледі. В.И,Лениннің таңдамалы шығармаларын қазақша аударуға басшылық
жасайды. Өзі де аудармашы ретінде көзге түсіп, К.Маркстің «Капиталы» мен
А.Фадееевтің «Тас талқан» сияқты оннан аса, саяси, көркем-әдеби кітаптарды
аударып, журналист, жазушы ретінде қалыптасты. Кейін орталық Комитетке
Жеңіс Қашқынов
Жеңіс Қашқынов
Үш ноян
Үш ноян
Суретте: (оңнан солға қарай Х.Хасенов, Ə.Қанафин,
Суретте: (оңнан солға қарай Х.Хасенов, Ə.Қанафин,
Ə.Болғанбаев, Т.Исақов, Ғ.Омаров)
Ə.Болғанбаев, Т.Исақов, Ғ.Омаров)
Е С Т Е Л І К
]]]]
Қарқаралы
]]]]
98
жауапты қызмет атқарған білікті де білгір, іскер азаматты Қазақстан радио
және теледидар хабарларын тарату жөніндегі комитетке төрағалыққа жібереді.
Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне депутат болып, үкімет мүшесі құрамына кірген
Хамит өзінің саяси қайраткерлік қабілетін осы салада барынша көрсетті. Оның
басқаруы кезінде «Тамаша», «Қымызхана», «Алтыбақан» және т.б. телехабар-
ларды жұрт қызыға көретін. Сол кезде телекеңшары, Көктебедегі телемұнара
салынып іске қосылды. Қазақстанның барлық облыстары Алматы теледидары
хабарларын тамашалап, рахатқа бөленді. Көптеген телефильмдер Одақ көлеміне
таралып, танылды. Қазақстан мәдениеті мен тарихы, өнер-шеберлері жайлы те-
лефильмдер көптеп түсірілді. Радио арқылы тарихи тұлғалар мен марқасқа май-
талман әнші-күйшілердің дауыстары мен солардың орындауындағы шығармалар
таспаға жазылып, алтын қорға алынды. Қазақ телерадио журналистерінің
еңбектері Кеңестер Одағына кеңінен танылып, көптеген туындылары фести-
вальдарда жүлделі орындарға ие болды.
Осы арада Хамеңнің бір әділдігін айта кеткім келеді. Менің бас редакторлыққа
ұсынған құжаттармен танысып:
-
Жеңістің қолынан жұмыс келетінін білемін. Әлі жас қой, ысылсын. Тәжірибе
жинақтасын. Әрі інісін көтеріп жатыр деген сөзге қалармын,-деп қайтарып жібе-
ріпті.
Кейін бұл оқиғаны белгілі ақын Мұзафар Әлімбаевқа айтқанымда:
-
Мен «Балдырған» журналында бас редактор болып тұрғанымда жерлесім,
ақын Қабдікәрім Ыдырысовты адалдығым ұстап, жауапты хатшылыққа жұмысқа
алмап едім. Қабдікәрім біразға дейін өкпелеп жүрді. Біз солай тәрбиеленген едік. Ке-
йіндері ғой ауылдастары тұрсын, ұяластарын да ұялмай қызметке жоғарлатып
жатқаны,-деп жершілдіктен бойын аулақ ұстағанын көлденең тартты.
Төрағаның адалдығын белден басып «маңайына жерлестерін жинап жатыр» деп
байбалам салған арызқойлар К.Шалабаев тұсында жұмысқа тұрып, К.Үсебаевтың
кезінде бөлім меңгерушісіне дейін көтерілген мені, бұрыннан қызмет істеп жүрген
бірінші категориялы диктор Мырзабек Қуатбековты сол арыздардың ішіне «жер-
лестері» деп қосып жазып отырды. Осындай келеңсіз жағдайлар, жұмыста бере-
кесіздік туғызды. Төрағаның денсаулығының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Кейін
соңғы сапарға шығарып салып тұрғанда сол арызқойлардың кейбірі марапаттап,
көлгірси сөйлегендері әлі есімде. Ондайлар кейіннен төраға болған қылшылдаған
жас жігіт Сағат Әшімбаевтың да жүйкесін жұқартып, арамыздан ерте алып
кетті емес пе.
Хамит Хасенов адал қызмет атқарған белгілі қоғам қайраткері, жүйрік журна-
лист, ауқымды аудармашы, қарымды қаламгер ретінде халқының жадында қалды.
Екінші Әсетке келетін болсақ, Ғылым академиясының тіл және әдебиет
институтының аспирантурасын бітіріп, кандидаттық, кейін докторлық диссер-
тация қорғап, кіші, аға ғылыми қызметкерден бөлім меңгерушілігіне дейін
көтерілген көрнекті ғалым. Бүгінде А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі инсти-
тутында бас ғылыми қызметкер.
Ол қазақ тілі білімі, негізінен лексикография мен лексикология саласында өнімді
еңбек етті. Алдымен екі том, кейіннен он томдық түсіндірме және «Абай тілі»
сөздіктерінің жарыққа шығуына белсене ат салысты. 1990 жылдардың басында
қазақ әдебиеті тілінің бір томдық сөздігіне жетекшілік етіп, бітірген еді. Қазіргі
нарық жағдайына байланысты аталған сөздік оқырмандар қолына әлі тимей тұр.
Лексикография бөлімінің алты бірдей қызметкерінің 1988 жылы ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаттары атануы сіңірген еңбектерінің сүбелі екенін аңғартса
керек.
Әсет Болғанбаев ана тілі сөз байлығының қыр-сырына терең бойлап, бар өрелі
өмірін арнап келеді. Ғалымның зейін қоя зерттеген саласы-қазақ тілінің синоним-
дері. Бұл тұрғыда екі монография жазып, «Қазақ тілінің синонимдер сөздігін» үш
рет басып шығарды. Аталған еңбектер өрісі түркологияға, берісі қазақ тіл білі-
міне қосылған елеулі үлес. Сондай-ақ «қазақ тілінің лексикологиясы» атты
оқулығы да үш рет жарық көрді.
Ғалым көп жылдан бері ҚР ҰҒА Тіп білімі институтында, Абай атындағы Алматы
университетінде диссертация қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңестің
мүшесі. Тіл тарихы мен тіл біліміне байланысты ойлары мен тұжырымдары
күнделікті баспасөз беттерінде жиі жариялануда. Бойы сергек, қаламы жүйрік,
көрнекті ғалым, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор, Әсет
Болғанбайұлының әлі де берері мол.
Үшінші ноян Әуесқан біраз уақыт достарынан қол үзіп, астанадан жыраққа кетсе
де қайраткер екенін таныта білді. Ақтоғай ауданында қарапайым мұғалімнен мек-
теп директорлығына дейін көтерілген оқу ісін ұйымдастыра білетін маман ре-
тінде жұртшылық зердесінде қалды. Кейін Балқашқа Абай атындағы қазақ орта
]]]]
Қарқаралы
]]]]
99
мектебінің директоры болып ауысқанда, орысы көп қаладағы білім ордасының
көркейіп, көріктенуіне елеулі үлес қосты.
Осыдан біраз жыл бұрын қазақстанның Халық жазушысы, тарлан ақын Ғафу
Қайырбеков екеуімізді арнайы кездесуге шақырған осы мектепте болғанымызда;
-
Бұл өзі ғажайып мектеп екен. Оқушылары араласпаған таза қазақ бала-
лары болғаны қандай жақсы. Білікті басшы ұйымдастырған-ау, тәрізі-дегенде:
-
Оныңыз рас, Қазақстан оқу министрінің орынбасары Әуесқан Қанафин
басқарып, ұйымдастырып кеткен ағарту орны, -деді директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары Күлшара Дәрібаева мақтанышты сезіммен.
Әуесқан мектеп директорлығынан Балқаш қалалық оқу бөлімінің меңгерушілігіне
көтеріліп, жиырма жыл бойы ауылдық, қалалық оқу-ағарту саласын дамытып,
жолға қоюға бар қабілетін жұмсады. Осындай қажырлы еңбегі сол кездегі оқу ми-
нистрі К.Аймановтың көзіне шалынып, 1972 жылы оқу министрінің орынбасары
болып, Алматыға оралып, зейнеткерлік демалысқа кеткенше осы орында істеді.
Сөйтіп, үш ноян қайта табысты. Үшеуі өздері еңбек етіп жүрген үш саланы
дамытуға қайрат-күштерін аямай жұмсады.
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО және Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі
Әуесқан Қанафин халыққа білім беруге, республика мектептеріндегі оқу-тәрбие
жұмыстарына байланысты алпысқа жуық еңбек жазды. Ол сондай-ақ «Абайтануға
байланысты жарияланбаған материалдар», «қазақ әдебиеті», «Түрік халықтары
әдебиеті» сияқты, бірнеше оқу құралдарының авторы.
Белгілі қоғам қайраткері Хамит Хасенов, көрнекті ғалым Әсет Болғанбаев,педа-
гог-ұстаз Әуесқан Қанафиндердің халқына сіңірген еңбектері елеусіз қалмады. Ке-
зінде үкімет наградаларымен марапатталды.
Өткен жылы қатар-құрбы үш ноян 70 жасқа толған торқалы тойларын, Хамиттің
қаңтар, Әсеттікін наурыз айларында туған елі, жора-жолдастары, ағайын-туы-
стары кеңінен атап өтті. Қыркүйекте Әуесқан жетпіске толды. Бұл мерейлі ме-
реке де елеусіз қалмады.
Сонымен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мынандай өлең жолдарымен
түйгім келеді.
Сарыарқаны дүбірлеткен үш ноян,
Саналарын біліммен тек ұштаған.
Ақиқатты ар туындай көтеріп,
Асқар шың жоқ қанат қағып ұшпаған.
Оқ бойы озып қатарластан, бауырдан,
Сауат ашты туып-өскен ауылдан.
Қақ-соқпенен жұмысы жоқ үш ноян,
Аман қалды сұрапыл көк дауылдан.
Аулақ жүрді ұрда-жық пен сөздерден.
Аман өтті аласапыран кездерден.
Бірі ғалым, бірі ұстаз, бірі әкім.
Биіктеді, мінезі жоқ, өзгерген.
Досқа таза көңілменен тұрақты,
Тура сөйлеп, тік жүргенді ұнатты.
Жарты ғасыр жазылмастан жұптары,
Бірге жақты азаматтық шырақты.
Жүрегіне тың серпіліс, күй берген,
Туған елден ілтифат пен сый көрген.
Қасиетті еңбек сүйгіш, адалдық,
Дұрыс шығар үш нояннан үйренген.
Бақыт құсы таңдап, талғап қонады.
Ол жүрген жер шат-күлкіге толады.
Жомарт жүрек жаны жайсаң жандардың,
Әрқашанда жұлдыздары жоғары.
Алаш ардақтыларының
бірі, Қарқаралы өңірінде
«ел ағасы», «ел
ақсақалы», «ел данасы
атанған, он саусағынан
өнер тамған, ақын, әнші,
қайраткер Құдайберлі
М ұ х а м е т - Ә л и
Толыбайұлы кезінде
елге танымал, ұлы
ақын, айтулы кісі
болған. Ұлы ақын,
терең ойшыл-даныш-
пан Абай, Арқаның
бұлбұл көмей әншісі
Мәдимен тығыз қарым-
қатынаста болған. Ол
әкеміздің бізден алы-
стап, бақилық
болғанына да 72 жыл
өтті.
Өшпес із, өлмес іс
қалдыру кімнің арманы
емес. Әрбір адам ал-
дына үлкен бір мақсат қойып, өмірін
мазмұнды өткізуді көздейді. Мен үшін,
алдымдағы мақсат-өткен күндерге көз
жіберіп, әке алдындағы парызды өтеу,
туыстың аманатын орындау. Өйткені
кешегісіз бүгініміз жоқ, бабалар рухы
ұрпақ жадынан өшпесін деп, ел, ұлт
мақтанышы болған, аты аталмай
қалған арыстарымыздың қатарында
биік тұлға, жастарға үлгі-өнеге, ұстаз
болып дүниеден озған Мұхамет-Әли То-
лыбаев әкеміздің атын жаңғыртып,
бүгінгі өмір сүріп, еңбек етіп, жүрген ел-
адамдарына қажетті мәлімет беріп, аз
да болса көптей көрсін деп Мұхамет-
Әли мұрасымен таныстырғым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |